«Цифр», «сан», «жұп» және «тақ,»ұғымдарын білу; натурал сандармен арифметкалық амалдар орындай білу; Санды және әріпті өрнектермен жұмыс жасау дағдысы; сандарға байланысты амалдардың қасиеттерін білу.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Ресурстар
Басы 2 мин
I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру.
Презентация
Қайталау 2-3 мин
Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін есімізге түсірейік. Сонмен қатар қосу мен көбейтудің терімділік қасиетін есімізге түсірейік.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті
Презентация
Жаңа тақырыпты түсіну
11-12 мин
II Жаңа тақырып Мына есепті қарастырайқ:
Есеп. Дүкенге қарындаштары бар 4 қорап әкелінді. Әрбір қорапта түрлі түсті қарындаштардан 16 қаптама және жай қарындаштардан 12 қаптама. Дүкенге барлығы қанша қаптама қарындаш әкелінді?
Бұл есепті екі түрлі әдіспен шешейік
(16 + 12) ∙ 4 = 16 ∙ 4 + 12 ∙ 4
Бұдан кейін мұғалім оқушыларға анықтама береді: егер сандардың орнына әріптерді қойсақ, онда
(a + b) ∙ c = a ∙ c + b ∙ c
Бұл қасиет - көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті деп аталады.
Қосындыны санға көбейту үшін әрбір қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады.
Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті .
(a – b) ∙ c = a ∙ c – b ∙ c
Айырманы санға көбейту үшін , сол санға азайғышты да, азайтқышты да көбейтіп, бірінші көбейтіндіден екінші көбейтіндіні азайтуға болады
III Есептерді шығару. Мысалдар Мысалдарды қарастырамыз
Презентация
Сергіту сәті 1 мин
Сергіту сәті : Қолға жаттығу
Презентация
Топтық жұмыс 5-6 мин
IV. Математикалық лото Әрбір топ әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектің мәнін табуы керек . Өрнектер кеспе қағаздарда жазылған. Жауаптардың нұсқалары тақтада үлкен картада жазылған.
75
490
2
56
232
27
39
303
Оқушылар өздерінің кеспеқағаздарын өз жауап нұсқасына бекітеді.
Тапсырмалар (Қосымша 1)
Кеспеқағаздарды аударғанда сурет шығады.
Оқушыларға Ф. Виеттің портреті көрсетіледі.
Франсуа Виет – француз математигі. Ол алғашқылардың бірі болып, сандарды әріппен белгілген.
Франсуа́ Вие́т, сеньор де ля Биготье (фр. François Viète, seigneur de la Bigotière; 1540 – 13 ақпан 1603) француз математигі, символдық алгебраның негізін қалаушы. Өз еңбектерін «Франциск Виета» (Franciscus Vieta) деген атпен шығарғандықтан, оны кейде «Виета» деп атаған. Білімі және негізгі мамандығы бойынша – заңгер.