Сабақтың тақырыбы: Сәлемдеме Сабақтың мақсаты


ІV. Сабақтың мақсатымен таныстыру



бет2/3
Дата07.05.2017
өлшемі384,13 Kb.
#16110
түріСабақ
1   2   3

ІV. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

V. Сыныпты топқа бөлу. Жуырда мемлекеттік тілді дамыту мақсатында өткізілген облыстық байқауға Көкшетау қаласына бардық. Көкшетаудан сендерге арнап «Сәлемдеме» беріп жіберді. (Қорапшадағы түрлі түсті қаламдарды таратамын. Түстерге байланысты балалар топтарға бөлінеді).Өткен сабақтарда плакатқа жазылған топтық ереже тақтада ілулі тұрады. Топ ережесі туралы ескеріледі.

Топ ережесі:

  1. Топ басшысын тағайындау.

  2. Бір-бірінің пікірлерін тыңдау.

  3. Топ болып бір шешімге келу.

  4. Тапсырманы уақытында орындау.

  5. Қатты айқайламау. (шуламау).

Оқушылар сол палакатта жазылған топтық ережелердісақтауы тиіс.

VІ. Топпен жұмыс.СТО. Оқулықтағы 79-беттегі 1,2-тапсырмалар арқылы тақырыпты меңгерту.

1-топ: 1-тапсырма. Әңгімені рөлдерге бөліп, көрініс көрсетеді.

2-топ: 2-тапсырма. Берілген анықтама мен әңгімені оқып, қандай байланысы бар екенін анықтау. (Постер қорғайды).

VІІ.Бейнежазбадан түсінгендерін плакатқа жазып, бір-бірінің ойын толықтырып әңгімелеу.

А) Плакатқа негізгі сөздерді жазып алу.

Ә) Грамматикалық тапсырма орындау.

  1. Жазып алған сөздерінің біріне морфологиялық талдау жасау. Мысалы, дәстүр, сыйластық.

  2. Сәлемдеме, сағыныш сөздерін септеңдер.

VІІІ. Миға шабуыл. «Сәйкесін табу». Түсіндірме сөздік жұмысы.

Борыш - 1) Қаpыз, беpешек. 

2) Мiндет, паpыз.

Азаматтық БОРЫШ, қоғамдық БОРЫШ. 

қиянат қылмау - 1) Зоpлық-зомбылық, озбыpлық.

2) Ешкiмге ҚИЯНАТ жасамады. 

құрмет тұту - 1) Қадip, қастеp, cый. Бұл үлкен ҚҰРМЕТ. 

асыл зат - 1) Өте қатты, әдемi, оңайшылықпен кесiле, майыса

қоймайтын (металл). АСЫЛ темip. 

2) Қымбат бағалы, құнды, сапалы (мата). АСЫЛ бұйым. 

2) Жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құру.

ІХ. «Сəлемдеме жіберіңіз»

Оқушыларəуен ойнап жатқан кезде, оралған затты сынып ішіндебереді; музыка тоқтаған кезде, оқушы себеттен бір парақты алады. Əр парақта тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесетосын сый қойыңыз, оны оқушылар тауып, одан кейін оралғанзатты əрі қарай беріп, жалғастыруы керек. (сұрақтар, тосын сый ретінде сыйлықтар болуы мүмкін).



  • Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірін ата.

  • Сүйінші дегеніміз не? 

  • Көрімдік дегеніміз не?

  • Шашу дәстүрі туралы не білесің?

Х. Сабақты бекіту. «Жұбыңды тап» ойыны. Жұппен жұмыс. Оқулықтағы 5-тапсырма. Іштей бірнеше рет оқиды.Одан кейін оқулықтарын жауып, есте қалай сақтағандарын тексеру мақсатында «пазл» жинау ретінде әр оқушыға сөйлемнің не басы, не аяқталуы беріледі. Оқушылар сынып ішінде алмасып, сəйкес жалғасын іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.

Сөйлемдер:

  1. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға бірінші болып, қос қолын ұсынып амандасады.

  2. Сәлем алушы қария оң қолын ұсынады.

  3. Жасы кішілер үлкендердің атын атамай ата, әже, аға, көке, тәте деп сыпайы қарым-қатынас жасайды.

  4. «Сәлем берген – саулық алады» дейді халқымыз.

  5. Сәлемдеме – адамды адамның ұмытпай жүруінің, берік достығының алтын кілті.




Дереккөздер және жабдықтар:

Интербелсенді тақта, ребус, плакат, үлестірмелер, сыйлықтар.

Кейінгі оқу


80-беттегі 6-тапсырма. Мәтінді оқып, осының негізінде өздерің ата-әже ауылына бара жатқан туысқандарыңнан сәлем айтып жібергендей диалог құру.

Сабақты бағалау


Балалардың белсенділік қабілетіне қарай бағалау, топ ішінде бағалау парағы арқылы бағалау, рефлексия арқылы баланың сабақтан алған әсерін анықтау арқылы бағалау.

Рефлексия




Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы




Каталог: 4037BF8AB994617A
4037BF8AB994617A -> Білім беру ұйымдарының басшыларына Инновациялық технологиялар институты
4037BF8AB994617A -> Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 гимназия мектебі Қазақ тілінен жазғы бейіндікмектеп
4037BF8AB994617A -> АҚпараттық хат "ziat" Ғылыми-әдістемелік орталығы Сіздерді
4037BF8AB994617A -> Сабақ жоспары Сабақ : қазақ тілі Мектеп: №6 мектеп гимназиясы
4037BF8AB994617A -> Қазақстан Педагогтарының Ассоциациясы АҚпараттық хат жалпы педагогтар қауымына!
4037BF8AB994617A -> Жетекшісі: Исабекова А. Т. Топтың аты:„Бейбітшілік құсы” Біздің ұранымыз
4037BF8AB994617A -> «Қазақ тілі сабағындағы тест түріндегі тапсырмалардың орны»
4037BF8AB994617A -> Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназия мектебінде Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне орай атты онкүндіктің өткізілуі жайлы
4037BF8AB994617A -> Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
4037BF8AB994617A -> Викторина: «сен білесің бе?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет