Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет1/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 08.09.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттері:адамгершілік ,мейірімділік,кешірімділік,жауапкершілік, адалдық, әділдік.


Сабақтың мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту

Міндеттері:

-         өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсаттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі  маңызы туралы түсінік беру;

-         оқушылардың өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету.

-         Оқушыларды өз өміріне , өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.



Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi.

Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Жағдаятты талдау



Сабақ барысын талдау:


5 мин

  1. Дәйексөз.

«Өзін-өзі таныған өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды.» деген сөзге оқушылардың назарын аудару.



5 мин

3. Әңгімелеу

Мәтінмен жұмыс

«Есіңде мәңгі қалғалы келгем» атты өлеңін оқушылар өз беттерімен оқып шығады.

Оқушылар өзін-өзі тану, өзін-өзі сынау, өзін-өзі жетілдіру, қабілеттерін шыңдау мақсатында дәптердегі үшінші тапсырма орындалады.




10 мин

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар сабақ барысында меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында оқушы дәптеріндегі 2- тапсырма орындалады.





10 мин

6. Түйіндеме

Балаларға адамның ойлаған ойы мен алдына қойған мақсатына жету жолы туралы онда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын түсіндіру мақсатында оқулықта ұсынылған тапсырма орындалады.






  1. мин

7. Үй тапсырмасы.

«Менің түйгенім» тапсырмасын орындау.






  1. мин

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.





2 мин


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 15.09.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттері:адамгершілік ,мейірімділік,кешірімділік,жауапкершілік, адалдық, әділдік.


Сабақтың мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту

Міндеттері:

-         өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсаттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі  маңызы туралы түсінік беру;

-         оқушылардың өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету.

-         Оқушыларды өз өміріне , өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.



Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi.

Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Жағдаятты талдау



Сабақ барысын талдау:


5 мин

  1. Дәйексөз.

«Өзін-өзі таныған өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды.» деген сөзге оқушылардың назарын аудару.



5 мин

3. Әңгімелеу

Әңгімелесу


• Адам өмірінің мәні неде?
• Қандай жағдайда адам өз өміріне риза болады?
• Өмірден адам өз орнын табу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
• Адамның өмірдегі орнын табуға өзін –өзі танудың ықпалы қандай?


10 мин

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек меңгерту мақсатында О.Асқардың «Өмір өнегелері» өлеңін оқып талдау ұсынылады.


Оқу ақпараты «Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана отырып,өзінің өмір жолын табуға ұмтылады Әр адам өз өмірін ақниет,адал істерге бағыттап, рухани-адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады.»
Ойланып көрейік Көрнекті турколог,академик Ә.Қайдардың өмір туралы, өмірдегі жақсылық пен жамандық туралы ой толғауын оқу.



  1. ин

  1. Түйіндеме

Мәтіндегі өздеріне ұнаған үзінділерді дәптерге жазып алуды тапсыру.




  1. мин

6. Үй тапсырмасы.

«Өмірге келдім анамды көрдім, деді ол маған….. деген ойды жалғастырып,өз тұжырымдарын жасайды.






  1. мин

7. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болып өздерін жақсы сезінуі үшін тыныштық сәті өткізіледі.





2 мин


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 21.09.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Өнер өмір өрнегі

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттері:адамгершілік ,мейірімділік,кешірімділік,жауапкершілік, адалдық, әділдік.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу

Дамытушылы:жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету

Тәрбиелі: өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi.

Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Жағдаятты талдау



Сабақ барысын талдау:


5 мин

    1. Өлең жолдарын талдау

Өмір – өнер

Ерік Әбіш Шер – Нұрұлы

Өнер – өзен, жан-тәніңді шаятын,

Өнер – өріс, рухыңды жаятын.

Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,

Өнер – өткел, серуендейтін саятың!





5 мин

3. Әңгімелеу

Адамның өмірді жасампаздықпен қабылдауын қалай байқауға болады?

«Өнерлі адамның өмірі бақытқа, шаттыққа толы» дегенге қалай қарайсыңдар?

Өнердің адам өміріне тигізетін ықпалы қандай?




10 мин

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Көркемдік таным аясында мейлінше маңызды қызмет атқаратын аңдау, әр нәрсенің байыбын барлау қарекеті тек әсерленген көңіл-күй бабын ғана емес, сонымен бірге саналы түрде терең сезінгендік қасиетін де аңғартып тұрады.

Жасампаздық тұрғысынан дүние сырын игеру – жаратылыс шындығына әр нәрсе, әр құбылыстың мән-мағынасына талдау, саралау жолымен жай ойлана үңілу ғана емес, ол – ең алдымен күллі әсемдік әлемін, сұлулық сипатын бар табиғатыңмен беріліп жан-жақты тану, рухани жан-жылуыңмен егжей-тегжейлі сезіну.  Платон мен Аристотельден бастап ғасырлар бойы адам баласы ақыл-ой, парасатымен осы дүние көркі мәселесі төңірегінде үзбей толғанып келген. Бұл тақырыпқа байланысты қазіргі заманда да пікір таласы толасып көрген емес. Мұны байыпты шешу – өмірдің бір жұмбақ тылсым құпиясын ашу деген сөз...

Жаратылыс жүзіне жан иесі жылы шырай дарытып, өзгертіп, құбылтып, бүкіл қуаныш-қызығының құт-береке көркіне, адам игілігіне айналдыра бастаған кезде ғана 





  1. мин

  1. Түйіндеме

Әлем – адамдар әлемі болады. Дүние тұңғиығына бойлайтын сұңғыла сезім Адам дейтін осы ғаламат ұлы құдіретке бұйырған. Бұл – өзіңді өзің тану емес, бұл – бүкіл ғалам ғажайыбын тану.

10


6. Үй тапсырмасы.

«Әлемнің жеті кереметі» оқу






  1. мин

7. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болып өздерін жақсы сезінуі үшін тыныштық сәті өткізіледі.





3 мин


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 28.09.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Өнер өмір өрнегі

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттері:адамгершілік ,мейірімділік,кешірімділік,жауапкершілік, адалдық, әділдік.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу

Дамытушылы:жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету

Тәрбиелі: өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»


Сабақ барысын талдау:


5 мин

  1. Өлең жолдарын талдау

Өмір – өнер

Ерік Әбіш Шер – Нұрұлы

Өнер – өзен, жан-тәніңді шаятын,

Өнер – өріс, рухыңды жаятын.

Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,

Өнер – өткел, серуендейтін саятың!





5 мин

3. Әңгімелеу

Анардың әнді терең сезіммен қабылдауына не әсер етті?

Әкесі Анардың жан сұлулығын қалай аңғарды?

Л. Павороттидің орындауында «Аvе Магіа» әнін тыңдаңдар.

Ән адамды қандай сезімге бөлейтіні туралы айтып беріңдер.



10 мин

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Адамзат тарихында «Әлемнің жеті кереметі» деген атпен мәңгілік мұра болып қалған өнер туындыларымен танысыңдар. Бұлардың қайсысы болса да, көркем өнердің теңдесі жоқ тамаша үлгілері.

Өз туған жерлеріңнің жеті кереметін тауып, фото-көрме жасаңдар.




  1. мин

  1. Түйіндеме

Әлемнің жеті кереметі

Пирамидалар (Мысыр)

Нағыз керемет саналатын Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған. Ол суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан, сәулетшісі – Имхотеп.

Семирамида бағы (Вавилон)

Семирамида аспалы бағы Тигр және Ефрат – жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамияда біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасыр шамасында Вавилон шаһарында салынған.

Галикарнас кесенесі (Кіші Азия )

Галикарнас кесенесі VI-ғасырда аты сирек естілетін шағын ғана Галикарнас қаласында салынған. Ол 356-жылы дүние салған осы ел патшасы мұрагерлерінің бұйрығы бойынша оның құрметіне тұрғызылған.

8 мин


6. Үй тапсырмасы.

«Әлемнің жеті кереметі» жаттау



2 мин

7. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болып өздерін жақсы сезінуі үшін тыныштық сәті өткізіледі.





3 мин


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 05.10.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Мақсат жетістік желкені

Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: білім іздеу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз – өзіне адал болу



Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды өз болашағын айқындап , мақсат қоя білуге үйрету;



Міндеті:оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білуге  және өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;рухани адамгершілік құндылықтарды  басшылыққа ала отырып , оқушылардың өзін – өзі тәрбиелеу , өзін – өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын арттыру;оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке сенімділікке тәрбиелеу:

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Сабақ барысын талдау:


5 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Өмір тағылымы» аңыз - әңгімесін оқып келу берілген.


10 мин

  1. Дәйексөз

Балалар, ХІ ғасырда өмір сүрген бабамыз ның «Құтадғу білік» поэмасындағы мына бір өлең жолдарына назар аударайық:
«Өткен өмір қайтып келмес,
Болашағың бұлыңғыр.
Өмір деген ұзақ емес,
Бос өтпесін абай бол!» Жүсіп Баласағұн

5 мин


4. Әңгімелеу

1. Сіз қайсысының пікірімен келісесіз? Неліктен?


2. Қалай ойлайсыздар, адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?
3. «Өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді» деген пікірді қалай түсінесіздер?
4. Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?
Түйіндеме:


10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

● Өткенді ризашылықпен есте сақтаймын!


● Болашаққа үмітпен сенім артамын!
● Қазір ақиқатпен өмір сүремін!
(Әуелі қыздарға, сосын ер балаларға, сосын қосылып оқытылады.)



  1. мин

6. Үй тапсырмасы.

-«Өмір бір рет беріледі» дегенді қалай түсінуге болады?


- Жақсы өмір сүру үшін адамға қандай құндылық қажет?
- Өмірімізді ақиқатқа арнасақ, ғұмырымыздың бос өтпейтініне сенімдісіз бе?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талдайды.)
.

2 мин


7. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болып өздерін жақсы сезінуі үшін тыныштық сәті өткізіледі.




3 мин

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 12.10.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Мақсат жетістік желкені

Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: білім іздеу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз – өзіне адал болу



Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды өз болашағын айқындап , мақсат қоя білуге үйрету;



Міндеті:оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білуге  және өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;рухани адамгершілік құндылықтарды  басшылыққа ала отырып , оқушылардың өзін – өзі тәрбиелеу , өзін – өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын арттыру;оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке сенімділікке тәрбиелеу:

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi.

Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.



Сабақ барысын талдау:


5 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

-«Өмір бір рет беріледі» дегенді қалай түсінуге болады?
- Жақсы өмір сүру үшін адамға қандай құндылық қажет?
- Өмірімізді ақиқатқа арнасақ, ғұмырымыздың бос өтпейтініне сенімдісіз бе?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талдайды.)


5 мин

  1. Дәйексөз

Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген  сылбыр адам әлде қайда артық»

5 мин


4. Әңгімелеу

Мақсат адамға не үшін қажет?

Мақсат пен арманның айырмашылығы неде?

Мақсатына жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серк етуі керек?

Адамның өмірлік мақсатын айқындаудағы өзін- өзі танудың орны қандай?



15 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

● «Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені , қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.

 Өзің қайсысының пікірімен қосыласың?

Қалай ойлайсыңдар адам өмірінің өткені қазіргісі , әлде болашағы маңыздыма?

Мақсатқойудың адам өміріндегі маңызы қандай?




  1. мин

  1. Үй тапсырмасы.

Төмендегі  хаттың  шешімін тауып , оған жауап жазыңдар.

«салем, Ақжарқын!

Міне, «Болашақ»бағдарламасымен Лондонға келгеніме бір жыл болып қалды. Бастапқы таныстыру курсынан да сәтті өттім. Маған Англия өте ұнайды, адамдар да! Осында қалу ойым бар.

     Бірақ өзімді сенімді , өте жақсы сезінемін деп айта алмаймын. Неге екенін өзімде  түсіне  алмай жүрмін. Ойланған сайын  терең тұңғиыққа батып бара жатқандаймын.

Сен «Бәрі де адамның өз қолында»дейсің . «Бұл жерде немен айналысамын , қалай өмір сүремін?» деген  ой басымнан шықпайды. Алдыма белгілі бір мақсат қоюға  да , бір нәрсе жайында армандауға  да қорқамын.

Жанымды жегідей жеген осы бір ойыммен  бөліскім келеді.

Сәлеммен, Алдияр.

P.S. жауабыңды асыға күтем.»


2 мин


7. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болып өздерін жақсы сезінуі үшін тыныштық сәті өткізіледі.




3 мин


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 19.10.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік, талаптану



Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жақсылыққа талаптану арқылы дұрыс әрекет жасауға болатынын түсіндіру. 


Міндеттері: 
- Оқушыларға бақыт, сыйластық, мейірімділік қасиеттері адамға дұрыс әрекет жасауға ықпал ететінін түсіндіру; 
- сыйластық, мейірімділік, бақыт, талаптану қасиеттерін дамыту. 
- оқушыларды ізетті, ілтипатты, табанды болуға тәрбиелеу. 

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Сабақ барысын талдау:



  1. мин

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Б. Әділовтың «Қанат пен Жанат» әңгімесі 


Сұрақтар: 
1.Атасының үйіне келген қонақ кім еді? 
2. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер? 
3. Қанат домбыраны үйренуниетіне қалай жетті? 
4. «Талаптыға нұр жауар» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 
5. Талапты бала қандай болады деп ойлайсыңдар? 


5 мин

3.Дәйексөз

"Талаптан да білім мен өнер үйрен, 


Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл." 
Ш. Құдайбердиев 
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. 
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады. 

5 мин


4. Әңгімелеу Аңыз әңгіме 

Сұрақтар: 


- Баланың іс әрекетіне қарап, мінез құлқына қандай баға беруге болады? 
- Әкесі қандай айла ойлап тапты? 
- Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді? 
- Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер? 
_ Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма? 


10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 топ: (талаптану тақырыбына өлең шығару) 


2 топ: (өзіңнің жасаған жақсылығыңды есіңе түсіріп көр) суретпен бейнелеуге тырыс 



  1. мин

6. Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз 
Нұрланамыз бәріміз 
(Сөзі өзгертілген) 
Ақ ниетпен 
Пәк жүрекпен 
Өмірге біз келеміз. 
Қуанышты 
Ізгілікті 
Күн нұрындай төгеміз. 

5 мин

7.Үй тапсырмасы.

«Мен талапты баламын» өлеңін оқып, талдау. 


2 мин


7. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. 


Мұғалім жәй дауыспен: 
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

3 мин

Каталог: uploads -> doc -> 11fc
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fc -> Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту
11fc -> Сабақтың тақырыбы : екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттері Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы : Билер сөзі ақылдың көзі Шешендік сөздер Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Жалпы мақсаттар
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік Шығыс еуропа елдері
11fc -> Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары
11fc -> Сабақ мақсаты: Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет