Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет14/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 08.02.2016 ж.

Тақырыбы: Табиғаттан –нәр алам

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсы көру, аялау


Сабақтың мақсаты: «Оқушылардың «табиғат», «жер», «су», «ауа» , «топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.

Сабақтың міндеті:

*Оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;

*оқушыларды табиғатты саұтап – ұорғауға, аялап – баптауға ьаулу

*сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгіоікке тәрбиелеу.



Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Сабақ барысын талдау:

5мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Сейдімбек. мәтінді оқып, адам мен табиғат арасындағы жарасым туралы ой бөлісіңдер. Дәйексөзді жаттау, мағынасын ашу.




5мин

  1. Дәйексөз.

«Сүйіспеншілік –баға жетпес байлық»
Лев Толстой (1828-1910)
Неліктен сүйіспеншілік баға жетпес байлық болып саналады?
2-ұлға,2-қызға оқыту.Бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазып алу.



5 мин

4. Әңгімелеу

Қызығушылықты ояту.(Ой қозғау)
Аққулы мекен
(Үзінді)
Ы. Кененбаев
...Көктем туа масатыдай құлпырып жайнап шыға келген айналаңа көз тоймайды. Шығысында қалың қарағайлы сыңсыған тау шатқалдарының қүзар басынан жыл он екі ай бойы қар кетпейтін. Ал сол заңғар биіктен төгіліп түсіп, оңтүстікті ала көкорай кең шатқалды қалқалай қоршап келіп, оған қасқая қарсы түра қалған екінші тау беткейінде қырмызы қызғалдақтар құлпыратын. Екі ортадағы жайма жазық шұрайлы өңірді жара сылдырай аққан тау өзенін бойлап үркердей ғана біздің ауыл жатар еді.
Бірде, тіпті, тым ерте тұрып кетіппіз. Біз Төбеби басына жеткенде, шығыстағы биік тау шатқалдарынан күн жаңа көтеріліп келе жатты.
Балалар, әне қараңдар, күн шығып келеді, - деп мәз бола жар салды Жұпар.
Күннің шығуын жаңа көріп, жаңа байқағандай, бәріміз де жалт-жалт қарастық.
Алдымен тау кемерлерінен жарқырата шұғыла шашып, одан кейін бірте-бірте толықси көтерілген кербез күн сұлулығы, шынында да кімді болсын, таңғажайып керемет бір әсерге бөлегендей еді.
Бір сәт бәріміз де үнсіз қалт тұра қалыппыз.
Қандай әдемі, жүріңдерші, күннің шыққанын тағы да көрелік! - деді Жұпар балғын жүзі алаулап. Сөйтті де, «қалай көреміз?» - деп ақтарыла үйірілген бізді бастап төмен құлдилады. Сол сәт ешнәрсенің байыбына жете түсінбесек те, оның соңынан жарыса біз де жүгірдік.
Төбебидің орта тұсындағы жазық әлі қаракөлеңке еді.
Құлдырап біз жеткенде дүр көтеріліп, алғашқы күн шапағын енді-енді қарсы алып, құшып сүйе бастады...
Одан кейін тағы да төмен түстік. Етекте тұрып, күн нұрын үшінші рет қарсы алдық. Үшінші рет тау жиегінен алтын арайдың алғашқы шуағына шомылып, кәусар сұлулығын тамашаладық. Ойламаған жерден өзіміз ашқан жаңалыққа өртене қуанып, қайта өрге ұмтылдық...
Тау басына алғаш жеткен Жұпар болды. Екі өкпемізді қолға алып, жүрегіміз аузымызға тығыла біз де жеттік.
- Қараңдар, күн биіктеп кетіпті.
- Күн емес біз биікке шықтық!
- Жоқ, биікке күн көтерілді.
- Айтасың-ау, таудың басына біз шықтық емес пе?
- Таласпаңдар, күнмен бірге біз де биікке көтерілдік, - деді үнемі бәрімізді тыңдап барып сөзін нығарлап айтатын Төкен.
Онымен енді ешкім таласқан жоқ. Бәріміз де осы тау басына талай көтеріліп жүрсек те, айналамыздағы бүкіл әлемді жаңа көргендей таңырқай, тамсана қарастық.
Туған жер, оның тұнған байлық, асқан сұлулығын мен сонда алғаш көрдім. Сылаң қаққан сұлу қарағайлы беткей, сылдырап аққан өзен, бәрі-бәрі таң шапағын қуана қарсы алып, құшып-сүйіп жатты.
Табиғат-Ана дүр сілкініп, басын көтергендей еді осы сәт. Алғашқы күн нұрымен кербез қарағай сән түзеп, су бетінде «күміс шабақтар» ойнады. Шөп бастарынан сырт-сырт етіп таңғы шық үзіліп, күн нұрына қарап гүл қауызын ашты.
- Таптым, таптым! — дедім мен өз-өзіммен мәз болып, жерден жеті қоян тапқандай қуанып.
- Не таптың?
- Қайсы, кәне?
- Күнделігіме жазатын тақырып таптым.
- Ой, сен де айтады екенсің...
- Сонда, не жазбақсың, мына күнде көріп жүрген айналаны ма? - деп қадалды Ұзақбай.
- Иә, айналаны, осы көріп тұрғанымның бәрін. Мынау қырмызы қызғалдақты да, анау қарағайлыбеткейді де, төмендегі Тасбұлақты да, бәрі-бәрін... күннің шыққанын күніне үш рет көргенімді де!?.
Ұзақбай ешнәрсеге түсінбегендей иығын қиқаң еткізді.
- Қызық екен.
- Күнделікке тек қызық нәрселерді жазу керек. Жұпар ғана мені жақтағандай қасыма келіп сыбыретті.
- Кейін маған оқытасың ба?
- Жарайды, - дедім мен, құдды бір күнделігім жазылып бітіп, енді оны көрсету-көрсетпеудің жайын шешкендей масайрап...
• Төкенге табиғат қандай шабыт берді?
• Төкен күнделігіне не жазды деп ойлайсыңдар?
-Табиғаттың қандай көрінісі балаларды таңқалдырды?
-Табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығы неде?
-Адамның сүйіспеншілік сезімін оятуына не себеп болды?



10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар «Су», «Топырақ», «Ауа» болып үш топқа бөлінеді. «Адамға су, ауа, топырақтың қажеттілігі» тақырыбы бойынша сурет салу





10 мин

  1. Топпен ән айту.

Сөзі Қ.Мырзалиев
Әні: Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау-түкті кілем көк кілем,


Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.
Қ-сы:
Қайда жүрсең атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.



5 мин

  1. Үй тапсырмасы.

№20сабақтың дәптердегі 1-2 –тапсырмасын орындау.
21-сабақтың 109-бетіндегі О.Бөкейдің«Алтай» мәтінін оқып келу.



2мин

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштық... Тыныштық бар жерде Музыка қойыла ды. Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға келейік.



3 мин


Каталог: uploads -> doc -> 11fc
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fc -> Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту
11fc -> Сабақтың тақырыбы : екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттері Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы : Билер сөзі ақылдың көзі Шешендік сөздер Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Жалпы мақсаттар
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік Шығыс еуропа елдері
11fc -> Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары
11fc -> Сабақ мақсаты: Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет