Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет3/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 16.11.2015 ж.

Тақырыбы: Кешірімділік көңіл кеңдігі

Құндылық:  Қиянат жасамау Қасиеттері: Ешкімге қиянат жасамау, өз ісіне есеп беру,

мейірімділік,  адамгершілік.

Сабақтың мақсаты: Кешірімді болу адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.

Міндеттері:

1.Қиянат жасамау мәнін түсіндіре отырып, кешірімділікпен қарауға үйрету;

2. Мейірімділік, адамгершілік, кешіре білу, өз ісіне есеп беру қасиеттерін дамыту.



3. Ешкімге қиянат жасамауға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Сабақ барысын талдау:

5 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№10 А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып, мазмұнын айту. 43 бет

Сұрақтар:

• Мәтіннің ең басты мағынасы неде?

• Кешіре білген адамның бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

• Кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер?

• Өкпе, реніш, ашу адам өмірін неге әкеп соқтырады?



• Өзгелерді кешіргенде бойымыздан не байқалады?




5 мин

  1. Дәйексөз.

«Жазғырмас  бұрын, әрқашан кешіруді ойластыру керек»

                                                 (Лихтенберг)

(оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)




5 мин

4. Әңгімелеу

Ашу дұшпан

Бір үлкен елдің президентінің Бек атты адал және сенімді қызметшісі болыпты.

Ол өзінің міндеттірін жақсы атқарыпты.

Бір күні Бек өзінің қожайынының үстелін ретке келтіріп жатқанда, бір бума қағаздың ішінен автоқалам құлап түседі. Бек оны көтерген кезде, қаламның ұшы сынып қалғанын көреді.

Осы кезде бөлмеге қлжайын кіріп, не болғанын көреді. Қалам оған досының  сыйлығы ретінде  өте қымбат болатын, сондықтан президент қатты ашуланып, қызметшіге  енді оның  жұмыстан босағандығын айтады. Бірақ қожайынын қатты жақсы көретіндіктен, одан кеткісі келмейді. Ол қожайынының  аяғына жығылып, оны кешіруін өтінді. Бірақ қожайын айтқанынан қайтпайды, ашулы кейіппен ол қызметшінің  бөлмеден кетуін талап етеді.

Түнде президент осы оқиғаны  есіне түсіреді де, ойланып қалады:  «Бектің қателігі неде еді? Қаламның ұшы  мен оны ашық, қағаздардың  арасына тастап кеткендіктен  сынды. Шындығында, Бек кінәлі емес,  ол әрқашан  шыншыл әрі маған берілген адам еді. Мен онымен өте дөрекі сөйлестім».

Осындай өкінішті ойлар мен опық жеу оны қатты мазасыздандырғандықтан,  ол ұйықтай алмады. Таң атқан соң, президент  бірден Бекті  алып келуге жібереді. Ол келген кезде, қожайын оған:

-Бек, сен мені кешір. Мен кеше дұрыс істемедім, сенімен дөрекі сөйлестім. Бұрынғыдай  жұмысыңды  жалғастыра бер,-дейді.

Бұл сөздер қызметшіге  қатты әсер етеді. Ол өзінің  қожайынын одан қатты бағалап, жақсы көреді.

Кейінірек ақылды президент осы мысалды басқаларға ылғи  айтып отыратын болды, оларды біреуге ашу білдіріп, жазаламай  тұрып, ойланып алуға шақыратын.  «Ашу қабаған ит сияқты,» дейтін  ол.           – Оны іште қамап ұстау  керек, әйтпесе ол ешбір кінәсі жоқ адамды қауып алуы мүмкін. Сонымен қатар біз кез-келген  адам қателесетінін, бірақ оны  кешіру құдайшылық екенін  ұмытпауымыз керек».



Сұрақтар:

  • Президент неге қатты ашуға булықты?

  • Бектің әрекеті қандай?

  • Президентті не мазасыздандырды?

  • Неліктен президент кешірім сұрады?

  • Президент және Бек қандай адамдар?

  • Президент  дер кезінде ойламағанда Бекке қаянат жасарма еді?

  • Бұл әңгімеден қандай ой қорытар едің?


10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Фильмнен үзінді көру, ойларын айту. «Әке мен бала»

Сұрақтар:

• Отбасында өкпе-наз неліктен көрініс тапты?

• Баланың әкесіне деген көзқарасы неліктен өзгерді?

• Немересі өз әкесіне қандай сөздер арқылы, жүрегіне ой сала білді?

• «Ата-анаңды қорласаң, қайнатар балаң сорыңды» деген сөзде қандай мағына жатыр?

• «Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

• Осы бейне фильмнен қандай ой түйдіңдер?

• Өмірде қиянат жасамау, кешірімді жасаудың маңызы қандай?





10 мин

  1. Топпен ән айту.

Мейірімді болайықшы бауырлар

Сөзі: Серік Қалиев

Әні:Құрмаш Маханов




5 мин

  1. Үй тапсырмасы.

№11. Б.Момышұлы, С.Мұратбековтің мәтіндерін оқып, салыстырып, айырмашылығын айту. 45 бет.

Дәптермен жұмыс №10. 1, 2-ші тапсырмаларды орындау.





2мин

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



3 мин


Каталог: uploads -> doc -> 11fc
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fc -> Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту
11fc -> Сабақтың тақырыбы : екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттері Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы : Билер сөзі ақылдың көзі Шешендік сөздер Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Жалпы мақсаттар
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік Шығыс еуропа елдері
11fc -> Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары
11fc -> Сабақ мақсаты: Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет