Сабақтың тақырыбы Шағын жоба. Құжатқа арналған пароль орнату



Дата16.04.2022
өлшемі0,55 Mb.
#139496
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ 5 сынып
Сұрақтар, Тәуелсіздік сценарий, Шежіре үйірме жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады?


Күні: 14.04.2022ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Нуртазина Маншук Бекказыевна

Сынып: 5 «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шағын жоба. Құжатқа арналған пароль орнату

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.2 – құжаттарға арналған пароль орнату

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Компьютердегі деректерді қорғау жолдарын анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Файлдарға құпия сөзді орнатуды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Ақпаратты қорғау әдістерін түсінеді

Бағалау критерий

• Компьютердегі деректерді қорғау жолдарын анықтайды.
• Құпия сөздің қолданылу себебін талдайды.
• Құжатқа құпия сөзді орнату әдісін сипаттайды

Тілдік мақсаттар



Файл, жүктеу, каталог, кеңейтілуі, бағдарлама
Диалог: Бумадағы файл дегеніміз не?
Жазылым: Файлдарды жүктеу, орналастыру, өзгерту
Термин:
Файл-файл-file
Бума-каталог-catalogue
Бағдарлама-программа-programma

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу пәнін суреттерді ретімен орналастыру мақсатында, ағылшын тілін үш тілде , орыс тілі.

Құндылықтарға баулу

- Заңсыз біреудің құжатын,компьютерін рұқсатсыз қолданбауға баулу;
- Интернеттен керексіз құжаттарды қабылдамауға біреудің, құпия сөзін бұзбауға, жауапкершілікке дағдыландыру;
- Антивирустік программаларды тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа үйрету ;

Бастапқы білім



Оқушылар нені біледі?
Құпиясөздің не үшін қолданатындықтары туралы жалпы түсініктері бар.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
4.«Ыстық бауырсақ» ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы тілектер айтады.
5.Мұрағатталған бума түрінде жасалған қоржын ішінен,
суреттерін алып, мазайка әдісі бойынша құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді. Құрастырылған суреттеріне анықтама беріп өтеді.




Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



  1. Жеке жұмыс

Бинго билетіндегі сұрақтарға жауап беру.
Интербелсенді тақтада Бинго ойыны ойнатылады. Әрбір лататрондағы сұрақтарға оқушылар жауап береді.
1.Ұялы телефондарыңды бөгде адам ашып қолданбас үшін не істеуге болады?
2.Пароль дегеннің қазақша және ағылшынша аудармасы қалай?
(Құпия сөз, пароль, password)
3.Құпиясөзді тағы қай жерлерде қолдануға болады?
4.Компьютерлік деректерді қалай және неден қорғаймыз?
5.Вирустар дегеніміз не?
деген сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың идеясын ашамын.

Оқушылар алдыңғы білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы тексеріп, бүгінгі сабақтың идеясын ашады.

Түрлі түсті таяқшалардың түрлері арқылы бағалаймын.
Жасыл түс-өте жақсы.
Қызыл түс- жақсы.
Сары түс- қосымша әліде кішкене толықтыру қажет.



Интербелсенді тақта, түрлі-түсті таяқшалар

Сабақтың ортасы

2.Топпен жұмыс (РАФТ) әдісі.


Вирустар мен антивирустың қызметін анықтауда рольдік ойынды сомдау
Р-роль ( Вирус пен антивирус)
А-аудитория (оқушы)
Ф-форма (жарнама)
Т-тақырып (менде тірі жанмын )
Дескриптор
Антивирус түрлерін таба біледі.
Вирустардан қорғану жолдарын қарастырады.
Өз ойларын шынайы түрде жеткізеді.

Оқушылар рольге кіре отырып вирустардың қауіпті екенін дәлелдейді.

Дайын құрылған критерилер бойынша топтар бірін -бірі бағалайды.
1. Тақырып мазмұнының ашылуы
2. Топ белсенділігі
3. Регламенттің сақталуы

Таратпа материал






3.Жеке жұмыс Құпиясөз құру
Деңгейлік тапсырма

  1. Бір файл ашып аты-жөндерін жазып, құпиясөз құрады.




  1. Құжатқа құпия сөз орнату ретін көрсетеді.

1.___________
2.___________
3.___________
4.___________
5.___________
6.___________

  1. Құжатқа құпиясөз орнатудың себебін жазады.

_______________________________


Дескриптор:
-құжатқа құпиясөз қоя біледі
- құжатқа құпия сөз орнату әрекеттерінің ретін анықтайды.
-құжатқа құпия сөз орнатудың себебін жазады;

Оқушылар компьютерде отырып, берілген уақыт ішінде деңгейлеріне қарай орындайды.



Әр дұрыс орындалған тапсырма қадамына қарай

сейф,қоржын, антивирус суреттерін тарқату арқылы бағалаймын.
3 тапсырманы толығымен орындаған оқушыға үш сурет беріледі.

Компьютер


4. Жұппен жұмыс
«Ақпаратты сүзу» әдісі
Вирустар тұғырықтан сүзіліп сыртына шығатындай етіп тапсырманы орында

(Оқушыларға тапсырмаға байланысты суреттер беріледі. Вирустарды тұғырықтың сыртына, ал антивирустарды тұғырықтың ішіне орналастырады. )







Оқушылар вирустар мен оған қарсы антивирустық программаларды ажыратады .

Жұптық бағалау. (Интербелсенді тақтада көрсетілген тапсырманың дұрыс нұсқасына қарай, оқушылар бірін-бірі жұппен алмастырып бағалайды) Әрбір дұрыс жауапқа (+) белгішесін қояды

10 мин



Сабақтың соңы



Кері байланыс:

қызық

құнды

қиын











ҚҚҚ кестесін  толтыру арқылы сабақта қызықтырған тұсын, құнды болған мәліметті және қиналған жерлерін жазады.

3 мин






Үйге тапсырма:









Саралау

  • 2.Топпен жұмыс (РАФТ) әдісі бойынша оқушылар рольдік ойындарды сомдай отырып, өздерінің мықты және әлсіз тұстарын анықтайды. Оқушылар бір -бірімен диалогқа түсе біледі. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

3.«Ақпаратты сүзу» әдісін қолдана отырып, оқушылар вирустар және антивирустарға сараптама жүргізеді. Бұл әдісті қолдану барысында баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануға болады.

Бағалау
2-тапсырмада дайын критерийлер арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
3-тапсырмада жұптық бағалау жүргізу арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетілу жүргізіліп отырады.

Денсаулық сақтау мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске саламын


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет