Сабақтың тақырыбы: Сұйық, Сусымалы. Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі110,42 Kb.
#5705
түріСабақ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.

«Шұғыла» шағын орталығы
Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Математика

Сабақтың тақырыбы: Сұйық, Сусымалы.

Сабақтың мақсаты: Балаларды таразымен, жалпы таразы түрлерімен таныстырып, пай-далана білуге тәрбиелеу. Заттардың ауыр, жеңілдігі олардың аз-көптігі, үлкен-кішілігіне байланысты емес жағдайлар кездесетінін тәжірибе жүзінде көрсету. Заттың салмағын көз мөлшермен, қолмен салмақтап көріп, білуге болатынын түсіндіру.

Билингвальды компонент: Сұйық-жидкий, сусымалы-скользящий.


Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы


I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мазмұны.




Сұйық және сусымалы ұғымдарымен түсіне бастады.

Жаңа сабақ мазмұнымен танысты.



Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақты "Көкөніс дүкенінде" тақырыбымен байланыстырып бастаған жөн. Таразымен таныстыру, масса - заттың өзі турған орнына түсірген қысымы екендігін түсіндіру.

Сабақты практикалық жұмыспен өткізген тиімді. Суретте көрсетілген көкөністерді шындығында таразыға тартып, балалар ауыр —жеңіл ұғымын нақты түсінеді. Заттардың саны бірдей болғанмен, бір зат өзінің бірнеше заттан ауыр болатынын саналы ұғындыру. "Қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл?" сұрақтары арқылы әртүрлі көкөністерді таразыға салып анықтау.

Сусымалы заттар туралы түсінік беру. Сусымалы заттарды бір-бірінен ажыратып, өлшей білуге тәрбиелеу, сусымалы заттардың ерекшелігі — төккенде, бір ыдыстан екінші ыдысқа аударып салғанда тебе, үйінді сияқты болып қалатынын дәлелдеп түсіндіру. Сусымалы зат­тарды шартты өлшеуіштің көмегімен өлшей білуге дағдыландыру.

Қандай сусымалы заттарды білесіңдер? (Құм, топырақ, ұн, бидай, күріш, тары, жарма, құмшекер т.б.). Сусымалы заттарды ыдысқа төгіп көрейік. Не пайда болды? (Қанттың, ұнның, күріштің, тұздың үйінділері пайда болды). "Нан дастарханға қалай келді?" тақырыбында әңгіме өткізу үшін оқулықтағы суреттерді пайдаланамыз. Медициналық уақыт өлшеуішпен таныстыру. Таразыны пайдаланып, сусымалы заттарды өлшеу. "Балалар ойыны" тақырыбына әңгіме. Ойлануға берілген тапсырмада геометриялық фигуралардың орнын ауыстыру арқылы бір күйден екінші күйге қалай келгендігін өздеріне түсіндірту. Сабақта ба­лалар сусымалы заттардың қасиеттерімен, пайдасы жөнінде танысады, салыстырады, практикалық жұмыстармен ұштастырады.

Суйық заттың физикалық қасиеттерімен таныстыру. Температураға байланысты бір күйден екінші күйге ауысуы. Көлемінің өзгеруі, бір ыды­стан екінші ыдысқа ауыстырып қүйғанда бетінің тегіс болатыны, т.с.с. өзгерістерін түсіндіру.

Сұйық зат құятын, өлшейтін ыдыстар — бөшке, түрлі шыны банкілер, шелек, күбі, торсық, тостаған, цистерна, т.б. Сұйық заттарды шартты өлшеуішпен үй жағдайында өлшей білуге дағдыландыру. Сұйық заттар құятын ыдыстар сиымдылығы басқа кішілеу ыдыс арқылы анықтау.




Дәптермен жұмыс жасады балалар.

Бірнеше сурет арқылы заттардың орналасу кеңістігі жайлы білді

Суреттерді салып, түрлі түсті қарындаштармен бояды.


Рефлекстік -

үйлесімділік

Сабаққа белсене қатысқан балаларды


Балалар суретпен көп жұмыс жасап, ненің қайда орналасқаны жайлы білді.



Күтілетін нәтиже:

Түсінігі: Сусымалы заттаржәне сұйық заттар туралы түсінік алды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Бастаған ісін аяқтауға дағдыландыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.

«Шұғыла» шағын орталығы
Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері: Валеология

Тақырыбы: Менің жүрегім.

Мақсаты: Балаларды адамның ең негізгі мүшесі-жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысына және оның қызметіне мәлімет беру.

Билингвальды компонент: Жүрек-сердце.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қайырымды жүрекпен,

Мейірімді тілекпен.

Ізгілікті ниетпен,

Қамқор болып өсеміз.


Балалар шеңберге тұрып, терең тыныс алып, бір-біріне бұрылып, күлімсіреп тілектерін білдіреді.


Ұйымдастыру-

ізденушілік

Балалар суық тиіп ауырмас үшін не істеу қажеттігін және тыныс алу мүшелерін естеріне түсіріп, «Валеология» елінің картасындағы аялдаманы қарастырады.Педагог адамның тағы бір аса маңызды мүшесі бар екенін, онсыз өмір сүруге болмайтынын айтады. «Бұл қай мүше? Сағат емес, бірақ соғады».Бұл-біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек соғуын кімде болса тыңдай алады.

Педагог балаларға бір-бірінің жүрек соғысын тыңдауды ұсынады. Біздің анамыздың, әкеміздің, бауырымыздың, әпкеміздің жүректері де осылай соғады. Жүрек-қан айналымын реттейтін басты мүше.Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стақандай қан айдайды, сонан соң қайта жиырылады, яғни жүрек үнемі демалыссыз жұмыс істеп тұрады.

Жүрек ауырмауы және дұрыс жұмыс істеуі үшін оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру, күнделікті жаттығу дененің бұлшық еттерін нығайтады. Бұл –жүректің еттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.

Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Шарап ішу, темекі тарту, жүрекке үлкен зияе келтіреді. Сонымен қатар әлсірегенше жұмыс істеуге болмайды: бұлай етсең жүректі әлсіретіп аласың. Жүрек тек адамдарда ғана емес аңдар мен құстарда да бар.

Баланың жүрегінің үлкендердің жүрегінен айырмашылығы-өлшемінде.Педагог жұдырықтырын түйіп, зер салып қарауды ұсынады.

Сендердің жүректерің өздеріңнің жұдырықтарыңның көлеміндей. Адамда жүрек –біреу. Оны сақтау қажет.



Психожаттығу ойыны өткізіледі.

Әр бала қолынан бәрі келетін болашақ дәрігер-емші кейпіне енеді.Дәрігер сипап сезу арқылы емдейді. Ол мүшелеріне былай деп бұйырады:

Сүйкімді жүрегім, жақсы жұмыс істе, қайырымды бол.

Қаным, сау бол, ағзаның барлық тамырларын жуып шық т.б.


Өткен сабақты естеріне түсіреді.


Жұмбақты шешеді.

Бір-бірінің жүрек соғыстарын тыңдайды.


Жүрек туралы әңгімелеседі.

Жүреті шынықтыру жолдарымен танысады.


Жұдырықтарына қарап өз жүректері осындай екенін біледі.

Ойынды ойнайды.



Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

Жүректі сау сақтау үшін дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану қажет. Ешқашан темекі шегіп, шарапқа құмарланба.



Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.




Күтілетін нәтиже: Жаттығудың балаларға тиетін пайдасы.

Білу: Жүрек мықты болу үшін жаттығудың маңызы зор.

Игеру: Жүрек аурулары туралы игерді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.

«Шұғыла» шағын орталығы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Өнердің ғажайып әлемі

Мақсаты: Өнер ұғымы туралы түсінік беру;өнерге деген қызығушылықтарын арттыру;өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Өнер

Көрнекілік: Әртүрлі суреттер

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Билингвальды компонент: Өнер-исскуство, ғажайып әлем-чудестный мир.


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

Шаттық шеңбер

Қуан, шаттан,алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!


Балалар жарты шеңбер бойымен тұрып, қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі


Әңгімелесу

Тәрбиеші балалармен өнер,өнер-

дің түрлері және өздері көрген өнер туындыларынан қандай

әсер алғаны туралы әңгімелеседі.Соның ішінде бейнелеу және музыка өнері туралы әңгімелеседі.Балаларға сурет, музыка арқылы көктем мезгілін өнер арқылы қалай танытуға болатынын айтып,А.Дүзелхановтың «Көктем» атты туындысын көрсетіп,Ш.

Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?»деген әнін тыңдатады.
Өнер адамдары өз өнерлерін түрлі жолдар арқылы береді.Суретші қылқаламмен,ақын өлеңмен, музыкант нотасы арқылы халыққа өнерін танытады.Ақын Шеген Ахметов өзінің туған жеріне деген махаббатын өлең ән арқылы сездіртсе,суретші А.Дүзелханов «Көктем»атты жұмысын сурет арқылы тарту етті.Олар өздерінің табиғаттан алған әсерлерін ән,сурет арқылы білдіртті.Айнала-

сындағы әсемдікті,сұлулықты сезініп,өз көңіл күйін осы өнер туындылары арқылы суреттейді.

Суретші, биші,әнші мүсінші,күйші т.б

Балалар өнер туралы не естігендерін айтады.


Соның ішінде музыка өнері, сурет өнері туралы әңгімелеседі.

«Бұл қай кезде болады?» әнін тыңдайды.


Бұл жыл мезгілі көктем туралы айтылған.

Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.

Суретші сурет салады, әнші ән айтады,биші би билейді,күйші күй тартады,мүсінші мүсіндейді.


Рефлекстік түзету кезеңі

Қорытындылау


Өзін-өзі бағалау

Сергіту сәті

«Бозжорға»биін билету.

Әңгімелеу

Тәрбиеші балаларға «өнер» ұғымы туралы түсінік беру мақсатында «Қорқыт» туралы аңызды оқып беріп,талдайды.


Дәйексөз

Педагог «Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын»-деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Өнерлілер тек қана әншілер-жыршылар,бишілер ғана емес,кез келген адамның қолынан қандай іс келсе,сол адамды өнерлі және оның қолы алтын деп атайды.

Шығармашылық жұмыс. «Ұлттық ою-өрнектер»

Өнердің ғажайып әлемі-адамды әлемнің сұлулығын,әсем-

дігін,табиғаттан алған әсерлерін сезінуге шақырады.

Алған әсерлерін адамдар әр түрлі өнер туындылары арқылы білдіріп,айналасындағыларға көрсетеді.

Жүректен жүрекке



Балалар музыкамен «Бозжорға» биін билейді.

Балалар аңызды тыңдап,не жайлы екенін талдайды.
Балалар мақалдың мағынасын түсініп,жаттап алады.

Балалар 2-3 топқа бөлініп өз қалаулары бойынша ұлттық ою-өрнектерді жапсырады, суретін салады немесе мүсіндейді.


Көрме ұйымдастырады.
Ғажайып сөздер

-Өнер-адам бойындағы бір нәрсеге қабілеттілік,ше-

берлік,іскерлік.
Жүректен жүрекке

«Кел,билейік!»әнін қимылмен көрсетеді.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жақсылық туралы ұғымды

Түсінігі: Біреуге жақсылық жасасаң ,ол өзіне жақсылықпен қайтатынын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын толық айта білуге дағдыланды.

«Шұғыла» шағын орталығының

тәрбиешісі:Жолдасова А.Б.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет