Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет2/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Сергіту сәті.

  • Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)

  • Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)

  • Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)

Мұғалім: ал жемістер, сап түзейік бәріміз

Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз.

(қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)

ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі.

№3. Есеп болатындай етіп, бос тор көздерге сандарды қой. Салыстыр. Қорытынды жаса.

№4. Есепті шығар. Кері есепті құрастыр.

Ш: 35-15= 20(кг)

Ж: 20кг артық жем- шөп жейді.

Кері есеп: Ш: 20+15 = 35(кг)

Ж: 35кг жем-шөп жейді.

№5.Математикалық диктант.



Ү. Сабақты қорытындылау: -Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?

  • Нені үйрендіңдер?Шығармашылық жұмыс. № 7, 8.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 3 ; 14 бет.

ҮІІ. Бағалау

Күні: 08. 09. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Физикалық карта. Масштаб

Мақсаты:

Білімділігі: Географиялық карта туралы, ондағы елімізлің орны жайлы , жер көлемі

жайлы түсінік беру.



Дамытушылығы: Картамен жұмыс жасай білу ,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге , құрметтеуге, тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, географиялық карта, тұсбағар.
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Бағдарлау тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.

Дәптерге түсірген белгілерін оқыту,тексеру.

-Магнитті тұсбағарды алғаш қандай ұлт өкілдері пайдаланды?

- Егер сені елсіз жерге апарып тастаса, сен көкжиек тұсын қалай білер едің?

-Темірқазық жұлдызы әр уақытта көкжиектің қай тұсын көрсетеді?


ІІІ. Жаңа сабақ .

1. Тақырыбын, мақсатын хабарлау

2. Кіріспе : карта ,географиялық карта, басқа да карта түрлерін таныстыру

-Физикалық картада не бейнеленеді?

-Картадан көкжиек тұстарын көрсете аламыз ба?

3. Мұғалімнің түсіндірмесі:

Біздің еліміз –Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы деп аталады. Ұлан –байтақ жеріміздің кеңдігі сонша, Батыс Еуропадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай- 5 мемлекет немесе Ұлыбританиядай -11 мемлекеттің ,Жапониядай -17 мемлекеттің жерімен пара-пар. Жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің ішінде 9-орында.Ол 2,7 миллион шаршы километр аумақты алып жатыр.

Физикалық картадағы түстер нені анықтайтынын түсіндіру.

Қара топырақты аймақтарда астық мол өндіріледі, ол еліміздің солтүстік өңірі,«Пайдалы қазбалар қоймасы» деп те бекер аталмаған. Елімізде жер шарында кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі кездеседі. Картамыздан олардың шартты белгілерін кездестіреміз. Әрқайсысын атап ,түсінік беру. Қазақстан мыс қоры жөнінен дүние жүзі бойынша 3-орында.

Темір кені қоры бойынша АҚШ-тан 1,5 есеге артық, яғни бүкіл Батыс Еуропадағы темір кенінің жалпы қорынан асып түседі. Атом қуатын өндіретін уранның дүниежүзілік қорының 25 % барланған.Пайдалы қазбалардың бірқатар түрлері жер бетіне шығып немесе жақын орналасқан.Сондықтан олар арзанға түседі.

Қазақстан Батыс пен Шығыс елдерінің арасында орналасқан. Оның аумағы арқылы Орта Азия мемлекеттерінен және Қытайдан Ресейге баратын және одан әрі Батыс елдерімен


байланыстыратын темір жолдар мен тас жолдары өтеді. Түрлі жолдар торабында жатуы шет елдермен сауда және шаруашылық қарым-қатынасын дамытуға барынша қолайлы жағдай тудырады.
Сергіту сәті.
4.Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей дауыстап оқыту.


5. Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, ауа райын жазу.

Пайдалы қазбаларды (өзі білетін) жазу . Жер көлемін жазып алу.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі

Сарамандық жұмыс.

1.Карта бойынша еліміздің батыстан шығысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан даласын көрсету.Шеткі нүктелердің арасын сызғышпен өлшеп, шыққан см санын масштаб өлшеміне көбейт.

2. Қазақстанның шекарасын ,қандай мемлекеттермен көрші екенімізді айтып,көрсету. -Қазақстанның жер көлемі қанша? -Неге « пайдалы қазбалар қоймасы »деп аталған? - Біздің еліміз қандай мемлекеттерді байланыстырады?
V. Үйге тапсырма беру кезеңі:

27,28,29 беттерді оқу, мазмұны.. Картадан қандай елдер бізбен шекаралас екенін тауып, жазып келу.


ҮІ. Бағалау.

 Күні: 08 . 09.2015 ж.



Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Туған жердің ыстығы – ай. Қали Сапарбаев.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыны Қали Сапарбаевтың «Туған жердің ыстығы - ай» атты әңгімені түсініп

оқуға үйрету, әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.



Дамытушылығы: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып

сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелігі: Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңін мәнерлеп оқыту,екі шумағын жатқа айтқызу.

2. Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңі не жайлы? Ақын өзінің туған өлкесі жайлы қандай әсермен айтады? Туған өлкесін неге теңеді?

Үй тапсырмасын пысықтау: Өзіңнің осы өлеңді оқығанда қандай әсер алғаның жайлы айт.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

-Түйенің қандай түрлері болады? Нар дегеніміз не?

3. Автормен таныстыру.

4.Оқулықпен жұмыс:

Түсініп оқу

Тізбектей оқыту .

Мәтінді талдау

-Жазушы қандай оқиғаға куә болды?

-Жалғыз өркешті нар түйе қай жерді мекендеп жүр екен?

-Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды?

-Түйенің иесі ботаны құшақтап тұрып не деп айтты?

ІҮ.Жаңа материалды бекіту кезеңі.

1. Автордың айтайын деген негізгі ойын тап.

2. Туған жер, туған ел жөніндегі мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жаз.



  1. Туған елдей ел болмас, 2. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Туған жердей жер болмас. Өз еліңде ұлтан бол.

Ү. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік?

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.

ҮІІ.Бағалау.
Күні: 09. 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.

Тақырыбы:Шешендік сөздер. Төле бидің төрелігі. Халқыңа адал бол.

Мақсаты:

Білімділігі:халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылығы: жүйелілік, тілдік сезімді дамыту, сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін,

байқағыштығын жетілдіру.



Тәрбиелігі: оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі :аралас сабақ

Типі: Жаңа білімді бекіту кезеңі

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба.
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ертегіні жоспар бойынша әңгімелеп бер.

  1. Асан мен Қасеннің алтын тауып алуы.

  2. Қариядан ақыл сұрауы.

  3. Қарияның шәкірттерінің жауабы.

  4. Ғажайып бақтың орнауы.

Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік сөздер деп халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздерін айтамыз.

Халық арасында шешендігімен, тапқырлығымен елге ерекше танылған Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке би, Малайсары би, Сырым батыр, Бөлтірік шешен, Байсерке шешен, т.б. атақты шешендер болған.

2. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал – мәтел, нақылдары ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, Төле бидің өзгеден айрықшылығы – өте адал адам болған. Егер адал болмаса, бүкіл қазақ батырлары алдына барып бата алар ма еді?..



3. түсініп оқу, сөздік жұмыс: Қолшоқпар – біреудің сөзін сөйлеп, айтқанын істейтін адам. Тізе бүгу – бағыну. Құлдық ұру – тәуелді болу, құл болу.
Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

1.Жоңғар – қалмақ билеушісі кім? (Қалдан Серен). Ел басшылары Күлтөбенің басына не үшін жиналады? Қарабек батыр қандай ұсыныс жасайды?

2. Күлтөбе басында айтқан Төле бидің төрелік сөзін тауып оқы.

3. Берілген ұйқас бойынша бір шумақ өлең құрастырып көр.



Уа, көсіле шабаржерің бар,

Қол боларлық елің бар.

Жау шапқанда қорғайтын



Ту көтерер ерің бар.
Ү. Қорытындылау:

1. Төле би қандай төрелік сөз айтады? Бұл төрелік сөзден көңіліңе не түйдің? Қалай ойлайсың, Жетес Төле биден неліктен естен кетпес бір сөз айтуды өтінді? Бұл әңгіме арқылы айтушы бізге не дегісі келген?

2. Төле бидің шешендік сөзіне сүйеніп, бір шумақ бата – өлең жазып көр.



Бір үйдің баласы болма! Бір елдің атасы болма!

Көп үйдің санасы бол! Бар елдің данасы бол!
ҮІ.Үйге тапсырма:1. оқу, өзіңе ұнаған үзіндіні жаттап ал.
ҮІІ. Бағалау

Күні: 09 . 09.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Дыбыс және әріп. 1-6 жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі:оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін

ажыратуға үйрету;



Дамытушылығы:сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелігі:адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді бекіту кезеңі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығуды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ой қозғау:

-Сөздер нелерден құралады?

-Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не?

Дәптермен жұмыс

Күн ретін, көркем жазу: Вв Вв Ввж Диктант жаздырту.



1-жаттығу. Сызба бойынша тіл дыбыстары туралы айт. Мысал келтір.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

2-жаттығу Сөздерді оқы. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс барын анықта.Қай сөзде дыбыс пен әріптің саны бірдей емес? Дыбыс пен әріптің бір- бірінен өзгешелігі неде?

3-жаттығу. Сөз жұптарын салытырып оқы. Көшіріп жаз. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды тауып, астын сыз.

4-жаттығу Өлеңді оқып, жатқа жаз. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Оларды ұяң,қатаң,үнді дауыссыздарға ажырат.

5-жаттығу Ребусты дұрыс шешесең, жұмбақтың мәтіні шығады. Жұмбақтың шешеуіндегі сөзді буынға бөл. Осы сөзбен сөйлем құрап жаз.

Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?

ҮІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау

Күні: 09. 09. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлуге берілген есептер және кері есептер.

Мақсаты:

Білімділігі: Көбейту мен бөлуге байланысты есептерді шығару арқылы кері есептер

туралыбілімдерін еске түсіру, тереңдету.



Дамытушылығы: білім, білік, дағдыларын ,логикалық ойлауларын дамыту.

Тәрбиелігі: әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді бекіту кеөеңі.

Әдісі: іздену- ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу.

Көрнекілігі: оқулық, ережелер, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 6.(балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру).

ІІІ. Жаңа сабақ

Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Математикалық диктант



  1. Газет 15 теңге тұрады. Осындай 4 газет қанша тұрады? (60)

  2. Бақтиярдың 100 теңгесі болды. Ол 55 теңгеге журнал сатып алды. Бақтиярда қанша теңге қалды? (45)

  3. Кітаптың 100 беті, журналдың 25 беті бар. Журналда кітапқа қарағанда қанша бет кем? (75)

  4. Марат 65 теңгеге альбом және 70 теңгеге қарындаш сатып алды. Марат барлығы неше ақша жұмсады? (135)

№ 2. Ауызша орындау. 15 ∙ 9 = 135 (доп) 25 ∙ 3 = 75 (қуыршақ)

№ 3. Есептің шартын сұрақпен толықтыр және оны шығар. Оқушының түсіндіріп шығаруы:




1 бұйымға жұмсалған мата

Бұйымның саны

Жалпы жұмсалған мата

Костюмдер

Көйлектер



? м неше м артық?

? м


40

80


240 м

320 м


Шешуі: 240 : 40 – 320 : 80 = 2 (м)

№ 4. Жұптық жұмыс. Ш: (550 + 450) : 50 = 1000 : 50 = 20 (м)

№ 5. Жеке жұмыс. Шешуі төмендегідей болатын есептер құрастыр.

а). 21 ∙ 3 = 63 (тг. бояғыш); ә). 17 ∙ 6 = 102 (тг. карандаш);

б). 21∙ 3 + 17 ∙ 6 = 165 (тг. барлығы) в). 17 ∙ 6 – 21 ∙ 3 = 39 (тг. Артық)

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:.

№ 6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:

А). см және мм-ге; 909 мм = 90 см9 мм 120мм = 12 см 1000мм = 100 см

105 мм = 10 см5 мм100 мм = 10см 20мм = 2см

Ә).дм, см және мм –ге. 909 мм = 9дм 9 мм120 мм = 1дм 2см 105мм =1дм 5мм


  1. Шығармашылық жұмыс. № 8.

Ү. Үйге тапсырма: № 7 .

Ү І. Қорытындылау

ҮІІ. Бағалау.
Күні: 10 . 09.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Дыбыс және әріп. 7-10жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі:оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін

ажыратуға үйрету;



Дамытушылығы:сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелігі:адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді бекіту кезеңі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығуды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ой қозғау:

-Сөздер нелерден құралады?

-Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не?

Дәптермен жұмыс

Күн ретін, көркем жазу: Гг ГгГг Диктант жаздырту.



7-жаттығу. Сызба бойынша тіл дыбыстары туралы айт. Мысал келтір.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

8-жаттығу Сөздерді оқы. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс барын анықта.Қай сөзде дыбыс пен әріптің саны бірдей емес? Дыбыс пен әріптің бір- бірінен өзгешелігі неде?

9-жаттығу. Сөз жұптарын салытырып оқы. Көшіріп жаз. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды тауып, астын сыз.

Өлеңді оқып, жатқа жаз. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Оларды ұяң,қатаң,үнді дауыссыздарға ажырат.

Шығармашылық жұмыс

Ребусты дұрыс шешесең, жұмбақтың мәтіні шығады. Жұмбақтың шешеуіндегі сөзді буынға бөл. Осы сөзбен сөйлем құрап жаз.



Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?

ҮІ. Үйге тапсырма: 10-жаттығу.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау

Күні: 10. 09. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Арифметикалық амалдардың алгоритмі.

Мақсаты:

Білімділігі:арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері

жәнеоларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білуге үйрету.

Дамытушылығы: иесептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар

тәсілін қолдана білуді дамыту.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтын типі: Жаңа білімді үйрету сабағы



Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) 2. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245 , 123, 456, 789 т.с.с.

Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:


  1. Балалар карточкаға 5 секунд қарап, жатқа математикалық символдарды ретімен жазып шығу керек?

  2. Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар? 1 м неше дм бар? 1 м неше см бар?

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

– Мына сандар қатарының қандай рет тәртібін енгізу керек? Мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?

10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес)

1, 7, 14,21,27. (1саны 7-ге бөлінбейді)

12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан)

24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 – екі ондық бар)

.

№ 1. Ауызша. (жылдамдыққа ұжыммен)



750 + 10 = 760 900 – 130 = 770 110 + 55 = 165

230 + 20 = 250 800 – 450 = 350 250 + 550 = 800 т.с.с.

3). Таза жазу. 3, 4, 5.цифрынан үш таңбалы сан құрастыру. (345, 354, 435, 453, 534, 543)

№ 2. Жазбаша есепте және дұрыстығын тексер. (тақтада есептеу түсіндіре шығару)

69 9 = 621 621 : 9 = 69 621 : 69 = 9 (компоненттердің атауын атау.)

4). Жұппен жұмыс

. № 3. Өрнектер жаз және олардың мәнін тап.

А). 256 : 4 – 15 3 = 64 – 45 = 19 ә). 500 – (693 – 446) = 500 – 247 = 253 б).(176 + 412) : 6 = 98



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 5. Есепті түсіндіріп шығару.

1кг = 1000г. Шешуі: 250 + 150 = 400 (г) карамель

Карамель - ? , 150г артық 1000г 250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис

Шоколад - ? 1

Ш:1000 – 650 =350(г) шоколад

Жауабы: 350 г шоколад

№ 6. Кесте бойынша есеп құрастыру. Тақтада түсіндіріп шығару.

Ш: 25 3 + 19 4 = 75 + 76 = 151 Ж: барлық бала саны 151 бала.

Өздік жұмыс. № 6. Салыстыр.

1000 – 250 < 1000 – 25 630 + 300 + 20 > 630 + 30 + 200 90 + 110 > 80 + 120



Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет