Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет3/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Ү. Қорытындылау. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

911, 508, 704, 457, 694, ...


Шығармашылық тапсырма.№ 8 кесінділер сызу.
ҮІ. Үйге тапсырма: № 7. 14- бет.
ҮІІ.Бағалау.

Күні: 11. 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Малайсары мен Сырым батыр.

Мақсаты:

Білімділігі:Шешен Малайсары мен Сырым батырдың тапқырлығымен,

ерекшелігімен таныстыру.



Дамытушылығы: сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын

жетілдіру; сөздік қорын, жүйелілік, тілдік сезімді, шешенділікті дамыту.



Тәрбиелігі: оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;

Түрі: аралас сабақ.

Типі:Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Балалар, сендерге қандай үзінді ұнады?

Кім жатқа айтар екен?

Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Батаны не үшін береді деп ойлайсың? Егер саған бата бер десе қалай бата берер едің? Ойланып көрдің бе?
Сергіту кезеңі
ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Мәтінді өздігінен оқытып, әңгімелеу.

2. Малайсарының Сырымға берген батасын тауып оқы.

-Қалай ойлайсың неге жасың жетпіске жетпесін деп айтты? Малайсарының көрген қиындықтарын тауып оқы.



ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі.

-Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар)

-Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт.

-Сырым Малайсарыға неге ренжіді?

-Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің?



Дәптермен жұмыс(жастық кездегідей шауып жүре алмайды, бірдеңе дұрыс болмаса үйдегілермен сөзге де келіп қалу, сөз талас та болуы, жалғыздықтың келуі, өзі еңбектенбегеннен кейін кісі қолына қарау, қартайған соң аурудыңда көбеюі ...)
Ү. Қорыту: Сен досыңа қандай бата – тілек айтар едің?
ҮІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу, бата жазып келу.Бағалау.

Күні: 11 . 09.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.

Тақырыбы: Буын үндестігі.

Мақсаты:

Білімділігі: жаттығуларды орындау барысында сөздердегі дауысты у және дауыссыз болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету;

Дамытушылығы: сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелігі: еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығуды тексеру.

Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс 1. Дауысты дыбыс деп қандай дыбыстарды айтамыз? Дауыссыз дыбыстарды ата. 2. У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс болатынын еске түсіру. 3. «Қандай У?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: мұғалім сөздерді айтады оқушылар сигналды қызыл және көк карточкалар арқылы дауысты, дауыссыз екендігін көрсетеді. Мысалы: аула, сула, ау, Сәуле, жу, бу т.б.

ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу:

11-жаттығуды оқу, мазмұнын ашу, у дыбысы бар кестені толтыру.

12-жаттығу екі топтағы сөздерді оқу, у дыбысы сөздерде қандай болып тұрғанын анықтау. Екінші топтағы сөздерге екінші у – дыбысын қосқанда мағыналы сөз шығатынын дәлелдеу.

13-жаттығудағы Сөздерді оқы. Сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз. Соңғы буындағы дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айт. Мысалы: Дос- тық.

14-жаттығу Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді сол жағына көшіріп жаз.15-жаттығудағы Өлеңді оқып, жатқа жаз.Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын екенін және себебін айт. Өлеңнің мағынасын түсіндір. 16-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын – бір, жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі сыз. Құрамында жіңішке, жуан аралас келген сөздерді тап.
ҮІ Қорытындылау

а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?



ҮІІ Үйге тапсырма: 16- жаттығу.

Күні: 12. 09. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Физикалық карта. Масштаб

Мақсаты:

Білімділігі: Физикалық карта туралы, ондағы елімізлің орны жайлы , жер көлемі

жайлы түсінік беру.



Дамытушылығы: Картамен жұмыс жасай білу ,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге , құрметтеуге, тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, географиялық карта, тұсбағар.
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Бағдарлау тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.

Дәптерге түсірген белгілерін оқыту,тексеру.

-Магнитті тұсбағарды алғаш қандай ұлт өкілдері пайдаланды?

- Егер сені елсіз жерге апарып тастаса, сен көкжиек тұсын қалай білер едің?

-Темірқазық жұлдызы әр уақытта көкжиектің қай тұсын көрсетеді?


ІІІ. Жаңа сабақ .

1. Тақырыбын, мақсатын хабарлау

2. Кіріспе : карта ,географиялық карта, басқа да карта түрлерін таныстыру

-Физикалық картада не бейнеленеді?

-Картадан көкжиек тұстарын көрсете аламыз ба?

3. Мұғалімнің түсіндірмесі:

Біздің еліміз –Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы деп аталады. Ұлан –байтақ жеріміздің кеңдігі сонша, Батыс Еуропадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай- 5 мемлекет немесе Ұлыбританиядай -11 мемлекеттің ,Жапониядай -17 мемлекеттің жерімен пара-пар. Жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің ішінде 9-орында.Ол 2,7 миллион шаршы километр аумақты алып жатыр.

Физикалық картадағы түстер нені анықтайтынын түсіндіру.

Қара топырақты аймақтарда астық мол өндіріледі, ол еліміздің солтүстік өңірі, «Пайдалы қазбалар қоймасы» деп те бекер аталмаған. Елімізде жер шарында кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі кездеседі. Картамыздан олардың шартты белгілерін кездестіреміз. Әрқайсысын атап ,түсінік беру. Қазақстан мыс қоры жөнінен дүние жүзі бойынша 3-орында.

Темір кені қоры бойынша АҚШ-тан 1,5 есеге артық, яғни бүкіл Батыс Еуропадағы темір кенінің жалпы қорынан асып түседі. Атом қуатын өндіретін уранның дүниежүзілік қорының 25 % барланған.Пайдалы қазбалардың бірқатар түрлері жер бетіне шығып немесе жақын орналасқан.Сондықтан олар арзанға түседі.

Қазақстан Батыс пен Шығыс елдерінің арасында орналасқан. Оның аумағы арқылы Орта Азия мемлекеттерінен және Қытайдан Ресейге баратын және одан әрі Батыс елдерімен


байланыстыратын темір жолдар мен тас жолдары өтеді. Түрлі жолдар торабында жатуы шет елдермен сауда және шаруашылық қарым-қатынасын дамытуға барынша қолайлы жағдай тудырады.
Сергіту сәті.
4.Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей дауыстап оқыту.


5. Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, ауа райын жазу.

Пайдалы қазбаларды (өзі білетін) жазу . Жер көлемін жазып алу.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі

Сарамандық жұмыс.

1.Карта бойынша еліміздің батыстан шығысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан даласын көрсету.Шеткі нүктелердің арасын сызғышпен өлшеп, шыққан см санын масштаб өлшеміне көбейт.

2. Қазақстанның шекарасын ,қандай мемлекеттермен көрші екенімізді айтып,көрсету. -Қазақстанның жер көлемі қанша? -Неге « пайдалы қазбалар қоймасы »деп аталған? - Біздің еліміз қандай мемлекеттерді байланыстырады?
V. Үйге тапсырма беру кезеңі:

27,28,29 беттерді оқу, мазмұны.. Картадан қандай елдер бізбен шекаралас екенін тауып, жазып келу.


ҮІ. Бағалау.

Күні: 12. 09. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Қатырма қағаздан қорап жасау

Мақсаты :

Білімділігі: Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету.

Дамытушылығы: білімін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: білімділікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік әдісі

Көрнекілігі: қорап үлгісі

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар:

қатырма қағаз, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару


ІІ. Жаңа сабақ

Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Білімдерін тексеру Қатырма қағаздың жай қағаздан қандай айырмашылығы бар?

Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?


Жаңа сабақты түсіндіру.

а) мұғалімнің түсіндірмесі

Қораптар әртүрлі болады. Оларды қағаздан, қатырма қағаздан, тақтайдан, қаңылтырдан, тіпті темірден де жасайды.

-Балалар, қорапты қай жерлерде қолданамыз?

ә) оқулықпен жұмыс.

б) қорапты жасау.

1. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

2. Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз.

3. Қораптың төрт қабырғасын сызғышпен өлшейміз.

4. Қалып үлгіні пайдаланып екінші қабырғаны сызамыз.

5. Үшінші қабырғаны да сызамыз.

6. Төртінші қабырғаны сызып, сызықтардың үстінен қайшы ұшымен із саламыз.

7. Қорап қабырғаларын із салдырған жерден бүктейміз.

8. Қорап қабырғаларын бекітетін бөлікке желім жағамыз.

9. Желім жағылған бөлігімен қабырғаларын бекітеміз.

10. Төрт бұрышты түбі жоқ қорап дайын болды.


Сергіту сәті
ІІІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

Оқушыларға өз бетінше жасату. Жұмыстарын қадағалап отыру.


ІҮ.Қорытындылау.

Ү.Бағалау..

Күні: 12 . 09. 15.

Пәні:Таңдау пәні (Математикадан 105-сабақ).

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі:Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: 4,5-сабақтар. Натурал сандарды көбейту

Кім жүйрік? (6,7- бет.)



Мақсаты:

Білімділігі: Натурал сандарды көбейтуге байланысты

білімдерін түсіру,есептер шығару.



Дамытушылығы:Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ой-өрісі дамыту.

Тәрбиелігі: Әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Типі: Аралас сабақ.

Түрі: Білім-білік, дағдыларын бекіту.

Әдісі:Сұрақ-жауап,көрнекілік әдістері, тест тапсырмалары.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

1. Баған түрінде көбейтуді орында:

26 329 906 5706

7 5 24 15

2. Жаңа өлшем бірліктермен өрнекте:

3м 8см=......см 4т 56кг= .......кг

12 км 25м=.......м 7кг 42г = ........г



3.50 өандай санды екіге тең бөледі?

Ж: 50*2 =100



4.Амал компаненттерін атап, теңдеулерді шеш:

х: 9= 809 540: х=20

х =809*9 х = 540:20

х = 7281 х = 27



6.Штрихталған фигураның ауданын тап:

S=5дм *3дм = 15дмS=14дм *7дм = 98дм S= 98дм -15 дм =83дм

Сергіту сәті

5-сабақ

1. Есепте: 58 *11-13=625 16 *45- 613=107

136 *7 +48 = 1000 35 *28-829 = 151



2. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне мысал келтір:

3. Өрнектердің мәнін тап.

а) 120 * а +600 а = 13,16

ә) с * 72 +314 с = 52,120

4. Өрнекте:

5сағ 10 мин = 310мин4 тәул =5760мин 8тәу 7сағ =1999сағ

5. Сызба бойынша есепте.

6. Бос торкөзге қандай санды қою керек?

ІІІ. Қорытындылау.

ІV. Бағалау

Күні: 14. 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Қазбек бидің шешендігі.

Мақсаты:

Білімділігі: Шешен Қазбек бидің тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып,

оқушыны тапқырлыққа, шешендікке үйрету, бағыт,бағдар беру.



Дамытушылығы: сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын

жетілдіру; сөздік қорын дамыту.



Тәрбиелігі: үлкенді сыйлауға, елінің патриоты болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Көрнекілігі: кітап,суреті, сызба, кесте.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің?



Үй тапсырмасын пысықтау: Сен досыңа қандай бата – тілек айтар едің?
ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Кіріспе:



- Қазбек бидің қандай өсиетін 3 класта оқыдық?

2. Мәтінді түсініп , іштей, жалғастырып, рөлмен оқу;

3. Шешендік сөздерге көңіл бөлу. Қазбек бидің сұрақтарына берілген жауапты тауып оқы.

Сөздік жұмыс:

Кемеңгер кісі – дана, данышпан адам. Несиебұл жерде: берген тәрбиенің жемісі. Жанары таю – көзі нашар көру.
Сергіту кезеңі.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту: 1. Төлеби Қазбектен не сұрады?Қазбек бидіңалыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны нелер екен? Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап сұраған қай сөздерінен байқауға болады?(Әкеме жете туған баласы болармын. ... Төле биге қойған сұрағынан оның тапқырлығын, шешендігін білуге болады.)
Ү. Қорытындылау: Кестемен жұмыс: зер сал, өз ойыңды тұжырымда. Төле бидің Қазбекке қайырған жауабының мәнін кестегесүйеніп жаз.


Сұрақтары

Жауаптары

Мәні

Алысыңыз қандай? Алысым жақын. Жақыннан көру
Қазбек

Төле би

Тәттіңіз қандай? Тәттім сирек. Ұйқысының сирегені

Несиеңіз қандай? Несием өсіп жатыр. Балаларының күтімі
ҮІ.Үйге тапсырма: .
ҮІІ . Бағалау.

Күні: 14. 09. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қатырма қағаздан жақтау (рама) жасау.

Мақсаты:

Білімділігі: Қатырма қағаздан жақтау жасауды үйрету.

Дамытушылығы: Дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстауға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, желім, қайшы
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ Білімдерін тексеру.

1.Түбі жоқ қорапты қай жерде қолданамыз?


ІІІ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі

Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қораптың қабырғасын аласа, ішін кеңдеу етіп жасайды. Қалам салғышқа қалам, қарындаштарымызды саламыз. Сонда олар әр жерде шашылып қалмайды, әрі жоғалмайды. Біз қалам салғышты адам бейнесіне келтіріп құрастырамыз.



Пысықтау: 1. Жақтаудың қабырғаларын бір-біріне желіммен бекітіп, құрастырамыз. Қораптың түбі мен қабырғаларын бір-біріне бекіту үшін қатырма қағаздың жиегіне желім жағып, оны қабырғаларына жапсырамыз. Жақтау жасау үшін қатырма қағаздан 11 см х 12 см етіп қалып үлгі дайындаймыз. 2. Қалып үлгіні қағаздың бетіне қойып, белгі саламыз. Қағаз шетін желім жағу үшін артықтау аламыз.
ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
V. Қорытындылау.
ҮІ. Бағалау.

Күні: 14. 09.2015 ж.

Пәні: Матемтика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.

Тақырыбы: Геометриялық фигуралар және олардың периметрлері мен ауданы.

Мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін жетілдіру.

Дамытушылығы: геометриялық фигуралардың периметрін және ауданын есептеу

тәсілдерін дамыту.



Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, еғбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сызба, геометриялық фигуралар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақ түрі: Жаңа білімді үйрету кезеңі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 2, 7.(балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

Мақсат қою

ІІІ. Жаңа сабақ:

1). Кіріспе. Ауызша жұмыс. а).Фигураларға қара. Аттарын ата.

ә) Ауызша есептеулер. 1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс?

А). Тіктөртбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы.

Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі – бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны.



Б). Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

Оқулықпен жұмыс.

1). № 1. Ауызша орындау. 12 ∙ 1 = 12 1000 : 1 = 1000 700 : 1 = 700

2). Геометрияның даму тарихынан үзінді: «Геометрия» сөзі грек тілінен шыққан. «Гео» - жер, «метео» - өлшеймін. «Геометрия» Ежелгі Мысырда біздің дәуірімізге дейін 2000 жылға жуық бұрын, яғни 4000 жыл бұрын туған. Египет перғауыны әрбір мысырлыққа азғантай жер бөліп берген, олар перғауынға жер үшін салық төлеп отырған. Бірақ Ніл өзені ылғи тасып, жер телімдерін басып қала бергеннен кейін, перғауын жер телімін қаншалықты кішірейіп қалғанын, соған сай енді қанша салық салу керектігін білу үшін жер өлшегіштерді жіберіп отырды. «Геометрия» Мысырда осылай туып, одан басқа елдерге тараған.

Ежелгі Грекия мысырлықтардан олардың геометриялық білімдерін үйренді. Нақ Ежелгі Грекияда «Геометрия» логикалық талдау және дәлелдеу жүйесімен ғылым ретінде қалыптасты. Бұл ғылым геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.

№ 2. Ауызша талдау.

- Тіктөртбұрыштың ұзындығын а, ал енін в деп белгілеңдер. Әріптердің көмегімен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тауып, жазыңдар.

Р = (а + в) ∙ 2 S = а ∙ в

№ 3. Түсіндіріп шығару. Ауданы белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін нұсқаларын тап. Р = (25 + 5) ∙ 2 = 100 (см) S = 25 ∙ 5 = 125 (см2)

№ 4. Есепті шығару.

6 жәшікте – 108 кг Ш: 162 : (108 : 6) = 162 : 18 = 9

? жәшікте – 162 кг Ж: 9 жәшік керек. (кері есеп құрастыр)

Сергіту сәті.

Қостық біз, көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.



ІҮ.Жаңа сабақты бекіту: 1). № 5. Ауызша. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.

2). № 6. Тақтада түсіндіріп. Белгісіз санды х-пен белгілеп, теңдеу жаз және оны шеш.

Х + 25 = 725 х ∙ 7 = 84

Х = 725 – 25 х = 84 : 7

Х = 700 х = 12

700 + 25 = 725 12 ∙ 7 = 84



Ү . Сабақтың қорытындысы: 1). Жұптық жұмыс. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

911, 508, 704, 457, 694, ...911 – 9 жүздік 1 ондық 1 бірлік.

2). - Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? - «Геометрия» туралы не білетін болдық?

- Периметрді, ауданды қалай табамыз?



ҮІ. Үйге тапрсыма : № 8, 17 бет.

ҮІІ. Бағалау

Күні: 15. 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы:Шешендік сөздер. Қайтып кірер есікті қатты жаппа. Қонақжайдың белгісі.

Мақсаты:

Білімділігі: халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен

таныстыру.



Дамытушылығы: жүйелілік, тілдік сезімді дамыту, сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау

қабілетін,байқағыштығын жетілдіру.



Тәрбиелігі: оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Типі: Жаңа білімді бекіту кезеңі

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. "Қазыбек бидің шешендігі"мәтіні бойынша білімдерін тексеру.

Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік сөздер деп халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздерін айтамыз.

Халық арасында шешендігімен, тапқырлығымен елге ерекше танылған Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке би, Малайсары би, Сырым батыр, Бөлтірік шешен, Байсерке шешен, т.б. атақты шешендер болған.



2. Қазыбек бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал – мәтел, нақылдары ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, Төле бидің өзгеден айрықшылығы – өте адал адам болған. Егер адал болмаса, бүкіл қазақ батырлары алдына барып бата алар ма еді?..

3. Оқулықпен жұмыс

а) Түсініп оқу,мәтінді түсіндіру



ә)Сөздік жұмыс:

аузы дуалы - не айтса сол орындалады

қонақасы - қонаққа арналған дәм

бедер - ою ,өрнек

б) Тізбектей оқу

в) "Қонақжайлық белгісі" өлеңін түсініп оқу



Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

1. Сұрақ- жауап түрінде мәтінді талдау

2. Тапсырмалар бойынша жұмыс жасату.



Ү. Қорытындылау:

ҮІ.Үйге тапсырма:1. оқу, өзіңе ұнаған үзіндіні жаттап ал.

ҮІІ. Бағалау
Күні: 15 . 09.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.

Тақырыбы: Буын үндестігі. 17-22 жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі:жаттығуларды орындау барысында сөздердегі дауысты у және дауыссыз

болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай

білуге үйрету;

Дамытушылығы: сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін

дамыту;



Тәрбиелігі: еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

16-жаттығуды тексеру.



Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс:

а) Көркем жазу

б) оқулықпен жұмыс

17- жаттығуда

Мақалды оқып, жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Түбір сөздің соңғы буынындағы және қосымшадағы дауысты дыбыстар бір-бірімен үндесіп тұрғанын түсіндір.Буын үндестігі дегенді қалай түсінесің?

18 -жаттығудағы

Мәтінді көшіріп жаз. Жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын- бір, жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі сыз.Қосымшалар бірде жуан, бірде жіңішке болып жалғану себебін түсіндір.

19-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талда. Түбірдегі дауысты дыбыс пен қосымшадағы дауысты дыбысқа назараудар. Не байқадың?

20- Сөздерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.

ІҮ. Қорытындылау

а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?



Ү. Үйге тапсырма: 21,22- жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіндегі негізгі ойды анықта. Соңғы екі сөйлемді сөз құрамына талда.

ҮІ. Оқушыларды бағалау

Күні: 15. 09. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Құрлық беті. Жазықтар

Максаты:

Білімділігі:Жазықтар туралы түсінік беру. Картамен жұмыс жүргізуге баулу.

Дамытушылығы:Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі:Жерді күте білуге, үнемді пайдалануға, жазық жерлердегі пайда болған

жыралардың ұлғаюына қарсы күрес жүргізуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ түрі: Жаңа блімді үйрету сабағы.

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі:үлестірмелер, карта
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1."Физикалық карта. Масштаб" тақырыбының мазмұнын сұрау

2. Карта түрлерін және олардың ерекшеліктерін сұрау.
ІІІ.Жаңа сабақ.

1 . Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау .

2. Жаңа сабақты түсіндіру карта бойынша басталады. Физикалық картадан жер бетінің түрлі –түсті бояулармен бейнеленгенін бірден көзге түседі.

Жасыл түс ойпатты жазықтарды көрсетеді. Сарғыш түс – қыратты жазықтар .Қоңыр түс тауларға сәйкес келеді. Жазық пен тау құрлық бетінің негізгі түрлері.

3.Оқулық бойынша түсіндіру. Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді. Қырат, үстіртті жазықтар , жыралар жайлы мәлімет беру.

4.Суреттер бойынша көрсетіп түсіндіру.


Сергіту кезеңі

Сарамандық жұмыс .

Картадан жазықтар, тегіс жазықтар,төбелі жазықтарды көрсетіп,қалаларын атап көрсету.

5. Оқулықпен жұмыс

Дауыстап тізбектей оқыту.

6. Дәптермен жұмыс .

КҮН РЕТІН, АУА РАЙЫН ЖАЗУ.

Картадан көрген жазық аймақтарды жазу.
ІҮ. Қорыту

-Жазық деп нені айтады?

--Қандай түрлері бар?

--Жыра неден пайда болады?

--Жыраның сайдан қандай айырмасы бар?



Ү. Үйге тапсырма.

30,31 беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге анықтамаларды жазу.


ҮІ. Бағалау.
Күні: 15. 09.2015 ж.

Пәні: Матемтика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Разрядтық сандар және кластар құру.есептерді салыстыру.

Мақсаты:

Білімділігі:көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық

туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.



Дамытушылығы: Разрядтар жөнінде білімдіерін ,ой- өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу



Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге білдірейік

Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Көркем жазу минуты. 5 жүздік, 3 ондық, 1 бірлігі бар санды жазыңдар.

( 531, 513, 351, 315, 153, 135). Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(531,135).



  1. Математикалық диктант. Мына сандарды жазыңдар.

  • 2 жүздік

  • 4 жүздік, 2 бірлік

  • 7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік. (200, 402, 756, 900, )

  • Алдыңғы сан 897; (896)

  • Келесі сан 389; (390)

  • 5 ондық, 7 бірлік; (57)

2. Оқулықпен жұмыс

№ 1. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның разрядтық қосылғыштарын ата. Ауызша жұмыс.



Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

5

0

6




4

1

7

2

0

9

9

9

№ 2. Жүздіктермен санау арқылы сендер жаңа санау бірлігі мыңды білдіңдер. Мыңдықтармен де бірліктер сияқты санайды.


Заттардың саны көп болған кезде, оларды мыңдықтармен санайды. Мыңдық – жаңа санау бірлігі. Мыңдармен санауды да бірліктермен санағандай орындайды.



10 бірлік = 1 ондық

10 бірлік мың = 1 ондық мың = 10 000

10 ондық = 1 жүздік

10 ондық мың = 1 жүздік мың = 100 000

10 жүздік = 1 мыңдық

10 жүзді мың = 1 мыңдық мың = 1 миллион = 1 000 000


2 000

1 000

3 000

4 000

5000

6 000

7 000

8 000

9 000

№ 3.



Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты немесе бірліктер класын құрайды. Бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар екінші класты немесе мыңдар класын құрайды.


Көп таңбалы сандарды кластарын атап, солдан оңға қарай оқиды. Барлық цифрлары нөл болатын сандардың класс бірліктерін және кластарын атамайды. (Мысалы: 4321 – төрт мың үш жүз жиырма бір, 25 000 – жиырма бес мың.


Оқулықпен жұмыс.Кестедегі сандарды оқы:

Сергіту сәті:

  • Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)

  • Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)

  • Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)

Мұғалім: Ал жемістер, сап түзейік бәріміз,

Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз. (қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)



ІҮ. Түсінгендерін тексеру:

№ 4. Түбірі бірдей теңдеулер жұбын тауып жаз. Шығар.

(х – 8) : 4 = 32 (х – 8) ∙ 4 = 32

Х – 8 = 32 4 х – 8 = 32 : 4

№ 5. Есеп шығару. (І топ балалары)

І топта ұл бала – 8 – барлығы ? шешуі: 150 : (8 + 7) = 150 : 15 = 10 (топ)

І топта қыз – 7 – барлығы?150оқушы8 ∙ 10= 80 (ұл бала)

7 ∙ 10 = 70 (қыз)

Жауабы: 80 ұл, 70 қыз қатысты.

№ 6. (ІІ топ балалары).

Қыз – 140 шешуі: І тәсіл: (140 +160) : 10 = 30

Ер бала – 160 Барлығы – 10 топ ІІ тәсіл: 140 : 10 + 160 : 10 = 30

Әр топта – ? бала Жауабы: әр топта 30 баладан

№ 6(ә). ІІІ топ)

Қызанақ – 27 ? банкі керек шешуі: (27 + 30) : 3 = 57 : 3 = 19

Қияр – 30 Жауабы: 19 банкі керек.

3 л банкіге тең бөлінді



Ү. Бүгін не білдік? Шығармашылық жұмыс: № 8.

ҮІ. Үйге тапрсыма: № 7. 19 бет.

ҮІІ.Бағалау


Күні: 16. 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай.

Мақсаты:

Білімділігі:халық ауыз әдебиетінің бір түрі айтыс дегеннің не екендігі, ақындардың

арасындағы сөз жарысы жайлы, айтыстың бірнеше түрлері болатындығы

жөнінде айта отырып, мәнерлеп түсініп оқуға, ойын қорытып, түсінгенін

еркін жеткізуге үйрету;



Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет