Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет6/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

VІ. Бағалау.

Күні: 26. 09. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қалам салғыш жасау.

Мақсаты:

Білімділігі: Қатырма қағаздан қалам салғыш жасауды үйрету.

Дамытушылығы: Дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстауға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, желім, қайшы
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ Білімдерін тексеру.

1.Түбі жоқ қорапты қай жерде қолданамыз?


ІІІ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі

Қатырма қағаздан қалам салғыш жасау жолдарын түсіндіру. Қалам салғышқа қалам, қарындаштарымызды саламыз. Сонда олар әр жерде шашылып қалмайды, әрі жоғалмайды. Біз қалам салғышты адам бейнесіне келтіріп құрастырамыз.



Пысықтау: 1. Жақтаудың қабырғаларын бір-біріне желіммен бекітіп, құрастырамыз. Қораптың түбі мен қабырғаларын бір-біріне бекіту үшін қатырма қағаздың жиегіне желім жағып, оны қабырғаларына жапсырамыз. Жақтау жасау үшін қатырма қағаздан 11 см х 12 см етіп қалып үлгі дайындаймыз. 2. Қалып үлгіні қағаздың бетіне қойып, белгі саламыз. Қағаз шетін желім жағу үшін артықтау аламыз.
ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.


V. Қорытындылау.
ҮІ. Бағалау.


Күні: 28. 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Батыр бала мен Шұбар ат. ( жырдан үзінді)

Мақсаты:

Білімділігі: Бөген батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға,

үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп,

тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу;

Дамытушылығы: іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасау дағдыларын дамыту;

Тәрбиелігі:оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:аралассабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік.

Көрнекілігі:оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау:

1. "Тортайдың мұңы" үзіндісі бойынша білімдерін тексеру.

-Алпамыс шатырға кіргенде қандай көрініске тап болды?

-Тортай кім?

-Алпамыстың сұрағына не деп жауап береді?

- Алпамыс болмаған жеті жыл ішінде қандай өзгеріс болыпты?

-Ұлтан деген кім?

-Ол елге қандай қорлық көрсетіпті?



Өткенді қорыту: Қандайбатырлармен таныстық? Олардың тұлпарларының аттары қалай аталады? Олардың қандай ұқсастығы, айырмашылығы бар деп ойлайсың?

Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс:

1. Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

2.Өлеңді талдау

Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді деп ойлайсың? (балаша аунап, шөбі қалың жерге оттап, боз балаша шапқылап жүгіргісі келді).



«Түсінде аян берді» дегенді қалай түсінесің? (түсінде көру).

3. іздену: Шұбардың сырт бейнесін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған? (Сауырына қарасаң, Төңкерген қара қазандай. Ту сыртына қарасаң, ... Салып қойған көпірдей)


Сергіту сәті.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Жырдан өзіңе ұнаған тұсын мәнерлеп оқып бер.

2. Сызба бойынша жырдағы Шұбар атты суреттейтін әсерелеу сөздерді дәптеріңе жаз.


Шұбар ат

әсірелеу

аяғы

Төрт аяғы тең жорға, Әр аяғы келідей

шекесі

Он екі құлаш Шұбар ат

сауыры

Төңкерген қара қазандай

ту сырты

Суда жүзген сазандай

құлағы

Қиып қойған оюдай

Екі көзі

Парлап жанған шырақтай

танауы

Түбі түскен шелектей

Бауыр еті

Мал жайлауы даладай

омырауы

Салып қойған көпірдей


Ү. Қорытындылау:

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Осы оқыған жырлардың барлығына сай ортақ ұйқасы, ырғағы, өлеңнің сазы жайлы не айтар едің?

ҮІ. Үйге тапсырма: Шұбар аттың суретін сал,оқы, жырдан өзіңе ұнаған жерін жаттап ал.

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 28. 09. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Ою-өрнек туралы түсінік. «Қошқармүйіз» өрнегін сызу,

жасалу реті, қию,түрлендіру, бұйым бетіне салу тәсілін

орындау.

Мақсаты :

Білімділігі: Қазақтың ою-өрнектерімен таныстыру, ұлттық ерекшеліктерді

құрметтеуге дағдыландыру.

Дамытушылығы: Ой- өрісін, қиялын дамыту.

тәрбиелігі: еңбек, эстетикалық тәрбиесіне баулу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: ұлттық киімдер.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, қайшы.
Сабақ барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ. Білімдерін тексеру

1. Қандай ою түрлерін білесің?

2.Оюларды қайда қолданамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ

а)мұғалімнің түсіндірмесі.

Тізіліп біркелкі түскен оюлармен әшекейленген сәнді камзол, тақия, тұскиіздерді көріп жүрсіңдер.Кез-келген ою композициясында «қошқармүйіз» элементтері қолданылады. Ол – қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері. Бұйым көзге тартымды да әсем көрінуі үшін ою біркелкі түсуі керек. Сондықтан оюды симметриялы етіп қию үлкен рөл атқарады.


ә) оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

1. Қағазды керекті өлшемде қиып, дайындаймыз. 2. Қақ ортасынан сызық жүргіземіз.

3. Сызық бойынша қағазды төртке бүктейміз. 4.Төрт қабатқа бүктелген қағаздың бірінші бетіне өрнектің төрттен бір бөлігін сызып аламыз да, қайшымен қиямыз.

5. Қиып алынған өрнекті ашамыз.6. Өрнектің жиектерін тегістеп, қағаз бетіне желіммен жапсырамыз. 7. Өрнекке қатырма қағаздан жақтау жасап, оны әшекейлейміз.



ІҮ. Қорытындылау.

Қазақтың қошқармүйізден басқа қандай ою түрлерін білесің?


Ү. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

Күні: 28. 09. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Массаның бірліктері және үлестер. Массаның үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер.

Мақсаты:

Білімділігі:балаларды массаның жаңа өлшем бірліктері – тонна және центнермен

таныстыру; массаныңөлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты қойып беру

және массаның өлшем бірліктерінің кестесін құрастыру;

Дамытушылығы: атаулы сандармен есептеуді орындау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі:әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.№ 6.


Өткенді пысықтау: Зейінділік ойыны:

ОИЯыМЕУИАОЫЯСЮЭСЫИЕА жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (МАССА).



ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Математикалық диктант

Сандарды оқы және жаз: 589, 45 879, , 258 400, 400 205,  320 567.



2. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

-Сендер массаның қандай өлшемдерін білесіңдер?

-Біздің сабақтың тақырыбы: «Массаның өлшем бірліктері »

№ 1. Сандарды оқы. Ауызша. 1 т




∙ 10

1 ц



∙ 100

№ 2. 1 кг


∙ 1 000


1 г


Т – тонна

Ц – центнер

КГ – килограмм

Г - грамм

1 т = 10 ц 1 ц = 100кг

1 т = 1 000кг 1 кг = 1 000г

1 т = 10 ц = 1 000кг = 1 000 000г

1 ц = 100 кг = 100 000г

№ 2 (ә). Өсу реті бойынша орналастыр:

5 001г, 783 ц, 2 т 5 ц, 3 015кг, 3 т 1 ц,



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау:

1. Өздік жұмыс.

№ 3. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:

а) центнермен және килограммен; ә) тоннамен, центнермен және килограммен.

604 кг = 6 ц 04кг 45 560 кг = 45т 5ц 60кг 900 231 = 900т 2ц 31кг т.с.с.

№ 7.шамалармен амалдардың қалай орындалатынын еске түсір және есепте.

Тақтаға амалдарды орындау тәсілі ілінеді.

Үлгі:


  1. Іріктеу бірліктерді ұсақ бірліктермен алмастырамын.

  2. Амалдарды орындаймын.

  3. Ұсақ бірліктерді ірірек бірліктермен алмастырамын.

  4. Жауабын оқимын.


2ц 25кг : 5 = 225кг : 5 = 45кг

№4. Есеп шығару.

1). 420 + 340 = 760(кг) – барлық жиналғаны

2). 760 : 20 = 38 (ж) – барлығы

(420 +340) : 20 = 38(ж).

№ 5. Есеп ұжыммен орындалады.

1). 35 – 15 = 20(м) – бақшаның ені

2). 35 ∙ 20 = 700(м2) – бақшаның ауданы

3). 700 : 4 = 175(м2) – көкөністер

4). 700 – 175 = 525(м2) – картоп
Ү. Қорытындылау

№8. Есептеуді тиімді тәсілмен орындау.

Шығармашылық тапсырма.


  • 9-ға көбейтуді қалай орындауға болатынын ойлан. 46 санын 9-ға көбейтеміз. Алдымен санды 10-ға көбейтеміз, содан соң көбейтіндіден бұл санды азайтамыз.

46 ∙ 9 = 460 – 46 = 414 67 ∙ 9 = 670 – 67 = 603 25 ∙ 9 = 250 – 25 = 225 т.с.с.
ҮІ. Үйге тапсырма: № 6. 39 - бет.
ҮІІ.Бағалау

Күні: 29. 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.

Тақырыбы: Сатқын жапалақ. (ертегі)

Мақсаты:

Біліділігі:халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылығы:ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Тәрбиелігі:оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас

Көрнекілігі: оқулық, сурет, сызба.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ертегі қалай басталады? Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? Кедей малын қалай шақырады? Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады?

Өткенді пысықтау. Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Суреттен нені көріп тұрсың? Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады ? Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың?

Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. үкі, жапалақ туралы жұмбақ шешу. Бүгін, міне, осы үкі, жапалақ туралы ертегі оқимыз.

ІІІ. Жаңа сабақ. Ертегіні түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу

ІҮ. Білімдерін тексеру. 1.Сұрақ – жауап: Сүлеймен патша қандай бұйрық береді? Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады? Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі? Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды? Ертегіде қандай құстардың аты аталады? (Байғыз, үкі, жапалақ, самұрық,көкжендет). 2. Дәптермен жұмыс: а) Сүлеймен патшаның жарлығын сызба бойынша дәптеріңе жаз.

Неден салынсын?

Әдемі қырналған ақ сүйектен

Сүлеймен патшаның сарайы Ылғи да бас сүйектен

Сарғаймаған жас сүйектен

Адамдар мен құстардың бас сүйегінен


Ү. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Кімдер және не жайлы? Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады? Ертегідегі Көкжендеттің, Жапалақтың, Үкінің сөйлеген сөзіне, істеген әрекетіне қарап, үшеуіне мінездеме бер.

ҮІ Үйге тапсырма: 1. Түсініпоқу, көкжендеттің Үкіге айтқан сөзін тауып, дәптеріңе жазып ал.

ҮІІ: Бағалау.

Күні: 29 . 09.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Мәтін. 10-15 жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Сипаттау мәтіні туралы ұғымдарын тереңдету, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту.

Дамытушылығы:Оқушыларды заттарды нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту.

Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа материалды үйрету сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: сызба, мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 11-жаттығу. Берілген жоспар бойынша құраған әңгімелеу мәтінін оқыту, талдау.

Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау..

Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Әңгімелеу мәтіні неше бөліктен тұрады?
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Көркем жазу

2.Диктант

3. «Бұл не?» ойыны. Ойынның шарты: үнтаспадан аңдардың немесе құстардың даусы тыңдатылады, оқушылар ол ненің даусы екенін анықтап, атаған аңды не құсты сипаттап беруі қажет. Мысалы, үнтаспадан қасқырдың даусы естілсе: «Бұл – қасқыр. Ол - жыртқыш аң. Қасқырдың жүні көкшулан, қалың. Көздері от шашып тұрады, т.б.» деп сипаттауы тиіс.

4. Оқулықпен жұмыс.

12-жаттығуды оқу. Мазмұнын ашу.

13-жаттығу. Сипаттау мәтінінің сызбасымен таныстыру, сол сызба арқылы белгілі бір затты сипаттап жазу.

14-жаттығу. Жұмбақты оқып, оның шешуін қандай белгілері арқылы тапқанын айтқызу.


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

15-жаттығу. Мәтінді оқып, балаларды суреттеген сөйлемдерді көшіріп жазу.


Ү. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? Сипаттау мәтіні дегеніміз не? Сипаттау мәтіні не үшін қажет?
Ү. Үйге тапсырма. 16-жаттығу.
ҮІ. Бағалау.

Күні: 01 . 10.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.

Тақырыбы: Пайымдау мәтіні. 21-25 жаттығу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Пайымдау мәтіні туралы білімдерін тереңдету, оның сипаттау мәтінінен

айырмашылығын байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету.



Дамытушылығы: Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелігі:Зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі:

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Көрнекіліктері: сызба, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жан-жақты білімдерін тексеру.

Мәтін деген не? Оның түрлерін ата. Әңгімелеу мәтіні деген не? Сипаттау мәтіні деген не? Оларды бір-бірінен қалай ажыратамыз?


ІІІ.Жаңа сабақ.

1. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

2. Сөздік диктант

3. Оқулықпен жұмыс.

21-жаттығу. Сызба арқылы пайымдау мәтінінің құрылымымен таныстыру.

22-жаттығу. Пайымдау мәтінін оқып, ондағы қайталанып тұрған сөздердің қандай қызмет атқаратынын байқату.

Дәптермен жұмыс.

23-жаттығу. Өлеңнен пайымдау мәтінінің бөліктерін тауып, көшіріп жазу.



Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

24-жаттығу. Кестемен жұмыс. Мәтін түрлері қандай сұраққа жауап береді? Олар қандай бөліктерден тұрады? Мәтіннің әр түріне «Ана тілі» оқулығынан мысал келтіру.


Ү. Қорытындылау.

-Балалар,бүгін біз не үйрендік?

-Мәтін дегеніміз не? Оның түрлерін айтып жіберейік?

-Оларды бір-бірінен қалай ажыратамыз?

-Пайымдау мәтіні қандай бөліктерден тұрады?
ҮІ.Үйге тапсырма : 25-жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау .

Күні: 01. 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Аудан бірліктері және үлестері.Квадрат миллиметр. Гектар.

Ауданның үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер.

Мақсаты:

Білімділігі:оқушыларда ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы түсінік

қалыптастыру;



Дамытушылығы:есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелігі: интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу және өзін-өзі бағалай білуге

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі:Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3.

ІІІ. Өткенді пысықтау:

Көркем жазу минуты.



7 70 700 7000 70000 700000

Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.

7 20 : 8 + 100 =

8 ∙ 50 + 1 000-500=



ІІІ. Жаңа сабақ:

№1(а). түсіндіру, еске түсіру, қайталау.




1 см2 (квадрат сантиметр) = 100 мм2 1а (а) = 100м2

1 дм2 (квадрат дециметр) = 100 см2 1га (гектар) = 100 а

1 м2 (квадрат метр) = 100 дм2 1га = 100а = 10 000м2

1 км2 (квадрат километр) = 1 000 000м22= 100 дм2=10 000 см2= 1 000 000 мм2

1дм2= 100 см2= 10 000мм2

№ 1(ә). Салыстыр .

5 м2> 50 см2 10 000 м2< 5га 5 га = 50 000м2

№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

3 га = 30 00 м2 12дм 2 = 1 200 см2 12м2 = 120 000см2

№ 4. Есепте.

12 + 102 = 112 62 + 602 = 662

22 + 202 = 222 72 + 702 =772

32 + 302 = 332 82 + 802 = 882

42 + 40 2 =442 92 + 902 = 992

52 + 502 = 552 102 + 1002 = 1102



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау:

Есеп шығару:

№ 5. Есептерді шығар.

1). 25 20 = 500(м2) – барлық жер телімінің ауданы

500 : 2 = 250(м2) – алма ағаштары алып жатқан аудан

500 : 4 = 125(м2) – алмұрт ағаштары алып жатқан аудан

250 + 125 = 375 (м2)алма және алмұрт ағаштары алып жатқан аудан.

500 – 375 = 125(м2) – жидек ағашы алып жатқан аудан.

Ж: 125 м2 жидек ағашы алып жатқан аудан.

№ 5(ә). Өздік жұмыс.

1). 128 ∙ 3 = 384 (алма ағашы)

2). 384 – 128 = 256 (артық) жауабы: алмұртқа қарағанда 256 алма ағашы артық

№ 6. Жұптық жұмыс. Баған бойынша орындау.

902 – 567 = 335 902 – 335 = 567 335 + 567 = 902

№ 7. Ұжыммен орындау.

45 ∙ 20 = 900 (см2) – түбінің ауданы.

20 ∙ 30 = 600 (см2) – кішкене бүйірінің ауданы

45 ∙ 30 = 1 350 (см2) – үлкен бүйірінің ауданы

V = 30 ∙ 45 ∙ 20 = 27 000(см3)



Ү. Қорытындылау. Шығармашылық тапсырма.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 3. 43 - бет.

ҮІІ. Бағалау

Күні: 02. 10. 15

Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет