Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет14/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)
118382
Сырымның тапқырлығы
Сырым әрі батыр, әрі шешен, әрі тапқыр ақылды адам болған. Ол халық қамқоры, батыл да адал бейнесінде көрінеді. Бір мәжілісте Нұралы хан Сырымнан:

    • Ханның құны не болады? – деп сұрапты? Сонда Сырым:

    • Ханның құны бір арба жібектің күлі- дейді.

    • Жібектің күлі болушы ма еді? – дейді хан. Сонда Сырым:

    • Тақсыр сіздей ханда құн болушы ма еді? – деген екен.

* * *
Бір күні біреу Сырымға:
-Қатты адамға, мал тұрады деген не? Соны айтшы – дейді.
Сонда Сырым:
-Қатты адамға мал тұрса, шөп шықпайтын тақыр-дағы – депті.
Өлмек хақ, тумақ хақ
Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, ақ жауып арулап қойған соң да, әр тараптан келген жайсаңдар мен жақсылар көңіл айтуға келгенде, басын көтермей, жалғыз баласының қайғысы қабырғасын қайыстырып, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты.
Бұл хабар Сыр бойындағы Досбол, Шоқайларға да жеткен. Ел арасы шалғайлықтан мүрде жерленгеннен кейін жетінші күні жетіпті. Үйге кіре аят оқытып, өлгенге - иман, тіріге - береке тілеп, бет сипасқанда да Ерден жатқан орнынан қозғалмапты.
-Уа, Ерден! –депті Досбол. - Қайғырғанда көңіліңді демейтін ағайын- туыс болмаса бір сәрі! Құдайға шүкір, ойдан-қырдан жапырылып - ағылып келіп жатса, бұл өліктің сәні, әрі көңілге дәрі емес пе?
Өлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі? Әлемді жалмап - жұтса да, өмірінде тоймаған қара жердің толысы! Ерден-ау, өткенге өкінбе, келмеске күйінбе, өлім деген- ұзақ жолдың алысы. Өлмек хақ, тумақ хақ, барлық жанның қабір емес пе барысы? Құдайға мұнша наз қылатындай ашынасы ма ең, әлде көз көрген танысы ма ең?!-дейді. Бұған да мызғымаған.
Шоқай молдас құрып отырған қалпынан ауысып, жүгіне қос тізерлеп, қамшысын мықынына таяна ұстап, аңға түсер мұзбалақтай шаңқ етіп:
-Ей, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдайдан да құдіреттімін деп, мейманасың тасып кеткен екенсің керден?! Мыңды айдаған әкең Сандыбай да қара жерге енген! Әулие болсаң, әкеңді де, балаңды да алып қалуға әлің қане келген?!
Көкті бу көтереді,
Жүйрікті ду көтереді.
Өлімді ер көтереді,
Ауырды нар көтереді!
Ер емес пе едің, талайды көрген?! Құнсыз беріп, пұлсыз алды, нең бар еді құдайда берген?!- дейді ашына.
Ерден төсегінен шүйіле көтеріліп, сарғайған жүзін орамалымен сипап:
-Уа, асып туған асылдар! Қайғырсаң да қаншама, өлі артынан өлмек жоқ. Құрдымға хайыл кеткен соң, екі айналып келмек жоқ. Көтермесем басымды, көңілім өксік қаяулы! Ардақтыларым едің аяулы, саңлақтарым едің санаулы! Көңілде қайғы шемен-шер, төбелерің көрінбеген соң, күтіп жатыр едім, өздеріңдей асыл ерлерді!- деп құшақтаса көрісіп, көңілдегі нала-құсасын тарқатысып, үш-төрт күн болып көңілін демеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет