Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет17/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)
118382
Бақылау сұрақтары:

1. Әңгіме не туралы?
2.Әйтекенің шешендігін қай жерден байқадыңыз?

  1. Шешендік дау туралы түсінігіңізді айтыңыз

  2. Ер дауы дегенді қалай түсінесіз?

  3. Бала би мен қарттың сөздеріне талдау жасаңыз

5. Пайдаланған әдебиеттер:
1. Дәдебаев Ж. Шешендік сөздер. Алматы: 1993
2. «Билер сөзі». Кәкішов Т., Алматы1992
3. Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері».1984ж
4. Б.Адамбаев. «Халық даналығы».1976ж

7 Практикалық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнау
1.Сабақтың жоспары:

  1. Тілек

  2. Алғыс

3. Қарғыс
2.Сабақтың мақсаты: Шешендік арнаудың түрлерін, айтылу ережесін, шешендік бейнесін түсіндіру.
3. Қысқаша теориялық мәлімет
Белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата сөздерді шешендік арнау дейміз. Жаңалық пен жақсылыққа құтты болсын айту, қаза мен қайғыға қайыр болсын айту, қазақтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы. Келгенде «Қош келдіңіз» деп қарсы алу, кетерде «Жолыңыз болсын» деп шығарып салу жаңа сатымызға жат емес. Жақсы лебіз жарым ырыс деп тілектес сөзді жоғары бағалаған халқымыздың бата тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің неше алуан нұсқалары бар. Қазақ халқы Ас адамның арқауы, Астан ешкім үлкен емес, деп заттық игіліктің адам өміріндегі шешуші мәнін дұрыс түсінсін, деп астың алды артында жақсы тілек игі ниеттерін білдіретін болған.
Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,
Боз торғайдай төлшіл бол
Тәңір берген несібең
Тепкілесең кетпесін, - дейтін бата, алғыс сезімді әр халықтың үмітімен келешегі болып табылатын балаң көп болсын, тұрмысың жақсы бақытты баянды болсын деген ешбір дәуірде ескермейтін игі тілекті білдіреді.
Алтын ерлі ақ боз ат
Астында жүріп арысын
Қалың шашты қой көзі
Тоңдап қалған бұраң бел
Қасыңда жатып қарысын... -дейтін сөз біріншіден, ердің баласына бақыт пенен байлық тілігі, екіншіден,бақытпен байлық иелі деген Халық ұғымын көрсетеді.
«Алғыспен ел көгереді, Жаңбырмен жер көгереді» деп елдің алғысын, үлкеннің батасын қазақ жоғары бағалаған, сөздің рухтандырушылық дем берушілік күшіне кәміл сенген осы батаны Қанжығалы Шөнкі қарт айтқанда: «Бүкіл денем шымырлап, буын буыным жіпсіп» тұрды – деген екен ұлы жүзде Ысты Бөлтірік шешен. Мұндай батаға біреу мақтанса, біреу үміттенеді. Үміт - талаптың жетекшісі, талап табыс кілті. Олай болса осындай бата тілектің негізінде халықтың мұратшыл ой арманы болашақтан күткен үміт жатады. Сонымен бірге халықтың үлкенге деген құрметін, сыйын, бата сөзге сенімін қара басыңның қамы үшін пайдаланған билерді әшкерлейтін сөздер де сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет