Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. 1-4 жаттығу



бет3/99
Дата07.02.2022
өлшемі1,45 Mb.
#82190
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
Қазақ тілі ҚМЖ ІІІ т.

Бағалау критерийлері

Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
табады.
Сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажырата алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бірін-бірі тыңдау,сыйлауға,құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Бастапқы білім:

Сөз таптары



Сабақ барысы

жоспарлан
ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут


(Ұ) Жаңа сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Сабаққа дайындық,түгендеу жұмыстары.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Гүл сыйлау»
ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады.



айтылым
телефон арқылы



Сабақтың ортасы
35 минут


3.2.6.1 (Ө; Т; Қ) Мәтіндерді оқып, өзара салыстыру.
9-жаттығу. «Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін оқып, өзара салтыстырады. Мәтінде кімдер туралы айтылғанын анықтайды.
Мәтіндерді көркем шығарма түрлеріне ажыратып, топта талқылайды. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, топта дәлелдейді.
(Ө; Ұ; Қ) Зат есімдерді тауып, жалқы және жалпы зат есімдерді ажырату. «Суретші ата» мәтінінен зат есімдерді тауып, қайсысы жалпы, қайсысы жалқы есім екенін ажырытып, анықтайды. Дәлелдеулер жасатылады.
(Ұ) Сурет өнері туралы диалог құрау. Сызбамен жұмыс жасап, сөйлемдерді толықтыру. «Толықтыр» ойыны.
өз ойын білдіреді.
Сурет салу арқылы ...

«Сурет салу арқылы адам не істейді?» сұрағына жауап беріп, көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, сөйлемді толықтырып айтады.



оқулық
айтылым
топтық жұмыс
оқулық
жазылым

1 минут Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.

айтылым




3.4.2.3 (Ө; Ж; Қ) Мәтінді көшіріп жазу. Зат есімдерді табу.
10-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазады. Зат есімдерді тауып, олардың үстіне үлгі бойынша белгілеп жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Орындалған жұмысты өзара бағалау үшін мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің жұмысын өзара тексеріп, қатені табу және түзету жұмыстарын жүргізеді.Мүсін сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет