Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата05.02.2022
өлшемі186,72 Kb.
#6142
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, танымдық тапсырмалар, сюжетті суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Қызығушылықты ояту
«Адам болам десеңіз» атты тарауды өттік. Біз өткен сабақта қандай жаман қасиеттен аулақ болуды білдік?
а) Ой шақыру
Қандай жаман әдетті білеміз? Сұрағы бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін интерактивті тақтаға жазамыз.

ІІІ.Мағынаны тану.
а)Жаңылтпашты жатқа айту
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті
Бүгінгі сабақта жаман қасиеттер ұйқышылдық пен салақтық екенін білдік.
ә)Сөз жұмбақ

1.Төр түліктің бірі не?


3.Дорбадағы құйылған айран не болады?
3.Сөреге кептіріп жайған не?
Сонда бүгінгі өтетін тақырыбымыз «сүт қалай ұйықтайды?» ертегісі.

  • Бұл ертегіні жазған кім?

  • Оспанхан Әубәкіріов

б)Автормен таныстыру.

в) Оқулықпен жұмыс:
Болжау әдісі:
Сүт бір күн ұйықтапты.
Қатты ұйықтапты
Ұйықтағаны соншалық,
Ұйып қапты.
- Балалар ары қарай не болыпты деп ойлайсыңдар?
- Ұйыған сүт неге айналады?
«Ойбай, сүт ұйықтап қапты,
Ұйықтап қапты!
Қарап отырып,
Айран бопты»,-
Деп, ел-жұрт қайран қапты.

  • Ұйып қапты дегеніміз не?

  • Ұйықтап қапты дегеніміз не?

Сүт ұйқысын қоя алмапты
Айқайлап жатсада оянбапты
Мүлдем берекесі қашыпты,
Айран болу оңай ма?
Бықырып тұрып ашыпты.

  • Ұйқы бізге дос па, дұшпан ба?

  • Балалар ары қарай не болыпты?

  • Қане кім айтады?

Ашыған айран быжынып,


Қазанға сыймай құтырыпты.
Сүт ұйқысын қоя алмапты
Апталап жатсады оянбапты.
«Ұйқы дұшпан» деген ғой,
Сүт бір күні іріп апты
Сүттің мұндай қылығын
Әжем ғана біліп қапты
Не дерін білмей тұрып қапты,

  • Балалр әжесі ол іріген сүтті не істеді деп ойлайсыңдар?

  • Сендер білесіңдер ме№

«Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты»
Депті де әжем айранды
Бір дорбаға құя салыпты.
Сүт сонда ған оянып,
Еңіреп тұрып жылапты.
Көзінің жасын бұлапты.
Бәлкім жұрттың өсегі
Әңгіме ғой кешегі
«Дорбадан аққан сары су
Сүттің көз жас,- деседі.

  • Әжеміз быжынаған айранды қалтаға неге құйды деп ойлайсыңдар?

  • Одан не ақты?

  • Сары судың пайдасы барма?

  • Қалтадағы сүзбеден не істейді?

«Мұнымыз өтірік» десең де,
Ертегіге сыяды-ау
Әй, дегенмен балалар,
Көп ұйықтаған зиян ау.

  • Көп ұйықтаған неге зиян?

- Ол балаларжы еріншектікке, жалқаулыққа, сабақтын кешігуге, жігерсіздікке, талапсыз болуға, талпындырады.
Есіңе сақта! Балалр 11-12 сағат үлкендер 8 сағат ұйықтайды.
г) Сұрақ-жауап:
1.Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?
2.Ертегідегі нақыл сөзді тап.
3.Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолды тап.
Дәптермен жұмыс: «Ұйқы – дұшпан» нақыл сөз
ғ)Ой қозғау:
- Ақ сиырдың сүтін іш,
Сүт береді саған күш.
Жылы мөлдір суға түс,
Тұмау тисе қуа түс,
д) Эссе:
«Сүт береді саған күш» әр оқушы өз пікірін жазып, тақтаға жапсырып қояды. Мұғалім сабақтың арасында тақтаға жазылған галеряға саяхат жасайды.
ж)Топпен жұмыс:
І – топ: Құрт қалай жасалады?
ІІ – топ: Сары май қалай жасалады?
ІІІ – топ: Ырым-тыйым.
з)Бес жолды өлең:
Не? Сүт
Қандай? Ақ,дәмді.
Не істейді? Сауады, ұйытады, ішеді.
Дәмді, ақ сүтті ұйытады. Ағарған.

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет