Сабақтың тақырыбы: «Сурет салу жолдары»



Дата17.06.2018
өлшемі2,96 Mb.
түріСабақ
№32 мектеп- гимназиясы

Ашық сабақтың тақырыбы:



«Сурет салу жолдары»

Бейнелеу өнерінің мұғалімі: Сыздыкова Ж.А.

Астана 2015ж

Ашық сабақтың тақырыбы: «Сурет салу жолдары»

Ашық сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде сурет салу жолдары туралы түсінік беру, геометриялық денелерді жазықтық бетіне бейнелеуді үйрету

Дамытушылық: кескіндеме өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін іс-жүзінде жүзеге асыру

Тәрбиелік: Оқушыларды өнерге,ұйымшылдыққа, ұқыптылық пен әсемдікке тәрбиелеу

Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетіне) бейнелеу

Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық

Пәнаралық байланыс: математика, композиция сурет, түстану

Ашық сабақтың көрнекілігі: қағаз бетіне салынған заттардың үш түрлі орналасқан суреттері (компоновка), геометриялық денелер салынған суреттер, натюрморттар, тақтаға салынған сурет

Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті бояу (акварель, бояу), қылқалам, су құятын ыдыс,палитра.

Ашық сабақтың барысы:


  1. Ұймдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру,назарларын сабаққа аудару

  1. Өткенді қайталау

Өткен сабақтарға байланысты бірнеше сұрақтар қойылады

  • Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар?

  • Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай?

  • Хроматикалық түстерді атаңдар?

  • Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме?

  • Бейнелеу өнерінің жанрлары дегеніміз не?

  • Қандай жанрларды білесіңдер, атаңдар?

  • Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік, ашық)

Кескіндеме өнерінің түрлері: кескіндеме өнері

Сәулет өнері

Мүсін өнері

Сәндік-қолданбалы өнер

Дизайн өнері

Хроматикалық және ахроматикалық түстер

Хроматикалық түстерге түрлі түстердің бәрі жатады

Жанр дегеніміз- суретке қарап не бейнеленгеніне байланысты оны жанрға бөлеміз.Олар: натюрморт, пейзаж, тарихи жанр, анималистік жанр,марина т.б.



  1. Жаңа сабақ.

Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландия мен Испания елдерінде пайда болды. «Натюрморт» француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат»деген мағына береді. «Натюрморт» халықаралық термин, сондықтан оның қазақша аудармасы жоқ. Біз де «натюрморт» деп атаймыз.

Натюрморт күрделі немесе қарапайым болып 2 топқа бөлінеді.Қарапайым натюрморт 2-3 заттан құралса, күрделі натюрморт 5 және одан көп заттардан тұрады.

Сұрақтар:

Мына суреттерде не бейнеленген?

Қарапайым натюрморт па, әлде күрделі натюрморт па?

Енді геометриялық денелерден құралған натюрморт салудың жолдарын қарастырайық.

Сурет салмас бұрын жұмыс істейтін орнымызды дайындап, ұйымдастырудың маңызы зор.

Сурет салудың барлығына ортақ заңдылық бар, ол кезеңмен сурет салу.Сурет салуды кезеңдермен салу өте маңызды.Ең алдымен зат бейнесінің орналасуын анықтау керек (компоновка), құрылымын табу, пішінін анықтау, және соңғысы түйін немесе суретті аяқтау.



Натюрморт үш геометриялық денеден ( КУБ, КОНУС, ЦИЛИНДР)

  1. Кезең. Заттың қағаз бетінде орнын анықтау. Ол дегеніміз салынатын заттарымыздың жалпы көрінісін дұрыс немесе белгілі бір көлемде ықшамдап түсіру. Қағаз бетінде салынатын геометриялық денелер тым үлкен немесе тым кішкентай болмауы тиіс. Суреттің орналасуына ерекше көңіл бөлу керек. Көкжиек сызығын анықтап оның қай жерден өтетінін белгілейміз. Ол бізге перспективаны салғанда қажет болады. (90- сурет)