Сабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері. Сабақтың мақсаты



бет5/5
Дата12.02.2020
өлшемі1,15 Mb.
#57885
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
дүниетану


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу

4 сынып



Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың дала өсімдіктері мен жануарларының көп

түрлілігі туралы қарапайым ғылыми негізі бар түсініктерін

қалыптастыру. Оларды қорғаудың маңызын ұғындыру. Алған

түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір

алуға баулу.

Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Жануарлар әлемін қолдауға‚ қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушыларға жаңа білім беру сабағы..

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Табиғат бөліктері:

Адам Өсімдік

Жануар

Базалық білім:

Дала өсімдіктері мен жануарларының көп түрлілігі және оларды қорғау.



Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



  1. Оқушылардың шөл өсімдіктері мен жануарларының көп түрлілігі туралы қарапайым ғылыми негізі бар түсініктерін қалыптастыру.

  2. Оларды қорғаудың маңызын ұғындыру.

  3. Алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір алуға баулу


Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.

- Мәтінді тұтас оқу.

- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.

- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу


Шөл – суға тапшы аймақ. Сондықтан да ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді.


Құмды шөл

Сортаңды шөл

Сазды шөл

Тастақты шөл






ШӨЛ

Сусымалы құмды төбелерді шөл өсімдіктерінің қалай тоқтатып, бекітетінін білу тым қызықты. Шөл ағаштарының, бұталарының және шөптекті өсімдіктерінің жемістері (тұқымдары) майда, түзу не торлы талшықтарға бекиді. Кейбіреулерінің торлары шар тәрізді болады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Шөлді жерлердің түрлерін атап, әрқайсысына сипаттама бер.

2. Шөлді жердің өсімдіктері және олардың өсіп–өну жағдайлары мен бейімделуі туралы айт. Олар қалай таралады?

3. Шөл жағдайындағы өсімдіктердің қандай маңызы бар?

4. Шөлді жердегі өсімдік пен жануар дүниесін қорғау үшін қандай жолдарды іздестірер едің?

5. Шөл жануарларын ата. Олар шөл жағдайларына қалай бейімделген? Мысал келтіріп түсіндір.

6. Шөл өсімдіктері мен жануарлары арасындағы өзара байланысты түсіндір.



Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу

4 сынып



Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал

шаруашылығы жайлы түсінік беру. Қуаң далалар мен шөлді жерлер

және оларды шаруашылықта пайдалану әрекеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Жануарлар әлемін қолдауға‚ қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушыларға жаңа білім беру сабағы..

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс:

Базалық білім:

Шаруашылық түрлері.



Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



  1. Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен малшаруашылығы жайлы түсінік

  2. Қуаң далалар мен шөлді жерлер және оларды шаруашылықта пайдалану әрекеттері



Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.

- Мәтінді тұтас оқу.

- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.

- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу




Қуаң дала мен шөлдер


Суармалы жерлер




Арнайы қазылған арық–тоғандармен суландырады. Дақылдар, бау–бақшалар егіледі

Күріш, мақта, жүгері, жүзім, қауын, қарбыз өсіріледі.





Күріш – азықтық дақыл. Сонымен қатар күріштің дәнінен крахмал алынады, сабағынан әр түрлі ыдыс, бас киімдер тоқылады.

Күрішті ертеректе қол орақпен оратын еді. Қазір астық жинайтын комбайнмен орады.


Жүзім – көпжылдық бұта.

Оның сабағында мұртшалары болады. Жүзім өсіру үшін арнайы қадалар қағылып, олардың араларына сым керіп қояды. Керілген сымға жүзім өзінің мұртшалары арқылы өрмеліп өседі. Жүзім – жылылықты жақсы көретін өсімдік. Сондықтан да ол Қазақстанның оңтүстігіндегі шаруашылықтарында ғана өсіріледі. Жүзім жидегінде қант көп болады. Одан шырын пайдаланады, ол денсаулыққа пайдалы болғандықтан, оны емге де қолданады



Шөлді аймақ жануарлары: қой, сиыр, жылқы, түйе, яғни қазақтың төрт түлігі түгел өсіріледі.


Қуаң, шөлейт аймақтарда қазақы жылқы көп өсіріледі. Олар негізінен жайылымдарда қыста тебіндеп жайылады. Тек қатаң қыс кездерінде ғана жылқыны қосымша жемдеп, қорада ұстайды. Бұл тұқым көбіне салт міну, мал бағуға пайдаланылады. Арнайы бордақылап ет даярлайды, бие сүтінен қымыз дайындайды.
Мал шаруашылығының табиғаты қатаң, шөлейт және шөл аймақтарында дамыған бір саласы – түйе өсіру.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу

4 сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға сүт өндірісі мен оның маңызын ұғындыру. Ауыл еңбегі, ауылдың тыныс-тіршілігі жайлы түсініктерін тереңдету. Шаруашылық, қожалық туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Еңбекке баулу, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер.

Жоспар:


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

  1. Оқушыларға сүт өндірісі мен оның маңызын ұғындыру.

  2. Ауыл еңбегі, ауылдың тыныс-тіршілігі жайлы түсініктерін тереңдету.

  3. Шаруашылық, қожалық туралы білімдерін тереңдету.

Пікірлесу:
Сүт:




  • пайдасы

  • сүттен дайындалатын тағамдар


қайдан келеді?

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту
Сергіту сәті.

Мәтін соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс:

1. Зауыттың елге тигізетін пайдасы туралы айт.

2. Зауыттың халыққа жұмыс орнын табудағы, тұрмыс қажеттілігін өтеудегі пайдасын

талда.


3. Зауыт жұмысының күшеюі не үшін қажет? Ойлан.

4. Зауытқа сүт фермасын ұйымдастырудың қажеті не?

5. Сүт зауытына қандай құрал-жабдық керек деп ойлайсың?

6. Өз отбасың сүттен жасалған қандай тағамдарды пайдаланады?


1. Өзің тұрған жерде қандай шағын шаруашылықтарды білесің?

2. Өзің өскен кезде қандай шаруашылық түрін ұйымдастырар едің?




Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Бекітілді:

14.02.2018ж

Сынып: 4
Тақырыбы: Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары.


Мақсаты: Білімділік: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, деректі фильмге байланысты диск.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жинақтау, талдау, көрнекілік.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.


Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:


1. Мазмұнын сұрау.
Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы.
2. Топпен жұмыс
1. Егін шаруашылығы
2. Мал шаруашылығы
3. Шаруашылықтардың пайдасы
3. Сызбамен жұмыс

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:


- Қуаң дала, шөл шөлейт жерлерде бау - бақша қалай өсіріледі? Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді? Күріш қалай дастарханға келеді? Еділбай қойы мен арқар - меринос қойының айырмашылығы қандай?

ІV Мақсатын қою кезеңі:


Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары.
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Кіріспе: орман - тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.
Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.

Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.

Суреттер бойынша түсіндіру.
Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.
Суреттерін көрсетіп түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.


Дәптермен жұмыс
Орман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарлары
Қайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;
Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:


Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар? Өз ойларын әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау


- Орман - тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.
- Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?
- Тоғайда әсіресе не көп өседі?
VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі
93 - 95 - беттерді оқу, мазмұны, дәптерге 0осымша мәліметтер жинастыру.

 Сабақтың тақырыбы:  «Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары»

    Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік мақсаты: «Су қоймасы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру арқылы еліміздегі көлдер, өзендер, тоғандар туралы білімді еске түсіру. Су ішіндегі тіршілік жағдайлары, өсімдіктері, жануарларының алуан түрлілігі туралы білімдерін кеңейту;

 2.Дамытушылық мақсаты:

Оқушының сөздік қорын молайту, оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.

  3.Тәрбиелік мақсаты:

Бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажырата білуге, жауапкершілік сезімі бар жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар, түсіндіру, өзбетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, ойын әдісі.

    Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмасы, семантикалық карта, интерактивті тақта, оқулық.

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы бойынша 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындату. Тест  тапсырмаларын  дайын үлгіде  оқушыларға беру.



І слайд

Өзіңді тексер.

І нұсқа

1. Суға тапшы аймақ.

     а) дала       в) шабындық    с) шөл

2. Ормансыз тегіс алқап.

     а) дала    в) шөл     с) құм

3. Шалғын қандай жерлерде өседі?

     а) тау етегінде    в) өзен аңғарларында   с) жазық жерде

4. Пішен дайындалатын жер қалай аталады?

     а) шөл   в) дала  с) шабындық

Орман құсы.

     а) шымшық   в) бұлдырық  с) бөдене

6. Алматы облысы Шелек өзені бойын мекендейтін жануар

     а) елік   в) доңыз  с) бартоғай бұғысы

7. Суыр төмешігінің аумағын көрсет.

     а) көлденеңі 1-5м, биіктігі 1м. в) көлденеңі 5-10м, биіктігі 1,5м.

                             с) көлденеңі 10-15м, биіктігі 1м.

8. Мақта өсірілетін аймақ.

     а) Солтүстік Қазақстан    в) Оңтүстік  Қазақстан     с) Шығыс Қазақстан

9. Даланың неше түрі бар.

     а) 3   в) 2    с) 4

10. Шөлді жерді мекендейтін жануар

     а) қасқыр      в) арқар     с) кесіртке



ІІ нұсқа

1. Дала өсімдігін ата.

     а) селеу  в) жусан    с) қарағай

2. Улы өсімдікті белгіле.

     а) боз  в) бетеге  с) сарғалдақ

3. Қайсысы артық?

     а) шалғынды, орманды   в) дала, шөл   с) қала, ауыл

4. Күріш қай облыста өсіріледі?

     а) Батыс қазақстан облысы   в) Қызылорда облысы  с) Талдықорған облысы

5. Шалғын жануары.

     а) бөдене  в) жапалақ   с) шымшық

6. Даланың неше түрі бар?

     а) 4   в) 2  с) 3

7. Жылқы сүті қалай аталады?

     а) қымыз  в) шұбат  с) көже

8. Күн сәулесі көп түспейтін орманды тап

     а) кайыңды орман   в) көктеректі орман   с) шыршалы орман

9. Топырағы ылғалды әрі құнарлы өлке.

     а) Солтүстік   в) Оңтүстік  с) Батыс

10. Шөл жануары

     а) қосаяқ  в) бартоғай бұғысы  с) жаман сары

 

(тест жауабы)

І нұсқа 1с. 2а. 3в. 4с. 5а. 6с. 7с. 8в. 9а. 10с.

ІІ нұсқа 1в. 2с. 3с. 4в. 5а. 6с. 7а. 8с. 9а. 10а.

 

ІІІ  Жаңа сабақ.

1. Қызығушылықты ояту.              Жұмбақ

                                                    Аяғы жоқ, қолы жоқ,

                                                    Бірақ тыныш тұрмайды.

                                                    Сақтамасаң қорын тек.

                                                    Барша тірлік құрайды.

                                                                                      (Су)

Оқушыларға судың дыбысын тыңдату.



ІІ слайд

Су қоймасы өсімдіктері жануарлары

    Қазақстанда үлкенді – кішілі өзен, көлдер көп. Олардың бірнешеуін атап көрсету. Біз тұрған қала қай өзеннің жағасында орналасқан?

Жайық өзенінің оң жақ бойында орналасқан.

 

ІІІ слайд



Су өсімдіктері туралы қосымша ақпарат беру.

«Су өсімдіктері»

 

Сарыкөл көлінің қамысты жағалауы.

    Біздің өлкеміздегі Жәнібек ауданы маңындағы ұсақ тұзды және кермектеу келген көлдер бар.

 

Қамыс – Самар көлі

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы су айдындары. Бұл жерде қамыс құрақ су өсімдігі кең тараған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп жемістенеді. Құрақты сиыр, жылқы жейді. Құрақтан себет тоқылады, құрылыста қолданылады. Химиялық өңдеу жолымен сірке қышқылы қағаз алынады.



Ақ    тұңғиықтар. Олардың көптеген керемет қасиеттері бар. Гүлдері жаңбыр алдында жабылып, Саяхатшыларға белгі береді.Жас 2-3 күндік гүлдер жабылып, суға батады. Күнде таңертең су бетіне шығып, тез ашылады. Гүлдеп болғаннан кейін күлтелері түспейді, олар жас жемісін зақымданудан қорғайды.

Балықот

Балдырлар

            



 «Су жануарлары»

Берілген слайдтағы суреттерге  оқулық бойынша мұғалімнің түсіндірмесі.

      

Инелік                                 Сүңгуір  қоңыз                         Тоспа ұлу             

Мөңке         Құндыз  Кәмшат 

«Су құстары»        

Оқушылардан жаңа тақырып бойынша   су өсімдіктері мен  

                   жануарлары туралы түсінгендерін  сұрау.

 Ой толғаныс.

Семантикалық картамен жұмыс



Атаулары.

Су өсімдігі.

Дала жануары.

Шөл жануары.

Орман құсы.

1

Түлкі

 

 

 

 

2

Балдыр

 

 

 

 

3

Қосаяқ

 

 

 

 

4

Жапалақ

 

 

 

 

5

Шымшық

 

 

 

 

 

 

Не білдік? Теріп жаз   аю, түлкі, тұңғиық,  алабұға, қасқыр, тиін, кәмшат, сарғалдақ, көртышқан, балдырлар, тоспа ұлу, ақбөкен, қарақұйрық, құндыз, жусан.



   Сұрақтар ордасы.

 

  1. Су қоймасының қандай түрлері бар?

  2. Құндыз қай өзенде кездеседі?

  3. Инелік қандай жәндік оның дәрнәсілі қайда тіршілік етеді?

  4. Тұңғиықтардың тамыры қайда бекиді?

  5. Су өсімдігінің құрлық өсімдігінен ерекшелігі

  6. Сүңгуір қоңыз қандай жәндік?

  7. Өз жеріміздегі су қоймаларында кездесетін өсімдіктер мен жануарларды атап айт.

ІV.Үйге тапсырма: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары тақырыбын түсініп оқып келу. Өз  жерімізде кездесетін өсімдік, жануарлар туралы мағлұмат жинау.

  1. Қорытынды.

- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Нені білдік?

- Нені үйрендік? ( оқушылардың ойларын тыңдау) Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды мадақтау. Бағалау.



Пән аты: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: таулы жердің ауа-райы, ондағы өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы мағлұмат беру;

ә) Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу;

б) Дамытушылығы: оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: карта, кодоскоп, суреттер, кітаптар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Сабаққа назарларын аудару.



ІІ. Өткен сабақтан шолу жасау.

  • Балалар, қазір қай сабақ?

  • Дүниетану сабағы

  • Олай болса құралымызды дайындап, сабаққа назар аударамыз.

  • Балалар, мен сабақты өлеңмен бастағым келіп тұр.

Кең дала, көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен.

Әне, сол анам мені тапқан, - деп

Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай Қазақстан – кең байтақ өлке. Ол – Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі жер көлемі жағынан 4-ші орында. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатқанына байланысты табиғаты да алуан түстерге –

Енді балалар картадан әр алуан түстерге назар аударайықша. Қазақстан шалғынды жер, мол және шөлейт жерлер су қоймалары орман – тоғай жерлері бай.



  • Олай болса, сынау арқылы тексеріп көрейік.

  1. Т-мен дайындайтын шалғынды не дейміз?

  1. Шабындық

  2. Жоңышқа

  3. Сабан

  1. Дала өсімдігін ата

  1. Селеу

  2. Жусан

  3. Қарағай

  1. Шөлді жерде мекендейтін жанураларды ата.

  1. Қасқыр

  2. Арқар

  3. Кесіртке

  1. Қандай дақылдан крахмал алынады?

  1. Күріш

  2. Мақта

  3. Сұлы

  1. Қазақстанда қандай су қоймасы бар?

  1. Қапшағай

  2. Леңгер

  3. Бұқтырма


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Олай болса, балалар үйге әр топқа әр түрлі тапсырма берілді.

  • І топ: «Жас өскін» - реферат жазу.

  • ІІ топ: «Жас табиғатшылар» - сынау сұрақтарын құрастыру.

  • ІІІ топ: «Жануарлр қоршаушылар» - сурет салу, оқу.

Үйге: Су қоймасы өсімдіктері жануралары және оларды қорғау тапсырмасы берілген.

Үй тапсырмасын пысықтап, қорытындылау.



ІІІ. Жаңа сабақ

  • Балалар картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер:

Қызыл түспен боялған таулы жер.

  • Дұрыс олай болса таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз.

1) Алтай тауы-Солтүстіктен батысқа орналасқан Алтай тауы түркі тілінен аударғанда «Алтай» - алтын деген сөзді білдіреді. Алтай, орталық Алтай, кеңді Алтай болып бөлінеді.

2) Сауыр Тарбағатай тауы-бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен оның досы Потанин зерттеген.

3) Жоңғар Алатауы –оңтүстік шығыста Қытаймен шекарасында орналасқан тау жүйесі.Ең биік шыңы-Басбақан шыңы.Пайдалы қазбаларға өте бай (Жанғыш тақтатас, қоңыр көмір, вольфрам т.б.)Мұнда «Достық » темір жолы салынған.

4)Тянь-Шань –Азия материгінде ең ірі таудың бірі.Қытай тілінен аударғанда «Тәңір Шыңы», «аспан тауы», дегенді білдіреді. Ең биік шыңы «Хан тәңірі» 7496м. Поглилиталға өте бай. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов Тянь-Шаньскийдің атымен аталған.

Таулы жер өсімдіктері: көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма.


Таулы жер жануарлары:

-Балалар Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2010» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде алды.

-Қазақстан-2030 дылдары Орта Азия барысына айналды, яғни біздің мемлекетіміздің ең ірі алпауыт мемлекеттермен терезесі теңелді деген.Осындағы барыс қандай аң, қандай аймақтарда өмір сүреді деп ойлайсыңдар?

Барыс өте епті жылдағы, жыртқыш мысық тұқымдас аң. Ол биік-тау құздары мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп. Апанын үңгірін аяқққа баспас жартастарға салады.

Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді.Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейдіде, ертеңгісімен жайылымға қайта түседі.



Таулы жер құстары:

Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздараға ұлар тіршілік етеді.



Ұлар-ірі, түсі, реңдес сұрғылт құс. Ол 5-10 нан топтасып жүреді. Олар қыста тас қуысына топтасып, қонақтайды. Олар бір-бірін жылытып суықтан қорғайды.

Қозықұймай: ол тік құздарды мекендейтін құс. Еліктің лағы, суыр, арқардың қозысы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жанураларға шабуыл жасайды.

Бұлардан басқа бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ т.б. құстар тіршілік етеді.

Шаруашылықтары: бұғы, омарта шаруашылығы дамыған.



Қорытынды:

Үйге тапсырма:

Бекітілді:

14.03.2018ж

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «В»

Сейділдаева Ж


Сабақ тақырыбы: Егін шаруашылығы

Мақсаты:
  А)Оқушыларға  ауыл шаруашылығының  бөлімдері  туралы әңгімелеу, мәдени             өсімдіктерді  ажырата  білуді үйрету, 


Ә) ойлау, есте сақтау қабілеттерін  жетілдіру, дамыту;СӨС-ті ұстануға бағыттау
Б) еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, өсімдік текті азық-түліктерге ұқыптылықпен қарауға  тәрбиелеу 
Сабақтың типі:  аралас
Сабақтың әдісі:   сұрақ жауап, әңгімелеу, талдау, зерттеу, топтық жұмыс т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка
Көрнекілігі: слайдтар,қосымша мәліметтер, видео үзінді,  тапсырмалар  

Сабақтың  барысы: 


І.Ұйымдастыру  бөлімі: Психологиялық  дайындық
Орнымыздан тұрамыз
Оқу сырын ұғамыз
Әрбір жаңа сабақтан 
Білімді боп шығамыз!
Оқушыларды  топқа  бөлу, өз топтарын  сурет құрастыру  арқылы  анықтайды. Топ аттары  бойынша  не  білетіндерін  қағазға  түсіреді

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Тест тапсырмасы  бойынша  алынады; балалар  жұптық әдіспен  бір-бірін  тексереді, дұрыс жауаптар  саны  бойынша  бағаланады.


ІІІ. Ой қозғау 
-Балалар қазір қай мезгіл? –Көктем айларын  ата? – Көктемде  қандай  жұмыстар  жүргізіледі? 
-Көктемгі  егіс  жұмыстары  туралы  әңгімелейді. 
-Олай  болса  бүгінгі  сабақта егін шаруашылығы  туралы  әңгімелейміз.
ІҮ жаңа  сабақ 
-Дәнді  дақылдар дегеніміз  не? –Қандай  түрлерін  білесіздер?
Оқулықпен  жұмыс: Тақырыпты  бөліктерге  бөліп оқиды: 
 1-топ: бидай мен  қарабидай
2-топ: Сұлы мен  тары
ІІІ-топ: Күріш
ІҮ-топ: Жүгері
Ү-топ: Мақта
Мәтін  бойынша  жұмыс 
Қандай өсімдіктерден  ұн алынады?- Күріш  өсіру  үшін  қандай  жағдай  керек? 

Слайдтан  қосымша  мәліметтер  беріледі,  видео-үзінді  көрсетіледі.


Сергіту  минуты:    Дақылдар әні 

Топтық  тапсырмалар:


-топ: бидай мен  қарабидай «Нан-біздің байлығымыз» қысқаша әңгіме
2-топ: Сұлы мен  тары  Зерттеу  жұмысын  жасайды.
ІІІ-топ: Күріш  Дидактикалық  ойын «Өсімдік туралы айт» мақта, күріш
ІҮ-топ: Жүгері  Адамға  пайдасы,  жарнама
Ү-топ: Мақта    Картамен  жұмыс 

Әр топ  өз  тапсырмаларын  жұмыстарын  қорғайды 

Бекіту  сұрақтары: 

-Бүгінгі  сабақтан  не  туралы  білдік? 


-Дәнді  дақылдарға  не  жатады  екен?
-Пайдасы  қандай? 
-Мол өнім алу  үшін  не  істеу  керек?
-Еңбек  ету  керек

Оқушылар  сабақ  басында  толтырған  плакат  беттердегі  топтастыру  жұмысын жалғастырып, аяқтайды. 

Мұның  аты Еңбек  өлеңін  хормен  мәнерлеп  оқиды. 

Үйге  тапсырма: «Егін шаруашылығы»   мәтінді  оқу, дәнді  дақылдар  туралы  кітапша  жасау



Бағалау: 

Сабақтың тақырыбы: Қой шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі саласы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қой ,оның қолтұқымдарын туралы ақпарат бере отырып,оның маңызына тоқталу арқылы білім беру
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушыларға білім тереңдету мақсатында қой шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі саласы екенінің мәнін аша отырып білім беру.
2. Оқушылардың қой қолтұқымдарына тоқталуы арқылы білімін толықтыру. Ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету арқылы дамыту.
3.Оқушыларды топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа және сыйластыққа тәрбиелеу. Ата кәсіпті сүюге, еңбекшілдікке,төзімділікке, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: - Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО элементтері: топтық жұмыс,диалог, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: таратпа материал, интерактивті тақта,оқулық
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі 
-Амандасу,түгендеу
Шаттық шеңбері(1 оқушы өткізеді)(музыка ырғағымен)
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға гүл шашылды
Қайрлы күн!
Біз нәзік қыздармыз
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз
Қуанамыз ,біргеміз
Бөлінбейді іргеміз
Аясында достықтың
Бір жүреміз күнде біз
Оқушыларды түрлі – түсті қағаздар тарату арқылы топқа бөлу және шағын психологиялық талдау жасау.
Көк түс – таңдағандар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады. 

Қызыл түс - таңдағандар энергияға толы екенін көрсетеді.

Жасыл түс – таңдағандар өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар. 

Ақ түс – таңдағандар әділ адамдар. Ақ түс әділдікті білдіреді. 

Әр топ өз ережелерін құрады,талдайды,келісі қабылдайды
• Бір-бірімізді тыңдаймыз
• Өз ойларымызбен бөлісеміз
• Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз
• Уақытты үнемді пайдаланамыз

ІІ.Үй жұмысын сұрау. 
«Сиқырлы мозайка» Төмендегі берілген сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз
1. Түйе қандай жануар ?
2.Түйенің пірін қалай атайды?
3. Түйе “шөл дала кемесі” дегенді қалай түсінесің?
4.Айыр өркешті түйені басқаша тағы қалай атайды?
5.Сыңар өркешті түйенің ғылыми атауы?
6. Түйенің қандай өнімдерін пайдаланады?
7.Түйенің қалай қоректенеді?
8.Не себепті түйе шөккенде ыстыққа төзімді келеді?
Оқушылардың берген жауаптарының негізінде интерактивті тақтадан «Қойдың» суреті ашылады да, сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

ІІІ.Жаңа сабақты талдау

Білемін Білдім Білгім келеді
Төрт түлік,
Төлі- қозы
Пірі – Шопан 
ата
Үй жануары
Пайдалы (ет,сүті,тері,
жүні ) Сүтқоректі,жұптұқты отряды,күйіс қайырат ын топқа жатады. Қой бұдан 10 – 11мың ,
ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілді.Арғы тегі- жабайы муфлон,арқар Қазақстанда 4 бағытта қой шаруашылығы жүргізіліп келеді

Ғалымдардың 
өмірбаянын

Басқа түрлерінің толық сипаттамасын
Биязы жүнді қолтұқым -8 қой тұқымы өсіріледі.
Арқардың құлжасы мен жергілікті саулық қойды жұптастырып алған. Арқар - меринос қойының жүні сапалы,жіңішке, биязы болып келеді
Қазақстандық ғалымдар - Бутарин,Есенжолов,
Жандеркин еңбектері
Жартылай биязы жүнді қолтұқым: дегерес,қазақ- 
тың етті- жүнді,гемпшир,кроссбред.Етті,май-
лы,жүнді,,шөл – шөлейтке бейімделген.
Ұяң жүнді қолтұқым:Қарғалы –әрі етті,жүнді.
Қылшық жүнді,құйрықты саулықты жұптас- тырған еділбай,дегерес қошқар мен. Қарағанды өңірінде өсіріледі.Сараджын – жүні ақ,жібектей,
кілем тоқуға оңды. Түркменстанда халықтық сұрыптауда шыққан.Ақтөбенің шөлейтті жерін- де өседі
Қылшық жүнді құйрықты қолтұқым:
Қаракөл қойы- елтірісі әдемі,бағалы. Қатаң ауа –райына шыдамды,терісі жұқа,бірақ тығызОрта Азияда халықтық сұрыптау тәсілмен шыққан 2-3 күндік қозының елтірісі бағалы.1990 жылы – 6 млн ,2000 жылы саны 2 млн. Оңт,Бат Қаз,
Жамбыл,Маңғыстауда өсіріледі..
Еділбай- еті дәмді,жүні мол,ірі тұлға.Шөл- шөл-
ейт жерлерге бейім.
Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы – ертеден келе жатқан қолтұқым.,еділбай қойынан кішілеу

IV. Ой сергіту (музыка ырғағымен 1 оқушы өткізеді)
Отырып – ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең егерде,
Былай ескек есемін
Сабақты бекіту 
4 кеспе қағазда әр түрлі қойлардың суреттері берілген, 4 топтан бір – бір оқушы шығып қағазды таңдап,тобымен тез арада талдап ,кеспе қағазда берілген қойға сипаттама бере отрып атауын анықтайды 
(Арқар- меринос, Қаракөл,Еділбай,Дегересс)
«Мен – саған, сен - оған» диалаог әдісінің көмегімен оқушылар кез – келген топтағы оқушыға меңгерген тақырып төңірегінде сұрақ қояды.
V.Өзін - өзі бағалау :
«Таудың қай жеріне жеттім»

Дүниетану 4 сынып 


Сабақтың тақырыбы:Ғарыш туралы алғашқы түсінік. Жұлдыз. Планета.
Сабақтың мақсаты:
Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру
Міндеттері:
- Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
- есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
- пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
- өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
- өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту. 
«Ауызша сабақ» технологиялық картасы 
Көрнекілігі, дидактикалық материалдар:Күн жүйесі салынған сурет сызба, суреттер ,ООМ 
Сабақтың барысы:
Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме
1 кезең.
Ұйымдастыру
Оқушылардың зейінін жинақтау:
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Жұмбақ шешу:
Қараңғыда жымыңдайды жанады
Жарық түссе ,бірден сөніп қалады.( жұлдыздар) Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ
А Ә Б В Г Ғ

2 кезең.
Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі. 


1. Ғылымдар мен экологтар табиғаттағы өзгерістерді бақылай отырып қандай қорытынды жасады?
2. Жойылу алдында тұрған жануарлар қандай кітапқа енгізілген?
3. Соның ішінде неше сүтқоректілердің және құстардың түрлері енгізілген?
4. Балықтармен қосмекенділер ше?
5. Неше жорғалаушылардың және бунақденелілердің түрлері енгізілген?
6. Жануарлардың түрлерін ата.
7. Өсімдіктердің түрлерін ата.
8. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау туралы не қабылданды?
9. Бұл заңды бұзғандарға не болады?
10. Қай жылы аңшылар тоғайды мекен еткен еліміздегі соңғы жолбарысты атты?
11. Шөлді мекендеген қандай жануар да жойылған? 
12. Орманшылар қандай аңдарды ғана аулауға рұқсат етеді?
13. Қазақстанда неше қорықтар бар?
14. Ал неше ұлттық саябақ бар?
15. Қазақстанның қай аймақтарында жерлер дәнді дақылдар егуге пайдаланады?
16. Дәнді дақылдарды ата.
17. Суармалы жерлерде не егіледі?
18. Тау етегіндегі аймақтарда не өсіріледі?
19. Қазақстанда мал шаруашылығының қандай түрлері жақсы дамыған?
20. Адам баласы мал өнімдерін не үшін, нелер жасауға қолданады?
21. Түйе шаруашылығы Қазақстанның қай аймақтарында дамыған?
Бірінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. 
3 кезең.
Қабылдауды ұйымдастыру 

Тірек сөздермен жұмыс


Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады. 
1. жұлдыз 
2. ғаламшар 
3.Күн жүйесі 
4. Әлем 
5. Галактика 
6. ғарыш 
Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады. Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек 
Жазуға берілген уақыт есте сақтау ауқытына тең.
4 кезең.
Ойлауды ұйымдастыру Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады. 
Жұлдыз - жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді. (планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз) 
Планеталар – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі - Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады. Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады. Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол—Ю. А. Гагарин. Жерді 108 минут бойы бақылады. 
Мәтінді оқу жылдамдығы
1 параққа 4 мин.
5 кезең.
Алғашқы түсініктерді тексеру Қиылыс сұрақтар
Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу 
мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады 
1. Бұлтсыз ашық күнде аспаннан нелер көрінеді?
2. Олар неліктен бізге жылтыраған кішкене ноқат болып көрінеді?
3. Жай көзбен қарағанда неше мыңға тарта жұлдыз көрінеді?
4. Жұлдызды немен көруге болады?
5. Телескоп арқылы неше жұлдыз көрінеді?
6. Адамдар жұлдызды аспанды қандай жұлдыздар тобына топтастырады?
7. Барлығы неше шоқжұлдыз бар?
8. Шөмішке ұқсайтын шоқжұлдыз қалай аталады?
9. Оларды басқаша не деп атайды ?
10 Бұл шоқжұлдыздардың ішіндегі ең жарық жұлдыз қалай аталады?
11. Теңізшілер мен саяхатшылар Темірқазық арқылы нені анықтаған?
12 . Ғарыштық денелерге нелер жатады? 
13. Жерге ең жақын жұлдыз не?
14. Оның төңірегінде неше ірі аспан денесі айналып жүреді?
15. Олар қалай аталады?
16. Жер қандай ғаламшар?
17. Ең үлкен ғаламшарды ата?
18. Жердің серігі не?
19. Жер Күн жүйесінде нешінші орында орналасқан?
20 Жердің орналасқан жері несімен қолайлы?
21. Күн және оны айналып жүретін планеталар не құрайды?
22. Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып қандай галактикаға кіреді?
21. Әлемде ондай галактикалар қанша?
22. Жарық секундына неше км жылдамдықпен таралады? 

Сыни тұрғыдан сұрақтар 


.
1.Бұлтсыз ашық күнде аспаннан құстарды көруге болады. Жұлдыздарды
2.Олардың кейбірі күнге ұқсайды. Ноқатқа
3. Жұлдыздар жерден алыс орналасқан. Иә
4. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 6 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Үш мың
5. Ғалымдардың болжауынша жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. Иә
6. Жұлдыздар- Жерге жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері. Олар өте алыс, бізге жылтыраған кішкене ноқат болып көрінеді.
7. Жерге ең жақын жұлдыз ай. Күн 
8. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 8 ірі дене айналып жүр. Иә 
9. Дүниежүзі ғалымдары шағын ғаламшар Шолпанды жұлдыздар қатарына қосты. Плутон
10. Жердің диаметрі -12 740 км. Иә
11. Барлық ғаламшардың пішіні шар тәрізді, ал көлемі әртүрлі. Иә 
12. Аспанда 80 шоқжұлдыз бар. 88
13. Жердің серігі – күн . Ай
14 .Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып, «Құс жолы» деп аталатын галактикаға кіреді. Иә
15. Әлем ғарыш деп те аталады. Иә
16. Ғарыш денелерінің арақашықтығын км-мен өлшейді. Жарықтың жылдамдығымен өлшенеді
17. Жарық Жерге Айдан он секундтан аса бере уақытта жетеді. Бір секундта
18. Жарық Жерге Күннен 8 минуттан аса уақытта жетеді. Иә
19. Жер,Ай, Күн – ғарыштық денелер . Иә
20. Теңізшілер мен саяхатшылар Темірқазық арқылы оңтүстіктің бағытын анықтаған. Солтүстіктің бағытын
21. Телескоп арқылы миллиард жұлдыз көрінеді. Миллион
22. Ең үлкен ғаламшар - Жер. Юпитер Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады. Үшінші белгі.
Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.

Төртінші белгі


Оқушылардың жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады. 
6 кезең.
Бекітуді 
алғашқы 
ұйымдастыру ТСҚ
Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды. 5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады. Бесінші белгі
7 кезең.
Талдау және қорытындылау Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды.
ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 
5 балдық шкаламен бағаланады.
-4-5 белгі – 5 ұпай
- 3 белгі – 4 ұпай
- 2 белгі – 3 ұпай 
- 1 белгі - 2 ұпай
8 кезең.
Үйге тапсырма 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады. 68 – 69 бет мәтінді түсініп оқу. Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне лайық бағасын алады.

1. Ғылымдар мен экологтар табиғаттағы өзгерістерді бақылай отырып қандай қорытынды жасады?


2. Жойылу алдында тұрған жануарлар қандай кітапқа енгізілген?
3. Соның ішінде неше сүтқоректілердің және құстардың түрлері енгізілген?
4. Балықтармен қосмекенділер ше?
5. Неше жорғалаушылардың және бунақденелілердің түрлері енгізілген?
6. Жануарлардың түрлерін ата.
7. Өсімдіктердің түрлерін ата.
8. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау туралы не қабылданды?
9. Бұл заңды бұзғандарға не болады?
10. Қай жылы аңшылар тоғайды мекен еткен еліміздегі соңғы жолбарысты атты?
11. Шөлді мекендеген қандай жануар да жойылған? 
12. Орманшылар қандай аңдарды ғана аулауға рұқсат етеді?
13. Қазақстанда неше қорықтар бар?
14. Ал неше ұлттық саябақ бар?
15. Қазақстанның қай аймақтарында жерлер дәнді дақылдар егуге пайдаланады?
16. Дәнді дақылдарды ата.
17. Суармалы жерлерде не егіледі?
18. Тау етегіндегі аймақтарда не өсіріледі?
19. Қазақстанда мал шаруашылығының қандай түрлері жақсы дамыған?
20. Адам баласы мал өнімдерін не үшін, нелер жасауға қолданады?
21. Түйе шаруашылығы Қазақстанның қай аймақтарында дамыған?


Дүниетану
Тақырыбы: Т. Әубәкіров, Талғат Мұсабаев –қазақ ғарышкерлері

Дүниетану

Тақырыбы: Т. Әубәкіров, Талғат Мұсабаев –қазақ ғарышкерлері


Мақсаты: Қазақстан Республикасының ғарышкерлерімен таныстыру.
1. Тақырып бойынша жүйелі сөйлеуге, қосымша мәліметтер 
жұмыстарын ұйымдастыру арқылы болашақта ізденіске баулу, 
зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру. 
2. Танымдық ой-өрісін, әңгімелете отырып сөздік қырын дамыту.
3. Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қалыптастыру; 
білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін 
молайту.
Көрнекілігі 1. Сабаққа байланысты слайдтар.
2. Еңбек құралдары.
3. Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, шағын топтармен жұмыс, ауызша баяндау, 
көрсету, ойын, мадақтау. 

Барысы:
І. Ұйымдастыру.


Психологиялық дайындвқ.
Ұлы Абайдай кең жүрек,
Ақын болғым келеді.
Қуанвш аға секілді,
Ғалым болғым келеді.
Тоқтар аға сияқты,
Ұшқыш болғым келеді. 
70 өнер теңгерген,
Дарын болғым келеді.
Жақсы, ендеше 70 өнерлеріңді ортаға салып, дарынды болуларыңа тілектеспін.
Тілек шеңбері:
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
Шеңбер жасаған балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді?
Сұрақ арқылы 4 топқа бөлу.
- Жерге ең жақын жұлдыз не?
Күн. І топ
- Жердің серігі не?
Ай ІІ топ
- Глобус –ненің үлгісі? «Жердің»
- Олай болса жер ІІІ топ жер
Қызығушылықты ояту кезеңі
Ғарышкерлер мекені-
Қазқ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр! Деп Есентай Ерботин «Байқоңыр» өлеңінде жырлағандай бізде сабағымызды Ғарышкер неге скафандр киеді? Яғни ғарыш әлеміне саяхат жасайық
Видео слайд
- Енді, балалар үй тапсырмасы бүгінгі сабағымыз қалай ойлайсыңдар неге арналады?
- Дұрыс, ғарыш және ғарышкерлерге.
Үй тапсырмасы. Ғарышқа жол ашу Ю. Гагарин- тұңғыш ғарышкер
Шығармашылық жұмыстарды плакатқа іліп сөйлету
І ІІ ІІІ
Байқоңыр Тұңғыш тіршілік иесі-Лайка Ю. Гагарин туралы
Әңгімелеу
Сергіту.
Жаңа сабақ
1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихын да тұңғыш рет жер шарынан ғарыш кемесі ұшыралады. Ғарышқа ұшқан орыс азаматы ұшқыш-ғарышкер Ю. Гагарин.
30 жылдан кейін 1991 жылы қазанның 2 сінде қазақтың тұнғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Кеңес Одағының батыры. КСРО- ның еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы.
Ал, Т. Мұсабаев ғарышта 3 рет болып, халықаралық экипаж құрамында да болды.
Слайд. Ғарышқа 53 жыл
Оқулықпен жұмыс. 184 бет
Ой толғаныс. Орталықтарда жұмыс
І. Жазу орталығы 5 жолды өлең «Байқоңыр» сөз оқу
ІІ. Шығармашылық орталығы – Эссе жазу
ІІІ. Өнер орталығы зымыран жасау
Мағынаны бекіту.
«Космос әлемінде ойыны»

Қортындылау. Рефлексия


- Сонымен ғарышкер болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуға тиісті деп ойлайсыңдар?
Ғылым үшін, адам баласының ғылымды игеруі үшін 1991 жылдан бастап Қазақстанда ғарышкерлер ұшыруға байланысты ғарыштық зерттеулер дами бастады. Ғарыштық зерттеулер институты ашылды.
Ғарыштың пайдасы да, қиындығы да бар. Арнаулы бағдарламалар медицина, геофизика, металлургия т.б. саланы қамтыған. Тоқтар жер қайнауын пленкаға түсіріп әкелген.
Жасанды серіктер арқылы ай суреті, спутник байланысы т.б.
Ертеде ұланғайыр қазақ даласын жаудан қорғап, талай жауынгерлік жарықтарда жеңіспен оралған бабаларымыздың ержүрек тілегін, отансүйгіштігін бүгінгі. Тоқтар мен Талғат ағаларымыздың ерлігімен теңдей бағаласақ артық болмайтындай!
Адамзат баласының жан-жақты рухани үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, табиғат аясы, жеті қат, көк, жер, нұрын төккерн Күн мен Ай керек екенін олар дәлелдеп өткендей.


ақырыбы: Жер – шар тәрізді дене. Глобус жердің дәл үлгісі. Глобустың градус торы.
І кезең: «КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕР:
1.Жер де әлем денесі. Оның әлемдегі орнын қалай өрнектеуге болады?
Жауабы: Жер шары, Күн жүйесі, Галактика
Галактикалар тобы Әлем(ғарыш)
2. Жерді қоршаған бүкіл дүние не деп аталады?
Жауабы: Әлем немесе Ғарыш
3.Ғарышқа жол қай жылы ашылды?
Жауабы: 1957 жылы 4 қазанда ашылды
4. 1961 ж 12 сәуірде адам баласы тарихында ғарышқа ұшқан кім?
Жауабы: Юрий Александрович Гагарин
5. Күн неше планетадан тұрады?
Жауабы: 9 ірі планетадан тұрады
6. Жерге ең жақын жұлдыз?
Жауабы: Жерге ең жақын жұлдыз-Күн
7. Күн мен Жердің орташа қашықтығы қанша?
Жауабы: Күн мен Жердің орташа қашықтығы - 150 миллион шақырым
8. Күннің беткі қабатының қызуы қанша?
Жауабы: Күннің беткі қабатының қызуы – 60000С
9. Күнді неше ғаламшар айнала қозғалады?
Жауабы: Күнді 9 ғаламшар айнала қозғалады
10. Жер бетіндегі тіршілікке Күннің әсері қандай?
Жауабы: Күн жарық сәуле мен жылу таратады.
11. Ертедегі адамдар Жердің пішіні қандай деп ойлаған?
Жауабы: Ертедегі адамдар Жерді тегіс деп ойлаған

ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы: «БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Сұраққа жауап бер.
1. Жазық жерде тұрып, қараған адамға Жер беті қалай болып көрінеді?
Жауабы: Ертедегі адамдар Жер тегіс оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген.
2. Жер не тәрізді?
Жауабы: Жер шар тәрізді
3. Жер бетінің ¾ бөлігін не алып жатыр?
Жауабы: Мұхиттар мен теңіздер
4. Жер шарындағы мұхиттарды ата.
Жауабы: Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит
5. Құрлықтың мұхиттармен қоршалған ірі бөліктері не деп аталады?
Жауабы: Материк
6. Материктерді ата.
Жауабы: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Антарктида, Аустралия
7. Қазақстан қай материкте орналасқан?
Жауабы: Еуразия материгінде
8. Антарктиданы қандай материк деп атайды?
Жауабы: Мұз құрсанған материк деп атайды
9. Жердің кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі не деп аталады?
Жауабы: Глобус деп аталады
10. Глобус қай тілден аударылған, не деген сөз?
Жауабы: Латын тілінен аударылған, шар деген сөз
11. Жер шарында 2 полюс бар, олар қалай аталады?
Жауабы: Оңтүстік полюс, Солтүстің полюс
12. Глобуста полюстерден бірдей қашықтыққа жатқан сызық?
Жауабы: Экватор сызығы
13. Экватордың ұзындығы қанша?
Жауабы: 40 000 шақырым
14. Параллельдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі, оны не деп атайды?
Жауабы: Глобустың градус торы деп атайды

Теориясы: «ТҮСІНУ»
(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?) Бос орындарға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.
Ертедегі адамдар Жер тегіс оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген.
Жауабы: Себебі, Күмбезге Күн, Ай және сансыз көп жұлдыздар бекітілген деп түсінген
Теориясы: «ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек) Венн диаграммасын толтыр.
ЖЕР------------------------------- ортақ қасиеттері-----------------------------------ГЛОБУС

Тақырыптың басты идеясын жаз:
Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі – глобус деп аталады.
Теориясы: «ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, бос торларды толтыр
ГЛОБУС
ЖЕР
ШАР
ТЫНЫҚ
ЕУРАЗИЯ

Жердің дәл үлгісі
Шар тәрізді дене
Глобус латын тілінде – ... деген сөз
Ең үлкен мұхит
ҚР - ... материгінде орналасқан

Практикасы: «ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар) Материктердің атын ата.
Еуразия
Оңтүстік Америка
Солтүстік Америка
Африка
Аустралия
Антарктида
Практикасы: «БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1.Глобус - Жердің дәл үлгісі. Сен қалай ойлайсың, Жер тегіс пе, дөңгелек пе?
Жауабы: Менің ойымша, жер дөңгелек
2.Жердің дөңестігіне байланысты теңіз жағасында тұрсаң не байқар едің?
Жауабы: Алыстап бара жатқан кеменің көрінбей кететіндігін байқар едім.

ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
І деңгей (5 балл)
Теориясы: «БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Тест тапсырмаларын орында.
1.Жер шарында неше мұхит бар?
А) 3
В) 4
С) 5
2. Жер шарында неше материк бар?
А) 4
В) 5
С) 6
3.ҚР қай материкте орналасқан?
А) Африка
В) Еуразия
С) Антарктида
4. Ең ірі мұхитты ата.
А) Тынық
В) Атлант
С) Үнді
Жауабы:1) в, 2) с, 3) в, 4) а

Практикасы: «ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)
Мұхиттарды ата.
Тынық
Атлант
Үнді
Солтүстік Мұзды мұхит

ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы: «ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?) Тест тапсырмаларын орында.
1.Жер бетінің ¾ бөлігін не алып жатыр?
А) су
В) құрлық
С) шөл
2. Глобус дегеніміз не?
А) жердің үлкен бөлігі
В) Жердің дәл үлгісі
С) жауап жоқ
Жауабы: 1)а, 2)в
Теориясы: «ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз, - Венн диаграммасын толтыр.
Мұхит
Ортақ қасиеті
Материк

Тақырыптың басты идеясын жаз:
Біздің мемлекетіміз – Еуразия материгінде орналасқан.

Практикасы: «ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады). Бос орынға қажетті сөзді жаз.
1.Ең үлкен мұхит – Тынық
2.Адам қоныстанбаған материк –Антарктида

ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы: «ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек ) Мұхиттар мен материктер туралы білгеніңді жинақта

Практикасы: «БАҒА БЕРУ»

Тақырыбы:Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы.

Мақсаты: Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік

беру. Теориялық ойын ,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта,ермексаз,майшам,слайд

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Градус торы туралы сұрап ,білімдерін тиянақтау. Глобуспен тақтада жұмыс жүргізу.



ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Экватор сызығы Жер шарын қаншаға бөледі? Олар қалай аталады?

-Параллельдер деген не? Меридиан деген не? -Градус торын не құрайды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топқа тапсырмалар беріп отыру.Сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы өткізу.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Жер туралы бұрыннан білетіндерін айтқызу:

Жер шар тәрізді дене,сыртын атмосфера қаптап тұрады,күнді айналып жүреді,серігі-Ай,6 материктен тұрады,4 мұхиттан тұрады,



Бүгінгі сабақта алатын білімдері :Жер білігі дегенді түсіндіріп алу .Ол үшін пластиллиннен домалақ жасап ,ортасынан жіп жіберу . Сол жіптің білік екенін түсіндіру. Глобустан жер білігін көрсету.Жер осы өз білігінен айналады . Май шамын жағу.Бұл күн екенін ескерту.

1-тапсырма:Не байқадыңдар?

Ой толғау: бір жағы қараңғы, бір жағы жарық. Күн түскен жағы күндіз,қараңғы жағы түн болады.

Глобусты айналдыру.



2-тапсырма:Енді не өзгеріс болды?

Ой толғау:Күн мен түн ауысты. Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады

Сабаққа қосымша материалдармен таныстыру:

Слайд көрсету:

1)Жер қалай пайда болған?

Жер газ бен тозаңнан тұрған.Бұл шар суып қатты қабыршақ пайда болған.

2)Жер ғарыштан қандай болып көрінеді?

Жасыл және қоңыр дақтары бар ашық көгілдір түсті шар.

3)Жер ішінде не бар?

Ядро бар,өте ыстық,өте қатты,оған бұрғылаумен жету мүмкін емес.+4000°С

Одан соң мантия болады.Ол ыстық тау жыныстарынан және жартылайбалқыған тау жыныстарынан тұрады.

Жер қыртысы болады.

4)Жердің магниттік өрісі

Жердің магниттілігі планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр токтарынан пайда болады.магниттік өрісі көзге көрінбейді

5)Жердің ашылуы

Жерді алғаш Эратостен деген грек математигі ашты.



Оқулықпен жұмыс Іштей оқыту. Теріп оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Ой толғау:

Күн мен түннің ауысып тұруының адам баласы үшін тигізер пайдасын әр топ айтып береді



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Не себепті Күн сәулесі бір мезгілде Жердің бір жақ жартысына ғана түседі?


-Күн мен түн неге ауысады? -Тәулік деген не?

-Жердің өз білігінен айналуының тіршілік үшін қандай маңызы бар?



VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 124-125- беттерді оқу, мазмұны.Сармандық жұмыс жасап көру глобуспен. ІХ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет