Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік ­­­‒ қазағымның арманы! Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биылғы жыл ‒


-жүргізуші: Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдерге кезек берейік



бет4/4
Дата25.06.2018
өлшемі0,49 Mb.
#44194
түріСабақ
1   2   3   4
1-жүргізуші: Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

1-оқушы:

1. Отанды сүю Отбасынан басталады;

2. Туған жер – тұғырың,

Туған ел – қыдырың;

3. Опасызда Отан жоқ;

4. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.



2-оқушы:

1. Туған жердің жуасы да тәтті;

2. Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес;

3. Отан қуат

Отбасы шуақ.



3-оқушы:

1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас;

2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық;

3. Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды;

4. Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.
Мақал-мәтелдерді «Жалғастыр» ойынымен жалғастырайық.
1. Ер бір рет өледі, Қорқақ (мың рет өледі);

2. Елінен безген ер оңбас, Көлінен безген (қаз оңбас);

3. Батыр ел үшін туады, (ел үшін өледі);

4. Отан үшін отқа түс, (күймейсің);

5. Сөз атасы-құлақ

Жол атасы тұяқ Су атасы (бұлақ);

6. Бейбіт елде (береке бар).
Оқушылар шығармашылығына кезек берейік.

Туған жерім Қазақстан

Менің туған жерім Қазақстан. Мен өз елімді өте жақсы көремін. Қазақстан жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Елімізде көп ұлт өкілдері тұрады. Олар ынтымақ пен бірлікте өмір сүруде. Мен 48 мектеп-лицейінің 2 «А» сыныбында оқимын. Біздің мектеп-лицей үштілді оқыту бағдарымен оқытылады. Алдағы арманым: қазақ тілін бірінші орынға қоя отырып, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгергім келеді.

Мен өскенде Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын қазақ қызы болғым келеді.

Қазақстан қазақ жері

Жайнай берсін жаңғырып,

Қазақстан қазақ елі

Жасай берсін мәңгілік!

Туған жер!

Менің кіндік қаным тамған жер киелі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы. Әр адам өзінің туып өскен жерін мақтанышпен айтады. Отырар тарихқа тұнған шежірелі өлке. Отырар десем, ойыма әйгілі Отырар қаласы, Отырар кітапханасы еске бірден түседі. Отырар орталығында ұлттық мұражай бар. Отырар даласында ұлы ғұлама ғалым Әбу-Насыр Әл-Фараби, атақты композитор, вальс королі Шәмші Қалдаяқов, қоғам қайраткері, ақын, композитор Мұхтар Шаханов, халық ақыны Әселхан Қалыбекова және тағы басқа да атақты адамдардардың шыққаны мен үшін мақтаныш.


Ән: «Рақмет саған, Отаным»

Балалар, өздерінің Отанға деген тілектерін жазып іледі.

Азаттықтың, еркіндіктің аспаны астында қадамымызды нық басып, алға адымдап келеміз. Болашаққа деген сеніміміз жарқын. Тәуелсіз Қазақстанның өз дамуы жолында бірлігімізді нығайтып, үлкен жауапкершілікпен абыройлы істер атқаруға дайын болуымыз қажет.



Тәуелсіздік, тұғырың биік болсын! Ел көгінде көк байрағымыз желбіреп, қазақ елінде тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті, бейбітшілікте ғұмыр кешіп, өзіміз тәрбиелеп отырған шәкірттеріміз Қазақстан Республикасының абыройын асқақтап, мәртебесін одан әрі биіктете берсін!


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет