Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»



бет1/3
Дата30.01.2022
өлшемі111,99 Kb.
#116202
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сабақтың тақырыбы Амина



138 жалпы орта білім беретін мектебі

Шымкент қаласы

SPecialiST RePack


Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»

Орындаған: А.Ш.Абрашова

Сыныбы: 5 «Б»

Шымкент қаласы

2021-2022 оқу жылы






Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,

ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру



Тәрбиелігі: Жас ұрпақтың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру,өз елі үшін мақтаныш сезімі,Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу.

1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған»  атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен  қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:

1. Кіріспе.

Тәуелсіз ел- Қазақстан.

2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.

3.Тарихи оқиғалар тізбесі.

4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.

5. Қорытынды.



Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойндайсың.Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.  Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

Ағыл да тегіл арындап арман ағысы, бүтіндеп бойын бүрленді бүкіл бақ іші. Жанданып жатыр жарасын жалап жазатын табанын тұздан тоздырған түздің тағысы. Қағанаттардан Қазақстанға жеткендей, қамшы салдырмас қазанаттардың шабысы. Айбаты асқақ арыстандайын алыстым, Абылай болып жаныштым мысын Шарыштың. Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек – алты алаш үшін құрбаны болған.Намыстың. Қайрат пен Ербол, Сәбира, Ләззат көз жұмған Желтоқсандағы ызғарлы желмен қағыстым.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл.

«Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күремен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Қазақстан – қасиетті ұғым бұл

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т- білдіреді теңдікті,

Ә- әдептілік, әлдікті,

У-уайымсыз уақытты,

Е- егемендік елдікті.

Л-дейді лағып лепірме,

С-сенімділік секілді,

І-ілтипат пен ізетті

З- зиялылық тілек қой.

Д- шақырады достыққа,

І- ізденіс пен нәтиже

К- дейді күн боп көктегі

Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет