Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. Сабақтың мақсаты



бет9/9
Дата05.02.2022
өлшемі421,88 Kb.
#14140
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ІҮ Үйге тапсырма: 3-сөйлем құрастыру, пысықтау.
Ү Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Тақырыбы: Мазмұндама


Мақсаты: оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, байланыстырып сөйлеу тілдерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз мазмұндама жазамыз. Мазмұндама жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Мазмұндаманы қалай жазу керек? Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерлді қоюды ұмытпаңдар. Әр сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Кісі аттары, жер-су аттары, үй жануарлардың аттары қалай жазылады?
ІІІ Білімдерін тексеру:
Мазмұндама мәтінін мұғалім 3 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Сұрақтар қояды, 3-4 баладан мазмұнын сұрап, жоспарды түсіндіреді, барлық балалардың жазғандарын қадағалайды. Мазмұндаманы жазып болған оқушылар іштерінен оқып, тексереді.
Жоспар:
1. Гүл шоқтары
2. Қос құрбының әңгімесі
3. Аңдаусызда келген бәле.
Қу ешкі
Айжан апайына сыйлауға әдемі, үлкен гүл шоқтарын алып жатты. Жолда оған құрбысы Жанар жолықты. Екеуі жолдың шетіне отыра қалып бір қызық әңгімеге кірісті. Олардың соңынан көршілерінің ешкісі жүріп отырды. Әңгіменің қызығымен қыздар ешкіні байқамады. Бір кезде сөмкеге қыстырылып тұрған гүлді қу ешкі жей бастады. Қос құрбы ештеңені сезер емес. Әңгіме біткен соң Айжан сөмкесін алмақ болып еді, гүлі жоқ. Тек сабағы жатыр. Ал анадай жерде көршінің ешкісі түк білмегендей кетіп барады. Бар бәленің көк ешкіден келгенін сезген қыздар мәз болды.
Тірек сөздер мен тіркестер: гүл шоқтары, құрбысы Жанар, қос құрбы, қу ешкі.
ІҮ Үйге тапсырма: пысықтау.
Ү Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.


Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сабақтың мақсаты. Білімділік: сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау, еске түсіру, білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, кубизм стратегиясы, жаттығу жұмысы, кеспемен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілік: кеспе қағаздар, текше, 
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты 3 топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Қызығушылықты ояту.
3. «Кубизм» стратегиясы.
1. Салыстырыңыз. Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыр.
2. Талқылаңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Түрлерін ата.
3. Ажыратыңыз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажырат.
4. Мысал келтір. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір.
5. Қолданыңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді пайдаланып әңгіме немесе эссе жаз.
6. Зерттеңіз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің түрлерінің ерекшеліктеріне тоқтал.
ІІ. Мағынаны ажырату.
79- жаттығу
Сөйлемдерді оқу
80- жаттығу
Сөйлем мүшелеріне талдау
81- жаттығу
Өзгертіп жаз
5. «Сұрақ-жауап». Сынақ өткізу. 
(Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)
1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді. (иә)
3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (жоқ)
4. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)
5. –ның, -нің ілік септігінің жалғауы. (иә)
6. мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері. (иә)
7. –ма, -ме, -ше сұраулық шылаулар. (иә)
8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)
9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем. (жоқ)
10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)
11. «келе жатыр» - үйірлі баяндауыш. (жоқ)
12. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді. (жоқ)
13. Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді. (иә)
14. Бастауыш пен толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. (жоқ)
15. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3-ке бөлінеді. (иә)
6. Жаттығу жұмысы. 
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаны қойып көшір.
Ол күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. Бес жердегі бес жиырма бес. Қуаты ақындық, үміті халық. Бұл Бәкен. Үлкен үйден дәм татып кету борыш. Шетінен көшіріп жатқаны кішкене молда жіберген «Татьяна хаты». Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
ІІІ. Ой толғаныс.
7. Тірек сөздерді пайдаланып, шағын эссе-мәтін жазу. 
8. Үйге тапсырма: Адамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу. Оларға синтаксистік талдау жасау.
9. Оқушылар білімін бағалау.


Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Мақсаты: Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру. Білімді, ынталы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық «Көңілімізді көтерейік» - Жанымыздағы сыныптасымыз қандай екенін жазу. Оқу. (Сол қағаздарды мониторинг үшін дайындалған ватман қағазға жапсыру – балалардың аттары осылайша тіркеледі)
2. Мұғалім: - Бүгінгі сабағымызда біз табиғатқа көмек көрсетейік.
- Қазір табиғатқа не керек? (Қар)
- Неліктен? Оның қандай пайдасы бар?
- Тапсырмаларды орындаған сайын жерге қар ұлпаларын түсірейік – осылай біз жер дүниені көрпеге орап, жылытамыз.
• Сөздік диктант: Мектеп, мұғалім, кітап, дүниетану, еңбекке баулу, математика, әдебиеттік оқу, циркуль, сия, табиғаттану, дене шынықтыру, күнделік. (11 сөз) (Карточкаға аттарын жазып, содан кейін сөздік диктантты орындап, тапсырады. Олар тексеріліп, мониторинг қағазда белгіленеді.)
• Өткен сабақтарды қайталау. «Ой қозғау» стратегиясы - Сөйлем неден құралады? - Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (ереже) - Сөйлем түрлерін ата. (Лепті, хабарлы, сұраулы) - Сөйлемнің қандай мүшелері болады? - Сөйлемнің негізгі, яғни тұрлаулы мүшелерін ата. - Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?
• 84 бетте 84 - жаттығу Көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау: Мысалы: Айбек кітап оқыды.
• «Т» әдісі бойынша: Сөйлемдерді екі жаққа топта. Сөйлемдегі сөздердің байланысы дұрыс немесе қате.
• 84 беттегі 85 - жаттығуды тақта алдында орындату. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету. Байланыстарды айту.
Сергіту сәті
84 беттегі 87- жаттығу Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету. Байланыстарды айту.
88- жаттығу Сөйлем құрау
89- жаттығу Әңгіме құрау
• Жазбаша мәтін құрылуының бес жолды стратегиясы бойынша жұмыс.
Тақырыбы: «Табиғат»
1. Қоқыс үйіндісі
2. Әркім сол үйіндіні пайдаланып сөйлемдер жазады.
3. Бір - бірінің сөйлемдерін оқып, көркем сөздер қосып түзейді.
4. Жұптасып орындайтын жұмыс: қателерін түзейді.
3. Рефлексия «Күн сәулелері» - Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не білгеніңді жазып іл.
Бағалау.
Үйге тапсырма
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет