Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. Сабақтың мақсаты



бет2/9
Дата05.02.2022
өлшемі421,88 Kb.
#14140
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
А) Әбілмансұр Ә) Әбілмәмбет Б) Кенесары 
Тәуке, Абылай хандар тұсындағы ықпалды би, жырау:
А) Жамбыл Ә) Сүйінбай Б) Бұқар 
Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов бала кезінде қалай аталды?
А) Ақ тентек Ә) Қызыл жебе Б) Арғымақ
Махамбет ақынмен жолығып, халық көтерілісін күйге түсірген кім?
А) Дина Ә) Құрманғазы Б) Бұқар
«Алаш» партиясын кім ұйымдастырды?
А) Тұрар Рысқұлов Ә) Әлихан Бөкейханов Б) Ахмет Байтұрсынов
. Отанды қорғау мазмұнына құрылған Ауыз әдебиетінің шығармасы:
А) Батырлар жыры Ә) Ертегі Б) Мақал-мәтел
ІІІ. Ой толғау
Абылай хан:
Армысыңдар, тәуелсіз елдің ұрпағы!
Мен бұдан үш жүз жыл бұрын тудым.
Біздің заман тыныш болмады.
Еліміз жоңғарлармен жиі соғысты.
Сондықтан біздің заманда батырлар көп болды.
Енді соның жемісін көріп тұрмын: ұланғайыр жер бар Қазақстан деген егемен ел болыпсыңдар.
Оның 20 жылдығын тойлап жатырсыңдар.
Ұзағынан болсын!
Абылай ханның туғанына биыл — 300 жыл.
Биыл тәуелсіз елімізге — 20 жыл екен!
Әлихан Бөкейхановтың туғанына биыл — 145 жыл.
Бағалау: жекелей және топтық бағалау
Үйге тапсырма: Білім тексеру.


І. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Жыл мезгілдері»
ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: модуль бойынша өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан алған білім деңгейлерін тексеру, оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету;
б) тәрбиелік: бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы (жазба жұмысы)
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырма
Ү. Сабақтың көрнекілігі: мәтін, тақта
ҮІ. Пәнаралық байланыс: табиғаттану, орыс тілі
ҮІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. Жазба жұмысының тақырыбын ребус шешу арқылы анықтау.
3. Тақырып бойынша білетіндерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.
1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
2. Бір мезгілде неше ай бар?
3. Қыс айларын атаңдар.
4. Көктем айларын атаңдар.
5. Жаз айларын атаңдар.
6. Күз айларын атаңдар.
4. Жазба жұмысының мәтінімен таныстыру.
Жыл мезгілдері
Бір жылда төрт мезгіл - көктем, жаз, күз және қыс бар. Көктем айлары – наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды.
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталады, қыркүйекке дейін созылады. Шілде - ең ыстық ай. Тамызда кейде жаңбыр жауады.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыстың ең суық айы – қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады.
5. Мәтіннің мазмұнына түсінгендерін анықтау мақсатында қойылатын сұрақтар.
1. Жыл мезгілдерін атаңдар.
2. Қай айда қар ери бастайды?
3. Қай айда барлығы көктей бастайды?
4. Жаз қай айдан қай айға дейін созылады?
5. Қазан мен қараша айларында ауа райы қандай болады?
6. Ең суық ай.
6. Оқушыларға жазба жұмысы барысында қойылатын талаптарды естеріне салу.
1. Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындау керек.
2. Сабақ барысында зейін қоя тыңдап, асықпай, қатесіз жазуға тырысу керек.
3. Шала тыңдап, қалай жазу керектігін қасындағылардан, мұғалімнен сұрап, басқаларға кедергі жасамау керек.
4. Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.
8. Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс.
Ери, қысқарады, ұзарады.
9. Грамматикалық тапсырма.
ІІІ. Үйге тапсырма
Өтілген ережелерді қайталау.


3 сынып қазақ тілі тест. 
1.Төрт дыбыстан құралған тасымалданбайтын сөзді белгіле. 
А) Бала Ә) Шала Б) Бұлт 
2.Үш дыбыстан құралған бір буынды сөзді белгіле. 
А) Ала Ә) Ана Б) Ант 
3.Тек қана қатаң дауыссыздары бар сөзді белгіле. 
А) Жаңғақ Ә) Қатық Б) Қаңбақ 
4.Негізгі түбір сөзді тап. 
А) Биші Ә) Алаша Б) Өнерпаз 
5.Етістікті тап. 
А) Шағала Ә) Шегеле Б) Кереге 
6.Заттың санын білдіретін сөзді тап. 
А) Қойшы Ә) Берші Б) Жетінші 
7.Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап. 
А) Не? Ә) Неше? Б) Қандай? 
8.Жалқы есімді тап. 
А) Жалбыз Ә) Ораз Б) Қарбыз 
9.Тәуелдеулі зат есімді тап. 
А) Кісі Ә) Інісі Б) Кірпі 
10.Туынды сын есімді тап 
А) Сөзсіз Ә) Сөзшең Б) Сөзге 
11.Күрделі етістікті тап 
А) Ақ қағаз Ә) Алты кітап Б) Алып отыр 
12.Болымсыз етістікті тап 
А) Келді Ә) Айтты Б) Алмады 
13.Сұраулы сөйлемнен кейін қойылатын тыныс белгісін белгіле. 
А) . Ә) ? Б) ! 
14.Бастауышты белгіле.Асқар сурет салды. 
А) Асқар Ә) Сурет Б) Салды 
15.Сөйлемнің бастауышын белгіле. 
Еңбек ерлікке жеткізеді. 
А) Еңбек Ә) Жеткізеді Б ) Ерлікке 
16.Біріккен сөзді белгіле. 
А) Арыстан Ә) Ақбөкен Б) Түлкі 
17.Жалғаулы сөзді белгіле. 
А) Балалы Ә) Балалар Б) Баласыз 
18.Қай сөз дұрыс жазылған? А) екватор Ә) Икватор Б) Экватор 
19.Жалаң сөйлемді тап. 
А) Қасқыр ұзақ ұлыды. Ә) Қасқыр ұлыды. Б) Қасқыр аспанға қарап ұлыды. 
20.Жайылма сөйлемді тап. 
А) Оқушы қызық ертегі оқыды Ә) Оқушы оқиын деді. Б) Оқушы оқып отыр. 

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет