Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар



Дата06.02.2022
өлшемі319,39 Kb.
#75973
түріСабақ
Байланысты:
0011e3e5-06f73569







ОҚО Түлкібас ауданы. Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 19.10.17ж

Мұғалімнің аты-жөні: Байменова Райхан Леспековна

СЫНЫП: 10 «А» (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Қатысқандар: 12



Қатыспағандар: жоқ

Сабақтың тақырыбы:

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының механизмін электрондық теория негізінде түсіне алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсінеді.
Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіре алады.

Кейбір оқушылар:

Химиялық қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алады.
Химиялық реакция теңдеулерін жаза алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну



Бағалау критерийі

Химиялық қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтау.
Тотығу-тотықсыздану процесінің мәнін түсіну
Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіру

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика және терминология:
Тотығу-тотықсыздану реакциялары, тотығу, тотықсыздану, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Тотығу дәрежесі дегеніміз..............
Тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде.......... процестері қатар жүреді
Тотығу процесі ...........

Тотықсыздану процесі...............

Электрондық баланс әдісі.............

Құндылықтарға баулу

-Жауапкершілікті сезіну,
-Сын тұрғысынан ойлауға
-Өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау
- ынтымақтастық
- өмір бойы білім алу
Атмосферада құндылықтар құру, әнгіме – сұхбат, топпен және жеке тапсырмаларды орындау барысында сыныппен ортақ шешімге келу арқылы қол жеткізіледі.



Пәнаралық байланыс

Физика.

Алдыңғы оқу



8 сынып. Химия. «Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары»

Сабақ барысы






Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин

2 мин
5 мин

7 мин


3 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді.
Сәлемдесу. Түгендеу.
Үй тапсырмасын пысықтау:
1.«Кластер» әдісі: Жеке жұмыс



Өршіткі қатысына қарай



Жылу эффектісі бойынша

Тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша



Химиялық реакциялардын жіктелуі





Заттың саны мен құрамы бойынша

Агрегаттық күйіне қарай


Тапсырма №1 Химиялық реакцияларды жіктеудің әдістері бойынша химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Дескриптор:
1.Химиялық реакцияларды жіктейді.
2.Химиялық реакция теңдеулерін құрастырады және жазады.
3. Химиялық реакция теңдеуін теңестіруде коэффициенттерді таба алады.
Кері байланыс орнату
Бағалау: Оқушылар бір-бірін бағалайды.
2. «Кім жылдам?» әдісімен «Бинго» ойыны
Тапсырма №2
Себетке түскен шариктердің номері бойынша сұрақтарға жауап береді.
1.Химиялық реакция дегеніміз не?
2. Экзотермиялық реакция дегеніміз не?
3.Қосылу реакциясы дегеніміз не?
4.Айырылу реакциясы дегеніміз не?
5.Тотығу –тотықсыздану реакциясы дегеніміз не?
6.Қандай реакциялар қайтымды, қайтымсыз деп аталады?
7.Химиялық реакциялардың қандай белгілері бар?
8. Электронды қосып алу үрдісі?
9. Тотығу дәрежесі дегеніміз не?
10. Катализдік реакция дегеніміз не?
Дескриптор:
1.Химиялық реакцияларды негізгі белгілері бойынша жіктеу.
2.Реакция типтерінің анықтамасын айту.
Кері байланыс: шариктерді жинау
Бағалау: ауызша мадақтау
Жаңа сабақ: Жаңа сабақтың тақырыбын және мағынасын ашу үшін: Берілген үрдістерден қай үрдіс тотығу және тотықсыздану үрдістерін табу арқылы 2 топқа бөлінеді.
І топ: «Тотықтырғыш»
ІІ топ: «Тотықсыздандырғыш»
1.C0 → C+4
2.Zn0 → Zn+2
3.2O-2 → O20
4.K0 → K +1
5. Р0 → Р +5
6. N-3 → N+4
7. 2H+1 → H20
8. Si+4 → Si0
9. Fe+3 → Fe+2
10.Mg+2 → Mg0
11.AL+3 AL0
12. S+6 → S0
Оқушылар тотығу, тотықсыздану процестеріне түсінік береді.

Дәптер. Қағаз кесінділері
Тақта

Интерактивті тақта


Қима қағаздар



Сабақтың ортасы
30 мин

5 мин
10мин



«Кейс стади» әдісі. Лабораториялық тәжірибе:
ҚТ ережелерін сақтау отырып көрсетілім көрсету:
Белсенді металл натрий мен су арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясын көрсету және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтау.
Дескриптор:
1.Тәжірибе бойынша бақылауларын жаза білу.
2.Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтайды.
«Джигсо» әдісі. Мәтінмен жұмыс. Постер қорғау
Тапсырма №1.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
№1 топ (Тотықтырғыш):
Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестір және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар:
KMnO4 +HCL → KCL + MnCL2+ CL2 +H2O
2 топ: (Тотықсыздандырғыш)
C +HNO3 → CO2 + NO +H2O
Топтар бір-бірінің топтағы жұмыстары бойынша талдау жасайды, топтың мүшелерінің жеке жауаптары бойынша пікірлері тыңдалады.
Дескриптор:
1.Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіру.
Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісімен бағалау

Есте сақтаңыздар:
Оттектің қосылыстарындағы тотығу дәрежесі -2
Сутектің қосылыстарындағы тотығу дәрежесі +1
Металдар қосылыстарда «+»тотығу дәрежесін көрсетеді
Жай заттардың тотығу дәрежесі нөлге тең (Н2 00,
Fe0
Нұсқаулық:
Тотығу-тотықсыздану теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1.Химиялық реакция теңдеуін толығымен жазып алады.
2. Тотығу дәрежелері өзгеріп тұрған элемент атомдарын және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтайды
3. Тотығу дәрежелері өзгерген атомдарды салыстыру арқылыберіп жіберген және қосып алған электрондар санын анықтайды. Бұл кезде теңдік белгісінің екі жағындағы атомдар (бөлшектер) саны теңдей болуы керек
4. Электрондық баланс әдісі бойынша қосып алған немесе беріп жіберген электрондарды теңестіретін коэффициенттер таңдап алынады.
5. Табылған тотығу және тотықсыздану коэффициенттерін қойып қысқартылған реакция теңдеуін аламыз
6. Қысқартылған теңдеуге сүйене отырып молекулалық теңдеуін жазамыз
7. Тотығу-тотықсыздану процесіне қатыспаған атомдарды ескере отырып қарапайым арифметикалық тәсілмен реагенттер мен өнімдердің санын теңестіру арқылы барлық коэффициенттерді жазамыз.



Мыс сульфатының ерітіндісі, темір шеге


Оқулық
Маркер, плакат


АКТ
А4 парағы

Интербелсенді тақта



Сабақтың соңы
7 мин



5 мин

3 мин

Қорытынды: « Сәйкесін тап»
1.KCLO3 хлордың тотығу дәрежесі
2.Хлордың тотығу дәрежесі +7 болатын қосылыс
3.
1.
1.Жаңа сабақтан мәліметтерді біледі, жаза алады.


Тотықтырғыш тотықсыздандырғыш
Кері байланыс. «Бес саусақ»: Бас бармақ – Не үйрендім? Балан үйрек – Неге көңіл аудару керек? Ортан терек – Кімге көмектестім?
Шылдыр шүмек – Алған әсерім, Көңіл күйім? Кішкене бөбек – Неден қиналдым?


Бағалау: өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, ауызша мадақтау.
Үйге тапсырма: §3.2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет