Сабақтың тақырыбы: "Туған жер" Мақсаты: а білімділік: оқушыларға туған жер туралы мәлімет беру, білімін тереңдету



бет5/5
Дата08.01.2017
өлшемі1,01 Mb.
#6470
түріСабақ
1   2   3   4   5

Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев (1926–1994)
Ақын, драматург, әнші. сазгер. 15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Алматы театр-сурет училищесі жанындағы киноактерлік бөлімді бітіргеннен кейін, бірталай жыл Жамбыл, Шымкент облыстық театрларында актерлікпен шұғылданған. 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында әдеби бөлімнің меңгерушісі болып істеген. Кейін Алматы облыстық халық шығармашылығы үйінде, Қазақ КСР театр қоғамында жұмыс жасайды, 1974 жылдан бастап тікелей шығармашылық жұмыспен айналысты.
5.«Туған жер» әнін плюспен және минуспен айту.


Туған жер

1.Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!

Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!

Ауылымның түтіні қымбат маған,

Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Қайырмасы

Туған жер, өзің дегенде,

Жүремін әр кез елеңдеп.

Бір сезім билеп алады-ау!

Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
2.Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,

Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!

Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,

Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Қайырмасы:
3.Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?

Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!

Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,

Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!
6.Домбыраның сүймелдеуімен «Туған жер»-әнін орындау

Қорытынды:

Біз не үйрендік, нені білдік, нені үйренгім келеді? Атты стратегиясымен сабақты қорытындылаймын.


Бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай бағалау.

Үй жұмысы- «Туған жер» туралы тақпақ немесе шағын эссе жазып келу.
Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!



Өзіндік талдау

Мұғалім: Арстанбекова Г.М.

Пән: музыка

Сынып:5

Өткізілген күн: 12.05.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: “Туған жер”
Мақсаты: а) білімділік:оқушыларға туған жер туралы мәлімет беру, білімін тереңдету.
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту және туған жер әнін домбырамен сүймелдеп орындату.
б) тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, бейне көрініс, презентация

Сабақ барысы

Оқушылармен амандасып, түгендеп шықтым.

Жаңа сабақты түсіндірдім және мақсатымен таныстырдым.

Жаңа сабақта «Менің Қазақстаным» атты бейне көрініспен презентациядан бастадым. Бұл бейне көрініс еліміздің нышандары мен Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының әнұраның орындап тұрғанын жіне еліміздің рәміздері туралы оқушыларға мәлімет бердім.



Жаңа сабақ «Туған жер» болғандықтан Мейрамбек Беспайдың орындауында «Туған жер» әнінің бейне көрінісін тамашаладық.

Қазақтың ұлттық аспабы домбыра жайлы мәлімет бердім, өйткені орындалған әндердің барлығы осы домбырамен ойналды.

Қазақтың атақты күйшілерімен танысып өттік. Құрманғазы, Дәулеткерей және Дина Нүрпейсова жайлы әңгімеледім.

Оқушыларға «балапан» сөзі нешеу, жұмбақ шешу, қай өлеңнің үзіндісі және сөзжұмбақты шеш атты ойын ойнатылды. Бұл ойын оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру болды.



«Туған жер»- әнін үйрену, яғни әні мен сөзі Бәкір Тәжібаев жайлы әңгімеледім.
«Туған жер»- әнін «Жігіттер квартетінің» орындауында бірге қосылып айту және минуспен орындату. Баян,шылдырмақтар, тастұяқ және екі домбыраның сүймелдеуімен осы әнді шырқаттым.

Біз не үйрендік, нені білдік, нені үйренгім келеді? Атты стратегиясымен сабақты қорытындыладым. Мен сабаққа қойған мақсатына толығымен жеттім.


Давыденов негізгі мектебі

Ашық сабақ

Музыка

5 сынып

Тақырыбы: «Туған жер»



Өткізген мұғалім: Арстанбекова
Каталог: uploads -> doc -> 0b6b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b6b -> Сабақ excel программасында диаграмма құру Құрастырған: Ерманова Р. С
0b6b -> Сабақтың аты С. Сейфуллин «Далада» өлеңі Сілтеме
0b6b -> Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем Сілтеме
0b6b -> «Алынбайтын асу жоқ» атты отбасы сайысы Өткізген: Д. Омарова Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет