Сабақтың тақырыбы: уақыт мезгіл пернесі білімдік мақсаты: «Уақыт» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу


Үш топқа тақырыпқа сәйкес мәтіндер беріледі



бет2/6
Дата27.07.2017
өлшемі1,13 Mb.
#22128
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Үш топқа тақырыпқа сәйкес мәтіндер беріледі.


Оқушылар оқып, мәтіннен түсінгендерін айтады.
1 топ мәтіні

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек.

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

Казіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шүбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз түсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың.


2 топ мәтіні

Пенде баласы уақытқа тәуелді. Өйткені, оған шектеулі ғұмыр берілген. Адамның өмірі – туылған сәті мен өлім аралығындағы мерзім. Сол себепті, уақыттың құны ерекше. Еш нәрсені пайымдамайтын парықсыз пенде ғана өзіне берілген шектеулі уақыттың бағасын ескермейді. Өтіп жатқан әрбір сәт өміріміздің қайтып келмес бөліктері. Адам қымбат, бағалы бұйымдарын – алтын немесе ақшасын жоғалтса, оны тауып, орнын толтыра алады. Ал, өткен уақыт қайта айналып келмейді

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз.Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл.» Демек, уақыт-адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді.

Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады.


3 топ мәтіні

Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.


«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен.

Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің?

Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды.

Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,  деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.

Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне білейік.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет