Сабақтың тақырыбы: уақыт мезгіл пернесі білімдік мақсаты: «Уақыт» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу



бет6/6
Дата27.07.2017
өлшемі1,13 Mb.
#22128
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Уақыт үнемдеудің бірнеше тәсілдері бар. Бірінен кейін бірі кезек күттірмейтін тәсілдердің негізгі бес тәсілін атап өтсек:

1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударуға кедергі жасайды.


2. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз.
3. Тек өз басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Оған сіздің хақыңыз бар.
4. Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараң болыңыз.
5. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.

Өмірге күнде келіп жатқан жоқсыз, ойыңыздағы арманыңыз бен мақсатыңызға жету үшін уақытты тиімді пайдалануды дағды етіңіз. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз — жақсылыққа ұмтылу. Әрбір сағатыңыздың тықылы сіздің өтіп бара жатқан өміріңіз, сіз өз өміріңізге бей - жай қарамайтын боларсыз.?! Ендеше күн сайын кететін уақытыңыздың бір бөлігін кітапқа арнаңыз, екінші бір бөлігін спортқа дегендей. Ниет болса болғаны, қалған игі дүниелер табыла кетеді. Күннің шығысынан кештің батысына дейін беріліп жатқан ұзын - сонар сериалдарға қарап, уақытыңызды сарп етпеңіз!


ХІ. Сергіту. «Дыбыстық гимнастика»

Нұсқау:  әріптерді хормен қайталау.

А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Ха – ха – көңіл күйді көтереді.

ХІІ. Назар аударайық
Қызықты да қажет ақпарат. Есіңде болсын!

Бізге берілетін уақыттың әрсекундына дейін өз уақытымызды қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз.

1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың.

1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың.

1 сағаттың қадірін білгің келсе бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың

1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың

1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатынан алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың

1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың.

Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.

Ең қиын жоғалту - уақытты жоғалту.

Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.

Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.


Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа!

Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды.
ХІІІ. Үйге тапсырма

Берілген ойды оқып, өз тұжырымыңызды ұсыныңыз.

Ұйықтар алдында өткен күніңді өзіңнің не істеп,



не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор
ХІҮ. «Кері байланыс» жаттығуы 
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып сабақтың өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 
- Сабақта ең бірінші не ұнады? 
- Не ұнаған жоқ? 
- Өзің жаңадан не білдің? 
"Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.



Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тең шала жансар өлімменен.

Қанша менің өлді екен уақытым,

Ақ жастық, ала жастық кебіндеген,-деген Мұқағали ақынның өлең жолдарымен бүгінгі сабақты аяқтағым келіп отыр.
Уақыт туралы өлең білетіндерің бар ма?

Сабақ аяқталды.

Бағалау.

Қызылорда облысының білім басқармасы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі

КЕЛIСIЛГЕН БЕКIТЕМIН Колледж әдіскері Директордың оқу

жұмысы жөнiндегi орынбасары __________Аймбетова Э. ______________ Ермұхан Б.

«____»______________2015 ж



«Өзін-өзі тану» пәнінен

ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Уақыт – мезгіл пернесі
Оқу тобы: ЭС-15о

Өтетін орны: 305 оқу кабинеті

Мерзімі: 18 желтоқсан, 2015 жыл

Оқытушы: Сәтбаева С.

«Мемлекеттік тіл» циклдік комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды.

Хаттама № «____ » _____ 2015 ж

ЦӘК төрайымы _________ Қалманова А.



Қызылорда, 2015 ж.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет