Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау



бет16/19
Дата20.03.2020
өлшемі5,65 Mb.
#60480
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
математика 1
Англ я3Ауезханов Д, математика 1, 42 2, Атомнан кварктарға дейін

IV.Қорытынды:

  • Азайту амалының қандай компненттерін білесіңдер?

  • Айырманың (жазылған) азайғышы қайсы?

  • Азайғыштар бірдей болса, айырмалардың мәндерінің өсуі немесе кемуі азайғыштардың мәндеріне тәуелді бола ма? т.б.

Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.

V.Үйге тапсырма беру: 143- бет №4
Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

97-сабақ


Ашық сабақ тақырыбы: 9 санын қосу және азайту

¨  Мақсаты: Білімділігі: 9-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

¨  Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.

¨  Тәрбиелігі: оқуға, еңбекке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ойын ашық, еркін айтуға тәрбиелеу.

¨  Сабақтың түрі: жаңа сабақ

¨  Сабақтың әдісі: түсіндіру,

¨  Көрнекілігі: слайд, үлестірме парақшалар, компьютер

¨  Сабақтың барысы:

¨    1.Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)

¨  Аспанға қараймын,

Жұлдыздарды санаймын.

Біреуін тағып төсіме,

Біреуін саған сыйлаймын.

¨   2.Үй тапсырмасын тексеру. (Салыстыру)

7+3 *10

4+2 * 7 


2+2 * 4

9-4  * 6


5-2  * 3

8-5  * 2 



3.Жаңа сабақ

№1 Жаңа ұғым 

Қосылғыштарының бірі  9 болатын қосындылар құру.
  9 + 1 = 10             Қосынды                  9 + 0 = 9

 Азайтқышы 9 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.

 10 – 9 = 1      9 – 9 = 0           Айырма.

 №2 Жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.

10см- 3см= 7см

4см+3см= 7см

7см=7см

3 Есептер құрастыр және   шығар


       1.
  Болды-    10 қап
            Сатылды- 8 қап
            Қалды-  ? қап

           10-8= 2

Жауабы: 2 қап қалды.

2.  Түсте- 6 жәшік              ?
     Кешке – 4 жәшік

6+4= 10


 Жауабы: барлығы 10 жәшік

4 Тиісті санды орнына қой: 

3+     =7                      

4+    =9                                

 6+   =7                             

   +2  =6                                

   +2  =7                                     

   +3  =7

1+      =6                              

   +6  =9 



Сергіту сәті: Слайд арқылы «Шоқ қыздар» әніне қимылдар жасау

Логикалық есептер

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? 


2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? 

1. Мұз айдында жеті бала. 


Асыр сап жүр сырғанап. 
Сырғанамай екі бала. 
Жағалауда тұр қарап. 
Енді осы бар баланың 
Санын айтсаң –жарадың! 
2.Көлден ұшты жеті қаз, 
   Қайтып қонды екі қаз, 
  Қонбады оның нешеуі? 
  Кәне, кім тез шешеді? 
3.Жаңа ғана шалғында, 
Алты бұзау жүр еді. 
Әлде шаршап қалды ма, 
Жатып қапты біреуі. 
Нешеуі енді жайылып, 
Айт, жүргенін айырып.

     4.Аулада бес үйрек, 


        Қорада үш үйрек. 
       Бір үйрек тығылды, 
       Бір үйрек жығылды, 
       Қалғаны неше үйрек? 

  

Қорытындылау

 

Үйге тапсырма: №5 Сол жақтағы сызықтардың қайсысы оң жақтағы сызықтың жалғасы?

Бағалау: Оқушы білімін мадақтау.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

98-сабақ

Сабақтың тақырыбы10 санынан азайту

Сабақтың мақсаты: 1. 10 көлеміндегі сандардың құрамын, есептік ретін қайталау. Ауызша есептеуге дағдыландыру. 10 санынан біртаңбалы сандарды азайтуды  үйрету.


  1. Оқушының ой-өрісін, шығармашылық, логикалық, танымдық қабілетін арттыру, дамыту.

  2. Ұқыптылыққа, жинақылыққа, байқампаздыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс,  ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слаид,  суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қане біздер ойлайық

Ойымызды жинайық

Қандай есеп болсада

Шешпей оны қоймайық.

ІІ Кіріспе. Өткен сабақты пысықтау

-Оқушылар бізде қазір қай мезгіл?

-Аптаның нешінші күні?

-Олай болса бізде математика сабағы,  сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтап өтейік: (Гүлдерді  теру арқылы жауап беру)

-7-ден кейінгі санды ата, осы санның 7-ден нешеуі артық?

– 2 мен 3 –тің қосындысы нешеге тең?

-3 санының  көршілерін ата, 9 санының көршілерін ата?

-6 мен 8-дің арасында қандай сан бар, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?

-8 бен 4-тің айырмасы нешеге тең?

-Қосудың компоненттерін ата.

– Азайтудың компоненттерін ата.

-9 санының құрамы?

-Ұзындықты өлшейтін құрал.

-1 дм-де неше см бар?

Логикалық есеп

-Мен екі таңбалы сан ойладым. Одан бірді азайттым. Нәтижесінде бір таңбалы сан шықты. Бұл  қандай теңдік?

Тақтаға бір оқушыға жаздыру. 10-1=9

Теңдік қандай амалмен берілген? (азайту) Азайтуға кері амалды ата. (қосу)

10-ға дейін тура және кері санау

10 санының құрамын еске түсіру.



ІІІ Жаңа сабақ. 10 санынан азайту.

Қызығушылығын ояту. Көркем жазу.

 

Оқулық-дәптермен жұмыс.1 тапсырма.Күннің тапсырмасы.

Азайғышы 10 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап. Қолданған қосу кестесін жаз.

10-0=10       10-1=9      10-2=8     10-3=7    10-4=6    10-7=3    10-8=2    10-9=1

Азайту компоненттерін еске түсіру.

2 тапсырма. Бұлттың тапсырмасы. Азайтқышы 10 болатын айырма жаз және мәнін тап. Осыған ұқсас бірнеше айырмалар жазуға бола ма? Түсіндір.

10-10=0


3 тапсырма. Кемпірқосақтың тапсырмасы.Кесінділердің ұзындығын өлше. Қандай кесінділер ұзындықтарының қосындысы басқа қандай кесінділер ұзындықтарының айырмасына тең болады? (ауызша)

3см+2 см = 10см-5см



Сергіту сәті.    

  Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Алақанды қосайық.

4 тапсырма. Наурыздың тапсырмасы. Есептер құрастыр және шығар:

а) Қозы – 10                                      ә)   Бұзау – 5

Лақ – ?, 3-еуі кем                                 Құлын – 2 ? артық

Ш: 10-3=7                                             Ш: 5-2=3

Ж: лақ 7-еу                                           Ж: 3-еуі артық

Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын табу, есеп құрастыруды үйрету.

5 тапсырма .Сәуірдің тапсырмасы. Өзіндік жұмыс.

Тиісті санды орнына қой:

7-      = 4          9-       =4             -2=4

7-      =6               -2=6                 -3=6

-3=3          5-     =3

Мәні бірдей айырмаларды бір бағанға теріп жазу.



ІҮ. Сабақты бекіту. 

«Кім жылдам» ойыны арқылы мамырдың тапсырмасын орындау.

10-5     10-4     10-3      10-8      10-7      10-6     10-2    10-1     10-9     10-8    10-3

Азайғыштарды салыстыру, азайтқыштарды салыстыру, айырманың мәнін салыстыру.

Шығармашылық тапсырма.Сана.  Салыстыр. Не байқадың

 10 асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

– Біз не үйрендік?

– 10 саны қандай сан?

 Мақтау, бағалау.

Ү. Үйге  тапсырма 147 бет 5-есеп.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

99-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Санды өрнек және әріпті өрнек.

Сабақтың мақсаты:

  1. Санды өрнек және әріпті өрнек ұғымымен оқушыларды таныстыру. Білім қорларын молайту.

  2. Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Танымдық қабілетін арттыру.

  3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару;

- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Берілген есептерді (тиісті сандар 3, 5, 1, 2, 2, 4, 6, 9) шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру; ауызша есептер шығару; 0-ден 10-ға дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру.



III.Жаңа сабақ.

1. Түсіндіру. Тақтаға 6 + 4 жазып қою – Балалар бұл не?

- Қосынды, Өрнек. 6 қосу 4 т.с.с

- Дұрыс, дегенмен бұл өрнек, және әр түрлі өрнектер бар. ( 10 – 7 айырмасын талдау)

а + 4 5 + 4 өрнектерін салыстыру. Екеуіде өрнек, екеуіндеде сан бар, айырмашылығы біреуінде әріп бар (а), ал екіншісінде әріп жоқ. Демек, өрнекте әріп болса – ол әріпті өрнек, ал әріп болмай тек сандар болса – санды өрнек деп аталады.

2. Оқулықпен жұмыс.

№1 Тапсырмаларда 6 + 4 10 – 7 - Бұлар – санды өрнектер.

№2 тапсырмада а + 4, 4 + а, а – 4, 4 – а - Бұлар - әріпті өрнектер.

3. Сергіту жаттығулары.

№3 тапсырмада алдымен әріпті өрнектерді, содан соң санды өрнектерді атату.

4 – а 7 – а 8 – а а – 4 а + 4

9 – 4 5 + 4 9 – 6 3 + 7 2 – 2

№4 Алма – 6 Алма ағашы – 6

Отырғызды – 2 алма Отырғызлды – 2

Шешуі: 6 – 2 = 4 Шешуі: 6 + 2 = 8

Жауабы: 4 алма ағашы артық Шешуі: 8 алма ағашы

4. Сергіту жаттығулары.

5. Дәптермен жұмыс №3,4, тапсырмаларды дәптерлеріне орындату.

6. Шығармашылық тапсырма. Тиісті жемісті тауып жеуге көмектесу.

3 + 1 = 4 5 + 5 = 10 9 – 0 = 9 4 + 2 = 6 9 – 6 = 3 2 + 3 = 5



IV.Қорытынды.

  • Қандай өрнектер білеміз?

  • Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы неде?Не білдік? – Не үйрендік?

Бағалау. Жұлдызшалар тарату, мадақтау, мақтау.

V.Үйге тапсырма:бір бағанға санды өрнек,бір бағанға әріпті өрнектер жазып келу

5-еуден
Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

100-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау Өздік жұмыс №7

Сабақтың мақсаты:



    1. Оқушылардың білім деңгейін анықтау, тиянақтау. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

    2. Есте сақтау, ойлау, логикалық қабілеттерін, зейінін дамыту. Өздік жұмысты дамыту.

    3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, алған білімін қолдана алуға баулу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, есептеу.

Сабақтың түрі: Пысықтау
Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару;

- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын еске түсіру, пысықтау. 1-10 сандарын еске түсіру, құрамын анықтау, қосу, азайтуды, өрнек, теңдік, теңсіздік, кесінділерді еске түсіру, қайталау.

III.Білімдерін жетілдіру.

Түсіндіру, өткен тақырыптарға байланысты тапсырмалар ретін орындату.


Бақылау жұмысы.
I – нұсқа II – нұсқа

№1 Оқы. Есепті шығар.

Ағашқа 6 торғай және одан 2 – еуі Ағашқа 6 торғай және 4 кептер қонып

Кем кептер қонып отыр. Кептер отыр. Кептерлердің торғайлардан

нешеу? нешеуі кем?
Торғай – 6 Торғай – 6

Кептер -? 2 – еуі кем. Кептер – 4 -? Кем.

Шешуі: 6 – 2 = 4 Шешуі: 6 – 4 = 2

Жауабы: 4 кептер. Жауабы: 2 – еуі кем


№2 Өрнектерді салыстыр

4 + 4 * 9 – 1 8 – 3 * 7 + 2

10 – 5 *4 + 3 9 + 1*9 – 1

6+2*10 10*7+3


№3. Мәні 8 – ге тең болатын №3 Мәні 9 – ға тең болатын қосынды-

қосындыларды жаз. ларды жаз

4 + 4=8 7 + 1 =8 4 + 5= 9 8 + 1= 9

5 + 3 =8 0 + 8= 8 6 + 3 =9 9 + 0= 9

6 + 2 =8 3 + 5 =8 7 + 2=9 5 + 4= 9

V.Үйге тапсырма беру.

Өтілген тақырыптарды қайталау, есептер шығару.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

101-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау 151-бет

Сабақтың мақсаты: әріпті өрнек және оның мәнін табу туралы түсініктерді қалыптастыру.Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік:          Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

1Тақырып бойынша түсінік беру.

2.Оқулықпен жұмыс

1 мысал Азайғышы 3 болатын айырмаларды жазып,мәндерін табу.

3-2=1 3-1=2 3-0=3

2 мысал

3=а:             а=3,а=2, а=4

3-3=0


3-2=1

3-4 болуы мүмкін емес

Сергіту сәті. Оқушылар қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.

Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду

3 есеп

Келді-10 аң

Емдеді-4 аң

Тағы емдеу керек-6 аң

Шешуі: 10-4=6 Жауабы: тағы емделу керек 6 аң.



ІҮ.Сабақты қорыту.

Логикалық тапсырмалар беріледі.

  • Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша?

  • Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны 4-ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2-уі артық болса, онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?

  • Футбол ойнағанда бөтен қақпаға Пернебек 7 гол соқты.Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Пернебек ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме?

  • Дәу тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрды. Бір күні ол жоғарғы қабатта тұрғысы келді де, үйді аударып қойды. Енді дәудің пәтері қай қабатта?

Не үйреніп , не білдік?



Ү.Үйге тапсырма: №4 151-бет

ҮІ.Бағалау.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

102-сабақ

Тақырыбы: Әріпті және санды өрнек. Қайталау.

Мақсаты:


  1. Оқушылардың әріпті және санды өрнек туралы алған білімдерін тиянақтау, есепті өз беттерімен шығаруға машықтандыру;

  2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  3. Құстарға қамқор болуға, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу;

Көрнекіліктер:

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Компоненттерді ата

  • 10 санының құрамы

  1. Жаңа сабақ

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Көктемнің ерекшелігі

  • Олай болса бүгінгі сабаққа жыл құстары сендерге арнап тапсырмалар әкеліпті.

  • Орындайсыз ба?

  • Қазақстанда 600-ге жуық құстар бар.

1-тапсырма: «Ұзақ» Ұзақтың келгені көктемнің белгісі

Азайтқышы 8 болатын айырма жаз, мәнін тап.

10-8= 9-8= 8-8=

2-тапсырма: - менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, жұрттың бәрі ағайыным «көп болып көмектесіп, ұя салып берер» - деп келіспейді.



  • Қай ертегі?

  • Бұл ертегіден көкекті қандай құс деп сипаттаған?

Көкек туралы айту.

а – 8 а=8,9,10 а=7 болуы мүмкін бе?

а – 8 қандай өрнек?

3-тапсырма: Жұмбақ жасыру.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)

Оқулықпен жұмыс:

3 – тапсырма Қыздар – 2

Қыздар – ? Ұлдар – 8

Ұлдар – 8 Барлық бала - ?

Барлық бала - ? Шешуі: 8 + 2 = 10

Есеп емес Жауабы: 10 бала қатысады.

Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты» ойыны

4-тапсырма. «Қарлығаш»



  • Мына құс туралы не білесіңдер?

  • Қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?

Аңыз айту. «Төле бидің жұртта қалуы»

«Қызықты шаршылар» 9,6



  1. Қорытындылау

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  1. Үйге тапсырма. 152 бет №4 есеп, логикалық тапсырма (жасыл қоршау)

  1. Бағалау.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

103-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау 153-бет

Сабақтың мақсаты:


    1. Оқушылардың әріпті өрнек жайлы білімдерін жетілдіру. Әріпті өрнектің мәнін табу жолдарымен таныстыру. Білім қорларын молайту.

    2. Таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Танымдық қабілетін арттыру.

    3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ



Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.
Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару;

- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».



II.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Азайту амалының қандай компоненттерін білесіңдер?

  • Айырманың (жазылған) азайғышы қайсы?

  • Әріпті өрнек дегеніміз не?т.б.

III.Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс

1



  • Санды өрнектерді бір бағанға,ал әріпті өрнектерді бір бағанға жазу. Қосындыларды бір бағанға,ал айырмаларды екінші бағанға жазу.

№2 Есептің шартын құрып,шығару

Абай ауылы-4 уй ? үй кем?

Жамбыл ауылы-5 үй

Ш: 5-4=1 Жауабы: Абай ауылынан 1 үй кем тігілді

№3 Берілген есепке кері есеп құрастыру.

1 ауыл – 5 1 ауыл – 5

2 ауыл – ? 2 кем 2 ауыл – 3 ?

Шешуі: 5 – 2 = 3 Шешуі: 5 + 3 = 8

Жауабы: 2 ауыл 3 саба қ. Жауабы: 8

ІҮ. Сабақты пысықтау

1. табақта 10 өрік бар. Айдос 2 өрікті жеді. Қанша қалды?


2. Бақшада 7 раушангүл мен 3 түймедағы өсіп тұр. Барлығы неше гүл өсіп тұр?
3. Сыныпта 4 шкаф, ал одан 2 - уі кем терезе бар. Сыныпта неше терезе бар?
4. Үстіңгі сөреде 5 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап?
5. Қорада бірнеше күрек болды. 2 күректі алғанда 5 күрек қалды. Қорада неше күрек болып еді?
6. Данашта 3 қарындаш болды. Толқын Данашқа 2 қарындаш берді, Айгүл 3 қарындаш берді. Данашта неше қарындаш болды?
Ү. Үйге тапсырма: №4 153-бет

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

104-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың білім деңгейін анықтау. Бақылау жұмысы №8

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушылардың білім деңгейін анықтау, тиянақтау. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

  2. Есте сақтау, ойлау, логикалық қабілеттерін, зейінін дамыту. Өздік жұмысты дамыту.

  3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, алған білімін қолдана алуға баулу.


Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, есептеу.

Сабақтың түрі: Пысықтау

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару;

- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын еске түсіру, пысықтау. 1-10 сандарын еске түсіру, құрамын анықтау, қосу, азайтуды, өрнек, теңдік, теңсіздік, кесінділерді еске түсіру, қайталау.



III.Білімдерін жетілдіру.

Түсіндіру, өткен тақырыптарға байланысты тапсырмалар ретін орындату.



Бақылау жұмысы.

І нұсқа

    1. Амалдарды орында:

2+2 3+1 7+2 6+1

4+2 5+4 5+3 4+6




    1. Салыстыр (<,>,=)

2+4 * 8 -3 8-4 * 6- 5

4+3*9-4 6-1*8-2





    1. Бір бағанға тура теңдікті, екінші бағанға тура емес теңсіздікті теріп жаз:

0>3 10>8 7<9 0>5 10>3 6<8

3+1=4 10>6 7<9 3+2=6 9>5 8<9




    1. Өрнек түрінде жаз және оны шығар:

а мен 2 санының қосындысын жаз.

жаз. а=5, а=2, а=7




    1. Кесінді сыз:

Ұзындығы 3 см, 4 см, 5 см.


ІІ нұсқа

    1. Амалдарды орында:

    1. 6-4 8-3 6-2

    1. 10-8 9-4 10-3




    1. Салыстыр (<,>,=)

8-3 * 2+4 0+3*8-4

9-2*1+5 0+4*9-0




    1. Бір бағанға тура теңдікті, екінші бағанға тура емес теңсіздікті теріп жаз:

2+3=5 8>10 4<5 3+3=6 7>9 5<6

8<10 5-4=1 6-3=2 8<9 6-4=2 8-7=2




    1. Өрнек түрінде жаз және оны шығар:

а мен 3 санының айырмасын жаз.

а=5,а=8, а=6


    1. Кесінді сыз:

Ұзындығы 6 см, 2 см, 7 см.



V.Үйге тапсырма беру. Өтілген тақырыптарды қайталау, есептер шығару.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

105-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а + 2, а – 2.

Сабақтың мақсаты:


  1. Өрнек оның түрлері жайлы оқушылардың білімдерін пысықтау. Сәйкес іс-әрекеттерді орындауға оқушыларды машықтандыру. а+2, а–2 өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру. 2-ні қосу және азайту кестесін қайталау.

  2. Таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Танымдық қабілетін арттыру.

  3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару;

- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».

II.Үй тапсырмасын тексеру.


  • Азайту амалының қандай компненттерін білесіңдер?

  • Айырманың (жазылған) азайғышы қайсы?

  • Әріпті өрнек дегеніміз не?т.б.

III.Жаңа сабақ.

1.Түсіндіру. № 1 тапсырма 2 – ні қосу және азайту кестесін ауызша қайталау.



а

0

1

2

3

4

5

6

7

8

а + 2

2

3

?

?

?

?

?

?

?




а

10

9

8

7

6

5

4

3

2

а – 2

8

7

?

?

?

?

?

?

?

2. Оқулықпен жұмыс.

0+2=2 1+2= 3 2+2=4 3+2=5 4+2=6 5+2=7 6+2=8 7+2=9 8+2 =10

10–2=8 9–2=7 8–2=6 7–2=5 6–2=4 5–2=3 4–2=2 3–2=1 2–2=0

2 – тапсырма

Сапта – 10 Сапта – 10

Алдыға – 5-ші оқушы Алдыға – 6-шы оқушы 9 = 9

Шешуі: 10 – 1 = 9 Шешуі: 10 – 1 = 9

Жауабы: 9 оқушы қалды Жауабы: 9 оқушы қалды

3 Сергіту жаттығулары 4. «Кел ойнайық! » сатымен жоғарыға дейін көтеріл.

9 + 1

6 + 2 8 – 3



5 +5 5 – 4

2 + 4 10 – 3

1+3 7-7

5. Шығармашылық тапсырма Жауабы: 1) төртбұрыш, 2) төрт, 3)тоғыз, 4) он, 5) артық.

IV.Қорытынды.

V.Бағалау. Жұлдызшалар тарату, мадақтау, мақтау.

VI..Үйге тапсырма беру. Сандар қатарын жазып жаттығу.№3есеп. 154- бет.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

106-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а + 3, а – 3.

Сабақтың мақсаты:

1.Өрнек оның түрлері жайлы оқушылардың білімдерін пысықтау. Сәйкес іс-әрекеттерді орындауға оқушыларды машықтандыру. а+3, а–3 өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру. 3-ті қосу және азайту кестесін қайталау.

2.Таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Танымдық қабілетін арттыру.

3.Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Амандасу, түгендеу; - Сабаққа назарларын аудару;- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».

II.Үй тапсырмасын тексеру.



  • Азайту амалының қандай компненттерін білесіңдер?

  • Айырманың (жазылған) азайғышы қайсы?

  • Әріпті өрнек дегеніміз не?т.б.

III.Жаңа сабақ.

1.Түсіндіру. № 1 тапсырма 3 –ті қосу және азайту кестесін ауызша қайталау.



а

0

1

2

3

4

5

6

7

а + 3

3

4

?

?

?

?

?

?




а

10

9

8

7

6

5

4

3

а – 3

7

6

?

?

?

?

?

?

2. Оқулықпен жұмыс.

0+3=3 1+3= 4 2+3=5 3+3=6 4+3=7 5+3=8 6+3=9 7+3=10

10–3=7 9–3=6 8–3=5 7–3=4 6–3=3 5–3=2 4–3=1 3–3=0

2 – тапсырма

Шарты: Ұл - 3
Қыз – 4
Сұрағы: оқушылар қаншаға кеміді?
Шешуі: 3 + 4 - 7
Жауабы. оқушылар 7 – ге кеміді.

Шарты: Ұл – 3
Қыз – 4
Сұрағы: Неше оқушы шығып кетті?
Шешуі. 3 + 4 - 7
Жауабы. 7 оқушы шығып кетті.

3 Сергіту жаттығулары

4. Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша сандар қатарын жазып жаттығу.

а) Жоғарғы тапсырмалардың қысқаша жазылуын талдау, және есептің жауабын жазу.

ә) 2,3,4-тапсырмаларды нұсқауға сәйкес орындату.

3-тапсырма 5 3 1 =1 5–2–1=1 4 1 2 =3 4+1–2=3

1 6 3 =4 1+6–3=4 1 4 2 =7 1+4+2=7
5. Шығармашылық тапсырма Жауабы: Аружан аптасына 4 күн үйірмеге қатысады. (Дүйсенбі, сәрсенбі-2, бейсенбі, жұма).

IV.Қорытынды.

«Балалар әлемі» ойыны арқылы алған білімдерін тексеру, бекіту.

- Бүгін сабақта не істедік?

- Сабақ сендерге несімен ұнады? т.б.

V.Бағалау. Жұлдызшалар тарату, мадақтау, мақтау.

VI..Үйге тапсырма беру.

Сандар қатарын жазып жаттығу.№4 есеп. 156- бет.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

107-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Өрнектер а + 4, а – 4».

Сабақтың мақсаты:



  1. Өрнек оның түрлері жайлы оқушылардың білімдерін пысықтау. Сәйкес іс-әрекеттерді орындауға оқушыларды машықтандыру. а+4, а–4 өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру. 4-ті қосу және азайту кестесін қайталау.

  2. Таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Танымдық қабілетін арттыру.

  3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару;

- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».

II.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 4 тапсырма. 3 саны мен а-ның айырмасын жазып, өрнектің мәнін тауып келгендерін тексеру. а = 3; а = 0 3 – 3 = 0 3 – 0 = 3

III.Жаңа сабақ.

1.Түсіндіру. № 1 тапсырма 4 – ті қосу және азайту кестесін ауызша қайталау.



а

0

1

2

3

4

5

6

а + 4

4

5

?

?

?

?

?




а

10

9

8

7

6

5

4

а – 4

6

5

?

?

?

?

?

2. Оқулықпен жұмыс.

0+4=4 1+4= 5 2+4=6 3+4=7 4+4=8 5+4=9 6+4=10

10–4=6 9–4=5 8–4=4 7–4=3 6–4=2 5–4=1 4–4=0

2 – тапсырма «Кел, ойнайық!» Қалқанқұлақтың қатесін табу.

4+3=6 (7)

7–2=5


3+3=8 (6)




8–5=3

9+1=10


6–5=2 (1)




4+4=8

5–3=2


7+3=9 (10)

3 Сергіту жаттығулары

4. Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша сандар қатарын жазып жаттығу.

а) Жоғарғы тапсырмалардың қысқаша жазылуын талдау, және есептің жауабын жазу.

ә) 2,3,4-тапсырмаларды нұсқауға сәйкес орындату.

3-тапсырма Ұл – 4 Шешуі: 2 + 4 = 6

Қыз–2 Жауабы: 6 оқушыға артты.


5. Шығармашылық тапсырма Ұлуға үйіне жетуге көмектесу. 6 + 4 = 10 10 – 2 = 8

8 + 1 = 9 9 – 4 = 5 5 + 5 = 10 10 – 2 = 8 8 + 1 = 9

IV.Қорытынды.

«Көбелектерді құтқару» ойыны арқылы алған білімдерін тексеру, бекіту.

V.Бағалау. Жұлдызшалар тарату, мадақтау, мақтау.

VI..Үйге тапсырма беру. Сандар қатарын жазып жаттығу.№4 есеп. 157- бет.


Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

108-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а + 5, а – 5.

Сабақтың мақсаты:



  1. Өрнек оның түрлері жайлы оқушылардың білімдерін пысықтау. Сәйкес іс-әрекеттерді орындауға оқушыларды машықтандыру. а+5, а–5 өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру. 5-ті қосу және азайту кестесін қайталау.

  2. Таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Танымдық қабілетін арттыру.

  3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару;

- Тренинг өткізу «Жылулық сыйлау».

II.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 4 тапсырма. 4 саны мен а-ның айырмасын жазып, өрнектің мәнін тауып келгендерін тексеру. а = 4; а = 0 4 – 4 = 0 4 – 0 = 4

III.Жаңа сабақ.

1.Түсіндіру. № 1 тапсырма 5 – ті қосу және азайту кестесін ауызша қайталау.



а

0

1

2

3

4

5

а + 5

5

6

?

?

?

?




а

10

9

8

7

6

5

а – 5

5

4

?

?

?

?

2. Оқулықпен жұмыс.

0+5=5 1+5= 6 2+5=7 3+5=8 4+5=9 5+5=10

10–5=5 9–5=4 8–5=3 7–5=2 6–5=1 5–5=0

3 Сергіту жаттығулары

4. Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша сандар қатарын жазып жаттығу.

а) Жоғарғы тапсырмалардың қысқаша жазылуын талдау, және есептің жауабын жазу.

ә) 2,3,4-тапсырмаларды нұсқауға сәйкес орындату.

2-тапсырма Дайындады – 8 қ. Дайындады – 8 қ.

Берді –? Берді –?

Қалды – 2 артық Жетпеді – 2 қ.

Шешуі: 8 – 2 = 6 Шешуі: 8 + 2 = 10

Жауабы: тігіншілер 6 Жауабы: тігіншілер 10.

3 – тапсырма «Кел, ойнайық!» Қалқанқұлақтың жасырған сөзін тап.



2 + 2 + 4 =  І

9 – 4 + 5 =  А

8 + 1 – 7 =  К


10 – 5 + 4 =  Т

4 – 2 + 5 =  П



2

8

9

10

7

К

І

Т

А

П




5. Шығармашылық тапсырма 3 қызыл нүктесі бар жарты шар.

IV.Қорытынды.V.Бағалау. Жұлдызшалар тарату, мадақтау, мақтау.

VI..Үйге тапсырма беру. Сандар қатарын жазып жаттығу.№4 есеп. 159- бет.

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

109-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а+6, а-6.

Сабақтың мақсаты: 1.  Әріпті өрнектің мәнін табуға үйрету. 2. Ұқыптылыққа баулу.

  1. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 6 саны мен цифры 

Оқыту әдісі:  түсіндіру, көрсету.

Сабақтың түрі: пысықтау

                            Сабақтың мазмұны.

І.Ұйымдастыру.  Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімді тиянақтау, пысықтау.

1 Кестелерді толтырту.



а

0

1

2

3

4

а+6
















 

а

10

9

8

7

6

а-6
















 

№ 2  Салыстыру.

5+5 *7-1             7-2 * 3+4            10-6 * 2+3

6+2 *7+1            4+4 * 9-5            9-9 * 5+0

№ 3 Есепті салыстыр.

Дайындады-6 б                              Дайындады-6 б

Берді-? 2-уі жетпей қалды                   Берді-? 2 артық қалды.

Зергерлер-?                                            Зергерлер -?



 ІҮ. Оқушылардың білімін тексеру.

  • Төлегеннің бірнеше 2 және 5 теңгелік тиындары бар.7 теңге тұратын дәптерді қалай сатып ала алады?

  • Игілік пен Айнұр алдынан санағанда үшінші, ал артынан санағанда екінші партада отырады. Бір қатарда неше парта бар?

  • Үш бала өзеннің сол жағында тұр, олар оң жағалауға шығу керек. Қайыққа екі бала ғана сияды. Балалар оң жағаға қалай шығады?

  • Серік, Марат және Дамир бір-біріне фотоларын сыйлады. Оларға неше фото қажет болды?

  • Шарик, Матроскин және Мурка үшеуі қазір 6 жаста. Бір жылдан кейін олар неше жаста болады?

  • Қамар, Ғалия және Орынша үш қыздың әрқайсысы аю, қоян, пілдерін ойнап тықты.Қамар қоянды тыққан жоқ. Орынша қоянды да, аюды да тыққан жоқ. Кім қандай ойыншықты тықты?

Ү. Сабақты қорытындылау.Біз не істеуді үйрендік?

Ү. Үйге тапсырма: №4 161-бет


№ 4 Әріпті өрнектің айырмасын тап.

                   6-а    а=6   а=0

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

110-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а + 7, а – 7.

Сабақтың мақсаты:


  1. Өрнек оның түрлері жайлы оқушылардың білімдерін пысықтау. Сәйкес іс-әрекеттерді орындауға оқушыларды машықтандыру. а+7, а–7 өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру. 7 – ні қосу және азайту кестесін қайталау.

  2. Таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Танымдық қабілетін арттыру.

  3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет