Сабақтың тақырыбы:Ішкі энергия және энтальпия. Практикалық жұмыс №1 «Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау»



бет2/4
Дата17.11.2023
өлшемі295,04 Kb.
#191668
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ішкі энергия және энтальпия
Бейорганикалық химия, 1553959345, Тал ылау Та ырыбы «Билік саяси феномен ретінде», Тал ылау Та ырыбы «Билік саяси феномен ретінде», 1553959345, Дене шынықтыру, А паратты ауіпсіздік ж не а паратты ор ау, Биология11

Энтальпия

Энтальпия ΔH – реакция ашық ыдыста, яғни тұрақты қысымда жүретін жағдайда өлшенген реакцияның жылу эффектісі. Энтальпия «жылу ұстағыш» деп те аталады.

Реакцияның стандартты молярлық энтальпиясы реакцияның моліне шаққанда стандартты жағдайдағы энтальпия өзгерісін көрсетеді. Стандартты жағдайлар ретінде температура 298 К және қысым 1 атм қабылданады. Осы жағдайларда реагенттер мен реакция өнімдерінің әрқайсысы өзінің стандартты (қалыпты) физикалық күйінде болады деп саналады. Мысалы, оттегінің стандартты физикалық күйі – газ күйі, ал судың стандартты физикалық күйі – сұйық күйі.

Энтальпияның өлшем бірлігі кДж.

https://cdn1-kt-vdc.bilimland.kz/upload/online_mektep/lesson/cfa42705835924f5d3ef40ca879e044e/1.mp4

Жылу эффектісі

Әр затта белгілі бір мөлшерде энергия қоры болады. Біз заттардың осы қасиетін тамақтану кезінде кездестіреміз, өйткені тағам ағзамызға тамақ құрамындағы әртүрлі химиялық қосылыстардың энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл энергия адам ағзасында қозғалысқа, жұмысқа айналады, сонымен қатар дене температурасын тұрақты ұстап тұруға жұмсалады.

Химиялық қосылыстардың энергиясы, әдетте, химиялық байланыстарда шоғырланған. Екі атом арасындағы байланысты бұзу үшін энергияны жұмсау керек, сәйкесінше, химиялық байланыс түзілген кезде энергия бөлініп шығады. Сонымен, кез келген химиялық реакция энергияның бөлінуімен немесе сіңірілуімен жүреді. Бұл энергия көбіне жылу түрінде бөлінеді немесе сіңіріледі. Бұл жылуды өлшеуге болады, ол бір моль реагент үшін немесе реакция өнімінің молі үшін килоджоульмен (кДж) өрнектеледі. Мұндай энергия жылу эффектісі деп аталады. Реагенттер мен өнімдермен бірге реакцияның жылу эффектісі де жазылатын химиялық реакциялардың теңдеулері термохимиялық теңдеулер деп аталады.

Тура реакцияның жылу эффектісі әрқашан таңбасы қарама-қарсы кері реакцияның жылу эффектісіне тең.

Реакцияның жылу эффектісі тек заттардың бастапқы және соңғы күйіне тәуелді және процестің аралық кезеңдеріне тәуелді емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет