Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауа



бет1/2
Дата18.12.2021
өлшемі56,94 Kb.
#102941
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
0006a602-5789c82e
11 БЖБ 2 тоқ, Генетикалық рекомбинация- Мамытова

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан машина жасауының салалық құрылымы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның машина жасау кешені, салалары, орналасу принциптері, мамандану мен кооперативтендіру, кешенді сала екендігі жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап, Топтастыру.                    

Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау. Тақырыбы: Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары

Тест:

1.Өнеркәсіп  өнімдері  арасындағы  машина  жасау  кешені  өнімдерінің  үлесі:

А) 1%     Ә)50%    Б) 40%    В)4%     Г)60%

2. Қорғасын  зауыттарының  азаматтық  өнімдер  шығаруға  түрленуі:

А)прогресс      Ә)депрессия   Б)конверсия   В)мамандану    Г)кооперация

3. Өнім  түрлеріне  мамандану:

А)технологиялық  мамандану        Ә)бөлшектік  мамандану

Б)жүйелік  мамандану     В)қызметтік  мамандану Г)бұйымдық  мамандану 

4. Егер  зауыт  жылдамдықты  өлшегіш  құрал  шығарса, бұл  қандай  мамандануға  жатады? А)технологиялық  мамандану        Ә)бөлшектік  мамандану

Б)жүйелік  мамандану     В)қызметтік  мамандану   Г)бұйымдық  мамандану 

5. Машина  жасаудағы  технологиялық  процестің  бірінші  кезеңі:

А)құрастыру    Ә)дайындау    Б)өңдеу     В)бояу       Г)сынақтан  өткізу

ЖАҢА САБАҚ

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.

Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:

1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару);

2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу);

3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).



Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет