Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 90 минут Сабақтың мақсаты


Оқушылардың білімін бағалау (5 мин)



бет7/11
Дата16.01.2022
өлшемі107 Kb.
#112306
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
00061e18-02ab5c0e
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ 2016, Документ (1)
4. Оқушылардың білімін бағалау (5 мин):

Сабақты бағалау параметрлері




бағалау параметрлері

Аты, жөні.

Оқушы пән портфолиясы

СӨЖ ды қорғауы

Картамен жұмыс

Атласты анализ жасау

тест

Тірек сызбаны толтыру

үлестірмесұрақтаржауабы

Мәтінмен жұмыс

Интернет материал дары

бағасы






































5. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (30 мин):
Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда.

1. Дүниежүзілік халықаралық қатынастар

2. Дүниежүзілік сауда.

3. Экономикасы ашық елдер.

4. Халықаралық несие- қаржы қатынастары.

5. Дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлері .



Дүниежүзілік халықаралық қатынастар

Сыртқы экономикалық байланыс барлық елдерде бiрнеше функцияны қатар атқарады: ол ұлттық және дүниежүзiлік экономикалық дамудың деңгейін теңестiруге әсер етедi, ұлттық және дүниежүзiлік өндірiс шығындарын салыстыруға мүмкіндiк бередi, халықаралық еңбек бөлінісiнің артықшылықтарын iске асыратын және соның негiзiнде ұлттық экономиканың тиiмдiлігiнің артуына ықпал етедi (2 -сызбанұсқа).


Тауарды сыртқа шығарып сату



Халықаралық мамандану және өндірістерді шоғырландыру





Халықаралық экономикалық байланыстардың формалары





Саудамен қызмет көрсету





Қаржылық


қатынастар

Ғылыми-техникалық

білімдермен сауда

жасау

Туризм

Еңбек ресурс-

тарының

көші-қоны

2 –сызбанұсқа. Халықаралық сауда құрамы
Халықаралық географиялық еңбек бөлінiсi. Еңбек бөлінiсi коғамның даму процесiнде кызметтің сапалық саралануынан туындайды. Еңбек бөлінісiнің түрлерi көп. Оның ең қарапайымы — ерлер мен әйелдердің, бала мен қарт адамның арасындағы бөлінiс түрі. Кейiннен ол коғамдағы өндiргiш күштердің дамуына қарай коғамдық еңбек бөлінiсiне ұласады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісi капитализмнің мануфактуралы кезеңiнде (ХVII—ХVIII ғғ.) пайда болды. Өндiрiстiк революцияға дейін (ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бiрiншi жартысы) еңбек бөлінісі жеке елдердің табиғи-климаттық географиялық жағдайына, шикiзат қорлары мен знергия көздерiнің айырмашылықтарына, т.б. табиғат факторларына негiзделдi.

Кезiнде КСРО-ның экономикалық және әлеуметтiк географиясының негiзiн қалаған академик Н.Н. Баранский (1881—1963) халықаралық географиялық еңбек бөлінісiн анықтаған. Н. Н. Баранский өмiрiнiң бiр кезеңiн (1941—1943) Алматыда өткiзiп, ҚазПИ-де (қазiргi Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетiнде) дәрiс бердi. ҚазКСР ҒА-ның География секторын басқарды. Халықаралық мамандану. Өнімнің жеке түрлерiн немесе оның және бөліктерін шығаруды дербес елдерде немесе кәсіпорындарда шоғырландыруды халықаралық мамандану деп атайды. Мамандандыру үшін белгiлі бiр жағдай қалыптасу керек. Бiрiншіден, халықаралық географияның еңбек бөлінісiне қатысатын елдің басқа елдерге қарағанда қандай да бiр өнiмдi өндiруде басым ерекшеліктерi мен жағдайлары болуы шарт (табиғат ресурстарыпң бiр түрінің бай қоры, т.б.), екiншіден, осы өнiмдерге деген сұраныстың да болуы шарт, үшiншіден, өнiмдi өндiрген елден басқа жерге тасымалдау тиiмдi болуы кажет. Мысалы, Жапония автомобиль жасау жөнiнен дүниежүзiнде бiрінші орын алады. Елде шығарылатын автомобильдердің шамамен алғанда жартысын ол баска елдерге экспортка жiбередi. Автомобиль өнеркәсiбi оның халықаралық маманданған саласына жатады. Немесе Канада дәндi дақылдар өнiмiн алудан дүниежүзiнде бiрiншi, ал экспортқа шығару жөнiнен екiншi орынды алады. Астық шаруашылығъi — оның халықаралық маманданған саласы.Халықаралық еңбек бөлінісiнде мемлекеттің маманданған саласының маңызы зор. Елдің мамандану саласының түрлерi де шешушi рөл атқарады. Маманданған тауарлардың саны аз болса, ол дуниежүзiлік рыноктағы бағаға тәуелдi болады және тауар құны өзгерiп отырса, ел экономикасына әжептеуiр әсерiн тигiзедi. Басқаша айтқанда, мұндай елдердi мономәдениеттi мамандану елдерi дейдi.

Халықаралық экономикалық байланыстардың дестұрш және ең дамыған түрі — халыиаралық сауда. Халықаралық экономикалық байланыстардың 80%-ы сауданың үлесiне тиесілi.

Әрбiр ел үшін сыртқы сауданың рөлі жоғары (2-сызбанұсқа). Әйгiлі экономист Д.Сакс бүлай деген: “Әлемдегi әрбір елдің экономикалық табысы сыртқы саудасына байланысты. Қандай да болмасын бiр ел Дүниежүзiлік экономикалық жүйеден бөлектенiп, күштi экономика құра алмайды”.

Халықаралық сауда — дүниежүзiлік шаруашылықтың ең ескi бөлігi. Ол ҒТР дәуiрінде дамудың бiр ғана сатысын бастан кешуде. Өндірiске қарағанда сауда жылдам өседi. Дүниежүзiлік өндірiстің 10% өсiмiне дүниежүзілік сауданың 16%- ға артуы сәйкес келедi. Өндірістің дамуына қолайлы жағдай туады.

Халықаралық сауданың географиялық таралуы өте әркелкi. Оның бүкіл айналымының 70%-дан астамы Батыстың экономикасы дамыған елдеріне, оның iшінде 50%-ға жуығы Батыс Еуропаның үлесіне тиедi. Бұл елдердің көпшiлігi сыртқа қымбат дайын бұйымдар шығарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет