Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 90 минут Сабақтың мақсаты


Дүниежүзiлік несие рыногі



бет10/11
Дата16.01.2022
өлшемі107 Kb.
#112306
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
00061e18-02ab5c0e
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ 2016, Документ (1)
Дүниежүзiлік несие рыногі деп елдер арасындағы бiрiне-бiрi әртүрлі несие берудi айтады.

Несие беруде халықаралық рынокта шетелдiк валютаның басымдылығы байқалады. Қарызға алынған заттардың басым көпшiлігi америкалық доллармен, жапондық йенамен, ағылшындық фунт стерлингпен және Еуропа Одағының еуросымен берiледi. Соңғы жылдары дүниежүзiлік валюта рыногында АҚШтың доллары өз позициясынан айырылуда.



Халықаралық туризм — Дүниежүзiлік экономиканың маңызды саласы. Халықаралық туризм халықаралық еңбек бөлінiсi формаларының қарқынды дамып келе жатқан түрлерiнің бiрi. Ол дүниежүзiлік экономиканың маңызды буындарының бiрiне жатады. Туризм үлесiне дүниежүзiлік жалпы iшкi өнiмнің 1/10-i тиесілі. Одан жылына З трлн-нан астам табыс түседi. Кариб алабындағы елдердің ұлттық экономикасының 1/3-iн, Испания экономикасының 1/5-iн осы туризмнен түскен табыс құрайды. Дүниежүзiндегi еңбекке тартылған адамдардың 1/10-i туризм саласында еңбек етедi.

Дүниежүзiнде туристiк аймақтардың бiрнеше түрі қалыптасқан. Олар: Жерорта теңiзi жағалауындағы шипажайлар, Калифорния, Флорида түбектерi, Мексиканың теңiз жағалауы (Акапулько шипажайы, т.б.), Бразилияның оңтүстiк жағалауы (Рио-де-Жанейро өңiрi), Қызыл теңiз жағалауы (Акаба шығанағы), Таиланд, т.6. жатады (4-диаграмма).

Пiр тұтып, құлшылық ететiн, қасиеттi жерге барып тәу ететiн дiни бағыттағы туризм ислам және будда дiндерiнде басым байқалады. Дүниежүзiнде туристердi ең көп қабылдайтын елдер: Франция, АҚШ, Италия және Испания, Қытай. Шетелдiк туристердi қабылдауда дамушы елдер 4-диаграмма. Халықаралық 1/5 үлестi құрайды. Ал Францияға жылына орта

туризмнің басты аймақтарының үлесi есеппен 75 млн шетелдiк туристер келіп кетедi.

Дүние бөліктерiнде халықаралық туризм едәуiр дамығанымен туристердің басым бөлігi (56%) Еуропа елдерiне келедi. Қазақстанда Орталықтың (Мескеудің) жүргiзiп келген туризм саясаты салдарынан елімiз оқшау қалып келдi. 1990 жылға дейiн туристiк iс-әрекеттер КСРО-ның Кавказ, Қырым түбегi, Балтық теңiзi жағалауында және Орталық Азия (негiзінен, Өзбекстан) елдерi мен Ресейдің тарихи орталықтарымен шектелдi. Қазiргi кезде халықаралық туризмде туристер ежелден “тапталып” бiткен туристiк аймақтарға қарағанда жаңа жерлермен, елдермен танысқысы келетiнін бiлдiріп отыр. Осыған орай тұрақты дамып келе жатқан Қазақстан аумағы шетелдік туристердi қабылдауға толық мүмкіндiгi бар. Елімiзде оларды қызықтыратын және олардың келетiн Іле Алатауы, Солтүстiк Тяньшань, Жаркент — Талдықорған, Балқаш, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы, Жамбыл, Түркiстан, Сайрам — Шымкент, Жоғарғы Бұқтырма және Маңғыстау сияқты табиғи өңiрлер бар. Одан басқа оларды мемлекеттiк ұлттық саябақтар Іле Алатауы, Алтынемен, Ақсу-Жабағылы, Баянауыл, Қарқаралы, Бурабай, Көкшетау, Қорғалжын қызықтырады. Жоғарыда айтылған туристiк нысандарға мемлекет тұрғысыная шетел азаматтарына берiлетiн визаны алу жолдарына саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақты деген 54 мемлекетке жеңiлдiктер жасалды. Нәтижесiнде, елімiзге келетiн туристердің саны 80—100 мың емес, 150— 200 мыңға жеткiзiледi деп болжанып отыр. 4-сызбанұсқаны пайдаланып, тауарды сыртқа шығарып сату кезiнде сауда қандай қызмет көрсету түрлерiне бөлінетiнiн атап көрсетіңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет