Сабақты зерттеу жайындағы рефлексивті есеп. 2021 – 2022 оқу жылы



бет2/6
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс әрекетті зерттеу есеп
Дәріс №3, Письмо 113
Күтілетін нәтиже: Диалогтік оқытуды барысында оқуға деген қызығушылығы, ынтасы, белсенділігі арттады, жаңа сабақты өздері меңгере отырып сөйлеу дағдылары, ойларын жинақтап айту дағдылары дамиды. Зерттеу тобы мүшелері:

Зерттеу тобы мүшелеріне сабақты зерттеу туралы әңгіме өткіздім. Ары қарай топ жұмысы барысында бірінші цикл сабақтарын жоспарлау кезеңінде әр ұстазбен бірге жұмыс жасадым. Сабақты бірігіп талқылау, жоспарлау жүргізілді. Сабақтың барысындағы бақылауды жүргізуді және сабақтан кейінгі оқушылардан сұхбат алуды топ мұғалімдерімен бірге жасап отырдым. Сонымен қатар әр сабақтан кейін талқылау үұйымдастырылды, сабақ барысында орын алған жағдайлар егжей-тегжейлі талқыланып, қолданылған әдістің нәтижесі туралы пікір алмасып келесі сабақ жоспарына өзгертулер жасалды. Зерттеуге алынған әр оқушының іс-әрекетіне толық тоқталып, әр кезеңдегі жұмысы қалай болды, неліктен, оны жақсарту үшін бізне істей алатынымызды топта ақылдаса отырып шешім қабылдап отырдық. Бірінші цикл барысында 8 «А» сыныбындағы С-оқушы барлық күтілген нәтижені көрсетті, біз бұл оқушының өте жақсы деген бағаға жете алатынын көре алдық, ол үшін оқушыға сенім көрсетуді қолдандық. В-оқушы сабақ барысында күтілетін нәтижеге жете алды, диалог барысында белсенді қатыспаса да оған сөз берілгенде жауап беріп ойын жинақтап айтуға талпынысы жақсы болды. А-деңгейіндегі оқушы, яғни орыс тілді сабақта мүлдем сөйлемейтін оқушы алғашқы сабақтарда сөйлемеді. Бірақ келесі екі сабақта топ ішінде балалармен талдау барысында ой бөлісті, бұл оқушының постер жасауға, ойды жинақтап жазуға құлшынысы жақсы екенін байқадық, сонымен қатар ол өзіне тікелей сұрақ берілгенде сөйлейтінін көре алдық. Осылайша зерттеу тобымен бір циклді аяқтадық. Келесі циклды мұғалімдер ары қарай өздері жүргізді.


Келесі зерттеу сыныбы 10 «Б» сыныбы болды. Бұл сыныптағы барлық мұғалімдерге ортақ проблеманы анықтау барысында сынып оқушыларының 50 пайызындайы сабақтарда белсенділігі төмен екендігі байқалды және сабақ барысында жауап беруге тырыспайтыны керісінше тек тақтадан көшіріп отыратыны ашылды. Зерттеу тақырыбын талқылай келе оқушыларға «Өз бетімен жұмыс жасауды ұсына отырып әр оқушы жетістігін өз жетістігімен салыстыра отырып бағалау арқылы білім сапасын көтеру» деген тақырып алынды. Бұл сыныптағы зеттеу тобының мүшелері:
Сахариева Бальзам Мухтаровна, математика пәні мұғалімі;
Ибатаева Индира Айтахметовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Мамынова Гүлжан кумарбековна, Ағылшын тілі пәні мұғалімі;
Ерболат Есеп, тарих пәні мұғалімі – жас маман.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет