Сабденова у. О



бет15/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс
О противодействии коррупции, гост
Желатин золін алу
Қондырғы және реактивтер: 300 мл-лік стақандар; үшаяқ; асбест торы; тағамдық желатин.
Тәжірибе
Кесектерге кесілген 0,5 г жапырақшалы желатинді 200 мл стақанға салады да, 50 мл дистелденген су құйып, ісіну үшін 6-8 сағатқа қалдырады. Ісінгеннен кейін стақанға тағы 50 мл су қосып, ісінген желатин толық ерігенше 40-50 оС температура кезінде су моншасында қыздырады. Консервация үшін алынған желатин золіне бірнеше тамшы формальдегид қосады.


Бақылау сұрақтары



  1. Коллоидты ертінділерді алудың қандай әдістері белгілі? Олардың мәні неде?

  2. Қатты материалдарды дисперстеудің негізгі тәсілдерін көрсетіңіздер.

  3. Дисперстік жүйелерді алудың физикалық әдістері неге негізделген?

4. Тотықсыздандыру әдісі неге негізделген?
5. Какое назначение стабилизаторов в коллоидных системах?


Зертханалық жұмыс №9.
Коллоидты ертінділерді коагуляциялау

Жұмыс екі нұсқаның біреуімен орындалады:


1-нұсқа. Темір гидроксид золінің бірден коагуляция (ұю) болған түрін зерттей отырып, оң зарядты бөлшектердің ерітінділердегі электролиттердің бастапқы концентрациясы мынадай болу керек:
КСІ-4М; K2SO4-0,1M, K3[Fe(CN)6] – 1M, K4[Fe(CN)6] – 0,5M

Біріншіден темір гидроксид золін дайындау қажет. Ол үшін 100мл қайнап тұрған стакандағы суға 3-4 тамшы қаныққан FeСІ3 ерітіндісін қосамыз. Пайда болған золь Fe(OH)3 қызғыш шие түсті болуы керек.


2-нұсқа. Марганец тотығы золінің коагуляциясын (ұюын) зерттеу ретінде теріс зарядты бөлшектердің ерітінділеріндегі электролиттердің бастапқы концентрациясы мынадай болу керек.

КСІ-4М; ВаСІ2-0,02М; АІСІ3 – 0,02М.


Біріншіден марганец тотығы золін дайындау қажет. Ол үшін 5мл 1,5%- тік КМпО4 ерітіндісіне 50 мл-ге дейін су қосамыз. Еріген ерітіндіге тамшылатып 1,5-2мл 1% Na2S2O3 ерітіндісін қосуымыз керек.


Бастапқы ұю қабілетін білу үшін мұғалімнің нұсқауы бойынша әр электролитпен жеке ерітінді дайындау керек. Ол үшін бірінші пробиркаға 1мл бірінші электролиттің алғашқы ерітіндісіне 9мл дистилденген су қажет, соны қосып араластырады. Сонан соң екінші пробиркаға пипеткамен 1 мл алынған ерітіндіге 9мл тағы да су қосуымыз керек. Сөйтіп ерітінділерді дайындау жағдайын қайталай бергенмен де ерітіндінің концентрациясы 10 есе төмендей береді.
Әр электролиттермен осылай жасау керек. Таза пробиркаға 5 мл-ден электролиттерді құйып бастапқы ұю қабілетін табуымыз қажет. Пробиркадағы 5 мл электролиттің ерітіндісіне 5 мл-ден дайындалған зольімізді қосуымыз керек. 10-15 минут бақылап өзгерген пробиркадағы электролит ерітіндісінің ұю жағдайын белгілеуіміз керек.
Таблицаға пробиркадағы электролит ерітінділері концентрациясының ұю қабілетінің нәтижесін ендіреміз. Егер ұйыған болса (+), ұйымаған болса (-) белгісін жазу керек.

1 кесте


Зерттейтін электролиттер

Бастапқы ұю қабілетін табу

Белгілі ұю қабілетін табу

KCI-4М

С; С∙10-1; С∙10-2; С∙10-3
+ + - -

0,8а; 0,6а; 0,4а; 0,2а
+ + - -

K2SO4-0,1M

K3[Fe(CN)6] – 1M




Бірінші пробиркадағы электролиттердің ерітіндісі ұйыған болса онда ұю қабілетінің басталғаны, ал ұю қабілеті жоқ болғанда, онда жоғары шеті деп есептеу керек.
Мысалы, берілген таблицада «төменгі» шегі бастапқы ұю қабілеті деп есептеледі. С∙10-2 «а» жоғарғы - С∙10-3, оларды «а» деп белгілеу қажет. Сонымен «» ерітіндінің концентрациясы деп есептеп отырып белгілі ұю қабілетін табу үшін, алдымен «а» ерітіндінің концентрациясына С∙10-2 9 мл су қосамыз да және 10 мл электролиттің концентрациясы «а» С∙10-2 дейміз.
Сонан соң төрт пробиркаға пипеткамен 4,3,2,1 мл-ден «» ерітіндісіне мына ретпен 1,2,3,4 мл дистилденген суды құюымыз керек. Дайындалған ерітінділерге (5 мл-ден) және 5 мл зольді қоса отырып, коагуляция (ұю) процесін байқауымыз керек. Электролиттердің концентрациясы (С ұю) коагуляцияланған жағдайда, оны орталық концентрация қабілеті деп есептеу қажет. Өйткені олай болған болмаса, болмаған коагуляцияның нәтижесін шығару қажет.
Мысалы, біздің таблицада:



Белгілі ұю қабілетін мына түрде есептеу қажет:





V – электролиттің көлемі, см3 (5см3),


 - зольдің көлемі, (5см3),
 - ұю қабілеті, моль/л.

Есептелген белгілі ұю қабілетін барлық ерітінділерге шығару керек. Шыққан санның нәтижесін Шульц-Гарди ережесі бойынша салыстырған жөн, өйткені есептелген ұю қабілетінің төменгі белгісіне бөлу керек:



 - ұю қабілеті, моль/л.
Z – теріс иондарының заряды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет