Сабденова у. О



бет2/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс
О противодействии коррупции
Зертханалық жұмыс №1
Зертханада жұмыс жасау ережесі және қауіпсіздік техникасы
1. Улы заттармен және иісі жаман заттармен барлық тәжірибелерді лас ауа сорғыш шкафтың ішінде жасайды.
2. Ыдысқа жақын үңіліп, бөлінген газдарды иіскемеу керек. Тәжірибе жасау барысында газдың иісін байқасаңыз немесе газдың сұйықтығын көрсеңіз ақырын иіскеген ауаны кері шығарыңыз.
3. Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылын, қышқылды суға құйыңыздар.
4. Реактивтерді ыдыстарға құйғанда өзіңізді ыдысқа жақын ұстамаңыз және жақын еңкейіп қарамаңыз. Реактив бетіңізге немесе киіміңізге шашырауы мүмкін.
5. Қыздырылған сұйығы бар ыдысқа жақын еңкейіп қарамаңыз. Кейбір жағдайларда сұйық ыдыстан атқылауы мүмкін.
6. Пробирканы қыздырғанда ұстағышпен (қысқышпен) пробирканың аузын өзіңізден басқа жаққа бағыттаңыз.
7. Балқу температурасы төмен және ұшқыш заттармен жұмыс істегенде оттан қашық ұстау керек және лас ауа сорғыш шкафта жұмыс істеу керек.
8. Жанған бензинді, спиртті, эфирді өшіргенде өрт сөндіргіш құмды олардың жалынына төгіңіздер.
9. Өзіңіздің жұмыс орныңызды тәжірибеге керек емес заттармен толтырмаңыз.
10. Затты қолыңызбен ұстамаңыз және аузыңызға салмаңыз.
Химия пәнінің лабораториясында жалпы жұмыс істеу тәртібі.
Зертханалық жұмысты орындау және тіркеу тәртібі
Зертханалық жұмысты жасау алдында инструкциясымен, техникалық қауіпсіздендіру ережелерімен танысып алу керек. Жұмыс орнында тазалық сақталып, пайдаланатын құралдар реттеліп тұруы керек. Аталған тәжірибе бойынша қолданылатын реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, онда аз мөлшерде алып пайдалану керек. Барлық тәжірибелерде тек қана дистилденген сумен жұмыс істеу керек. Склянкалардың тығындарын бір-бірімен алмастырмаңыздар. Тәжірибеден артылған заттарды қайта склянкаға құймаңыздар. Құрғақ заттарды қайта ыдысына салмаңыздар (бастапқы алған ыдысқа). Этикеткасы жоқ немесе күдік туғызатын реактивтермен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады. Әрбір студент зертханалық журнал жүргізеді. Журналдың (дәптердің) сыртқы бетінде фамилиясын, атын, топ нөмірін көрсетуі керек.
Зертханалық жұмысты және журналды мына формада жүргізу керек:
1) Орындалған күні, айы жазылады;
2) Зертханалық жұмыстың аталуы және нөмірі;
3) Тәжірибенің аталуы;
4) Реакция теңдеуі, байқалғандар, құралдың сызбасы, есептеулері, кестелері, графиктері;
5) Қорытынды.
Зертханалық журналды жұмысты орындау барысында толтырады.
Жұмыстың соңында журналды оқытушы тексереді. Зертханалық сабақ аяқталысымен қолданған ыдыстарды жуып, өз жұмыс орныңызды жинастырыңыз. Көптеген зертханалық жұмыстарда міндетті түрде ең алдымен есептеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір жұмыстың негізгі бөлігі қателікті есептеу болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет