Сабденова у. О



бет6/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс
О противодействии коррупции
Зертханалық жұмыс №2
Химиялық процестердің жылу тиімділігін анықтау
1.1.Калориметр тұрақтысын (Кт)анықтау
Жұмыстың мақсаты:1.Калориметр тұрақтысын (жылу сиымдылығын) анықтау әдістерімен танысу. 2.Калий нитратын еріту арқылы калориметр тұрақтысын іс жүзінде анықтау.
Жұмысқа керекті заттар: Калориметрлік қондырғы; Бекман термометрі; секундомер.
1.2.Бекман термометрі және оны жұмысқа әзірлеу.
Термохимиялық және криометрлік өлшеулерде температура өзгерісін анықтау үшін метастатикалық Бекман термометрі (1-сурет) қолданылады. Ол
шкалаға (1) бекітілген капилиярмен (2) өзара жалғасқан төменгі (3), негізгі және жоғарғы (4)-қосымша резервуарлардан тұрады. Бекман термометрінің кәдімгі термометрден айырмашылығы оның шкаласы 5-6 ғана бөлінген. Шкаладағы әрбір бөліктің құны 0,01оС. Лупаның жәрдемімен температураны 0,002-0,003о дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Жұмыс ретінде байланысты резервуарлардағы сынап мөлшерін реттеу арқылы, капилярдағы сынап деңгейін шкаланың төменгі немесе жоғарғы бөлігінде орналастыруға болады. Егер п роцесс изотермиялы болса, онда капилярдағы сынап деңгейі шкаланың төменгі бөлігінде, ал эндотермиялық болса, жоғары бөлігінде орналасуы керек. Әрбір жұмыс ретіне байланысты Бекман термометрін капиллярдағы сынап деңгейін реттеу арқылы жұмысқа әзірлеу керек болады. Ол үшін термометрді көлбеу орналастырып төменгі резервуарды (3) қолмен қыздырады. Қызған сынап капиллярмен (2) көтеріліп, қосымша (4) резервуардағы сынаппен жалғасады. Егер қыздыруды жалғастыра түссек қосымша резервуардағы сынап мөлшері артып негізгі резервуардағы сынап мөлшері кемиді. Екі резервуардағы сынап өзара жалғасқан соң төменгі резервуарды салқындататын болсақ (салқын су ағынмен немесе мұз салынған сумен) онда сынап төменгі резервуарға жинақталады. Резервуарлардағы сынап мөлшерін бір шама реттеген соң термометрді сақтықпен сілкіп капилляр мен қосымша резервуардың түйіскен жерінен (5) сынапты үзеді де, зерттеу үшін алынған еріткішке немесе ерітіндіге батырып, тіке орналастырады. Жұмыс мақсатына байланысты капиллярдағы сынап деңгейінің шкаланың жоғарғы немесе төменгі бөлігінен орналасуын қадағалайды. Сынап деңгейі шкаладан жоғары болса, онда қыздыру арқылы сынаптың шамалы мөлшерін жоғарғы резервуарға, ал шкаладан төмен орналасса салқындату арқылы төменгі резервуарға ауыстыру керек. Шкаладағы сынап деңгейінің орналасуын реттеу едәуір қиын. Осыған байланысты көпшілік жағдайда бұл операцияны бірнеше рет қайталауға тура келеді.
Криометрлік өлшеуде Бекман термометрін басқа жолмен де жұмысқа даярлауға болады. Ол үшін термометр резвуарларындағы сынапты өзара жалғастырып, температурасы зерттелетін еріткіштің қату температурасынан 2-3ожоғарғы ортаға (мұз салынған су) батырады. Бірер минуттан соң термометрді сақтықпен сілку арқылы термометрді жұмысқа даярлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет