Сабыр Шәріпов Орындаған: Шакен Аружан ҚТӘ-312



бет4/4
Дата14.05.2022
өлшемі0,59 Mb.
#143203
1   2   3   4
Байланысты:
11 апта практика Шакен Аружан-1652408854676
Ақпараттық хат

Қорытынды

  • Сабыр Шәріпов, сонымен қатар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Ақтөбе аймағында, Торғай уезінде қалай өрістегенін тарихи шығармаларына («Тайшым Орысұлы», «Бекболат», «Өлкейек жағасында» повестері, «Қарабұтақтағы көтеріліс», «Даладағы соғыс», «Қарсаңда» әңгіме-очерктерін жазу арқылы) арқау етіп, бостандық пен теңдік жолында қазақ халқы жүргізген ұлы күрес панорамасын көркем тілмен жасаған шебер прозаик. Қорыта айтқанда, Сабыр Шәріповтің өмірі мен қызметі – күллі Қазақстанның, оның ішінде, Ақтөбе тарихының да ажырамас бір бөлігі. Сондықтан, әрбір жас ақтөбеліктің абыройлы міндеті – Сабыр ағаның күреске толы өмір-тірлігін өзіне үлгі-өнеге тұту. Алайда, кезінде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ах­метұлы Қонаев «социалистік индустрия командирі» деп аса қадірлеген Сабырдың Қазақстан ауыр өнеркәсібін, оның ішінде, мұнай саласын өркендетуге сіңірген еңбегінен бүгінгі ұрпақ бейхабар. Бұл орайда, «Қазақты кәсіби мұнайшылыққа кім үйретті?» деген сұрақ бойынша сауалнамаға қатысқан 221 ақтөбелік респенденттің 90 пайызы Батыс Қазақстан мұнайының ақтаңгер ардагерлері С.Шәріпов, Ә.Ипмағамбетов, С.Зурбаевтардың есімін айтудың орнына Лаврентьев, Авров, Новосильцев деп сол кезде «Ембімұнай»тресінің басшылары болған адамдарды атағанын айтуға болады. 

Назарларыңызға рахмет !!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет