Сахна. Жарық өшіріліген, акт зал іші ала көлеңке. Абай жазу жазып отыр. Үстелінің үстінде шам, кітап, қылқалам. Сахна сыртынан



Дата21.01.2022
өлшемі18,09 Kb.
#112778
Байланысты:
АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА
2 5384368540696446948, 2 5384368540696446948, Words 5 Lesson 00English02, АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА, Тураш Аружан аннотация, БЖБ№5 алг

АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА!

Сахна. Жарық өшіріліген, акт зал іші ала көлеңке. Абай жазу жазып отыр. Үстелінің үстінде шам, кітап, қылқалам. Сахна сыртынан:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын атандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Жамбыл Жабаев

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Қарсы келер Абайдың кім бетіне.

Ақын атын таратқан әрбір нұсқа,

Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа.

Арғын-найман сөзіне таңырқаған, -

Қандай арман бар дейсің бұл туыста!

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле қап қарасаң көңіл ұғар.

Сол теңізге сүйсініп жан үңілмей,

Есіл сабаз ызамен өткен шығар?!

Абай: ...қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек.

Алтыншы қара сөз. __________:

...Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса кеен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғанның басы осы...

Қырық бірінші қара сөз. __________:

...қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі – зор өкімет керек. Ол өкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке жұмылдыру қажет. Екінші –өкімет басындағы адам аса бай болуы керек, ол өз байлығын, ел байлығын жас ұүрпақты әділ де адал жолға аслуға, мәнді іс атқаруға жұмсауы керек.

Абай: жақсы ән мен тәтті күйдің құдіретті үні – адамға қуаныш үстінде де, қайғы кезінде де, еңбекте де, тұрмыста да жүрек жұбанышы, көңіл серігі.

Ән:

Абай:

...Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...

Жүрек – адам мүшесінің патшасы, ол – шындықты сүйетін әділ патша. Оған жалған көлгірсу, өтірік сөйлеу, уәдені бұзу, жазықсыз жанның сыртынан өсек айтудың бәрі жат. Жүрек – шындықты шырқырап жырлайтын әлсіз, қорғансыз бұлбұл.

Күй:

Көрініс:

Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев.

Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).



жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

Қорытынды сөз:

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанды

Дүние қолын жайып енді күтпес.

Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,

Қисайып, қыңырайды жұрттың иттес!

Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп,

Болды ғой жақын туған бәрі кектес.

Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,

«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.

Артында қазақтың жас балалары

Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.

Жүрген жанның артында ізі қалар,

Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.

Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,

Жүйрік елсе, артында сөзі қалар!

Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,

Сау қалғанның көбісі ертең бітер.

Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,

Жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет