Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет10/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
ғ, г, п, р 
дыбыстарының 
сөз басында кездеспейтіндігі –осылардың барлығы қазіргі қазақ тіліндегі 
әдеби нормаға сәйкес келеді [15,45]. Көне түркілік таңбалар қазіргі таңдағы 
түркі халықтарының тілдік әуезін,әуенін және қазақ тілінің дыбыстарын 
таңбалайды. 
Қазақ тілі сан ғасырдан бері ата бабадан мирас болып келе жатқан киелі 
дүние. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, 


19 
ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Қазақ тілі –ең бай 
әрі дамыған тіл. Әлемдегі санаулы әдеби тілдердің бірі [16, 4]. 
Жазу – мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі. Ауызша және 
жазбаша сөйлеудің сыртқы (дыбыстау) және ішкі (мағына) жағы болады. 
Жазудың екі жүйесі бар: идеографиялық жазу, сөзден тұратын 
дыбыстық тізбекті дыбыстайтын фонетикалық жүйе. Жазудың фонетикалық 
жүйесі сөйлеудің бөлінбейтін элементтеріне негізделген буындық және 
әріптік болып табылады [17, 64]. 
Жазу – адамзаттық мәдениеттің дамуын айқындайтын әлеуметтік мәні 
бар зор құбылыс. А.Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы», 
М.Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», С.Исаевтың «Қазақ 
әдеби тілінің тарихы», Р.Сыздықованың «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты 
еңбектерінде қазақ жазуының даму тарихы қарастырылады. 
Жазба тілдің қолданыс аясы кең, жазу таңбалары арқылы ойды, 
ақпаратты ұзақ мерзімге әрі кез-келген аумаққа жеткізуге болады. Белгілі 
ғалым И.Е.Гельб адамдардың ой мен сезімді жеткізудің уақыт пен кеңістікке 
тәуелсіз формасын ойлап табуға деген ұмтылысы, ақпаратты ұзақ уақытқа 
және алыс жерлерге жеткізуге деген мұқтаждығы қарым-қатынастың түрлі 
көру құралдары арқылы іске асатын түрінің дамуына алып келгендігін 
айтады [18, 252]. 
Тіл –халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен 
құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен 
хабардар ететін құрал. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, 
тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни мәдениеті көрініс табады. 
Тіл, сана, таным және мәдениет ұғымдары бір-бірімен тығыз 
байланысты, ал жазу мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі және 
адамзаттық мәдениеттің дамуын айқындайтын әлеуметтік мәні бар зор 
құбылыс болып табылады. 
Шын мәнінде, жазба тіл жалпы адамзат тілін бейнелейтін коммуникация 
құралы болып табылады. Бұл жөнінде жазу тарихын және жазу теориясын 
қарастырған ғалым В.А.Истрин «егер тіл – ойдың материалды бөлшегі, 
адамдар қарым-қатынасының негізгі құралы десек, онда жазу тілдің көмекші 
құралы қызметін ғана атқарады, графикалық таңбалар мен кескіндер арқылы 
тілдің белгілі бір элементтерін хабарлау болып шығады, ал тіл – сол тілде 
сөйлеуші халықтың сүзгіден өткізілген, өңделген сөздік қоры, лексикалық 
жүйесі, олардың тіркесім ережелері және грамматикалық құрылысы десек, 
онда жазу сол халықтың тілін бейнелейтін графикалық таңбалардың белгілі 
бір заңдылықтарға сәйкес түзілген кешені, белгілі дәрежеде тілмен тең 
келетін кешенді жүйе» деген пікір айтады [11,18]. 
Адамзат жазуының пайда болуы – мәдениет тарихындағы шешімін 
таппаған мәселенің бірі. Кейбір жазу үлгілері, мысалы иероглифтер мен 
пиктографиялық таңбалар бір тілде сөйлейтіндер үшін жасалған. Алфавиттік 
жазудың пайда болуы адамзат мәдениетінің дамуындағы ортақ сипаттарды
да анықтай алады. Өйткені, әр түрлі тілдердің кез-келген сөзін хатқа түсіріп 


20 
оқуға мүмкіндік туғызған алфавиттік жазу, бірте-бірте ғаламдық ақпарат 
таратушы құралға айналды. Жазудың пайда болуын зерттегенде анықталатын 
мәселелер: алғашқы жазу үлгілерінің сипаты мен қызметі, тарихи қалыптасу 
кезеңі мен жазуға (таңбаға) негіз болған факторлар [19,100]. 
Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік 
өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік 
беретін құрал. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін 
әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу - өткен мен бүгінгіні, бүгін мен 
келешекті жалғастыратын алтын көпір [20]. 
Жазу тарихы қай ғасырдан бастау алады деген сауалға келер болсақ
жазу ғасыры бағзы заманнан келе жатқан Орхон-Енисей жазбасынан бастау 
алады. Орталық Сібірдің оңтүстік аймағынан, солтүстік-батыс Монғолия мен 
солтүстік-шығыс Түркістаннан табылған түркі мұралары негізінен VII-VIII 
ғасырларда жазылған. 
Қазақ ғалымдарынан Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерін зерттеуде 
Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, А.С.Аманжолов, А.Есенқұлов, М.Жолдасбеков, т.б. 
ғалымдардың қосқан үлесі өте көп. Қазіргі түркі халықтарына ортақ мұра 
болып табылатын Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері жазылған көне түркі 
әліпби жүйесінің пайда болуы мен көне түркі жазба дәстүрінің қалыптасуы 
ұзақ мерзімдерге созылған күрделі даму жолынан өткені белгілі. Түркі 
руникасы жайлы белгілі қазақ ғалымы А.Аманжолов: «Алғашқы әріп 
жазуының бір тармағы –руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл 
алфавитпен жазылған ескерткіштер – көне түркі тайпаларының жоғары тіл 
мәдениеті мен білім өресінің ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіші» дейді 
[14,39]. 
Ғасырлар бойы араб жазуын қолданған кітаби тіл қазақ әдеби тіліне 
ықпал етті. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы ХІ ғасырдан 
басталады. Қазақ халқының көне жазу дәстүрі ең көне түркі жазу 
ескерткіштерінен басталады. Көне түркі тілі және оның диалектілік бір 
тармағы – көне ұйғыр тілі. 
«Шағатай тілі» дегеніміз Шыңғысханның екінші ұлы, Шағатайдың 
ұлысына енген Орта Азия, Жетісу және Шығыс Түркістан жерінде кең 
тараған жазба әдеби түркі тілінің атауы ретінде XIV ғасырда пайда болды. 
Түркітану әдебиеттерінде «шағатай тілі» (немесе сыңаржақ ұсынылған «ескі 
өзбек тілі») деген термин Ақсақ Темір мирасқорлары заманында өз 
дамуының классикалық түріне жеткен XIV- XV ғасырдағы орта азиялық 
әдеби «түркі» тілін көрсетеді [14,73]. 
«Түркі» тілінде жазылған орта азиялық жазба әдеби шығармалардың 
дәстүрлері XVІІІ- XІХ ғасырларда түркі тілдес өзбек, ұйғыр, түрікмен, қазақ 
пен қарақалпақ халықтарының жазба әдеби тілдерінің қалыптасуына үлкен 
ықпал етті. 
Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы 
«қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, 
қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар 


21 
жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид 
жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ 
газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады. Қадим жазу жүйесінің 
басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, 
диакритикалық белгілермен берілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін 
харакаттар атқарған. 
Г.Мамырбекова «XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының 
графикалық-орфографиялық ерекшеліктері» атты еңбегінде қадим жүйесінде 
35 таңба болғандығы туралы айтады. Бұл классикалық араб әліпбиі негізінде 
емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес, 4-і 
парсы ( ژ (же), گ (ге), ﭻ (че) ﭗ (пе) әліпбиінен, 2-і түркі ( ﮎ(ңе), ﻭ (ве), 1-і 
ауған жазуынан ( ﻯ(иамәжһул, е) алынды [21]. 
XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қазақ әдеби тілі 
дамуының жаңа дәуірі басталады. Ол қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға 
көтеріліп, ұлттық сипат алу дәуірі еді. М.Б.Балақаев: «Әдеби тіл –жазба тіл. 
Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа 
түсіп екшеленді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне 
көтеріле алмайды... Жазба тілдің ілгері даму барысында халық тілінің сөз 
байлығы, 
грамматикалық 
құрылысы 
ықшамдалады, 
сұрыпталады, 
нормаланады; жазу мәдениеті арту арқылы халықтың тіл мәдениеті артады» - 
деп жазады [22, 32]. 
Қазақ әдеби тілінің ғылыми стилі А.Байтұрсынұлының «Әдебиет 
танытқышынан», «Тіл құралдан» бастау алады. Қазақ көркем сөзінің сырын 
ашу арқылы туған тіліміздің асылдануына және таза қалпында қалуына 
А.Байтұрсынұлы 
зор 
үлес 
қосты. 
Термин-атаулардың 
теориялық 
анықтамасын айқындап, оларды нақты мысалдармен беріп, шетелдік кірме 
сөздерді қолданбай, олардың қазақша баламасын ұсынды. А. Байтұрсынұлы 
термин-атауларды қазақшалау барысында теориялық терминдерді қазақша 
жатық тілмен оқушысына түсіндіре отырып, пікір жалғастыруға, дамытуға 
жәрдемдеседі, ойға ой қосады. 
Араб лексикасымен қатар араб жазуы да көптеген тілдерге өзінің әсер- 
ықпалын тигізді. Мысалы, парсы, пушту, урду секілді тағы басқа 
халықтардың жазуы араб алфавитіне негізделген болса, А.Байтұрсынұлы 
қазақ әліпбиін төте оқу жолы негізінде араб графикасын қазақ жазуына 
сәйкестендіріп, төте жазуды енгізді. Тіліміздегі дыбысқа сәйкес үйлесімді 
әріпті айқындап, тіл ерекшеліктерін жетілдіріп, соған сәйкес балалар мен 
ересектерге арналған сауат ашуға қажетті оқу құралдарын жазды. 
А.Байтұрсынұлы әліпбиіне байланысты ф.ғ.к. Г.Мамырбекова: 
«Байтұрсынұлы жазуы» атанған Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінің жарық 
көргеніне жүз жыл атты баяндамасында: «А.Байтұрсынұлы жазуы
дамымаған ұлттың артта қалатынын, оның қоғамдағы қажеттілігін және адам 
өміріндегі маңызын өзінің шығарған оқулықтарында үнемі ескертіп отырады. 
Жазу дегеніміз – шын мәнінде, кез келген халықтың рухани деңгейі мен 
мәдени дамуын көрсететін негізгі құрал. Ғалым осы құралды ұлттық деңгейге 


22 
көтеру жолында жан аямай еңбек етіп, тер төкті. Себебі сол кезеңге дейін 
ұзақ ғасырлар бойы қолданыста келе жатқан араб жазуының халықты тез әрі 
жаппай сауаттандыру жолында үлкен кедергілері мен қиындықтары бар еді. 
А.Байтұрсынұлы осы кедергілер мен қиындықтарды жоюдың ең басты тәсілі 
– араб жазуын қазақ тілінің заңдылығына сәйкес реформалау деп білді. 
Ғұлама осылайша ұзақ ғасырлар бойы өзгеріссіз қолданылып келе жатқан 
араб графикасын қазақ халқының игілігіне айналдыру идеясын көтеріп, оны 
іс жүзінде реформалады. Бұған дейінгі қолданылып жүрген араб жазу 
жүйесінің қандай кемшіліктері бар, оны реформалауға не түрткі болды 
дегенге келсек, дәстүрлі араб жазуында: біріншіден, бір дыбысты жазу үшін 
бірнеше әріптер пайдаланылатын; екіншіден, сөзді жазғанда оның тек 
дауыссыз дыбыстары ғана таңбаланатын да, дауыстылары жазылмаған сөздің 
мағынасын түсіну қиындық тудыратын; үшіншіден, араб әліпбиінде дауысты 
дыбыстарды белгілейтін таңбалар саны үшеу ғана болғандықтан, бұл 
таңбалар тоғыз дауыстысы бар қазақ тілі үшін жеткіліксіз болды; 
төртіншіден, «мұсылманша сауат ашу» әдісінде әріптердің таза араб тіліндегі 
дыбысталуы мен айтылуын жаттатумен ұзақ уақыт кететін; бесіншіден, ол 
кездегі жазба тілдің құрылымында араб, парсы, «ескі тілдің» сөздері көп 
қолданылатындықтан, қалың бұқараға емес, азғана топтың мүддесіне қызмет 
ететін. Аталған жазудың осындай кемшіліктері халықты сауаттандыру ісін 
тежейтінін түсінген А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын 
қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алады да, оны 1912 
жылдардан бастап қолданысқа енгізеді»,-дейді [23]. 
Жәдидшілдік – бірыңғай саяси сипатты қозғалыс емес, ол ағарту ісі мен 
руханиятты тұтастай қамтыған идеялық негізі бар тұжырымдама әрі ағым. 
ХІХ ғасыр соңында Ресей империясын әлемдік озық педагогика тәжірибесіне 
сәйкес алғаш рет мұсылман балаларын дыбыс жүйесімен оқытуды бастаған – 
Исмайыл Гаспыралы болып табылады. 
А. Байтұрсынұлы: «Усул жәдид, яки төте оқу жолы бар екенін білеміз, 
бірақ сол жол қазақ арасында аз таралған соң, біздің мақсатымыз да – сол 
оқуды қазақ арасына көбірек жаю», - деп жазды. Яғни, жәдидшілдік дегеніміз 
-
төте жазу [24]. 
Араб жазуы сияқты қазақтың төте жазуы да оңнан солға қарай 
жазылады. Төте жазудың араб жазуынан айырмашылығы – ондағы дауысты 
дыбыстар созылыңқы, қысқа деп бөлінбестен, әрқайсысы жеке әріп түрінде 
таңбаланады. Төте жазуда харакаттар, сукун, хамза, уасла, ташдид және 
тануин белгілері болмайды. Егер сөз ішінде бір дыбыс қосарланып келсе, ол 
екі қайталанып жазылады. Араб жазуындағы тыныс белгілер төте жазуда 
өзгеріссіз қолданылады [25]. 
Қазіргі қазақ алфавитінде 42 әріп болса, төте қазақ алфавитінде 32 әріп 
болды. Төте қазақ әріптерінің көпшілігі соған сәйкес араб әріптерінен 
өзгеріссіз алынған болатын [25]. Ол әріптер мыналар: 


23 
а –ا 
к –ڬ 
р –ر 
б –ب 
қ –ق 
с –س 
д –د 
л –ڶ 
т –ت 
ж –ج 
м –م 
ф-ف 
з –ز 
н –ن 
ш –چ 
Жазу – адамзаттық мәдениеттің дамуын айқындайтын әлеуметтік мәні 
бар зор құбылыс. Жазудың әдетте төрт түрі бар деп есептелінеді: 
пиктографиялық, идеографиялық, 
буындық 
және 
әріптік-дыбыстық 
(фонемографикалық). Бұл бөлінулер шартты болып табылады, себебі 
жоғарыда аталған жазу түрлері «таза» күйінде ұсынылмайды. Олардың 
әрқайсысы жазудың аралас, өтпелі түрлерін түзе отырып, басқа тип 
элементтерінен тұрады. Мысалы, пиктографиялық жазуда идеографиялық 
жазудың элементтері көрініс табады, ал идеографиялық жазуда буындық 
және әріптік-дыбыстық жазудың көптеген элементтері көрініс табады. 
Жазу түрлерін айқындаудың келесідей классификациясы да кездеседі. 
Олардың келесідей бес түрі бар: фразография, логография, морфемография, 
силлабография, фонография (фонемография). Фонография (фонемография) 
немесе дыбыстық жазу, графикалық таңбалар әдетте фонеманы типтік дыбыс 
ретінде айқындайды [12, 20]. 
Жазу эволюциясы басқа классификацияға сәйкес келесідей кесте түрінде 
де беріледі: жазу алдындағы: ежелгі шартты таңбалардан, пиктография мен 
қарапайым идеографиядан тұратын семасиография және жазудың өзі: 
фонография, ал ол келесідей түрлерге бөлінеді: сөздік-буындық жазу, 
буындық жазу, әріптік жазу. 
Біздің 
еңбегімізде 
жазу 
жүйесінің 
әріптік-дыбыстық 
(фонемографикалық) жүйесі негізге алынады, себебі А.Байтұрсынұлы 
жасаған әліпбидің негізі араб тілінің таңбалық жүйесі негізінде жасалған, ал 
араб тілі арамей жазуы арқылы финикий жазуынан тарайтын әріптік- 
дыбыстық жазу жүйесіне негізделген. 
1914 жылы Оренбург қаласынан шыққан «Тіл-құрал» оқу құралында 
А.Байтұрсынұлы: «Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын 
қаруының бары. Осы дүниядағы адамдар тілінен айрылып, сөйлесуден қалса, 
қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза 
алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас 
еді. Біздің заманымыз – жазу заманы. Жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден 
артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды: 
жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. 
Сондықтан сөйлесе білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да 
артық» -дейді [1,141-142]. 
Ғылыми еңбегімізде А.Байтұрсынұлын лингвист ғалым ретінде 
қарастыратын болғандықтан, қазақ жазуы А. Байтұрсынұлына дейін қандай 
болды, дыбыс құрамы қазақтың төл дыбыстарын бере алды ма деген 
мәселелерге тоқталғанды жөн көріп отырмыз. 


24 
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді 
кешіріп, ұлттық әліпби деңгейіне жетті. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы 
араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген еді. 
Қазақ халқының жазбалары қаншама ғасырдан бері ауызша 
таралғандықтан, қазақ халқында әліпби болмағаны белгілі. Бірінен бірі 
жаттап алып, ауыздан ауызға көшіп отырған. Сонымен, қазақ жазуы бірнеше 
кезеңді бастан кешірді. 
Кеңес өкіметі тарапынан қазақ әліпбиін ғана емес, сол кезеңдері оның 
отары болып отырған барша түркі тілдес халықтардың жазуын өзгерту 
арқылы өз ықпалын күшейтуге тырысқан астыртын әрекеттер нәтижесі 
аяқсыз қалмағандығын өз әліпбиімізден байқауға болады. 
Алғашқы қазақ кирил әліпбиін XIX ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап 
шығарған. 
Әліпбидің 
негізгі 
ерекшелігі 
– 
Ы.Алтынсарин 
орыс 
графикасындағы бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз 
дыбыстарын беруде де осы жүйені ұстанған. Мысалы: қант, қағаз, дөңгелек, 
үзеңгі, тоғай, айғыр секілді сөздерді кант, кагаз, дунгелек, узенги, тогай, 
айгыр түрінде таңбалаған. Ал қазақ тіліндегі сонор ң дауыссыз дыбысын әріп 
тіркесі арқылы белгілейді: нг (мангдай – маңдай, сарангдык – сараңдық). 
Сөзді жіңішкерту үшін сөздің соңында (урть – өрт) және л дауыссыз 
дыбысынан кейін ь (жіңішкерту) таңбасын жүйелі түрде қойып отырған: 
тульки (түлкі), бль (піл), куль (күл), бельбеу (белбеу), таль (тал). Иа, иу әріп 
тіркесі келетін жерде орыс графикасындағы ю, я графемаларын да 
белгілегенін көреміз: аяк, узюк [26]. 
Ы.Алтынсаринның құрастырған әліпбиінде қазақ халқының тілдік 
болмысы сақталмаған, яғни төл дыбыстар жеткілікті деңгейде нақты да 
айқын берілмеген. Көбінесе, диакритикалық таңбалар қолданылды. Бір 
дыбысты беру үшін екі дыбыс қолданылды. Бір ғана «ң» дыбысын алайық, 
«ң» дыбысының орнына «нг» берілді. Яғни, қазақтың қолдануына қолайсыз 
жазу түрі пайда болғандығын байқауға болады. 
Ы.Алтынсариннен кейін қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы 
зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологы – Ахмет 
Байтұрсынұлы болып табылады. Ол бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін 
лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан 
тазартумен айналысқан және қазақ тілі ғылымын дамытқан лингвист ғалым. 
Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық 
негiздерiн 
қарастырған 
алғашқы 
грамматологиялық 
зерттеу 
А.Байтұрсынұлынан басталады. 
Келесі бөлім грамматологияға, грамматология ұғымдарына, әлемдік 
грамматология мен қазақ грамматологиясына байланысты талдауға 
арналатындықтан, 
А.Байтұрсынұлының 
еңбектері 
грамматологиялық 
тұрғыдан қарастырылады. 


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет