Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


АҢШЫ МЕН ҚАНШЫР ЖӘНЕ ШИБӨРІ ТУРАЛЫ



бет26/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

АҢШЫ МЕН ҚАНШЫР ЖӘНЕ ШИБӨРІ ТУРАЛЫ


ФИЛОСОФҚА қарап патша: «һәммәнің бәрі тағдыр мен жазмышқа бағынады деген әңгімеңді тыңдап өттім. Өзі зақым көріп, зиян шеккендіктен, бөгде біреуге де зиянын тигізуден тыйылатын адам болады, өзі бақытсыздыққа ұшырағандықтан басқаға да жәбір көрсетпейтін жан болады, міне, енді, сен осылар жөнінде бір уақиғаны шертші», - деді.

Сонда философ: - Жалпы жұртты апатқа ұшырататын кеселді қылыққа тек ақымак, ойсыз есуастар ғана ұмтылады; бұл жалғанда да, ақыретте де әлгі уақиғаның немен тынарына олар көз жібермейді, кек алудың ақыр соңында өзіне қайта тиер зиянын да түсіне алмайды, өзі тілеп алған ауыртпалыктың нәтижесін де толық ұқпайды, осы қырсықтың бәрін тілмен айтып жеткізуге де болмайды. Істеген қылмысына жаза тартпай тұрып, кейбіреулер алдын ала қам жасап, айласын асырып кұтылып кете алса, басын сағалай білсе, бұларды көріп бағзы біреулер алданады да, тіл жетпейтін, адам айтқысыз ауыр қатерге ұшырайды. Ал кей кезде есуас жанның өзі де біреуден көрген зұлымдығы, шеккен жапасы арқылы үлгі-өнеге үйренеді де, сондай әділетсіздікті, дұшпандықты баскаға істеуден тоқталады, сөйтіп, ол өзінін сабыр етуінен пайда табады.

    • Аңшы мен қаншыр және шибөрі жөнінде айтылатын әңгіме

осыған ұқсайды, - деді.

Патша: - Ол қандай уақиға еді? - деп сұрағанда. Философ Бейдауаның келтірген нақылы мынау:



    • Баяғыда бір қаншыр қопалы жерге өскен жыныс бұтаның ішінде

тұрыпты, қасында екі күшігі болыпты. Бір күні аң алауға шығыпты да екі күшігін тастап кетіпті. Осы кезде өтіп бара жатқан бір салт атты аңшы екі күшікке тап болыпты, оларды өлтіріп, терісін сойып алып, қанжығасына байлап жөнеп беріпті.

Енесі қайтып келгенде жан түршіктіріп, жүрегін кеміретін осындай ауыр жағдайға ұшырағанын көріпті, екі көзі қанталап, қатты ашуланып, қамықса керек. Сонда қаншыр ұзақ уакыт дәйек таппай дөңбекшіп, өкіре беріпті. Шибөрі онымен көршілес тұрады екен. Осы қалың қайғының үстінде арыстанның

сарнаған даусын естіп ол: - Саған не болды? Қандай қырсыққа душар болдың? Айтшы маған, баяндашы түгел, қайғыңа ортақ болайын, ауыртпалығыңды бірге көтерісейін! - депті.

Сонда қаншыр: «Менің екі күшігімді осы арадан өтіп бара жатқан бір аңшы өлтіріпті, терісін сойып алып, қанжығасына байлапты да, сүйегін жапан түзге лақтырып тастап кетіпті»,

- деді.


Шибөрі тұрып: «Қайғырма да, айқайлама, сабыр қыл, түсініп тоқташы өзің, сенің баскаға істегеніңдей ешбір ауыр қылық көрсеткен жоқ ол саған, күшіктеріңді жоқтап, ашу шақырып, назаланғаныңмен еш нәрсе таппайсың, біреудің сүйікті жандарына өзіңнің тигізген зақымыңнан бұл аңшының қылығы сорақы емес қой! Сенің қырсығыңа олар да шыдап еді, енді сен де шыдашы! Бұрынғылар айтыпты; - «Біреуді қалай жазаласаң, сені де солай жазаламақ!» - депті. Жазаға тартылу не сыйлыққа бөлену, міне, бұл екеуі істеген істің жемісі болады, бұлар бірде мол, бірде аз болмақ, мысалы диқан өзінің орақ орушыларына егінжайды белгілі мөлшерде бөліп беріп орғызады ғой, бұл да сол сияқты, - деді.

Қаншыр: - Ей, сен осы сөздеріңді түсіндірші, мәнісін ашып айтшы, -



деді.
Шибөрі: - Сен қанша жыл өмір сүрдің? - деп сұрағанда.

Қаншыр: - Тура жүз жыл тұрдым, - деп жауап қайырды. Шибөрі: - Қалай



тұрдың, нені қорек қылдың? - деп сұрағанда.

Қаншыр: - Хайуандардың етін қорек еттім, - деді.

Шибөрі: - Сол хайуандардың ата-анасы бар ма еді? - деп сұрағанда: Қаншыр: - Әрине, бар еді, - деп жауап берді.

Сонда шибөрі: - Сенің бүгінгі күңіренген айғай-шуыңды, сарнаған дыбысыңды біз сол ата-аналардан неге естімедік? Бұл қалай болды екен? Ендеше, басыңа түскен осы ауыртпалықтың себебін саған мен айтайын, өз қылығыңның ақырына көз жібермегенсің, ойланбай үстірт қарапсың, солардың зияны, сайып келгенде, қайта оралып, өзіңе тиерін жете ұға алмағансың,


  • деді.

Қаншыр мына сөзді естіген кезде, осы бақытсыздыққа өзі себеп болғанын түсінді, адасқанын білді, әділетсіздік жасап, қиянат істегеннің бәрі де ақырында сазайын тартатынын, жазаға ұшырайтынын, бұрын

аңғара алмағанын байқады. Сөйтіп, ол аң аулауды доғарып, ет жеуден мүлде безді де жеміс теріп қоректенуге көшті, тағат-ғибадат етіп, құдайға құлшылык қылуға бет алды.

Осыдан кейін жеміспен күнелткен шибөрі, арыстанның жемісті ойсырата жеп, құртып бара жатқанын байқады да:

- Мен биыл ағашқа жеміс өте тапшы өскен шағар деп ойлап едім, бірақ артынан бақсам, бұрын ет жеп жүріп, енді жеміс теруге көшкен сенің кесірің екенін көрдім, қүдайдың өзіңе арнап берген тамағыңды тастап, басқаның ырзық несібесіне қол салғанынды байқадым, сөйтіп жемісті азайттың да тіпті өзінді де тапшылыққа ұшыраттың. Ағаштың жемісі де бұрынғыдай өсіпті, тек мұның бәрі сенің кесіріңнен екенін білдім. Ағашты да, жемісті де, оны қорек етіп күнелткен жандарды да түгел қарғыс атты. Жаппай індет тиіп, енді олар жылдам қырылуға қалды, өйткені жеміс теріп жеуге титтей де қақысы, ешбір еркі жоқ, сендей аңдар жемісті енді олардың ауыздарынан жырып әкетіп отыр ғой, - деді.



Осы арада қаншыр жеміс теруден тыйылып, құдайға құлшылық етіп, енді шөп жеуге кірісті.

Шибөрінің айтқанына еріп, қаншыр шөпті қорек етті, құдайға құлшылық қылып, сопы болуға беттеді; күшіктері өліп бақытсыздыққа ұшырағанда ол ең әуелі ет жеуден безіп жеміс теріп кетті, сөйтіп, ол ақылсыздығын білдірді де бөгде жандарға зиянын тигізді, міне мен бұл мысалды саған осы сырларды ашып көрсету үшін келтірдім, - деді.

Осы мезетте патшаға қарап философ: - Әрбір адам өз игілігі үшін бірдемеге беттерде толғануы керек. Бұрынғылардан қалған сөз бар: «Өз басыңа тілемейтін істі, біреуге істеме», - деген ғой. Ақиқат, әділдік міне, осында, ал әділдікке құдай да, халық та ырза, - деп сөзін түйді.

СОПЫ МЕН ҚОНАҚ ЖАЙЫНДА

ПАТША отырып философқа: «Өз басына келген зиянның, тартқан ауыртпалықтың зардабы үшін бөгде біреуге зақым жасаған жан туралы айтқан бұл әңгімеңді тыңдап өттім. Енді сен, айтар болсаң, өз басына лайық жарасымды істі тастап, көлденең бірдеңені іздейтін жеңсікшіл адам жөнінде сөйлеші. Ұмтылған ісіне қолы жетер-жетпесте тастай беріп баяғы ескі әдетіне қайта оралатын, бірақ ұмытып қалып оған да мұршасы келмей, ақырында ақырып, есі шығып, далаңдап босқа қалатын адам туралы бір әңгіме шертші», - деді.



Сонда философ мынау әңгімені баяндады: «Баяғыда Карх1 деген жерде бір сопы адам тұрады екен. Бір күні соның үйіне бір қонақ келіп түсіпті. Сопы жеміс әкелдіріп қонағын сыйлапты, екеуі отырып бірге жепті. Оның артынша қонақ айтса керек: - мынау қандай тәтті жеміс және өзі мүлдем дәмді екен! Менің мекенімде мұндай құрма ағашы жоқ, бірақ мұның орнына басқа жемістер жеткілікті. Мына сияқты тәтті ауыз тұшытатын дәмді жемістері жоқ ел, оның орнына денсаулыққа зияны тиетін, дімкәс жемістерді, дәм-татымы шамалы бірдемелерді жеп те қанағат тұтады ғой», - деді.

Сонда сопы: - Өзінде жоққа ділгер болып аңсай беретін жанды бақытты деп есептеуге де, оны кешіруге де болмайды. Осының салдарынан оңазалық күшейеді, шыдам азаяды, сөйтіп, қамығып назаланудың тақсіретін тартады, қайғы- қасіретке ұшырайды ол. Еншісіне тиген үлесіне қанағат тұтып, қолы жетпеске, әлі келмеске ұмтылудан бас тартқан адам зор бақытқа, үлкен ырысқа ие болады, - дегенде, қонақ оған: «Дұрыс-ақ, айтқаныңның бәрі жөн! Мен қазір сенен жат тілдің дыбысын естідім, ол мені қатты таңырқатты. Өте әдемі тіл екен. Маған соны үйретсейші, өйткені құмартып, шөліркеп тұрмын, үйренгім келеді», - деді. Сонда сопы: «Егер сен өз тіліңді тастап, мына жебірейіл тілінде сөйлей бастасаң, онда құзғын ұшыраған пәлеге сен де кезігер едің-ау!» - деді: Қонағы: - Ол қандай уақиға еді? - деп сұрағанда:

Сопының келтірген нақылы мынау болды: - Бір күні құзғын жорғалап келе жатқан құрды көріпті, оның жүрген





1 Бұл атаудың арабша түпнұсқасы әлі анықталғанжоқ: араб географиясының тізімінде Карх – қаланың шеті,төңірегіндегі бір бөлшегі мәнісінде айтылады.
жүрісі ұнап кетіп, соны үйренуге қызығыпты. Құрша жорғалауға жаттыққысы келіпті, бірақ толық үйрене алмапты. Сол кезде ол өзінің дағдылы жүрісіне қайта оралыпты, бірақ оны да ұмытып қалса керек, сөйтіп құзғын ұмтылғанына жете алмай, өзінің үйреншікті дағдысын да ұмытып, шөре-шөре боп дағдарып, бос қалыпты.

- Міне, мен бұл накылды әдейі келтірдім, өйткені мұршаң келмейтін жебірейіл тілін үйренуге ұмтылсаң, сен ол мақсатыңа да жете алмайсың, өзіңнің дағдылы тіліңді де ұмытасың, сөйтіп шөре-шөреде бос қалып опық жейсің, соны көрсетпек болдым. Бұрынғылар айтыпты:

«Ата-бабасы үйренбеген, бойына жараспайтын, үйлесімсіз өрескел нәрсеге ұмтылатын жанды ақымаққа есептеуге болады деген екен», - деді.

Осыдан кейін патшаға қарап философ: - Осы сияқты, тағы басқа осындай жағдайларда жүрген қол астындағыларының қамын ойланған жөн, бұлай істемеген әкімдер бүгінде нағыз бақытсыз жандар, өйткені ырзык несібелі және үйренген орындарын тастап баска қызметке ауысуынан олар да зор зиян шегеді. Төменгі орыннан жоғары дәрежеге ұмтылуы арқылы жұрттың пиғылы бұзылады, патшаға да үлкен кесірі тиеді, үкімет ісі аласапыранға ұшырайды, арамзаның ізгі адаммен жауласуы көбейеді, әрі қарай бәрі осы ізбен жүреді. Патшаға және оның үкіметіне қарсы өре түрегелу қаупі туады, міне бұл сондай бір зор уақиғаға килікпей тынбайды.



«КӘЛИЛӘ МЕН ДИМНӘ» КІТАБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ



ПАТША мен философтың әңгімесі, сопы мен қонақ жөніндегі осы тарауға жеткен мезгілде патша үндемей аңырып қалды, сонда философ:

«Ей, патшам! Сен мың жыл жасайсың, жеті ықылымды 1 билейтін боласың, тағдыр мен жазмыштың себебі тиіп, кол астындағы халықтың саған көзі тояды, әрбір заттың негізі саған ырзық-несібе болып тартылады, жұртың көл-көсір қуанышта, шаттықта өмір сүреді. Өйткені сен өзіңді- өзің толық билей білесің, ақылың да, ойың да үдере өсті, батырлығың да, жомарттығың да шарасынан асты, сана-сезімің






1 Грек пен араб географиясының желісі бойынша жер ұзынынан жетіге бөлінеді, соны грекше климат (ықылым) деп атайды.
де, сөзің де, бет-алыс бағытың да түзеліп, бір арнаға құйып тұрғандай. Ұйғарымың мүлт кетпейді, сөйлеген сөзің жаза баспайды, іс-әрекетіңде ақау жоқ. Батылдық пен майдалықтың басын бір жерге қостың, жұртың саған сенді, сен оны ақтай алдың, қорқақ немесе тынысы тар жан болып көрінбедің. Мен де істің мән-жайын түгел баяндадым, сұрағандарыңның бәріне де лайықты жауап қайтардым. Сенің мұң-мұқтажыңды орындауға тырысып, бар тапқанымды, түгел ойымды сарқа сөйледім. Ой-сананы үрдіс жұмсап, ақ пейіл мен кең аңылды ізгілікке икемдеген осы пиғылымның қаруын қайырсаң болғаны, өйткені ілгеріде өзім де айттым ғой, сол ақылды қабылдаған жан бақытты, айтқан кеңесін қабылдаушыдан гөрі, сол кеңесті беруші істің ақырына бекем бола алмайды. Білімге үйретушіден гөрі үйренуші жырақ тұрады деу бекер. Осы кітапты окығанда өз ойын бекем билеп толғанған жан, ақыл сарабына салып ойлаған адам, мезгілі келген заматта тағдырдың көмегімен ұлы дәрежеге жетіп, келелі істі орындауға лайық. Ойланып, толғанып, сол мезгілді күзетіп әуреленбеші, асырып елегізімеші! Ей, патшам, саған құдай тағала өзі жар болсын, бойыңды билетіп, бұзылған ниетіңді жөнге салсын, жаныңды жегідей жейтін қызу мінезіңнен айықтырсын, ақыл мен білімнің, адамгершілік пен жомарттықтың, бекзаттықтың босағасынан аттанып дүние салған әкелеріңнің де, өзіңнің де жаның жәннәтте болсын, алладан рақым көрсін», - деді.

КӨГЕРШІН МЕН ТҮЛКІ ЖӘНЕ КӨКҚҰТАН ТУРАЛЫ БІР СӨЗ

СОНАУ өткен көне заманда Дәпшәлім патша өзінің ғалымы Бейдауадан сұрайды: «Ей, достым, мен сенің әлгі айтқан мысалдарыңды қалтқысыз қадағалап тыңдадым. Енді сен бөгде біреуге ақыл үйрете білетін, бірақ сол ақылын өз игілігіне жұмсай алмайтын жан туралы бір мысал келтіріп көрші», - дейді.

Сонда ғалым Бейдауа: «Мұндай мысал бар, асыл патшам, ол көгершін мен түлкі және көкқұтан туралы», - дейді.

Патша тұрып: — Ол қандай әңгіме екен, — соны айтып көрші, - деп сұрағанда, ғалымның айтқан мысалы мынау еді: — Баяғыда бір көгершін аспанмен тілдескен шынар ағаштың басына ұялапты. Сонша зәулім биік шынардың ұшар басына ұя


салу оған оңай тиді дейсіз бе, өте көп еңбек сіңіріп, өліп-талып әрен бітіріпті. Ұясы әбден даяр болған соң жұмыртқалапты да, балапанын ашып шығарыпты. Балапандары ер жетіп есейе бастаған кезде бір түлкі сол шынардың түбіне келіпті. Ол жұмыртқадан шыққан балапандардың ер жеткен кезін аңдып жүретін қу болса керек. Ағаштың түбінде тұрып, әлгі түлкі: «Мен қазір шынардың басына шығамын, бәріңді түгел қылғып- жұтып қоямын», - деп ақырып, ащы дауыспен айғай салыпты. Түлкінің осы қоқан-лоққысынан зәресі ұшкан сорлы көгершін өз балапандарын сұм түлкінің аузына лақтырыпты.

Күндердің бір күні көгершін екі балапанын ұядан шығарып, мәпелеп отырған заматта, сол шынардың басына келіп көкқұтан қоныпты. Қапаланып, қатты ренжіп, елегізіген көгершінді көріпті де:

- Уа, көгершінім, неге сен осынша күйзеліп, қан жұтып отырсың? - деп қонағы сұрағанда, оған көгершін: «Уа, достым, маған сор болған мына бір түлкі ғой, жыл сайын балапандарым ұядан шыққан мезетте, ол осы шынардың түбіне келеді де, жерді тепкілеп, айқай салады. Отыңның басын ойрандаймын, ұяңды тас-талқан етемін, - деп қорқытады. Мен бейбақ жанымды қоярға жер таппаймын. Сасқалактап жүріп ішімнен шыққан шұнақ балапандарымды оның аузына лақтырып, жан сауғалаймын. Сөйтіп дұшпанымнан әрең құтыламын. Иә, достым, бұл түлкі менің басыма келген зауал ғой», - деп мұңын шағыпты. Сонда көкқұтан: «Сүйікті көгершінім-ау, егер осы айтканыңдай-ақ, енді түлкі келе қалса сен оған былай деші: - мен балапандарымды сенің аузыңа өздігімнен тастай алмаспын, сандалмай аулақ жүр, осы тілімді алмасаң мерт боларсың, ал енді өзіңді-өзің аямасаң, онда басыңды бәйгеге тігіп, мына шынардың төбесіне өрмелеп шығып көр! Тағы расын айтайын, егер осылай істей алсаң ғана сен менің балапандарымды жерсің, сонда да аузыңа өзім түсе қоймаспын, ұшып кетермін, деп бір көрші», - депті.

Осы айланы үйретеді де көкқұтан ұшып кетеді. Дағдылы мерзімінде түлкі шынардың түбіне келіп тұра қалады да, бұрынғы әдетінше ақырып айқай салады. Көгершін оған көкқұтанның үйреткен сөздерін айтады. Сонда қу түлкі әңгіменің төркінін түсініп: «Ей, көгершін, мұны саған кім үйретті?» - деп сұрайды, көгершін кідірместен: «Көкқұтан үйретті», - деп жауап қайырады.
Қолынан келер қайраны жоқ түлкі енді көкқұтанды іздеп сапар шегеді. Бір өзеннің жағасына қонақтап отырған көкқұтанға келіп:

- Уә, көкқұтаным сұрағалы келген бұйымтайым бар, егер жел оң

жағыңнан соқса, басыңды сен қайда паналатар едің?


  • деп сұрақ қояды.

Көкқұтан: - Мен басымды сол жағыма қарай бұрар едім,

  • дейді.

Түлкі: - Егер жел сол жағыңнан соқса қайтесің?

- Онда басымды оң жағыма бұрып паналатармын, - дейді. Түлкі: - Ал егер жел жан-жағыңнан, оңды-солды, алды-

артыңнан ұйтқып соқса не істер едің?

Көкқұтан: - Онда басымды қанатымның астына басар едім, - деп жауап береді.

Түлкі: - Қанатыңның астына басыңды сыйғыза алар ма екенсің? Бұл тіпті мүмкін емес қой деп ұғамын...

Көкқұтан: - Әрине, сыйғыза алам, - дейді. Түлкі: - Көзіме көрсетші, сен оны қалай істейсің? Шынында, құстарды құдайдың өзі ардақты етіп жараткан ғой, осының растығына ант ішуге даярмын! Біздің жыл бойы ойлап таба алмайтынымызға сендердің бір сағатта-ақ көздерің жете қояды, біздін жете алмайтын жерімізге сендер лезде жетесіңдер! Желден де, үскірік аяздан да бастарыңды қорғап, қанаттарыңның астына баса аласыңдар! Бәрі қолдарыңнан келеді, сендерге оңай емес нәрсе жоқ-ау, сірә! Көрсетші көзіме, садағаң кетейін, құрметті досым-ау, сен оны қане, қалай істейсің? - дейді. Мекер түлкінің мақтағанына еріп көкқұтан өзін-өзі ұмытады да, ол басын апарып қанатының астына тығады. Ақымак көкқұтан домалана қалған кезде, оның күндікке осылай істеуін күтіп тұрған қу түлкі, секіріп барып бас салады да көкқұтанның ауыз омыртқасын жұлып жеп жатып: «Уа, сорлы, өзіне-өзі дұшпандык істеген, ақымак бейшара, көгершінге ақыл-айла үйрете білген өзің едің ғой, ал сол ақылыңды өз басыңа жарата алмадың да, жауыңның тырнағында қаза таптын-ау, сен әңгүдік», - дейді де, көкқұтандай жемтігін жеп түлкі жайына кетеді.




ТЫШҚАН ПАТШАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ УӘЗІРЛЕРІ ТУРАЛЫ


ФИЛОСОФ Бейдауаға қарап Үндістан патшасы: «Мен бұл нақылыңды тыңдап өттім. Алайда сен көрсетші маған, адал ақылшыны адам қалай іздеп табуы керек және соның данышпан ақылынан қандай пайда түсіруге болады, міне осыны білгім келеді», - деді.

Сонда философ: «Адал ақылшыны сұрыптап ала білген және соның тілін екі етпей қабылдаған жан зор пәледен құтылмақ, ақылшының жәрдемі тиіп үлкеп пайда таппақ, мысалы адал уәзірлерімен ақылдасып, тышқан патшасы өзін де, қол астындағы басқа тышқандарды да қиын-қыстау ауыртпалықтан аман алып шығыпты», - деді.

Патша: - Ол қандай уақиға еді? - деп сұрағанда.

Философ: - Баяғыда брахман жерінде, көлденеңі мың фарсах Дуран1 деген бір аймағы болыпты. Осы аймақтың орталығына Идазинун2 атты қала салыныпты, сол каланың төңірегі толған көкорай шалғын екен, тұрғын халқы сауық- сайран жасап, қызық өмір сүреді екен. Осы қалада Михраз3 деген тышқан болыпты, ол осы төңіректегі және қала ішіндегі барлық тышқандардың патшасы екен. Оның үш уәзірі болыпты, патша әрбір іске беттегенде солармен кеңеседі екен. Біреуінің аты Зузама екен, ол өте ақылды данышпан болыпты, басқалардан оның артықтығын патшаның өзі де мойындайды екен. Екінші уәзірі Шира, ал үшіншісін Богдаз4дейді екен. Күндердің бір күні осылар патшаның алдында отырып неше түрлі заттар жайында әңгіме-дүкен құрады. Сөйлесе-сөйлесе келіп олар: «Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан дағдымыз бар - мысықтан қорқып жанды қоярға жер таппаймыз, міне осы үйреншікті аурудан енді құтыла аламыз ба, жоқ па?» - деген мәселеге тіреледі.






1 Дуран – мүмкін, парсының «Дур-аб» - («судан алыс») деген сөзінің өзгерген түрі болар.

2 Идазинун – «Андар биябан» («жапан түзде») деген парсы сөзінің өңі

айналған түрі болса керек.

3 Михраз – парсы тілінде «Мих-яр» («мейірбан дос») деген мағынада болса керек.

4 Зузама – парсы тілінде Зудамад – «жылдам келеді», Шира – парсы тілінде Ширах – «арыстанның күшігі», Богдаз – парсы тілінде

«құдайберген» болса керек;
Бірінші сөзді патша бастады. Ол айтты: «Данышпандардан естігенім бар: әрбір адам өз үй-ішіне, бала-шағаларына екі түрлі міндет жүктесін және адал ақылшыларды сұрыптап алсын дейді екен. Бірінші міндет бұрын болған істі ойламау жөн, өтіп кеткен, бастан кешкен пайда, зиян жөнінде де ешбір толғанбау керек екен. Екінші міндеті - зиянды нәрсені жоюға тырысып, қолда барын қысып ұстасын дейді екен. Ата-бабамыздың істеп кеткен келелі еңбегі бізге пайдасын тигізді де, әлі күнге рақатта, үнемі бейбітшілікте өмір сүріп келеміз. Біздің басымызда тек жалғыз-ақ мұктажымыз бар, қарғаның айтайыншы, толып жатқан қауіп-қатер, ділгерліктің бәрінен де осы ауыр, бұл біздің мысықтан көретін зиянымыз, шерменделікте шегетін жапамыз ғой. Ата-бабамыздың қолы жете алмай кеткен амал-айланы енді біз қарастырып көрелік, әрине, олар да іздестіріп баққан, бірақ, таба алмаған. Біздің ендігі міндетіміз - мүлт кеткен, бұрын тексерілмеген бір әдіс арқылы осыны жою болады, өйткені үздіксіз игілікте тұрып, ұлан-асыр қызықты өмір сүрсек те, мына қорқыныш тіршілігіміздің дәмін кетіруде, данышпандар айтыпты ғой, — кімде-кім ел-жұртынан, қатын-баласынан айрылып, отанынан қол үзсе, сөйтіп бір түн қонақтап, ұйқтап шығатын мекен таба алмай, қауіп-қатерге ұшырап қаңғырса, міне соның тіршілігі өліммен тең деген ғой», - деді.

Патша сөзін бітірген кезде, Шира мен Багдаз оған мынау әңгімені көйітті:

- Әміршіміз сіз болғандықтан біз бақыттымыз, өйткені өте ысылған, асқан ақылды, мүлтіксіз данышпансыз. Бұрынғылар айтыпты: «Өз ақылы тапшылау құлдың данышпан әміршісі болса, соның игілі істері арқылы құл да мұратына жетіп, мақтанбақ, — депті. Сол айтпақшы, біз де, ізгі басқаруыңызға, дана билігіңізге сиынамыз, осы беттеген мақсатыңызға жетуіңіз үшін тәңірінің мейірлі болуын өтінеміз, не айтсаңыз да құлдық ұрып қабылдауға дайынбыз. Патшаның ұлы атағы мәңгі өшпесін, сонда біздің атымыз да ескерілмек, өйткені патшамыздың бар мақсатын екі етпей орындауға ұмтылмакпыз, әсіресе осы бет алысында патшамыздың бар тілегі жүзеге асқанға дейін біз де мал-жаннан безе қимылдауымыз керек», - депті.

Екі уэзір сөзін аяқтаған мезгілде, патша үшінші уәзіріне шұқшия қарады. Біраз күтіп кідірді де, әнгімеге араласқысы келмей отырғанын байқап, патша ашу шақыра сөйледі: «Әй, сен өзің қалайсың, адамзат қауымындағы бірталай жандар,


әсіресе жырынды да сенімді достары бар патшалар, нені істеу керек, неден бас тарту қажет екенін айтысып, көп нәрсе жөнінде дауласьш, талқылап-ақ жатады ғой! Тіпті біздің беттеп отырған ісіміз шамамыздан тысқары болған күнде де, оны орындауға қамдануымыз саған оғаш көрінсе де, патшаның алдында өз ойыңды ашып айтуың керек еді, жауап беруге мұршасы келмейтін кереңнен де меңіреу жан тәрізденуің қалай?» - деді.

Патша соңғы сөзін бітірген заматта үшінші уәзір сөйлей жөнелді:

«Осы сәтке дейін сөзге араласпағаным үшін патшам мені кінәламасыншы. Жолдастарымның әдемілеп айтқан сөздерін түгел тыңдағым келді, сондықтан ойларын бөлмей бәрін екшеп шығуға тырыстым, өз шама-шарқымша білгенімді соңырақ айтуға оқталдым», - деді.

Патша: - Ал, өз ойыңды баяндашы! - дегенде. Уәзір: - Менің ойымша өз мұратына қалай жетудің амал-айласын патшам біліп отырған сияқты, соған өзі қатты сенеді де, ал егер ол өзі біле алмай отырса, онда ол туралы ойлаудың да, ұмтылудың да қажеті жоқ қой, өйткені ата-бабамыздан бізге қалған мұра да жоқ, олар да еңбек сіңіріп, талай нәрсеге ұмтылған болар. Мінезді тәңірінің өзі жаратады, еншісіне тиген хайуанаттың табиғатын өзгертіп, бөгде пішінге түсіру ешкімнің қолынан келмейді, патшалардың патшасы да бұған еш қайран жасай алмайды, міне, менің бұдан артық айтарым жоқ, - деді. Патша: «Атадан балаға мұра болып, тұқым қуалау қасиетімен еш нәрсе шектелмейді, өйткені қанша жартымсыз шағын іс болса да, сырттан көмек келмесе, орындалуы мүмкін емес», - деді.



Сонда уәзір: — Патшаның айтканы рас, әңгіме осылай, ендеше, мүмкін емес нәрсені, тұқым қуалаған мұратың қасиетті өзгерту үшін күрес ашуға шама келмейтін болса, онда бұл істі мүлде тастау жөн ғой. Кімде-кім тұқым қуалаған ата кәдесіне қарсы шықса, оған ежелден келе жатқан үйреншікті дағды жылдам көне қоймайды, сөйтіп ол осыны ұғады да, қолын бір- ақ сілтейді. Бірақ кейде өзі әуре-сарсаңға ұшырайды, өйткені бұрынғы дағдысына да ол кері орала алмай шөре-шөреде қалады. Ал кейде көп еңбек сіңіріп қалжырайды да, осындай бір уақиғаға ұшыраған патшаның аяғын құшады, - деді.

Патша: - Ол қандай уақиға? - деп сұрағанда. Уәзір оған: - Баяғыда Ніл өзенінің бойында бір патша дәурен сүріпті, соның мемлекетінде ағашы қалың біткен, жемісі де, бұлақтары да мол бір биік тау бар екен. Осы мемлекеттің тағы аңдары да, басқа


хайуандары да әлгі таудан қорек алады екен. Осы тауда бір саңылау - тесік болыпты, сол тесік аркылы жеті ыңылымнан, дүниенің үш жарым бұрышынан жел келіп, аңырап соғады екен. Әлгі саңылауғатақау жерден өте әдемі үй салыныпты, ондай сұлу үй дүниеде болмапты. Патша да, оның ата-бабалары да осы үйде тұрыпты. Саңылаудан соққан долы жел кейде оларды қырғынға ұшыратады екен, алайда үйдің әдемілігін, жемістің молдығын қимай, ата-мекеніне үйренген дағдысынан аса алмай, олар қоныс аудармапты. Әр уақыт ақыл беріп отыратын патшаның бір уәзірі болыпты. Күндердің бір күні уәзірімен мәжілісте отырып, патша айтыпты: «өзің де білесің ғой, ата-бабамыз сіңірген игілі еңбектің арқасында біздің ырзық-несібеміз өте мол, ісіміз де өз ықтиярымызға бағынады. Қағынған долы жел үдере соқпаса, мынау үй де нағыз ұжмақтың өзінен аумас еді ғой. Біз ізденсек, мына тесікті тығындаудың әдісін табармыз, сөйтіп, құйынша соққан қатты желді тоқтатармыз. Егер біз осыны істей алсақ, осы жел арқылы ата-бабамыз басынан кешірген ауыртпалық пәледен қорқудың да қажеті жоқ, онда біз дүниенің ұжмағына ие боламыз, сонымен қатар атағымыз мәңгіге жайылады», - дегенде уәзір тұрып:

  • Саған кызмет істеуге, жарлығыңды жылдам орындайтын

құлыңмын ғой, - деп жауап беріпті.

Патша: - Бұл мен айтқан сөзге лайық жауап емес, - дегенде, уәзірі:



  • Бұдан артық қазір менде жауап жоқ, өйткені бізден патша анағұрлым данышпан, даңқы жер жарған жырынды да ысылған жан. Бұл жалғанның патшасы ол, бірақ мына көрсетіліп отырған іс, тек қана тәңірінің күші араласса, сонда орындалмақ, бұл адамның қолынан келмейді, өйткені көзге ілікпейтін болмашы жәндік мұндай ұлы іске өздігінен барып, оның сырын аша алмаса керек, бұл ауыр іс, - деді. Сонда уәзірге патша айтты:

  • Өзара бәсекелесіп жүріп адамның көретін рақаты жоғарыдан

келетіні де рас, бірақ істі ұкыптап істеу, лайықты қылық жасау, бұл адамның өз еркінде, әрине, төңірекпен байланыстың, арақатынастың бәрі де тәңірінің көмегімен болары белгілі ғой. Бірақ осы іс тәңірінің ісі емес, адам істейтін іс. Сен өзіңнің осы туралы ойыңды айтсайшы, - деді. Уәзір:

  • Менің ойымша істегелі отырған істің патша егжей- тегжейін

білуі шарт, бұл жердегі сөзден мән шықпайды. Ал жағдайдың өзі итеріп апарып кездестіретін пайда мен зиянға келеек, оған ешкімнің көзі
жетпейді, оның құпия сырын адам аша алмайды. Сондықтан сенің қадағалап қарауың жөн, өзіне мүйіз іздеп есектің таз кебін киіп жүрмегейсің, - деді. Патша:

    • Ол қандай уақиға еді? - деп сұрағанда. Уәзір: - Баяғыда бір адамның

есегі болыпты, иесі оны жемге байлап асырапты, сонда есек әбден семіріп, еліре тулап, есіре бастапты. Бір күні иесі оны суарғалы өзенге қарай айдапты, сонда есек ар жақта тұрған мәшіні 1 көріп қатты құмартыпты да ақыра тап беріпті. Иесі оның құмартқанын байқапты, босанып шығып кетер деп қоркыпты да өзеннің жағасындағы бір ағашқа апарып байлапты, сонсоң өзі мәшінің иесіне барып: «Менің есегім зиянын тигізіп жүрер, сен мәшіңці кейін тарт», - депті. Мәші иесі мұның сөзін қабылдапты. Есек жалғыз қалып, ағашты шыр көбелек айналып, үздіксіз ақырып оқырана беріпті. Кенеттен төмен қараса алдында жатқан таяқты көріпті, сонда ол өзіне-өзі сөйлепті:

    • Адаммен соғысуға бұл жалғыз таяқ жеткіліксіз, оның үстіне мен

сайысқа төселген де жан емеспін, бірақ, дегенмен, қару ұстап көрмегендердің талайын-ақ ұрып-жығып жайратам ғой, ал егер бір таяқпен осыны істей алсам, өзім ойлап жүрген найза қолыма түскенде не болмақ? Шынын айтсам, ол кезде мен жүз салт аттыны оп-оңай-ақ жусатам ғой. Ендеше тезірек найза тауып алуға тырысуым керек; ал егер ата-бабаларымыз осыған еңбегін сіңірген болса, онда мені мына іздену ауыртпалығынан құтқарған болар еді ғой, - депті. Осы мезетте бір адам мүйізі қарағайдай текесін жетектеп суатқа алып келсе керек. Есек текені көріп, оның мөлшерсіз ұзын мүйізін көріп, өзінің арман етіп іздеп жүргенін тапқандай болыпты да сасқалақтап ойлана қалыпты: — Найза мен садағы және баска да қару-жарағы болмаса, бұл теке мынадай мүйізді басына тақпас еді, тегі, өзі сайысуға да даусыз төселген шығар. Егер мен осы жерден қашып құтылсам, сөйтіп, мына текеге барып қосылсам, оған аз- маз еңбегімді сіңірсем, ол маған көп нәрсені үйретер еді. Менің еңбегімді, адал ниетімді көргеннен кейін, өз қару-жарағының біразын сыйлар да, онша сарандық жасай қоймас, - депті.

    • Есектің елеңдеп, дәйек тұтпай ойнақтап тұрғанын көргенде теке су іше

алмай, оған қадала қарап тұрып қалса керек. Текенің су ішпей тұрғанын көріп, есек өзінше толғаныпты.

    • Менің ойымды түсінбесе, оның су ішуіне кедергі жасайтын бөгде себеп жоқ қой. Ол мені көріп қуанып тұр. Осы




1 Ұрғашы есекті мәші деп атайды.

істі ойлауым-ақ мұң, тәңірі тағалам табан аузында маған көмек берді, тек осы ой маған келісімен-ақ тілегімді ол қалтқысыз орындайды. Мұның бәрі тек жасағанның игілі көмегімен жаса- лып тұр. Уа, дариға, егер мен қандай жұлдыздың астында тұрып, қандай бақыт үлесіме тигенін білсем, сөйтіп, осындай ұлы іске қолымның жеткенін ұқсам, сонда не болар еді десеңші! Мен дүние жүзінің кереметімін, - бұған күдіктенуге болмас, - депті.



Су ішпей тұрғанын байқапты да текені жетектеп иесі үйіне қайтыпты. Есек байлаулы тұрған жиектен оның үйі аса қашык емес екен. Теке үйіне қайтып бара жатқанда есек оған мойнын созып, көзін сүзіп қарай беріпті. Үйіне кіріп кеткенше көзін айырмапты, артынан мән-жайды түгел білу үшін кірген үйін белгілеп қалыпты. Есектің иесі де оны өз үйіне алып келіпті, қораға енгізіп, алдына жем тастапты да есігін жауып қойыпты. Текеге қалай жетуді ойлай аласұрған есек жем де жемепті, су да ішпепті, әдіс іздеп елегзи беріпті: - Текеге түнде бару үшін қашып шығуым керек, - депті. Түн болысымен есек иесі ұйқтап қалыпты да, есек іске кірісіпті, есікті бұзып шығыпты да теке кірген үйге жүгіре жөнеліпті. Үйіне жақындап келіп қараса есігі жабық екен. Есіктің саңылауынан сығалапты да, тұсаусыз бос тұрған текені көріпті. Біреу көріп қояр деп қорқыпты да есек сол жерде таң атқанша тұрыпты. Таңертең бір адам текені жетектеп суаруға өзенге әкетіпті. Мойнына ұзын арқанды байлап ол жетектеп тартып алдынан жүріпті. Есек таяна келіп текемен қатарласа жүгіріпті, өз тілінде оған әңгіме айтып келе жатыпты, бірақ есектің тілін теке түсінбепті. Сондықтан теке үрке қашып, мүйіздеп сүзе бастапты. Жетектеген адам текемен сүзісіп жүрген хайуанды білу үшін кейін бұрылып онымен қатар келе жатқан есекті көріп, оны да ала жүргісі келіпті, бірақ соның артынша: - Егер есекті бірге жетектесем, екеуі төбелесіп қалар да мен оларға ие бола алмаспын. Онан да есекті текенің қасынан қуып жібергенім жөн болар, - деп ойлапты. Сөйтіпті де қолындағы таяқпен есекті салып кеп жіберіпті. Есек қашып кетіпті, бірақ әлгі адам ілгері жүре берген кезде есек қайта оралыпты, текемен әңгімелесіп, қатарласа жүгіре беріпті. Теке секіре қашып, оны сүзе бастапты. Жетектеген адам тағы жалт бұрылып, есекті салып жіберіпті, есек қашып кетіпті де соңынан қайта оралыпты, сөйтіп, ол үш рет келіпті, текеге таянған сайын әлгі адам оны ұрып соғумен болыпты. Сонда есек: «Өзімнің
шын сырымды ашып, мейірімді көрсетіп, шүйіркелесіп сөйлесуге кедергі жасап, мені үнемі қуалай берген осы адам ғой», — депті. Сөйтіп, тарпа бас салыпты да, арқасынан қапсыра тістепті, сонша қатты тістесе керек, әлгі адам зорға құтылыпты. Есектің еліріп, өлгенше ызаланғанын көріп ол:

—Егер мен оны жетегіме алсам, онда бір пәлеге ұшырармын, қауіп-қатерге килігермін. Онан да мен бұған ен салайын, соңыра иесіне жолыққанда қаруын қайтаруды талап етейін, - депті. Сонсоң қалтасынан бәкісін суырып алыпты да есектің құлағын кесіп ен салыпты. Есек өз үйіне қайтып келіпті, бірақ құлағын кестіргеннен гөрі иесінен анағұрлым артық таяқ жепті. Есек сонда үлкен ойға шомыпты: «Ата-бабамыз бұл іске басқалардан гөрі бұрынырақ кірісер еді-ау, бірақ олар кейінгі пәлесінен сескенген екен ғой, сөйтіп, қанша азап шексе де шыдап қызмет еткен екен», - деп түйіпті.

Патша: «Мен бұл сөзіңді тыңдап өттім. Бірақ осы істен сен неге қорқасың? Ал егер құдай өзі сақтасын, біз ізденіп отырған ісіміз орындалмаған күнде де сен қорқар ештеңе жоқ қой. Ақыры, насырға шапкан мезгілде де біз одан басымызды сауғалай аламыз ғой», - депті.

Патшаның осы істі орындауға құмартып отырғанын біліпті де уәзір енді қарсыласпапты, сөйтіп ол: «Есігіңді түзет те, жаңғыртып қайта орнат!»—депті. Соңынан патша: «Жұлдыздың пәлені күні жас жігіттердің бірі қалмай біздің сарайға жиналсын, әркайсысы таудан бір құшақ отын ала келсін», - деп жан-жаққа жар салыпты. Жұрт бұл жұмысқа жұмыла кірісіпті. Долданған құйынның саябырлайтын кезін патша алдын ала біледі екен, міне, дәл сол күні отынды алып жұрт жетіп келіпті, сонда патша үңірейген тесікті таспен тығындатып, саңылауды бекіттіріпті, оның алдына биік ықтырма орнаттырыпты. Жұмыс қауырт жүріп, бәрі көңілдегідей бітіпті. Бұрын саңылаудан азынап соғатын өкпек жел мүлде басылыпты да жым-жырт толастай қалыпты. Осы тауда өсетін ағаштар мен түрлі өсімдіктер бір жыл өтпей-ақ құрғап, кеуіп кетіпті, қуаңшылық екі жүз фарсах жерге тарапты, қанатын тіпті одан да әрі кеңге жайыпты. Осы елдегі жыртқыш аңдар мен жан-жануарлар түгел қырылыпты, бұлақтар мен көлдердің суы тартылыпты, өзендер кеуіп кетіпті. Халыққа бықпырт ауруы тиіпті, көп адам қырғын тауыпты. Сол мемлекеттің тұрғын елі бұл пәледен құтыла алмапты. Сол кезде кеудесінде жаны бар тірі қалған халық патша сарайына жиналыпты,


сөйтіп, оның өзін де, уәзірін де, үй-іші, бала- шағасын да түгел қырыпты. Бәрін өлтіріп тауыскан соң, бұлар барып бұрынғы жасалған ықтырмаға қол салыпты, үйілген қортанды бұзып, кіре беріске тығындаған тастарды лақтырып, үйілген отынға от қойыпты, сонда жалын лаулап аспанға шығыпты. От ұйтқып жанған кезде жұрт өз орындарына қарай кейін лықсыпты. Сонсоң көптен бері толастап қалған жел саңылау тапқан мезгілде үдіре соғыпты, отты өршіте жандырып, өзімен бірге ала жөнеліпті де мемлекеттің түкпір-түкпіріне жайыпты. Құйындатқан долы жел екі күн, екі түн тынбай соғыпты, өртенбеген дала да, ауыл да, қорған да, ағаш та, адам да, мал да қалмапты, түгел тып-типыл болыпты, - деді. Сонда тышқан патшасы: «Мен сенің нақылыңды тыңдадым. Бірақ мынадай да сөз бар ғой: кімде-кім бір келелі іске, зор мақсатка ұмтылса, алайда болмашы бір кеселді кедергіден сескеніп әлгі бетінен бас тартса, ондай адам күтпеген жердей жолы бола қалмаса, ұлы дәрежеге жете алмайды», - деген ғой. Шынында, бұл жалғанда игілі ісі мен атағы шыққан жан, пайдалы нәрсенің ешкайсысын да өзімен бірге ақыретке ала кетпейді, оның басына біткен ұлы сәттілік, зор бақыт сол, істеген ісі ғана артында мәңгі қалады», - деді.

Уәзір: «Ей, патшам, дұрыс айттың-ау!» - деді. Бірақ істелген істің бәрі бірдей пайдалы бола бермейді, оның үстіне данышпандардың да сөзі бар ғой, өзін-өзі пәлеге ұшыратқан кісіні мүсіркеу жараспайды, өз ажалына өзі себеп болтан жан ұжмақтан орын таппайды, - деген екен. Патша: «Дұрыс қой, енді менен сұрасаң, ойымды айтайыншы: сен көмек берген соң, жолымыз болды да біз ұтып шықтық. Енді тек осыны орындауға ғана ұмтылуың керек», - деді.



Осы істі аяқтап шығуға патшаның сусап отырғанын, сол мақсатқа жету үшін дайындалған лайықты құралдардың да әзір екенін уәзір толық түсінді, сонда: - Мен орындауға шамам келетін нәрсе жөнінде ғана ақыл айта аламын. Осы уақытқа дейін сөйлеген сөзімнің бәрі патшаның даналығына, қырағылығына сенуден туып еді. Ал өз басыма келсең, менің білімім шамалы, сондықтан ұсынар жоспарым тек патшаның бақытына қарай жолы болса ғана орындалмақ. Данышпандар да, надандар да айтады екен ғой: - даналар ақымақпен кеңессін, өйткені оның берген ақылы қажетсіз нәрсеге ұрындырады, босқа лағады, сондықтан данышпан жан ол надандыққа билетпейді, айтқан сөзін, көрсеткен жоспарын қабылдамайды,


  • депті. Бірақ данышпан адам әр істің жәйін сұрыптап саралайды да тиімдісін таңдап алады, сөйтіп, наданның сөзін де өзінің игілі ісіне пайдаланады. Данышпан екі жағдайда ғана наданмен кеңеседі, соның бірі - егер надан бөгде біреудің сырын ашатын болса, сол наданмен кеңесу арқылы данышпан бөтен адамның сырын біліп алып, сонымен пайдаланатын болса, міне сонда ғана ақылдасу керек, ал екіншісі - егер акымактың бойына біткен дербес табиғаты бұған көмек беретін болса, сонда ақылдасады. Осы жөніндегі менің айтканымның бэрі тек патшаның біліміне, ақылына мұқылас сенгендіктен туды, патшам ашуланбас, сөзімді риясыз қабылдар деуден шықты, - деді.

Патша: - Айтқаныңның бәрі керемет шындық, түгел рас, істің ішкі мазмұны да осы сенің сөзіңе дәл келеді, тек «менің білімім шамалы» - деген жалғыз ауыз сөзіңнен баскасы түгел дұрыс. Ал, менің ойымша, білімім шағын деуің бекер, орасан күшті, телегей-теңіз ақылдысың, әскерімдегі барлық жаннан мен сені артық көрем, - деді.

Патшаның аузынан осы сөзді естігенде уәзірі: «Патшам өзіне өзі сенбейді екен. Мен тәрізді құлы жөнінде мына сөзді айтуы тек қана зор мейірім мен үлкен сүйіспеншілігін көрсетуі болар», - деді.

Осыдан кейін патша үш уәзірімен керісінше ақылдасты, былай айтқанда кішісінен үлкендете сөз салды. Сонда патша ең кіші уәзіріне қарап: «Осы жұмыс туралы сен не айтасың, енді не істеуміз керек?» - деп сұрады.

Кіші уәзірі: - Менің ойымша көбірек етіп коңырау дайындатыңыз, сол коңыраудың әркайсысын мысықтың мойнына тақтырыңыз, сөйтіп, келіп-кетіп жүргенде біз қоңыраудың сылдыраған дыбысын естіп, алдын ала шара қолданып сақтанатын болалык, інімізге кіріп басымызды сағатталық, - деді.

Патша екінші уәзіріне бұрылып: «Мына жолдасыңның жоспары туралы сен не ойлайсың?» - деп сұрағанда, ол:


  • Мен оның айтқанын мақұлдай алмаймын. Айталық, біз толып жатқан коңырауды дайындармыз, сонда қан ішкіш сонау дәулерін былай қойғанда, мына кішкентай мысықтың мойнына сол коңыраулардың біреуін апарып, жүрексінбей кім іле алады? Менің ойымша жоспарымыз былай болуы тиісті: біздің көзіміз жоғалса, мысыққа жұрт ділгәр болмайды, сондықтан біз жыл он екі ай бойы осы қаладан кетіп, жапан

түзде өмір сүрелік. Мысықтардың даяр аска ие масыл екенін, тиер пайдасы жоқтығын түсінгенде жұрт оларды үйінен қуып шығады, кырып-жойып, көздерін түгел құртады. Мысықтар бет алдына босып қашады, көбі кырғын табады, біразы түзде жүріп тағыланады, сөйтіп енді қалаға қайта оралмайды. Олар қырылып біткен кезде біз бұрынғыша қалаға қайыра келеміз де, олардың шабуылынан қымсынбай бейбіт өмір сүреміз, — деді.

Патша үшінші уәзіріне қарап: «Жолдасыңның сөздері туралы сенің пікірің қалай?» — деп сұрағанда.

Уәзірі: - Бұл жоспарды мен мақұлдай алмаймын. Егер біз қаладан шығып, жапан түзде бір жыл қаңғырсақ, сол бір жылдың ішінде мысықтардың тұқымы құруы мүмкін емес, ал жапан түзде бұдан да ауыр сергелдеңге, талай азапқа ұшырауымыз мүмкін, өйткені онда жылан да, қосаяқ та, кезкұйрық та бар, олардан көретін жапамыз мына мысықтардан тартатын тақсіреттен әлдеқайда ауыр болар, - деді. Патша оған: «Дұрыс айтасың. Олай болса қане, өз жоспарыңды әкелші!» - деді.

Уәзірі: — Бұл туралы мынадай бір амал бар, бұдан басқа ешбір лаж таба алмай тұрмын. Мысалы патша осы қалада және сыртта жүрген тышқандарды, сарайдағы қызметкерлерін түгел жинасын, солардың әрқайсысына жарлық берсін, бәріміз сыятындай етіп олар індерін кеңітетін болсын, он күнге жететіндей әрбіреуі азык-түлік қорын жинасын. Әлгі іннен сыртқа қарай жеті тесік шығарсын, ал үй иесінің қалы кілеміне, таза бұйымдарына баратын үш аузы болсын. Осыларды жасап болған соң бәріміз жиналып қолында асыраған жалғыз ғана мысығы бар байдың үйіне баралық, оның дүние-мүлкі жиналған қоймасына кіретін шығар ауызға орналасайық, бірақ тамағына да, үй саймандарына да тиюші болмайық, тек қана көйлек- көншегін, кілемдерін бүлдіре басталық, алайда осының бәрін ойсыратпай өлшеп істелік. Дүние-мүлкінің бүлінгенін көргенде үй иесі ойға түседі: «Мына жалғыз мысық көп тышқанды аулай алмас, екіншісін әкелу керек шығар», - деп табады. Осыны істеген кезде біз бұрынғыдан екі есе артык бүлдіруге кіріселік. Сонда қожайын екі мысыктың мұршасы келмейтінін көреді де, енді үшіншісін әкелуге ұйғарады. Бұлай істеген заматта одан жаман өршелене кеміріп, көйлек-көншегін, азық-түлігін опыра бүлдірелік, осыны орындап шықсақ қожайын тағы ойланады да мысықтың санын көбейтуді доғарады. Үйінде жалғыз мысығы бар кезінде қанша бүлінгенін, ал мына үш мысық болған кезде қанша бүлінгенін салыстырады да, мысықтың санына қарай

406


бүлінудің көбейгенін біліп, бар пәле өзінен екенін ұғады да бойын тежеп, аңыра қалады.

Жағдайдың өзі ыңтиярсыз оны ойға салады, сонда: — Мысықтың санын көбейткен сайын менің дүниемді тышқанның бүлдіруі де ұлғая түсті. Ендеше, бір мысықтың көзін құртып байқайыншы, сонда не болар екен? - деп толғайды. Сөйтіп, ол бір мысықты үйінен қуып шығады, сол кезде біз де дүниесін бүлдіруді саябырлатамыз. Осыны көргенде ол пайда, зиянның қайдан келгенін әбден түсінеді де екінші мысықты қуалайды. Қожайын осыны істегенде үй сайманына зәбірімізді тигізбей, біз де толастаймыз. Осыны байқайды да, ол үшінші мысықты қуып жіберуге мәжбүр болады, сол қарсаңда оның үйінен біз де шығып кетеміз. Кесірдің бәрі мысықтан екенін, олардың бізге деген жаулығынан туғанын, қожайын енді анық біледі де өлтіргенін өлтіріп, тірісін үйден қуып шығады, сөйтіп, олар енді қайтып бұл үйге келмейтін болады. Біз бұл қылықты бір үйге ғана істеп қоймаймыз, жағалай қыдыра жүріп істейміз, мысықтан келетін зиянның өте зор екенін халыққа әбден түсіндіргенше тоқтамаймыз. Осыған көзі жеткенде тек ғана үйдегі мысықты қырып місе тұтпайды, түздегі тағы мысықтарды да қырады, көзге түскенін табан аузында өлтіріп, үргін-сүргінге ұшыратып, қыр соңынан қалмай қудалай береді. Сонымен біз мысықтан ада-күде құтыламыз, қауіптенбейтін боламыз, - деп сөзін бітірді.

Патша уәзірінің айтқанын істеді. Сөйтіп, алты ай өтпей-ақ қырсықтың бәрі мысықтан екенін жұрт түгел түсінді. Оларды қуалап жүріп қырғынға ұшыратты, бірін қалдырмай қаладан айдап шықты, үргін-сүргінге салып, кыр соңынан қалмады, біреудің киім-кешегіне, ішер асына, не кілеміне азырақ зақым келсе-ақ болғаны: «Байқаңдар, қаламаңында мысық жүрмесін!» —дейтін болды. Адамдардың біріне немесе хайуанға ауру жабыса қалса: — Заты, осы қаланың маңынан бір мысық өткен тәрізді- ау! — деуді шығарады. Осындай амал-айла жасап мысықтардың қаупінен құтылды да, тыныштық орнады.

- Ал енді осы сияқты әлсіз, өзі болмашы, көзге қораш жәндік дұшпанынан құтылуға мынау айланы жасап, басын сауғалай алғанда, жан-жануардың ішіндегі ең зейіндісі, дұшпанына қарсы айла кұруға ең қабілеттісі адам туралы сен не ойлайсың? - деді.




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет