Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы



бет2/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

екінші том

Ер-Дәулет"

Астана 2008

ББК 84 (Каз) 7-44 Т 16




Редакция алқасы:


жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

ӘбіШ Кекілбай,

филология ғылымдарының докторы, профессор



Мырзатай Жолдасбеков, жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек,

Ұлттык ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор



Рымғали Нұрғалиев,

ғалым, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты



Қойшығара Салғараұлы.


Талжанов С.


II том. 3 томдық шығармалар жинағы.

Т 16 /Құрастыр. Е. Кажыбек-Астана: Ер-Дәулет 2008. - 400 бет ISBN 9965-436-52-5

Филология ғылымдарының докторы, аудармашы Сәйділ Талжановтың 3 томдық шығармалар жинағының II томына тіл мен әдебиет және аударманың теориясы жайындағы сүбелі зерттеулері, сондай-ақ, бағзы заманның даналығынан сыр шертетін, дүние жүзіне кең тараған «Кәлилә мен Димнә» атты көне үнді ертегісі енгізілді.

Кітап көпшілік окырманға арналған.



4204000000


Т--------------------- 2008 ББК 84 (Каз) 7-44 00 (05) -08
©Талжанов С. 2008

ISBN 9965-436-52-5 © “Ер-Дәулет”, 2008

БІРІНШІ БӨЛІМ

АУДАРМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ

ӘДЕБИЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

з

КІРІСПЕ



Көз жеткісіз көне заманда, карым-катынас бүгінгідей етек алып жайылмаған кезеңде, талай-талай ұқсас ойлар, толғаныс-тебіренулер, тіпті біріне-бірі сырттай ұксап кететін жеке-жеке сөздер де болған. Бірақ, осылардың бәрі бір елде туып, бөгде елдерге содан таралмаған тәрізді. Ең әуелі осы жәйттің басын аша кетелік. Кейде некен-саяқ сырттай ұқсастықты ұшыратсақ-ақ болғаны «Ия, мынау жат жұрттың ұғымы, мұны пәленшеден түгенше алып пайдаланған екен...» деп шамалаймыз. Тіпті мұндай «долбарлаудың» кейбір орашолак үлгілері өткен заманда орыс халқының зерттеушілерінде де болған ғой. Мысалы, орыс филологиясының көрнекті қайраткері Ф.И.Буслаев орыс халкының ауыз әдебиетіндегі толғаулардың біразын көне ертектерден іздеген, кейбірін ежелгі санскритке апарып теліген, бұл бағытты «Мифологиялық школа» деп атайды; кезінде Ф.И.Буслаевтың осы сыңаржақ пікірін жеріне жеткізе сынап, мансұк еткен аты- шулы сыншыларымыз Н.Г.Чернышевский1 мен Н.А.Добролюбов2 еді. Баяғыда, 1858 жылы А.Вельтман деген ғалымның

«Тарихи халык аңыздарының жинағы» («Свод исторических народных преданий») атты кітабына да Н.А.Добролюбов рецензия жазған-ды:

«АВельтман мырзаның филологиялық әдістері оның өзі ашқан мынадай тіл заңдарына тиянақталады, - дейді. Мысалы:


  1. Бір тілден екінші тілге көшкенде әрбір дауысты дыбыс кез келген

дыбысқа ауыса береді.

  1. Сондай-ақ әрбір дауыссыз дыбыс та толып жатқан дауыссыз дыбыстардың біреуіне ауыса салады.

  2. Әрбір сөздің ішіндегі дауысты, дауыссыз дыбыс та, әріп те, тіпті бүтін буын да әдемі естілуі үшін түсіп те қалуы кәдік, немесе жаңадан қосылып та кетуі мүмкін.

  3. Дауыстылардың дауыссыздарға айналуы да немесе керісінше

көшуі де ықтимал», - бұдан әрі ол: V ғасырда болған гунның қолбасшысы Аттиланы «Киевтің ұлы князі - орыс халқының патшасы» етіп шығарады, өйткені, ескі латын тілінде «гун» деген сөз «һunі» (хуни) болып жазылса, оны А.Вельтман




1 Н.Г. Чернышевский. О. полемических красотах. «Современник», 1854, №9 (бұдан кейін «Современник» журналының 1861 жылы, 6-7 сандарында беріледі).

2 Н.А. Добролюбов. Собр. Соч., т. I. М.-Л., 1961, с. 79, 555.

4
«сһunі» (куни) сонсоң «сһuеnі» (куени) етіп орыс тіліне таяп әкеледі де, бұл енді «Кыяне», былай айтқанда «киевляне», ендеше бұлар Киев қаласының тұрғындары»3, - деп түйеді.

Бұл сияқты пікірлер А.Вельтманнан бұрын да, соң да болған тәрізді. Мысалы, 1853 жылы Санкт-Петербургте «Отечественные записки»

атты журналдың 7-санында шыққан «О родстве языка славянского с санскритским» деген мақаласында ғалым А.Гильфердинг орыс тілінде айтылатын «амбар» дейтін сөзді санскриттің «ambarjami (амбариами) сөзінен шығарыпты. Орыс тіліндегі «якшаться» деген сөзді санкскриттің

«jakch» (якш) сөзінен апарып тудырған екен.

А.Гильфердингтің осы бір шұғыл байламына қарсы шығып, өз мезгілінің сыншы-ғалымы Н.Г.Чернышевский былай депті: «Амбара» он (А. Гильфердинг), производит (стр. 13) от санскритского (ambarjame» - коплю, собираю. Но амбар (правильнее анбар) чисто арабское слово, перешедшее к нам от татар, подобно словам сходного значения: «казна» и

«сундук».

«Якшаться» которое отмечено в «Областном словаре» как вологодское, но которое употребляется на всем востоке России, производит он от санскритского «jaksh» - чтит (стр. 39), оно происходит от татарского «якши» - «хороший»4.

Біз де Н.Г.Чернышевскийдің осы пікіріне түгел қосыламыз. Алайда Н.Г.Чернышевскийдің «анбарды» араб сөзі деуі жаңсақ айтылған, бұл сөздің түбірі «анбар» - «амбар», «албар» парсы мен түркі тілдеріне ортақ болса керек.

Зерттеуде дәлелсіз долбарлау орын алуға тиісті емес. Олай деуімізге басқа да себеп бар.

1963 жылы «Ғалымның көзімен» («Глазами ученого») деген кітап шықты, көлемі - 737 бет. Осы кітапқа сайдың тасындай өңшең ірі ғалымдар ат салысқан. Соның ішінде В.А.Амбарцумян, А.П.Виноградов,А.Н.Несмеянов, В.Г.Фесенковтар бар. Айтылмыш еңбектің кіріспе сөзін совет ғалымы, СССР Ғылым академиясының бұрынғы президенті, атақты академик А.Н.Несмеянов жазыпты. Сонда:

«Бұл кітапты жазу үшін ғалым авторларды сұрыптап, таңдап-ақ алдық, сонда да болса осы еңбек мүлде мінсіз дей алмаймыз. Өйткені, катынасқан



5

3 Н.А.Добролюбов. Собр.соч.,,т.ІІ. М., 1962, с. 335-339 (см.ст. «Атилла и Русь ІУ и У века»)



4 И.Г.Чернышевский. Полн.собр.соч. в 115-ти т., т.ІІ. М., 1949, с. 202
авторлардың көпшілігі ғылымды өз қолымен жасаушылар еді, бірақ сол ғылымның құнарлы маңызын жұртка жайып түсіндіруге төселмеген адамдар болатын. Ендеше, ешбір кемшілігі жоқ мұнтаздай кітапты мүлде жазбай қойғаннан көрі, азды-көпті міні бар кітапты ара-тұра жазып шығарған анағұрлым артық», деген екен осы күнгі ағылшын ғалымы химик К.К.Ингольд. Ендеше, соның ойын біздің де медеу еткеніміз мақұл,»5 - депті академик А.Н.Несмеянов.

* * *


Өткен тарихи ұзақ сапарында қазақ халқы талай елді, талай жерді көргені хақ. Осылардың шытырман іздері қазақтың тілінде, ауыз әдебиетінде, әдеби мұраларында көрініп қалады.

Халықаралык ауыс-түйіс тоқсан түрлі, оның ішкі байланысын бірден ұғуына қою да оңай емес. Өйткені тарихи фактілер әр дәуірден ауысып, бірте-бірте құбылып жаңара беруі де, сондай-ақ заман ағысына сәйкес көнере беруі де - өмір заңы.

Біздің бүгінгі атом заманында аспан алакандай, жер тебінгідей болды. Ел арасының шалғайлығы сонау көне замандағы мағынасын өзгертті.

«Алты айшылық жолды алты басатын» — ақындар арман еткен Тайбуырылдардың жүйрік жүрісі реактивтік самолеттің шаңына да ілесе алмай қалды. Дүние жүзі қоян-қолтық алысып, ойларын бетпе-бет ортаға салысты. Бұл жәйт ежелгі дүниеде болмаған еді. Сондықтан ол заманның ауыс-түйістері бүгінгінің өлшеміне сыймайды. Солай бола тұрса да, дүниенің төрт бұрышында сол кездерде түрған, не тарихи, не географиялық, не діни байланысы жоқ елдердің аузында да біріне-бірі ұксас ойлар айтылған екен, міне осының себебі неде? деген сұраққа жауап беруге беттеп отырмыз.

Әрине, ой ауысуының халықаралық процесі өте шытырман, әсіресе әлеуметтік көріністі көзге анық елестету киын. Бір елдің екінші елге ететін әсері қарапайым зат емес, ол өте шимай-шатпак, бұраңдаған тоғыз жолдың торабы.

Г.Н. Потанин «Европаның орта ғасырлық эпостарында шығыстың сарындары бар» 6 атты еңбегінде: «Қазактың бірталай ертегілерінің ертедегі дүние танумен байланысты туғандығын көрсетті», 7 - деген болатын». (М.Әуезов)





5 Глазами ученного (от земли до галактики, к ядру атома, от атома до молекулы, до организма). М, 1963, с.9.

6 Г.Н.Потанин. Восточные мотивы в средневековом западно-европейском эпосе. М., 1899.

7 Қазақ ертегілері. Алматы. 1957, IX бетінде (осы кітапқа М.О.Әуезов пен Е.Ысмайылов жазган кіріспе сөзін қараңыз)

6
Біздің осы арада айтарымыз Г.Н. Потаниндей ғалым айтқан ойдың дұрыс, бұрысын шешуде емес, тек қана ауыс-түйістің әр елде, әр дәуірде болғанын, оның әлі де бола беретінін дәлелдеуде, сонда да болса күйіну, сүйіну тәрізді дерексіз толғаныстар: жақыны өлгенде жылау, бала туғанда қуану, ашуланғанда қамшы сілтесіп, төбелесу әр адам басынан кешеді, заманына сай өзгеріске ұшырап дамуы да ықтимал, неше алуан саққа жүгіріп құбылуы да мүмкін. Алайда, қаншама сырттай ұқсас болғанымен бұларды ауысудың нәтижесі деп ұғыну мүмкін емес.

Өмір шындығы жұрттың бәріне бірдей, бірақ оны әр халық өзінше ұғынады, өзінше атайды. Өзінің күнде көріп отырған жағдайларына, саяси-экономикалық бағытына, табиғат көріністеріне байланыстыра толғайды. «Бір елдің әдебиетін бізге жеке адамның табиғаты, сол халықтың мінез-құлқы түсіндірмейді. Тек сол елдің өткен тарихы мен әлеуметтік құрылысы ғана айқындап ұғындыра алады... адамның рухы жасап шығарған туындыны да, сондай-ақ, төңіректегі тірі табиғаттың туындысын да тек сол қоршап тұрған орта түсіндіретіні даусыз», 8 - деген Г.В. Плеханов.

Дәл осы арада оқушылардың есіне сала кету артық болмас, ұқсас ойлар әр елде бір мезгілде тууы да шарт емес, себебі, бір саяси-экономикалык жағдайды бір ел басынан ерте кешірсе, екінші елде ол дәуір басқа кезде туатыны көпке мәлім. Мысалы, патриархалды-рушылдық дәуір бір елдің басынан осыдан екі мың жыл бұрын өтеді де, екінші ел сол рушылдық дәуірге кейін келіп жетеді. Көне тарихта айтылган аңыздар осы күнге дейін айтылып келеді, бірақ олар кейбір жерде етек алып отырса, ал екінші бір елде марғаулап кейін калғанын байқаймыз. Осының бәрі белгілі елдің мәдени жетілуіне, не мешеулігіне байланысты болса керек-ті.

Эпостық туындыларда айтылатын пікірлердің ұқсастығына да тоқталайык. Олар, шын мәнінде ауыздан ауызға көшіп жүрген қысқа-қысқа мысалдардан, ұсақ ертегілерден, келте қайрылатын анекдоттардан, өткір афоризмдерден әлдеқайда соң шыққан.

Заты, әрбір халық балаң дәуірден рухани марка дәуірге қарай беттегенде ғана өзінің ұлттық дербестігін, өз қолы өз аузына жетуін көксейтін тәрізді. Міне, осы кезде олар шетелдік жаудан, табиғаттың мылқау күшінен қорғайтын қаһарлы батыр - қайсар басшыны іздейтін сияқты. Ендеше батырлар жыры - эпостар дәл






8Г.В.Плеханов. Письма без адреса. М., 1956, с. 40-41.

осы өскелең мезгілде туатын сияқты. Мысалы, үстіміздегі жыл санаудан екі мың төрт жүз жыл бұрын ежелгі «Қос өзен» («Тигр» мен «Евфрат») бойында Шумер елі дәуір сүреді. Гульгамеш атты батырдың жыры сол кезде туыпты. Осы Гульгамештен мың жыл кейін Грецияда «Илиада» мен «Одиссеялар» жырланады. Индияның «Махабхаратасы»,

«Скандинавияның «Аға Эддасы», Осетияның «Нарты» деген эпосы, Германияның «Нибелунги» мен «Фауст» тәрізді эпостары, оғыз елі мен қазақ халқына ортақ «Дадам Қорқыты», кырғыздың «Манасы», қазақтың

«Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғындары» тарих бетіне шықты. Осылардың бәрі де өз заманында әр халықтың конкрет дүниесінен, қиялының жалғасуынан туады. Әр жұрттың нанымы, творчестволық шарықтауы өз әлінше осылай үздіксіз ұласа беретіндей межені көрсетеді. Мифология мен халыктың ауыз әдебиеті өзара тығыз байланысады, алайда, әр елде, әр алуан күй шертіледі. Өйткені, мезгіліне сай, жеріне, табиғатына қарай құбылып, түлеп отырады. Халық ойының өсіп-өрбу сатысы оның рухани ұғымына сай ілгері қадам басады немесе мешеулеп

кейін қалады. Бәрін де саяси- экономикалық жағдай (орта) билейді.

Ғалым Ф.И.Буслаевтың айтуынша: «Ертеде коне санскрит тілінде жерді сиыр магынасында ұғып, оны өгіз - го (гау-деген сөз) деп атаған. Орыс тілінде: говядина-сиыр еті, неміс тілінде - Gow (ray), гот тілінде - gobi (гови), казак тілінде - ау-кау (кейде аухау деп те) болып айтылған. Скандинавия тілінде сиырдың жалқы аты «Audhumba» (аудхумба) суы өте мол, дымқыл, сыз деген мағынада9 (қазақша «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» Орысша «Мать - сыра земля» тәрізді).

Қазақ халкының ескі үғымында «Жер - көк өгіздің мүйізінде, көк өгіз

- теңіздегі жайынның (балықтың) үстінде тұрады» деуі де осыған ұқсас тәрізді, сонда да бұларды ауысып келген деуге тиянақты дәлел таба алмаймыз.

Қазақ елінде мынандай мысал бар: «Шаңырақта асулы тұрған етке аузы жетпей мысықтың мысы құриды», сонда ол: «Өзі жасық, өзі сасық, осы етті кім жесін!» - деп, менсінбей жүріп кетеді».

«Біржан-Сараның» айтысында:







9 Ф.И.Буслаев.Соч. по археологии и истории искусств, т. II. СПб., 1910, с. 20.

8
Қарны ашқан кеселі бар еркек мысық, Сасық дер аузы жетпей майдан жеріп, -


деп келеді. Бұл екеуінің айтайын деген түпкі түйіні - бір. Оларда қазақ халқының өз өмірінде бар заттар, солардың аттары, мысалы: мысық, ет, май, шаңырак тәрізділер пайдаланылады.

Ежелгі грек, көне латын елдерінде «Түлкі мен жүзім» атты мысал бар. Мүны үстіміздегі дәуірден алты жүз жыл бұрын Эзоп 10 жазады, бірінші ғасырда Федр, екінші ғасырда Бабрий қайталайды. Ол мысалында биік ағаштың басында өскен жүзімге түлкінің бойы жетпейді, бірақ өзінің мешелдігін білдіргісі келмей: «Әй, қойшы, соны, әлі жетіліп піспеген, көк екен», - деп қомсынады. Эзоп мысалының өзін келтірелік: «Биік ағаштың басында өсіп, енді ғана жетіліп келе жатқан жүзімді көреді де, түлкінің кұмарлығы қозады, жеп рахаттанғысы келеді. Қанша әлекке түсіп ұмтылса да, бойы жетпейді. Қатты назаланады, бірақ білдіргісі келмей, кейін кетіп бара жатып: «Әй, қойшы, бұл жүзім өзі әлі піспеген екен, менің жегім келмей тұр»11, - дейді.

Сөйтіп, бұл келтірілгендердің біреуінде - «мысык пен ет, май, шаңырақ» айтылса, екіншісінде - «түлкі мен жүзім, ағаш» сөз болады. Мағынасы бірдей, бәрі де өздерінің қолы жетпейтінін, әлсіз мегежіндігін мойнына алмай, түлкі мен мысық екеуі де бір ауыздан жүзім мен етті, майды айыптайды.

Біздің ауыз әдебиетімізде «Айдаһарлы Құдайберлі» деген әңгіме ұшырайды. Сонда: «Құдайберлінің жылқысын айдаһар күзетеді. Екеуі жан қияр дос екен, мұны тірі жан білмейді. Күндерде бір күн Қүдайберлінің үйіне қонақ келеді. Осы қарбаласта байдың жалғыз ұлы сойыс әкелгелі жылқыға аттанады. Айдаһар жалғыз досы Қүдайберліден басқа ешкімді танымайды екен. Досының жылқысына өзінен өзгені жолатпауға уәде берген айдаһар (жылан) баланы жұтып қояды. Дәл осы мезгілде Құдайберлі де келіп қалады. Досының қаһарынан қорқып, айдаһар ініне кіре бастайды, баласының жазым болғанын сол арада сезіп, ашу қысқан әке айдаһардың кұйрығын шауып тастайды. Біраздан кейін айдаһар інінен басын қылтитып Құдайберліге тіл қатады: «досым, енді айрылысалық, балаң есіңе түскенде сен кешіре алмассың, ал құйрығым есіме түскенде мен де кешіре алмаспын», - дейді.







Басни Эзопа (Пер. Bern. Cm. И комментарии М.Л.Гаспарова). М., 1968, стр. 68; Федр, Бабрий. Басни. М., 1962, стр. 39 и 98.

Эзоповы басни. СПб., 1820, стр. 234. Бұл мысал И.А.Крыловта да бар. «Лисица и виноград» аталады (И.А.Крылов. Соч. В 2-х т., 1.М., 1956, с. 155).

9
Міне, тап осындай «Шаруа мен жылан» атты мысал Эзопта бар. Үстіміздегі дәуірден VI ғасыр бұрын болған Эзоп, екінші ғасырда болған Бабрий да тап осылай толғайды, үстіміздегі дәуірдің үшінші ғасырында

«Кәлилә мен Димнада», «Патша мен Фанза құс» деген әңгіме бар. Сонда патшаның баласы Фанзаның балапанын өлтіреді, өштескен анасы (Фанза) патша баласының көзін шығарып жібереді. Сөйтіп, Фанза кұс биік таудың басына барып қонақтайды. Патша кегін алу үшін қулық жасайды, үйіне қайта-қайта шақырады, Фанза көнбейді: «Мен сенімен енді достаса алмаспын, өйткені балаңның көзін шығарғаным есіңе түскенде, сен кешіре алмассың, ал балапанымның жазықсыз қаза тапқаны есіме түскенде мен де кешіре алмаспын»,12 - дейді.

Мұндай ұғым үйлестігі әр елде кездеседі. Өмірдегі қайшылықты жұрттың бәрі көреді. Кекетері жоқ болса, келемеж қайдан туады? Халықтың басынан кешкен тағдыр тарих бетіне түседі де, бәріне сол куә болады. Тап қоғамы дүние жүзіне ортақ, ал мысал, мысқылдар соның айнасы. Өйткені өмір ізі осы айнадан анық көрініп тұрады.

Ойымызды түйіп, түсіндіре түсу үшін тағы бір мысал келтірейік.

«Филогелос» атты жинақта 263 анекдот жазылыпты. Соның бас кейіпкері Педант әкесіне айтады: «Баяғыдан бері менің шешеммен бірге ұйықтайсыз, мен бір ауыз сөзге келіп, наразылық білдірмедім, ал мен сіздің шешеңізбен бір түнеді деп, неге осынша тулап ашу шақырасыз»13, - дейді.

Дәл осы әңгіме қазақ елінің әр өңірінде айтылып жүр. Әрбір қуақы сықаққойдын аузынан тарап кеткен. Осындай ұсақ-түйек нәрселерді әкелу үшін қазақтар сонау Грецияға барып қайтты деу ойға сияр ма екен? Қысқарта айтқанда, мұндай ұқсас нәрселердің бәрі де әрбір елде өз бетінше туа беретін сияқты. Өмір бар жерде толғану бар. Бәрін түгел

ауысу деп ұгып, аудармаға тели беру теріс тәрізді.

«Ақымақ достан, ақылды дұшпан артық», - «умный враг, лучше глупого друга» дейтін қазақ елінде мәтел бар. Орыс халқында да айтылады, тіпті қай елде осы жоқ дейсіз?! Мына мәтелді Хиджраның 412 жылы, христиан жыл санауы бойынша 1021 жылы Кей-Кабус айтқан екен: «С неразумным никогда не дружи, ибо неразумный друг из дружбы сделает то, чего сто разумных врагов из вражды не сделают»,14 депті.





12 «Кэлиламен Димнэ». Алматы, 1962, 227-бет (Аударган - С.Талжанов).

13 Федр, Бабрий. Басни. М., 1962, 139.

14 «Кабус-Наме», изд. 2-е. М, 1958, (Пер.ст. и примеч. Член-корр. АН СССР Е.Э.Бертельса).

10

Ұсак мысалдар, мақал-мәтелдер жәйлі жаза берсек сөз таусылмас еді, олар өте кең тараған ғой. Сөйтсе де енді бір мысал келтіре кетейлік.



Мадагаскар аралында мәлғаш деген ел бар, сол елде Махаки мен Кутуфеци атты қулар болған. Бір күні екеуі далада тамақ пісіреді. Әлгі дәмді бірінен-бірі қызғанады да: «ең әуелі төсекке жатып ұйықталық, қайсымыз жақсы түс көрсек, осы тағамды сол жейтін болсын», - деп уәделеседі. Бір мезгілде түрегеліп Кутуфеци түс жорытады: «Мен түсімде ақбоз атқа мініп аспанға ұшыппын, неше алуан керемет қызықтарды көріп, сайран соғыппын», дегенде Махаки оның сөзін бөліп: «Рас айтасың досым, мен түсімде ұшып бара жатқан сені көріп едім. Қызықтарға белшеңнен батып аспанда жүр екенсің, содан соң осы бір болмашы тамаққа бола қайта айналып келе қоймас дедім де жеп қойдым, ояна келсем өзің осында екенсің»,15 - депті. Мұндай мысал Қазақстанның әр жерінде осы күнге дейін бар. Мадагаскар аралындағы мәлгештерді аты-шулы саяхатшы Марко Поло болмаса, қазақтар түсінде де көрген жоқ.

Дүниенің төрт бұрышындағы елдердің өмірді тануы өз тұрмысына байланысты. Мадагаскар аралындағы мәлгештер: «ешкіде жұмыртқа жоқ» десе, қазақтар «жылқыда өт жок» дейді, орыс халқында «ақ қарға жоқ» деседі екен. Осы толғаныстар түгел рас, бірақ мал баққан елдердің (қазақтар мен мәлгештер) кейіпкерлері «малдар» болады да, аңшылық дәуірін басынан кешірген елде «кұстар» тілге тиек болады.

Сөйтіп, ұқсас нәрселердің бәрі де сол әрбір елде, өз заманына сай туа бермек. Өмір бар жерде толғану бар. Ұксастың бәрі аударма емес.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет