Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»



бет3/27
Дата13.02.2023
өлшемі209,23 Kb.
#168602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
680552574415 Тапсырмалар 1-15 АҚ Жалпы бөлімі

Ұсынылатын қайнар көздері:
Әдебиеттер
1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз // http://adilet.zan.kz/.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесімен 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған // http://adilet.zan.kz/.
3. Сулейменов М.К. Избранные труды по частному праву (2011-2016). Т. 1 / М.К. Сулейменов. Гражданское право. – Алматы, 2016. (стр.126-162).
4. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 1 / М.К. Сулейменов. Часть первая. Историческая. – Алматы 2016. – 400 с.
5. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 2 / М.К. Сулейменов. Часть вторая. Теоретическая. Раздел 1. Общие проблемы гражданского права. – Алматы 2016. – 576 с.
6. Рамазанова А.С. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім): оқу құралы. – Өскемен: C. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. – 130 б.


Тақырып 2. Азаматтық-құқықтық қатынас. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.
1 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1. Он үш жасар Витя Морозов «Жас техник» журналындағы байқауға көпірлерді ажыратуға өзен ағысының күшін пайдалану жөнінде ұсынысын жібереді. Оның ұсынысы бірінші сыйлықты иеленеді, журнал редакциясы Витяға өнертабысқа патент беру үшін өтініш рәсімдеуді ұсынады. Витяның ата-анасы өнертабыстың авторы ретінде Витяға небары 13 жас қана, және ол өнертабысқа патентпен байланысты барлық құқықтар мен міндеттерді өздігінен жүзеге асыра алмайтын болғандықтан ата-анасының біреуі көрсетілуі керек деп ойлайды. Өз ойларын нақтылау үшін ата-анасы таныс өнертапқышқа барады, ол ата- аналардың автор болып танылуының құқыққа сайлығына күманданады, бірақ оның ойынша Витя да өнертабысты жасаумен байланысты құқықтар мен міндеттердің бүкіл кешенін өздігінен іске асыра алмайды.
Білікті түсініктеме алу үшін ата-анасы заңгерге жүгінеді. Оларға қандай жауап берілуі тиіс?


№ 2. Иванова анасының өлімінен соң мұрагерлік бойынша тұрғын үйге ие болды. Оның өзінде тұратын үй болғандықтан ол мұра бойынша алынған үйді сатпақшы болады. Өз әйелінің тәжірибесі жеткіліксіз деп ойлаған оның жұбайы үйді міндетті түрде оның келісімімен ғана сататыны жөнінде әйелінен қолхат талап етеді. Біраз уақыттан соң жұбайы ұзақ іссапарға кетеді. Ол жоқ кезде Иванова Ларионовқа үйді сатады. Іссапардан оралғанда үйдің сатылғаны жөнінде білген Иванов Ларионовтан үйдің құнына 30 % қосып төлеуді немесе оның келісімінсіз сатылған үйді қайтаруды талап етеді.
Ларионов баға үйдің меншік иесі болып табылатын Ивановамен анықталғандығына сілтеп, қосымша ақша төлеуден де, үйді қайтарудан да бас тартты. Иванов мәмілені жарамсыз деп тану туралы Ивановаға да, Ларионовқа да сотқа талап қойды. Ол талап арызында жұбайының өзіне жүктелген жазбаша міндеттемелерді бұзу арқылы мәміле жасағандығына сілтеме жасады. Сот қандай шешім шығаруы тиіс?


№ 3. Жергілікті әкімшіліктің шешімі бойынша он сегіз жасқа толмаса да, он жеті жасар Васильеваға азамат Федоровпен некеге тұруға рұқсат беріледі. Неке тіркелгеннен кейін Васильева басқа ауылда тұратын жұбайына көшу ниетімен өсиет бойынша ие болған үйді сатпақшы болады. Ауылдастарының арасынан үйге тұрақты тұруға ешкім ниет білдірмегендіктен, ол Никитинге үйді 500 АҚШ долларына бұзу үшін сатады.
Васильеваның ата-анасы бұл мәмілеге қарсы болды. Олардың ойынша, үйді бұзу үшін сатпау керек еді, өйткені ол жақсы күйде тұр және олар үлкен сомаға тұрақты тұру үшін үйді алатын сатып алушыны тапқан.
Васильева Никитинмен шартты жасасып қойғанын, оны өзгерту мен бұзуға ниеті жоқ екендігін айтады. Ата-анасы кәмелет жасқа толмаған қызының олардың келісімінсіз Никитинмен жасасқан шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. Істі шешіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет