Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»



бет1/27
Дата13.02.2023
өлшемі209,23 Kb.
#168602
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
680552574415 Тапсырмалар 1-15 АҚ Жалпы бөлімі


Тақырып 1. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
1 тапсырма: Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»
2 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№1. Көшеден ақша мен шетел азаматы Джеймс Хаттың атына құжаттары бар әмиян тауып алған Матвеев оның тұрған жерін қонақүйлер мен анықтама қызметтеріне телефон шалып ұзақ іздеді. Соңында Джеймс Хаттың «Еуропа» қонақ үйінде тұрғанын, бірақ 15 минут бұрын әуежайға шығып кеткендігін біледі. Матвеев дереу жеке көлігімен әуежайға шығады. Кешігіп қалудан қорыққан ол қозғалыс жылдамдығын көтеріп, оған мемлекеттік автобақылау қызметкері айыппұл төлетеді.
Әмиянда болған суреттерінің бірінен таныған ол әуежайдың ғимаратына кіргенде Джеймс Хатты көреді. Өз әмиянын қайтарған Джеймс Хат қатты қуанады, қазір ұшып бара жатқанына өкініп, Матвеевқа алғыс айтып, онымен бірге кешкі ас ішкісі келгенін айтады. Хатт өзін шығарып салып жатқан танысы Лисьевтан бұл тапсырманы орындауды сұрады.
Хат ұшып кеткен соң Лисьев Матвеевқа мейрамханаға баруға ұсынады. Өз кезегінде Матвеев бас тартып, мейрамханаларға баруды ұнатпайтынын, бірақ ақшалай сыйақыдан бас тартпайтынын, себебін айыппұл төлегенін, әуежайға келу үшін бензинге ақша төлегенін, оған қоса ақылы анықтамалық телефон қызметін пайдаланғаны үшін есеп келетінін айтып түсіндіреді. Лисьев Матвеевтың өтінішін орындауға қуанышты болатынын, алайда ол Джеймс Хаттың алдында тарсырманы орындағаны жөнінде есеп беру керектігін, есепке мейрамханаға төлеген есеп шотты қоса тіркеу керектігін мәлімдейді. Егер Матвеев шақыруды қабыл алса, ол онымен бірге кешкі ас ішуге қуанышты екенін айтады. Бұл туралы Матвеев заңгерге айтады. Оған қандай жауап берілуі тиіс?


№ 2. Электр беретін жоғары вольтты желілердің құрылысы үшін жер учаскесін бөлу кезінде әкімшіліктің шешімімен Мацневтың сарайы орналасқан жер учаскесі алынып қойылады. Мацневке жер учаскесінің бір бөлігін жоғалтқаны үшін оның учаскесі орналасқан жердегіжолдың арғы жағынан алынған жер бөлігіндей жер учаскесі беріледі. Мацнев сарайын жаңадан берілген учаскеге көшіреді және әкімшілікке сарайдың құнын, сарайды жаңа учаскеге көшіру үшін кеткен шығындарды, оған қоса жаңа учаскеге құжаттарды уақытында рәсімдемегені және рұқсатсыз сарай құрылысы үшін Жер ресурстары бойынша комитет алып қойған айыппұлға төлеген төлемдерді сұрап талап қояды.
Мацневтың ойынша, учаскеге құқықтарды рәсімдеу, сонымен қатар сарайды көшіру жер учаскелерін алып қою және бөлу жүзеге асырылған әкімшіліктің міндетіне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет