«самұРЫҚ-энерго»


Қызмет жүзеге асырылатын мекенжай мен орын



Pdf көрінісі
бет3/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
Қызмет жүзеге асырылатын мекенжай мен орын 
Компанияның бас кеңсесінің мекенжайы мен қызметін жүзеге асыратын орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-
Cұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 15А, Б Блок. 


«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 


Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау негізі
 
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік бастапқы құн бойынша есепке алу қағидасы негізінде 
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалды. Осы шоғырландырылған 
қаржылық есептілікті дайындаған кезде қолданылған есеп саясатының қағидаттары төменде берілген. Есеп 
саясатының бұл қағидаттары, егер өзгеше көрсетілмесе (5-ескертпе), барлық ұсынылған кезеңдердің 
есептіліктеріне қатысты жүйелі түрде қолданылды. 
ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікті дайындау кейбір маңызды бухгалтерлік бағаларды қолдануды талап 
етеді. Бұған қоса, басшылық Топтың есептік саясатын қолданған кезде өз пайымдауларына сүйенулері тиіс. 
Бағалаудың немесе күрделіктің жоғары деңгейін талап ететін бухгалтерлік есеп саласы, сондай-ақ 
жорамалдар мен бағалар шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін маңызды болып табылатын салалар 4-
ескертпеде көрсетілді.
Үздіксіз қызмет қағидасы 
Басшылық бұл шоғырландырылған қаржылық есептілікті тұрақты негізде дайындады. Басшылықтың шешімі 
Топтың қаржылық жағдайына, оның қазіргі ниеттеріне, операциялардың табыстылығына, қаржылық 
ресурстарға қолжетімділікке және мемлекеттік қолдау көрсетуге негізделген. 2021 жылдың 31 желтоқсандағы 
жағдай бойынша Топтың қысқа мерзімді міндеттемелері қысқа мерзімді активтерден 68,880,793 мың теңгеге 
асты (2020 жыл: қысқа мерзімді міндеттемелері қысқа мерзімді активтерден 24,525,175 мың теңгеге асты). 
Қысқа мерзімді міндеттемелердің өсуінің негізгі факторы банктерден қысқа мерзімді қарыздарды тарту болды, 
бұл Топтың жоғары пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімді қарыздар деңгейін төмендету саясатымен 
байланысты болды. Сонымен қатар, есепті кезеңде Топ өз қаражаты есебінен несиелер бойынша мерзімінен 
бұрын төлемдер жасады. 
Топтың таяу болашақта жұмысын жалғастыру қабілетін бағалау кезінде мынадай факторлар ескерілді: 

Топ Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. 
Басшылықтың және Топ акционерлерінің Топтың қызметін жоюға ниеті де, оған қажеттілік те жоқ. 

Топтың 5,841,514 мың теңге мөлшерінде ағымдағы міндеттері Алматы қаласының әкімшілігі алдындағы 
қарызы бітімгершілік келісім бойынша ақша қаражатының жұмсалуын талап етпейді. 

Күрделі шығындарға кететін қаражатты шегергенде, 2022 жылы Топ операциялық қызметтен 88 миллиард 
теңге мөлшерінде ақша ағынын күтеді. 
2021 
жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктерде Топтың жаңартылатын кредиттік 
желі аясында 117 миллиард теңгеден астам игеруге несие алуға мүмкіндігі бар. 
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте активтер мен міндеттердің баланстық құнының, кірістер мен 
шығындардың, сондай-ақ операциялық қызметті жалғастыруға мүмкін емес болған жағдайда қажет болатын 
қаржылық есеп туралы шоғырландырылған есептілік жіктелуінің түзетулерді жоқ, бұндай түзетулер маңызды 
болуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет