«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет9/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
14 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Ақша ағындарының сипаттамасы
 
Егер бизнес-модель шартта көзделген ақша ағынын алу немесе шартта көзделген ақша ағыны мен сатуларды 
алу үшін активтерді ұстауды көздейтін болса, Топақша ағындары тек қарыз бен пайыздың негізгі сомасы 
есебіне қатысты төлемдерді білдіретін/білдірмейтінін бағалайды («қарыз бен пайыздың негізгі сомасының 
есебіне қатысты төлемдерге арналған тест» немесе «SPPI-тест»). Бұл бағалауды жүргізген кезде Топ шартта 
көзделген ақша ағындарының базалық кредиттік шарт талаптарына сәйкестігін қарастырады, яғни пайыздар 
тек кредиттік тәуекелге, ақшаның уақытша құнына, базалық негізгі шарттың басқа да тәуекелдеріне және 
пайданың шегіне қатысты өтеуді білдіреді. Егер шарттың талаптары базалық кредиттік шарттың талаптарына 
сәйкес келмейтін тәуекел мен құбылмалылыққа бейімділігін қарастыратын болса, тиісті қаржылық актив пайда 
немесе залал арқылы әділ құн бойынша жіктеліп, бағаланады. Тек қарыз бен пайыздың негізгі сомасы есебіне 
қатысты төлемдер бойынша тест активті бастапқы тану кезінде жүргізіледі, ал кейінгі қайта бағалау 
жүргізілмейді.
Қаржылық активтерді қайта жіктеу
Қаржылық құралдар осы портфельді басқарудың бизнес-моделі тұтастай өзгерген кезде ғана қайта жіктеледі. 
Қайта жіктеу бизнес-модель өзгергеннен кейін бірінші есепті кезеңнің басынан бастап перспективті түрде 
жүргізіледі. Топ ағымдағы және салыстырмалы кезең ішінде өзінің бизнес-моделін өзгерткен жоқ және қайта 
жіктеуді жасамады. 
Қаржылық активтердің құнсыздануы: күтілетін кредиттік залалдарға байланысты бағалау резерві 
Болжалдардың негізінде Топ амортизацияланған құн бойынша бағаланатын қарыздық құралдармен 
байланысты күтілетін кредиттік залалдарды бағалайды. Топ күтілетін кредиттік залалдарды бағалайды және 
әрбір есепті күнге кредиттік залалдарға байланысты бағалау резервін таниды. Күтілетін кредиттік залалдарды 
бағалау мыналарды: (i) мүмкін болатын нәтижелерді бағалау арқылы ықтималдылықты ескере отырып 
анықталған алдын ала кесіп-пішілмеген және ойластырылған соманы, (ii) ақшаның уақытша құнын және (iii) 
есепті кезеңде шамадан тыс шығын және күш жұмсамай қолжетімді болатын өткен оқиғалар, ағымдағы 
жағдайлар және болжанатын болашақтағы экономикалық жағдайлар туралы барлық негізді және расталатын 
ақпаратты білдіреді.
 
Амортизациялық құны бойынша бағаланатын борыштық құралдар күтілетін кредиттік шығындарға байланысты 
бағалау резервін шегергендегі қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте беріледі. 
Топ бастапқы таныған сәттен бастап кредиттік сапаның өзгерістері негізінде құнсыздануды есепке алудың «үш 
кезеңдік» моделін қолданады. Бастапқы тану кезінде құнсызданған болып табылмайтын қаржылық құрал
1-
кезеңге жататын құрал ретінде жіктеледі. 1-кезеңнің қаржылық активтері үшін күтілетін кредиттік шығындар 
келесі 12 ай ішінде болуы мүмкін дефолттар нәтижесінде туындайтын немесе шартқа сәйкес, егер ол 12 ай 
өткенше («12-айлық күтілетін кредиттік залалдар») болатын өтеу күніне дейінгі бүкіл мерзім ішінде күтілетін 
кредиттік залалдардың тең бөлігіне тең сомаға бағаланады. Егер Топ бастапқы тану сәтінен бастап кредиттік 
тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюын сәйкестендірсе, онда актив 2-кезеңге ауыстырылады, ал осы актив бойынша 
күтілетін кредиттік шығындар осы бүкіл мерзім ішінде күтілетін кредиттік шығындар негізінде, яғни шартқа 
сәйкес өтеу күніне дейін, бірақ егер ол көзделмеген болса, күтілетін алдын ала төлемді ескере отырып 
бағаланады («бүкіл мерзім ішінде күтілетін кредиттік залалдар»). Егер Топ қаржылық актив құнсызданған 
болып табылады деп анықтаса, онда актив 3-кезеңге ауыстырылады және ол бойынша күтілетін кредиттік 
шығындар бүкіл мерзім ішінде күтілетін кредиттік шығындар ретінде бағаланады. Сатып алынған немесе 
құрылған кредиттік-құнсызданған қаржылық активтер үшін күтілетін қаржылық шығындар қашан да бүкіл 
мерзім ішінде күтілетін кредиттік шығындар ретінде бағаланады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет