«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының


Комплаенс-офицер жүргізетін мониторинг



бет3/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring
1-модуль
Комплаенс-офицер жүргізетін мониторинг - қайырымдылық жобалар жөніндегі дерекнаманың Корпоративтік қордың қайырымдылық жобалар жөніндегі дерекнаманы жүргізуі жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына және Корпоративтік қордың басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкестігін тексеру;
мақсатсыз пайдалану - қайырымдылық қаражаттты пайдаланушымен жасалған шартта және мәлімделген шығыстар сметасында көзделген оларды алу талаптарына сәйкес келмейтін мақсаттарға бағыттау және пайдалану;
жауапты қызметкер - қайырымдылықты көрсету және мониторинг жүргізу процестерін орындауға жауапты Корпоративтік қордың қызметкері;
Сәйкес келмейтін пайдаланушылар тізбесі - қайырымдылық көмек алу шарттарын бұзған пайдаланушылар туралы жүйелендірілген мәліметтер;
Корпоративтік қор іске асыратын қайырымдылық жобалар бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерді іріктеу тәртібі туралы ереже - Корпоративтік қордың жобаларын жеке іске асыруы кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулер берушілерін іріктеу рәсімін реттейтін құжат;
пайдаланушы - қайырымдылық көмек көрсетілетін тұлға;
Қамқоршылық кеңес - Корпоративтік қордың тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы;
жеткізуші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің онымен жасалған шартында Корпоративтік қордың контрагенті ретінде әрекет етеді;
Жария есеп - пайдаланушы қызметінің нәтижелері туралы жұртшылықты кеңінен хабардар ету үшін қайырымдылықты пайдаланушының жазбаша және өзге де нысанда жасалған есебі;
шығындар сметасы (бюджет) - қайырымдылық көмек қаражаты есебінен қайырымдылық жобасы аясында іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған шығындар;
КҚҚБ - корпоративтік коммуникацияларға және Корпоративтік қор қызметін құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет