«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының


Корпоративтік қор өз бетінше бастамашылық жасайтын қайырымдылық жобаларды қарау және бекіту тәртібі



бет5/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring
1-модуль
2.2. Корпоративтік қор өз бетінше бастамашылық жасайтын қайырымдылық жобаларды қарау және бекіту тәртібі

21. Корпоративтік қор қайырымдылық жобаны жүзеге асыру үшін жеке бастамашылық жасауға және оны іске асыруға құқылы.


22. ЖБҚБ КҚҚБ-мен және құқықтық сипаттағы қызметке жауапты қызметкермен бірлесіп, осы Ереженің №11 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайырымдылық жоба бойынша қорытынды дайындайды және қорытындыларды бас директордың орынбасарына келісуге, содан кейін бас директорға бекітуге жібереді.
23. Қорытындыны бас директор бекіткеннен кейін ЖБҚБ Корпоративтік қордың Қамқоршылық кеңесі туралы ережеге сәйкес Қамқоршылық кеңестң отырысына материалдар дайындайды.
24. Жобаны іске асыру үшін Корпоративтік қорға қайырымдылық көмек көрсету туралы Қамқоршылық кеңестің оң шешімі болған кезде Корпоративтік қор іске асыратын қайырымдылық жобалар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерін іріктеу тәртібі туралы ережеде көзделген тәртіпте тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерді тартады.


2.3. Шарт жасау тәртібі

25. Қамқоршылық кеңестің қайырымдылық көмек көрсету туралы шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру мақсатында Бас директор Корпоративтік қордың Қамқоршылық кеңесі бекіткен бюджет шегінде №10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт жасасады.


26. Корпоративтік қордың Қамқоршылық кеңесінің __________________ (№ ___ хаттама) шешіміне сәйкес алынып тасталды.
27. Шартта жобаның тиімділігі, пайдаланушының қаражатты мақсатты жұмсауы мониторингінің қосымша тетіктері, сондай-ақ жобаны тиімсіз іске асыру/қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда Корпоративтік қор қабылдайтын шаралар көзделуі мүмкін.
28. Шарт мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, құқықтық сипаттағы жұмысқа жауапты қызметкермен, бас бухгалтермен, бас директордың орынбасарымен келісілуі тиіс. Келісілгеннен кейін шарт бас директорға қол қоюға жіберіледі.
29. Пайдаланушы тарапынан Шартқа пайдаланушының өзі немесе пайдаланушының атынан шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды.
30. Қол қойылған шарт Корпоративтік қордың қайырымдылық көмек көрсету туралы шарттарын тіркеу журналында тіркеледі, содан кейін Шарттың түпнұсқасы тігіледі және сақтау және есепке алуды жүргізу үшін бас бухгалтерге беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет