Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес бұйрықтар. Мед.құрал-саймандарды зарарсыздандыру алдында тазарту.Қолды өңдеу. Заманауи дез ерітінділер



бет2/8
Дата26.09.2022
өлшемі2,11 Mb.
#150771
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шаяхметова Аида 223 ОМ сро 1 клиника
VI нұсқа

28. Науқастардың кір төсек-орындары полиэтиленді қаптарда немесе төсек орын жинауға жабдықталған арбада жинақталады. Кір төсек-орындарды бөлімдерде сұрыптауға болмайды. Кір төсек орындарды бөлімдерде уақытша сақтау (12 сағатқа дейін) санитарлық бөлмелерде немесе осы мақсатқа арнайы бөлінген бөлмелерде жабық ыдыстарда жүргізіледі. Кір төсек-орынмен жұмыс істейтін жұмыскерлер арнайы санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі тиіс (халат, қолғап, маска). 29. Таза төсек орындар арнайы бөлінген бөлмелерде сақталады. Бөлімшелерде 1 күнге керекті төсек-орын осы мақсатқа арнайы бөлінген шкафтарда сақталады. Төсек-орын мен ыдыстар маркаланған болуы керек. 30. Аурухана төсек-орындары ауруханадағы кір жуатын жерлерде жуылуы тиіс. Жууға төсек-орынның барлық түрі жіберіледі. Аурухана төсек орындары араласып кетпеуі үшін арнайы технологиялық жабдықтар болуы керек. Инфекциялық бөлімдердің төсек орындары залалсыздандырылғаннан кейін жууға жіберілінеді. 31. Таза және лас төсек орындар кір жуғышқа қатты матамен оралып немесе жабық контейнерде арнайы бөлінген транспортпен әкелінуі керек. Ыдыстар тасымалдау кезінде еш дефектісіз және сыртына "таза" және "лас" деп жазылуы қажет. 32. Науқас адамдар ауруханадан шыққанда, өлгенде ластанған матрастар, жастықтар, көрпелер ауыстырылып, одан кейін дезинфекциялық камераларда залалсыздандырылуы тиіс. 33. Стационарға түскен науқас адам қабылдау бөлімінде стационарлық өңдеуден өтеді. Стационарлық өңдеуден өткен науқасқа ішкиім, аяқ киім беріледі. Науқастардың жеке киімі мен аяқ киімдері ілгіші бар арнайы ыдыстарда немесе шығарып салушы адамға сақтауға беріледі. Науқастар мен екі қабат әйелдерге стационарда үй киімімен жүруге рұқсат беріледі. Науқастарды гигиеналық жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. 34. Аурухананың медицина қызметкерлеріне арнайы ауыстыратын киімдер берілуі қажет: халат, бас киімі, байлам, ауыстыратын аяқ киімдер күнделікті ауыстырылып отырылады. Оларды сақтауға арналған шкафтар болады. Санитарлық киімдер науқас адамның киімінен бөлек жуылады. Медицина қызметкерлері мекемеден тыс жерлерде халатпен жүруге ұрықсат етілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет