Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес бұйрықтар. Мед.құрал-саймандарды зарарсыздандыру алдында тазарту.Қолды өңдеу. Заманауи дез ерітінділер



бет4/8
Дата26.09.2022
өлшемі2,11 Mb.
#150771
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шаяхметова Аида 223 ОМ сро 1 клиника
VI нұсқа

Азопирам сынамасы

  • Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобин, жұғыш ерітінді, құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау.
  • Сынақ өткізу үшін қажет заттар: азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру; 1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка; астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын).
  • Жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану керек, азопирамды сақтау мерзімін бұзбау керек, жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау керек. Сынама жүргізу алгоритмі:
  • - бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию;
  • - азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады
  • - сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді;
  • - бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне азопирам тамыздырылады.
  • Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал-саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз. Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал –саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтары болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз. Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны.

Амидопирин сынағының құрамы: - 5% - дық амидопириннің спирт ерітіндісі; -30% сірке қышқылы ерітіндісі; - 3% - дық сутегі тотығының ерітіндісі. 1. Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде араластырады. 2. Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады 3. Осылайша инеге алады. Күлгін (көк-жасыл) бояудың пайда болуы оң реакцияны білдіреді. Реакция оң болған жағдайда медициналық құрал жабдықтардың жарамсыздығын көрсетеді. Оны қайтадан залалсыздандырамыз. Теріс сынама кезінде медициналық құрал жабдықтардың барлық партиясы стерильді екенін көрсетеді. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет