Сапа менеджмент жүйесі


ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



бет2/44
Дата21.01.2022
өлшемі146,1 Kb.
#113102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
УМК менеджмент (1)

1. ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу жоспары бойынша белгіленген сағат саны





Жалпы сағат саны

Семестр 1

Семестр 2







Аптасына

Барлығы

Аптасына

Барлығы

Дәрістер

15

1

15







Практ. Сабақтар (семинар),

лабораториялық


















Курстық жоба (КЖ)
















Емтихан (Е), сынақ (С)

МӨЖ


МОӨЖ

Е
15

30


1

2



15

30











ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Мемлекеттік стандартқа сәйкес мамандық бойынша пәнді оқытудың нәтижесі мамандығының магистранттары міндетті:

ҰСЫНЫСЫ БОЛУЫ Кәсіпорындағы басқару мәнін, амал-тәсілдерін және менеджмент курсын меңгеру


БІЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ Кәсіпорын және менеджмент салаларында ұйымдастырушы-экономикалық, басқарушылық және ынталандыру қызметін жүзеге асыра білуі

БІЛУІ Басқарушылық теория негіздерін, ұйымдарды басқару стильдері мен әдістерін меңгеру .


ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ Магистрант қолында пән бойынша оқу-әдістемелік кешені, көрнекі құралдар мен нұсқаулар, реферат және т.б жекелеген тапсырмалар бар болуы
Берілген пәндерді оқытудың қажеттілігі қамтылған бөлімдері (тақырыптары) көрсетілген
ПӘНДЕР ТІЗІМІ


Пәндер атауы

Бөлімдер (тақырыптар) атауы

Ұйымдастырушылық мінез -құлық

Персоналдарды ынталандыру жүйесі, ынталандыру теориялары

Менеджмент теориясы мен тәжірибесі

Менеджменттің даму эволюциясы

Басқарушылық шешімдерді жасау

Басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері

Стратегиялық жоспарлау

Жоспарлау, оның түрлері



ТАҚЫРЫПТАР МАЗМҰНЫ




Бөлімдер (тақырыптар) атауы, сағ.

Көрнекті құралдарды пайдалану

МОӨЖ

Білімді бақылау формасы

1

Менеджмент – қызмет түрі ретінде

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері

Ауызша сұрау, баяндама

2



Менеджмент эволюциясы

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Менеджмент эволюциясы

Ауызша сұрау, реферат

3

Ұйым басқарудағы объект және субъект ретінде

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Ұйым мақсаттары және олардың классификациясы

Ауызша сұрау, реферат, тесттік тапсырмалар

4

Ұйымдағы коммуникация және менеджмент


Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының сипаттамалары

Ауызша сұрау, реферат

5

Менеджмент процесіндегі басқару шешімдері

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Басқарудың ұйымдастыру- құқықтық нысандары. Делегирлеу, өкілеттіліктер және жауапкершілік.

Ауызша сұрау, эссе

6

Менеджмент жүйесіндегі стратегиялық және тактикалық жоспарлау

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Менеджмент жүйесіндегі информацияны жіктеу

Ауызша сұрау, реферат

7

Іс қимыл мен өкілеттілікті басқару

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Коммуникациялық кедергілер мен оларды шешу жолдары

Ауызша сұрау, реферат

8

Менеджментқ қызметіндегі мотивация

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезеңдерң

Ауызша сұрау, реферат

9

Менеджмент жүйесіндегі реттеу және бақылау

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Нарықтық экономикадағы басқару әдістерінің жүйесі

Ауызша сұрау, реферат

10

Адам қызметін басқару және топты басқару

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Функцияларды, өкілеттіліктерді, жауапкершілікті бөлу.

Ауызша сұрау, кейс

11

Басшылық: билік және ықпал ету

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Стратегияны жүзеге асыру процесін басқару. Тактикалық жоспарлау.

Ауызша сұрау, эссе

12

Жетекшілік негізі және басшылық стилі

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Кәсіпорындағы персоналды басқару

Ауызша сұрау, кейс

13

Лидерлік негіздері және басшылық стилі

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Менеджмент жүйесіндегі бақылау

Ауызша сұрау, реферат

14

Келіспеушілік түрлері. Келіспеушілікті шешудің әдістері

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Адам қызметін басқару және топты басқару. Қайшылықтарды, күйзклістерді және өзгерістерді басқару.

Ауызша сұрау, баяндама

15

Басқару қызметінің мәдениеті

Тақырып бойынша слайдтар, интерактивтік тақта

Басшылықтың автократтық, демократтық және либералдық стилі.





МӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ

(30 сағат)




1

Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

2 с.

2

Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі

2 с.

3

Ұйымдағы басқару процесі. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік

2 с.

4


Бизнестегі ішкі және сыртқы ортаның маңызы

2 с.

5

Басқарудың ұйымдастыру- құқықтық нысандары. Делегирлеу, өкілеттіліктер мен жауапкершілік.

2 с.

6



Қазақстан экономикасын басқарудың информациямен қамтамасыз етілуі

2 с.

7

Кәсіпорындардағы коммуникацияға кедергілер

2 с.

8

Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы

2 с.

9

Экономикалық басқару әдістері. Басқарудың ұйымдастыру- өкімдік әдістері

2 с.

10

Функцияларды, өкілеттіліктерді, жауапкершілікті бөлу

2 с.

11

Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері

2 с.

12

Мотивацияның мазмұндылық теориясы. Мотивацияның процессуалдық теориясы

2 с.

13

Басқарудағы бақылаудың функциялары мен түрлері

2 с.

14

Топтар және оның маңыздылығы

2 с.

15

Басшылық стилі туралы түсінік және оның түрлері

2 с.



ПӘНДЕРДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Оқулықтар, оқу-құралдары




Авторы, атауы, шыққан жылы

Барлары (дана)




Кітапханада

Кафедрада

1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе- Орал -2005.

2. Бердалиев К.Б. Өмірзақов С.Ы. Басқару негіздері. Алматы: Экономика, 1998.

3. Бердалиев К.Б. Менеджмент/ Курс лекций. Алматы: Экономика, 2005

4. Теория и практика менеджмента : Учебник/ Под ред. К.Е. Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005



50
12
10

3



-

-


2
1

барлығы

75

3

Әдістемелік нұсқау




Авторы, атауы, шыққан жылы

Барлары (дана)




Кітапханада

Кафедрада

1. Анафияева Ж. Менеджмент. ОӘК, Астана, 2008 ж.

1

1

итого

1

1



  1. МАГИСТРАНТ ҮШІН ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)


1. Оқытушының аты-жөні, ғылыми атағы, байланыс телефоны (электрондық жәшігі, сайт internet): «Менеджмент» кафедрасының доценті м.а., э.ғ.к. К.Қ.Хасенова. Байланыс телефоны : 35-38-06, 54-15

2. Пәннің аты. Менеджмент. Код-ВА-2305. Кредит саны- 3

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны:сабақ кестесіне сәйкес 1 - курс

4. Оқу пәндерінің деректемелері. Пәннің жақсы игеру үшін оның теориялық жағын білу қажет, яғни экономикалық теория, маркетинг негіздері, экономика, философия, тарих, әлеуметтану, математика, математикалық талдау пәндері бойынша.

5. Оқу тәртібінің сипаттамасы:

5.1 Оқу тәртібінің бағыты. Берілген пәнді теориялық жағынан оқыту белгілі бір ұйымдарда оны тәжірибе жүзінде асыру қажет.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: Менеджмент эволюциясын басқару ісінің түрі ретінде; менеджменттің негізгі қызметтері; басқарудың қазіргі әдістері, кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы тақырыптары боиынша теориялық білімдердің қалыптасуына әкеледі.

5.3 Пәнді оқытудың міндеттері: магистранттарға шешім қабылдауда менеджменттің түрлі мектептерінің шығарған тәсілдеріне, сонымен қатар басқарудың қазіргі әдістеріне сүйенуге, уақытысында ұйымның ішкі және сыртқы ортасына баға беруге, ұйым құрамының басты түрлерін ажыратуға, ұйымның жедел, тактикалық және стратегиялық жоспарларын құруға, тәжірибе жүзінде бақылаудың әдістерін қолдануға, белгілі мақсатқа жету үшін адамдар тобын құруға үйрету. Басқару жағдайындағы сыни талдау жасауға бейімділік қалыптастыруға, өнеркәсіптегі түрлі нысандағы жұмыстарды бақылау мен ынталандырулауға, жоспарлауға, басшылықты ұйымдастыруға, материалды-техникалық және еңбек ресурстарын дұрыс қолдану арқылы жұмыстың мәні мен оның негізгі құрамдас бөлектерін игеруге үлес қосу.

5.4 Оқу тәртібінің мазмұны: «Менеджмент» курсы магистранттарды басқару қызметі аумағында теориялық жағынан дайындықпен қамтамасыз етеді. Бұл дайындық магистранттарға болашақта кәсіби қызметтерінде лидерлік әрекеттерді қолдануға, ұтымды шешім қабылдауға, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау қызметтерінде белсенді қызмет етуіне мүмкіндік береді.

5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

Апталар

Тақырыптар аты


Сағаттар санымен оқытуды ұйымдастырудың формалары

МӨЖ үшін тапсырмалар


1


Менеджмент – қызмет түрі ретінде

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

2


Менеджмент эволюциясы

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі

3

Ұйым басқарудағы объект және субъект ретінде

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Ұйымдағы басқару процесі. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік

4


Ұйымдағы коммуникация және менеджмент


Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Бизнестегі ішкі және сыртқы ортаның маңызы

5

Менеджмент процесіндегі басқару шешімдері

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Басқарудың ұйымдастыру- құқықтық нысандары. Делегирлеу, өкілеттіліктер мен жауапкершілік.

6

Менеджмент жүйесіндегі стратегиялық және тактикалық жоспарлау

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Қазақстан экономикасын басқарудың информациямен қамтамасыз етілуі

7

Іс қимыл мен өкілеттілікті басқару

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Кәсіпорындардағы коммуникацияға кедергілер

8

Менеджментқызметіндег мотивация

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы

9

Менеджмент жүйесіндегі реттеу және бақылау

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Экономикалық басқару әдістері. Басқарудың ұйымдастыру- өкімдік әдістері

10


Адам қызметін басқару және топты басқару

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Функцияларды, өкілеттіліктерді, жауапкершілікті бөлу

11

Басшылық: билік және ықпал ету

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері

12

Жетекшілік негізі және басшылық стилі

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Мотивацияның мазмұндылық теориясы. Мотивацияның процессуалдық теориясы

13


Лидерлік негіздері және басшылық стилі

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Басқарудағы бақылаудың функциялары мен түрлері

14


Келіспеушілік түрлері. Келіспеушілікті шешудің әдістері

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Топтар және оның маңыздылығы

15



Басқару қызметінің мәдениеті

Дәріс (1 сағат), МОӨЖ (1 сағат), МӨЖ (2 сағат)

Басшылық стилі туралы түсінік және оның түрлері


6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
6.1 Негізгі әдебиеттер

1. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

2. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

3.Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент : Учебник, 3-е изд. –М.: Гардарика, 1998г.

4. Виханский О.С., Наумов А.И. Практикум по курсу «Менеджмент».-М.: Гардарика, 1998г.

5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

6. Королев Н.М. Менеджмент.- Москва 2002г.

7. Казанцев А.К., Подлесных В.И., Серова Л.С. Практический менеджмент: В деловых играх, хозяйственных ситуациях, задачах и тестах : Уч. пос. – М.: ИНФРА-М, 1998г.

8. Мексон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основа менеджмента.-М.: «Дело», 1992г.

6.2 Қосымша әдебиеттер

1.Казанцев А.К., Крупанин А.А. Менеджмент в предпринимательстве: Уч.пос. – М.: 2003г.

2. Каренов Р.С. Теория и практика менеджмента. – Алматы: Гылым, 1999.- 264с.

3. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента: Учебник. - Минск: «Эконопресс», 1997г.

4. Зайцева О.А., Радугин А.А., Радугин К.А. и др. Основы менеджмента: Уч. пос.- М.: Центр, 1998г.

5. Веснин В.Р. Менеджмент для всех.- М.: Юрист, 1994г.

6. Вудкок М., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер. Для руководителя- практика.–М.: «Дело» , 1991г.

7. Румянцева З.П., Саломатин Н.А., Акбердин Р.З. и др. Менеджмент организации.- М.: 1996г.

8. Лебедев О.Т., Каньковская А.Р. Основы менеджмента: Уч. пос.-СПб .: ИД «МиМ», 1997г.

9. ПитерЭ. Лэнд. Менеджмент-искусство управлять : Пер. с англ. –М.: ИНФРА-М , 1995г.


7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы

Аудиториялық сабақтар өткізу барысында ағымдық бақылау жүргізу, МОӨЖ және МӨЖ тапсырмаларын орындаудың сапасын тексеру, жазбаша есеп тапсырмаларын орындау мен ауызша түрде екі аралық бақылау өткізу жоспарланды. Қорытынды бақылау емтихан түрінде алынады.

Ағымдық бақылау -20%

МОӨЖ мен МӨЖ тексеру -20%

Аралық бақылау

Зерттеу жұмысы -10%

Тестілеу -10%

Қорытынды бақылау – 40%



8. Оқу тәртібінің саясаты.

Білім деңгейінің жиынтық бағасы студенттерге пәнді оқу барысында қойылған әкімшілік талаптарды (кешігу, келмеушілік, аудиториядағы тәртібі, кредит жөніндегі ойталқыдағы белсенділігі, тапсырманы уақытысында өткізбеуі, емтиханға қатыспау) ескере отырып қойылады.



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ, ТАПСЫРУ ЖӘНЕ

БАҒАЛАУ КЕСТЕСІ




Тақырып атауы

МӨЖ тапсырмалары

Тапсыру кестесі

1

Менеджмент – қызмет түрі ретінде

Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

І семестр

3 апта


2

Менеджмент эволюциясы

Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі

3

Ұйым басқарудағы объект және субъект ретінде

Ұйымдағы басқару процесі. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік

4

Ұйымдағы коммуникация және менеджмент


Бизнестегі ішкі және сыртқы ортаның маңызы

І семестр

5 апта


5

Менеджмент процесіндегі басқару шешімдері

Басқарудың ұйымдастыру- құқықтық нысандары. Делегирлеу, өкілеттіліктер мен жауапкершілік.

6

Менеджмент жүйесіндегі стратегиялық және тактикалық жоспарлау

Қазақстан экономикасын басқарудың информациямен қамтамасыз етілуі

І семестр

7 апта


7

Іс қимыл мен өкілеттілікті басқару

Кәсіпорындардағы коммуникацияға кедергілер

8

Менеджментқызметіндег мотивация

Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы

І семестр

9 апта


9

Менеджмент жүйесіндегі реттеу және бақылау

Экономикалық басқару әдістері. Басқарудың ұйымдастыру- өкімдік әдістері

10

Адам қызметін басқару және топты басқару

Функцияларды, өкілеттіліктерді, жауапкершілікті бөлу

І семестр

11 апта


11

Басшылық: билік және ықпал ету

Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері

12

Жетекшілік негізі және басшылық стилі

Мотивацияның мазмұндылық теориясы. Мотивацияның процессуалдық теориясы

І семестр

13 апта


13

Лидерлік негіздері және басшылық стилі

Басқарудағы бақылаудың функциялары мен түрлері

14

Келіспеушілік түрлері. Келіспеушілікті шешудің әдістері

Топтар және оның маңыздылығы

І семестр

15 апта


15

Басқару қызметінің мәдениеті

Басшылық стилі туралы түсінік және оның түрлері

4. Глоссарий
Менеджмент курсын оқитын студент экономикалық және басқарушылық терминдерін сауатты меңгеру қажет. Төменде берілген глоссарий қажетті барлық терминдер мен анықтамаларды құрайды. Берілген анықтамалар мен терминдерді оқу, басқару қызметінің теориясын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.

Менеджмент жүйесінің талдауы - бұл кәсіпорынның өмірлік басқару жүйесі мен ұйымдастыру құрылымын зерттеу кезеңі, сонымен қатар, бәсекелестікте орын алу мақсатында жұмыстың қорытындысына белсенді түрде әсер ету болып табылады.

Көлденең байланыс- иерархияның түрлі деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.

Менеджменттің сыртқы ортасының жүйесі – бұл кәсіпорынның бәсекелестігі мен белсенділігіне, оның тұрақтылығына тікелей және жанама әсер ететін макроортаның құрамы, микроорта мен аймақтың инфрақұрылымына әсері.

Фирманың ішкі ақпараттық жүйесі - ұйымдастыру орталықтарының шешім қабылдауына қажетті ақпараттың ағым қызмет көрсететін жиынтығы. Ол нақты тасушылармен бекітілген ақпараттар мен байланыс каналдарынан және техникалық құралдардың көмегімен өңдеуден өткен ақпараттан тұрады.

Тік байланыс - иерархияның бірдей деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.

Іскерлік стратегия- холдинг пен корпорация құрамына кіретін фирмалар мен жеке кәсіпорын деңгейіндегі стратегия.

Мақсаттар ағымы- бұл құрылымды, мақсаттар жүйесінің жиынтығында, программаларда, жоспарларда көрсетілген басты мақсат («ағаш төбесі» ) , ағаш қатысты 1-ші, 2- ші және т.б деңгейлер (« ағаш төбесі» ) иерархиялық (деңгейлер бойынша бөлінген) принцип бойынша құрылған.

Имидж- қойылған мақсат бойынша өңдеп шығарылған және үгіттелген бейне.

Инновациялар - ғылым мен тәжірибенің жетістігіне байланысты техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару аймақтарына жаңалықтар енгізу, сонымен қатар, бұл жаңалықтарды әртүрлі аймақтар мен орталарда қолдану.

Ақпаратты технология - ақпаратты техникалық тәсілдер мен әдістер кешені арқылы алу, сақтау, өңдеу және қолдану.

Байланыс кезеңі- бұл ойдарды қарастыру, ақпаратты кодтау, байланыс каналдарын талдау және ақпаратты жіберу, ақпаратты қайта кодтау, жауапты әзірлеу және жіберушіге ақпаратты қайта жіберу сияқты ақпараттық алмасу осындай бір-бірімен байланысты сатылардан тұрады.

Таңдау критериі - оптималды шешім қабылдау мен баламалы салыстырулар негізінде жүргізілетін көрсеткіш.

Лидерлік - ұйымның мақсаттарын белгілеп оған жетудің барлық жолдарын қолданатын, топ қызметін біріктіретін механизмдердің бірі.

Менеджмент - бұл басқару ғылымының жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті және өндірістік персоналды бсқару құралдарының, әдістерінің, формаларының, принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің негізгі мақсаты-өндіріс тиімділігін арттыру, кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану.

Миссия - ұйым қызметінің болашаққа бағдарланған мақсаты.

Ынталандыру - адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы.

Кері байланыс - қабылдаушының жіберушіден келген ақпаратқа реакциясы, коммуникациялық процестің тиімділігін арттыру құралы.

Оперативті басқару - бұл ағымды жаңалықтарды басқару. Оған оперативті жоспарлау, оперативті есеп, оперативті бақылау кіреді.

Өкілеттілік - жұмыскерлердің әрекеттерін анықтау мен ұйымның ресурстары қолдану құқығының шектеулігі.

Шешім қабылдау үрдісі – шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру, альтернативаларын жинақтау, жағдайды талдау мен ұйым мәселелерін шешуге бағытталған басқару субъектісінің сатылай іс-әрекеттері.

Кадрларды басқару жүйесі (персоналды басқару) – бұл кадрлық саясатты құру, кадрлардың штаттық - қызметтік құрылымын құру арқылы оларды басқару, реттеу және қызметін бағалау.

Қазіргі менеджмент - өндіріс пен басқаруды біріктіру арқылы кәсіпорынның ішкі және сыртқы байланысын көрсететін, адам ресурсын, өндірістің белсенді факторы ретінде және экономика дамуының тұрақты факторы ретінде қоршаған ортаны қорғауды талап етеді.

Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.

Стратегия - үкіметтің, аймақтардағы администрацияның өндірудегі кәсіпорынның әрекеттері, кірістер мен шығыстар, салық бюджеті, бағалар, капитал салу, әлеуметтік сақтау жоспарларын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі.

Тактика - қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге арналған экономикалық әрекеттер тізбегі, экономикалық іс-әрекет.

Технократия - әлеуметтік- экономикалық факторларды және техникалық шешімдерді қабылдаудан туындайтын экономикалық салдарды ескермей, экономикалық құбылыстар мен процестерге техникалық тұрғыдан қарау.

Басқару технологиясы - басқару қызметінде шешім қабылдау үшін бір-бірімен қажетті операциялардың орындалу тізбегі.

Басқару - экономикалық субъектілер мен адамдарға саналы түрде тікелей әсер ету арқылы күтілген нәтижелерді алу мақсатында іс- әрекеттерді көзделген мақсатқа бағыттау.

Басқару шешімдері - ұйымның мақсаттарға жету жолында басшы қызметінің шегінде жүргізілетін альтернативті таңдау.

Басқару потенциалы – басқару жүйесі қолданатын барлық ресурстар жиынтығы.

5. ДӘРІСТЕР кешені
Тақырып 1. Менеджмент – қызмет түрі ретінде

Мақсаты: Менеджменттің экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық аспектілерінің кезеңдерін көрсетіп, міндеттері мен басты мақсаттарын қарастыра отырып мазмұнын ашу, анықтама беру.


    1. Менеджмент түсінігі

    2. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

    3. Менеджменттің кезеңдері мен мінездемелік аспектілері

1.Менеджмент-бұл басқарудың экономикалық әдістерін материалды және еңбек ресурстары арқылы рационалды жолмен қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіби қызметтің түрі.

Менеджмент-бұл нарықтық шарттарға сәйкес басқару.

Ол мына мәселелерді болжайды:

Кәсіпорынның нарықтық қажеттілігі мен сұранысына бағытталуы, нақты тұтынушылардың қолдауы мен сұранысқа ие болатын өнімдер түрлерін өндіруді ;

Өндірудің жоғарғы деңгейіне жету, аз шығынмен жақсы қорытынды алу;

Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қызметінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау бостандығын қамтамасыз ететін шаруашылық еркіндік және т.б.

«Менеджмент» термині нарық шарттарында әрекет ететін кәсіпорын деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруда ғана қолданылады.

Менеджмент кәсіби қызметтің жеке түрі ретінде мынаны көрсетеді: менеджер өзі жұмыс істейтін кәсіпорын меншігіне тәуелсіз. Ол жалға жұмыс істеу арқылы акцияларды иемденуі немесе иемденбеуі мүмкін. Менеджер еңбегі- бұл жоғарғы технологиялық өндіріс шарттарын жұмысшылардың жоғары деңгейінде мамандануымен ұштастыру нәтижелерінде туындайтын өндірістік еңбек. Менеджер өндірістік бөлімшелер мен кәсіпорындарда қызмет атқаратын инженерлерді, маркетологтарды, экономисттерді, статистиктерді, психологтар, бухгалтерлер сияқты түрлі мамандарды біріктіріп, олардың өндірістік процесінің байланысы мен бірлігін қамтамасыз етеді.
2. Менеджменттің соңғы мақсаты (к/о-ның) өндірістік процессті рационалды ұйымдастыру жолымен к/о-ның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету, өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар, әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігі мен квалификациясын көтере отырып, кадрлық потенциялды тиімді қолдану.

Менеджменттің ең маңызды функциясы қолда бар материалды және адам ресурстары негізінде, тұтынушылар сұранысын ескере отырып, тауарлар мен кызметтердің өндірісін ұйымдастыру және кәсіпорынның рентабельдігімен қоса оның нарықта тұрақты орын алуын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты менеджмент функцияларына келесілер жатады:

- өндіріс автоматизациясын қамтамасыз ету және жоғарғы квалификацияға ие жұмысшыларды табу;

- ең жақсы еңбек ету жағдайларын жасау жолымен және жоғарғы еңбек ақыны орнату;

- кәсіпорын жұмысының тиімді жүзеге асырылуын мерзімді түрде бақылау;

- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын координациялау;

- жаңа нарықтарды әрдайым іздеу және оларға шығу жолдарын табу;

Сонымен қатар, менеджмент шешетін мәселелерге келесілер жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың болымдылықтарын, олардың орындалу тәртіптерін анықтау;

- фирма дамуының стратегияларын жасау;



  • шаруашылық мәселелерді және шешу жолдарын қарастыру және т.б.

3. Менеджменттің экономикалық, әлеуметтік- психологиялық құқықтың және ұйымдастыру – техникалық аспектілері бар.

Экономикалық аспект - бұл мақсаттардың тиімді орындалуына қажетті материалдық және еңбек ресурстарының координациясы жүзеге асырылатын өндіріс процесін басқару.

Әлеуметтік-психологиялық аспект-- қойылған максаттарға жету үшін қажетті басқарушылық пен жұмысшыларды ұйымдастыруды жүзеге асыратын арнайы адамдар тобына жатады.

Құқықтық аспект - мемлекеттік, саяси және экономикалық институттар құрылымын, олармен жүргізілетін саясатты және заңнаманы алып көрсетеді.

Ұйымдастыру—техникалық аспект—мақсаттар мен мәселелердің жүйелі түрде таңдалып, жағдайдың рационалды бағалауын, керекті ресурстардың жүйеленуі, рационалды жобалау, анықталған мақсаттарға жету үшін қажетті жұмыстарды ұйымдастыру, басқару мен бақылау, осы жұмысшы атқаратын адамдарды ынталандыру мен марапаттауды өзіне қосады.


Қорытынды

Менеджмент - бұл басқарудың экономикалық әдістерін қолданып, материалды және еңбек ресурстарын рационалды қолдану жолымен, анықталған мақсаттарға жетуге бағытталған жеке бөлек профессионалды іс-әрекеттің түрі.

Менеджменттің негізгі мақсаты өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету.
Әдебиеттер


  1. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

  2. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

  3. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

  4. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996


Тақырып 2. Менеджмент эволюциясы
Мақсаты: Басқарудың даму тарихын хронологиялық тәртіпте қарастыру. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуының негізгі себептерін ашу. Менеджменттің қазіргі концепцияларының негізгі постулаттарын қарастыру.


  1. Басқарушылық ойдың эволюциясы

  2. Менеджменттің қазіргі концепциялары

І. Басқарушылық ойдың тарихы ғасырларда жатыр. Басқару мәселелері туралы ойларды египеттік папирустарда, Тигр мен Ефрат өзенінің аралығында аймақтарда табылған қыштан жасалған тақтайшаларда, Ежелгі Қытай заманынан қалған орамдарынан да табуға болады. Бірақ осы ойларды не тікелей , не жанама менеджментпен байланыстыруға болмайды, өйткені олар негізінен мемлекеттік басқару жөнінде ұсыныстар болды.

Қазіргі басқарудың барлық түрлері ежелгі ұйымдарда болды деп айтуға болады, бірақ жалпы алғанда басқарудың сол кездердегі құрылымы мен сипаты қазіргі уақытқа қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, жетекшілер мен жетекші емес адамдар арасында сандық қатынас өзгеше болды, яғни орта топ жетекшелері аздау болды.

Ұйымдардың тіршілік ету уақыты шамамен әлемнің бар болуымен бірге сәйкес келуіне қарамастан, XX ғасырға дейін оларды жүйелі түрде қалай басқару керек екендігін бірде біреуінің ойына кірмеген сияқты. Адамдарды қалай басқару керек екендігі емес, көп ақша алып, саяси билікке жету жолдары қызықтырды.

Басқаруға деген теоретикалық бастамалардың санасыз іздеулері капитализм кешенінің құрылуынан басталды.

Басқарудың теоретикалық жолдарын іздеу капитализм құрылуы кезеңінен басталып, негізінен философтармен жүргізілді.

Ең алғашқы олар келесі сұраққа жауап беруге тырысты: адамдарды белсенді қимыл жасауға не жұмылдырады? 1651 жылы ағылшын философы Томас Гоббс және 1767 жылы оның жерлесі Джеймс Стюарт: «Адамдардың мінез-қылығының негізгі мотиві билікке талпынуда жатыр» - деп айтты. Тағы бір ағылшын философы Иеремия Бентам өзінің: «Мораль мен заңдылық принциптеріне кіріспе» атты еңбегінде адамдар мінез-қылығының мотивтері пайда мен қанағаттануда жатыр деген көзқарасты ұстайды.

Тоқу машинасының ресми құрылыстырушысы болып саналатын ағылшын Ричард Аркрайт өзінің фабрикасында текстиль өндірісінің барлық процесстерін біріктіріп, оны ұйымдастырудың иерархиялық принципін енгізді.

Басқару саласында кең ауқымды әлеуметтік тәжірибе 1800-1828 жылдарда болды. Сол кезде бірнеше тоқыма фабрикаларында басқару жұмысын атқарған ағылшын ғалымы Роберт Оуен жүргізді.

Басқарудың теория және практикасының дамуында елеулі қадам алғашқы есептеу машиналарын құрастырған Чарльз Беббиджпен жасалынды. Ол әртүрлі операцияларды жүзеге асыру барысында жұмсалатын жұмыс уақытының шығындарын есептеу, бір профильді кәсіпорындардың жұмыстарына салыстырмалы талдау жасау методикасын ойластырып, статистикалық мәліметтерді зерттеу және жалақының сый-ақы жүйесін қолдану негізінде еңбек пайдалылығын жоғарылату жолдарын табуға күш жұмсады. Өз зерттеулерінің нәтижелері мен тәжірибелік ұсыныстарын Беббидж, кейін ғылыми басқару саласындағы әлемдегі алғашқы басылым болып табылған, «Материалдар мен құрал-жабдықтардың экономиясы туралы» кітабында жазылды. Бірақта ғылыми басқару біртұтас жүйе ретінде тек XX ғ. қалыптасты.


2. Менеджмент тарихында оның қазіргі теория мен тәжірибиесінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан 4 маңызды басқару концепцияларын көрсетеді:

- ғылыми;

- әкімшілік;

- психология мен адамдық қатынастар тұрғысынан;

- мінез-құлық жөнінде ғылым тұрғысынан;

Ғылыми басқару концепциясы XX ғ. басынан АҚШ-та дами бастады. Оның негізін қалаушы ретінде американдық инженер Фредрик Тейлор (1856-1915) болып саналады. Оның “Ғылыми басқару принциптері” (1911) атты кітабы менеджментті ғылым мен зерттеудің дербес саласы ретінде қабылдаудың бастамасы болып саналады.

Тейлор 5 негізгі принциптерде құрастырылған еңбекті ұйымдастырудың ғылыми жүйесін жасады.


  1. Жұмысшыларды ғылыми негізде таңдау. Өндірістің тиімділігі жұмыстың әрбір түрі бойынша арнайы қабілеттерге ие жұмысшыны таңдауды талап етеді. Тексеру үшін арнайы тесттер жасалады.

  2. Еңбекті ғылыми зерттеу және жұмысшыларды оқыту. Өндірістің максималды пайдалығына жету үшін жұмысшыны оқыту мен дайындау мүмкіндігі болу үшін күш жұмсау, қимылдар мен уақыт шығындарының ғылыми зерттелуі даму үстінде болу керек.

  3. Жұмыстың мамандануы. Өндіріс құрылымдық бөліктерге бөлінуі тиіс және барлық жұмысшылар өз жұмыстары бойынша мамандарға айналады.

  4. Ынталандырушы мотивтердің маңыздылығы.

  5. Жұмысшылар мен басқарушылар арасында жауапкершіліктің әділетті үлестірілуі.

Фредрик Тейлордың көрнекті жалғастырушылары оның жерлестері Френк Гилберт (1868-1925 ж.) және Лилиан Гилберт (1878-1972). Олар жұмыстарында қазіргі кездегі басқарудың адамдық ресурсы деп белгілі болатын басқару түріне көңіл бөлген.

Әкімшілік басқару концепциясы ұйымды жалпы басқару принциптері мен жалпы мәселелерін қарастыруға бағытталған.

Басқарудың классикалық теориясының бастамасында «ғылыми менеджменттің атасы» болып саналатын француз Анри Файоль тұрды.

Мекеменің жұмыс жасау заңдылықтарын терең ойластырып қазіргі күнге дейін де өзінің мәнін жоғалтпаған әкімшілік басқарудың атақты 14 принциптерін жасады. А.Файоль айтуы бойынша олар: еңбек бөлінісі; билік пен жауапкершілік; тәртіп; біртұтас басшылық; басқарудың тұтастығы; жеке қызығушылықтардың жалпыға бағыну; марапатталу; орталықтану деңгейі, жетекшілер иерархиясы; әділдік; жұмысшылар құрамының тұрақтылығы; инициативтілік; жұмысшылардың бірігуі.

Анри Файольдің ізбасары, өнімділіктің 12 принципін қалыптастырған инженер-механик Г.Эмерсон болған еді.

Психологиялық және адамдар арасындағы қарым қатынастарға негізделген басқару концепциясы менеджментті алғаш рет «жұмыстың үшінші жақты адамдар көмейімен орындалуын қамтамасыз ету» ретінде анықталады.

Американдық психолог Абрахам Маслоу (1908-1970ж) жүргізген зерттеулер көрсеткендей, адамдардың іс-әрекеттерінің негізінде эканомикалық күштер емес, әрдайым ақшамен қанағаттырылмайтын әр түрлі қажеттіліктердің жатқаны анықталады. Бұнда жұмысшылардың еңбек өнімділігінің жоғарылауы еңбек ақының жоғарылауына ғана байланысты өзгермей, сонымен қатар, жұмысшылар мен менеджерлер арасындағы қарым қатынасқа, өз еңбегіне қанағаттанушылыққа байланысты өзгеруі мүмкін.

Мінез-құлқы ғылымына негізделген басқару концепциясы-60-шы жылдары өз дамуын тапқан теория. Оның басты мақсаты - адам ресустарының белсенділігін көтеру нәтижесінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату. Оның ішіне әлеуметтік әсер етудің ынталандырудың, ұйымдастырушылық құрылымдардың, кәсіпорын коммуникацияларынның, лидерлік жұмысының және еңбек өмірі сапасының өзгеруінің бірнеше аспектілер кіреді. Концепцияның негізгі мақсаты ­­­­­­- мінез-құлық ғылымына сүйене отырып жұмысшылырдың өз қабілеттіліктерін сезінуге көмектесу.


Қорытынды

Басқаруды қызмет түрі ретінде зерттеу ертеден келе жатқан құбылыс. Басқаруды яғни, менеджментті қалыптастырып, зерттеу ХХ ғ басталады. Зерттеу барысында менеджмент тарихында кәсіпорынды басқарудың бірнеше жолдары табылды.


Әдебиет

1. Каренов Р.С. Теория и практика менедждмент./ Учебник. Алматы 1998 ж.

2. Кохно П.А., Микрюков В.А., Камаров М.А., Менеджмент / Учебник. М.: Финансы и статистика 1993 ж.

3. Лебедев О.Т., Каньковская А.Р. Основы менеджмента / Учебное пособие.- Санкт-Петербург; Изд. дом М и М, 1997 ж.



Тақырып 3. Ұйым басқарудағы объект және субъект ретінде
Мақсаты: Жүйелік әдіс, жағдайлық әдіс, кешендік әдіс, интеграциялық әдістерді және т.б. қоса менеджментке ғылыми әдісті қарастыру. Кәсіпорынды басқару барысында менеджменттің заңдылығын зерттеу. Кәсіпорынның тәжірбиелік басқару барысында менеджменттің қажетті принциптерін атау.
3.1 Менеджментке ғылыми тұрғыдан қатысу

3.2 Менеджменттің заңдылықтары

3.3 Менеджмент принциптері
1. Тиімділік және басқару сапасы, ең біріншіден проблеманың шешілу методологиясымен, яғни әдістері мен принціптерімен анықталады. Жақсы теориясыз тәжірибиенің болуы мүмкін емес. Әр түрлі объектілерді экономикалық басқаруының теория және тәжірибе талдауы менеджмент аспектілерінің бірін анықтайтын менеджментке қолданатын 13 ғылыми әдіс анықтауға мүмкіндік береді.

1. Жүйелік әдіс-объект кіріс шығыс, сыртқы ортамен байланыс, кері байланыс жасайтын бір-бірімен байланысқа элементтер ара-қатынасы ретінде қарастырылады

2. Кешенді әдіс. Бұл әдіс қолдау барысында техникалық, эканомикалық, экологиялық ұйымдастырушылық, әлуметтік-психологиялық, саяси және демографиялық менеджмент аспектілерінің және олардың байланысын ескеру қажет.

3.Интеграциялық әдіс байлаысының зерттелуі мен ұлғаюуына бағытталған:

- менеджменттің жекеленген жүйе ішілік және жүйе элементер арасында;

- басқару объектісінің өмірлік циклі арасында

- басқарудың вертикальді деңгейі арасында

- басқарудың горизонтальді субъектілерінің арасында

4. Маркетинтік әдіс тұтынушыға бағытталған кез келген тапсырманы орындауға бағытталған басқаруды алдын-ала болжайды. Таңдап алу критерийлері келесідей:

-тұтынушылардың қажеттілігіне сәйкес объектінің сапасын жақсарту.

-сапасының жоғарылауы арқасында тұтынушы ресустарын үнемдеу.

-өндірісте ресустарын көлемінің ғылым мен техникалық өрлеудің менеджмент жүйесінің қолдануына байланысты ресустарды үнемдеу

5 Функционалды әдіс - қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған функциялар жиынтығы.

6. Технологиялық ықпал ету. Сонымен қатар кәсіпорынға тікелей әсер ету ортасы ықпал етеді. Егер кәсіпорын қажетті ресурстарды иемденгенде немесе тауарды сату және жақсы пайда әкелетін қызметтерді тартқанда, онда тікелей әсер ету факторы оған әсер етеді. Тікелей әсер ету ортаның ең ықпал ететін шарттары мыналар:



  1. Бәсекелестік позиция;

  2. Тұтынушылар;

  3. Үкіметтік әсер;

  4. Еңбек ресурстары;

  5. Қызығушылық танытатын адамдар;

  6. Қамтамасыз етушілер, несие берушілер.

Сәттілікке жетудің жолдары жанама әсер ету аясындағы болып жатқан жағдайлар туралы білу, олардың салаға әсер етуін алдын-ала білу, сыртқы әсер етулерді көбіне өз кәсіпорынына пайда әкелетіндей етіп пайдалану.

2. Басқару теориясында объективті заңдылықтарды шығару және қалыптастыру мүмкін және қажет. Бұл басқару теориясының дамуының ерекшелігімен, сол сияқты басқару тәжірибесімен де анықталады.

Заңдылықтар. Отандық басқару теориясының орталық жүйесін құрайды. Империкалық әдіспен салыстырғанда ғылыми әдіс басқарудың даму тенденциясымен заңдылықтарының объективті қажеттіліктерін есепке алуына негізделген. Менеджменттің төрт заңдылығын атап өтейік:


  1. Өндірісті басқару жүйесінің бірлігі ішкі байланыс жүйесінің сыртқы орта жағдайы өзгерген кездегі тұрақтылығын білдіреді.

  2. Өндірістің және басқарудың пропоционалдығы тек қана халық шаруашылығында ғана қажет емес, сондай-ақ мекемелер және бірлестіктердегі негізгі және қосымша өндірістерінің рационалдық дамуы үшін қажет, бұл еңбек өнімділігінің жоғарғы шарты болып табылады.

  3. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқару. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқарудың үйлесімділігі олардың міндеттерінің, функцияларды және құзіреттерді өзара бөлу қажеттілігін білдіреді.

  4. Басқаратын және басқарылатын жүйелерінің сәйкестігі және парапарлығы. Бұл жерде басқаратын жүйенің басқарылатын жүйемен үйлесімді екенін түсіну қажет. Басқарылатын субъект және объектінің өзгеруі әр түрлі факторлардың әсер етуінен болады.


3. Менеджмент принциптері – басқару жүйесіндегі байланыстар мен құрлымдар байланысы жүзеге асырылатын заңдылықтар болып табылады. Ол тәжірибелік міндеттерді орнату барысында пайда болады. Басқа сөзбен айтсақ, бұл басқарылатын тәжірибелік қызмет барысында қолданылатын ережелер, негізгі жағдайлар, іс-әрекет нормалары болып табылады.

Менежмент принциптері жүйеге, құрылымға, ұйымға және басқару процесіне басқару органдарының құрлымына және оның функцияларының жүзеге асырылу әдістеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

Менеджменттің негізгі принциптерін атап өтейік:


  1. Орталықтанған және орталықтанбаған басқарудың оптималды сәйкестік принципі.

  2. Саяси және шаруашылық басқарудың бірлігі принципі.

  3. Шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізу принципі.

  4. Материалды және моральді ынталандыру принципі.

  5. Ғылыми принципі.

  6. Жауапкершілік принципі.

  7. Кадрларды іріктеп алу және орналастыру принципі.

  8. Экономикалық және тиімділік принципі.

  9. Территориялық және салалық басқарудың оптималды сәйкестігі туралы принципі.

  10. Шаруашылық шешімдерінің принципі.


Қорытынды

Ұйымның қызмет етуіне үлкен ықпал сыртқы орта тарапынын жасалынады. Егер тікелей және жанама факторларды ескермей тәжірибелік іс жүргізсе басты ұйым алдына қойылған мақсатқа жете алмайды. Сыртқы факторлар - бұл негізінен бақыланбайтын күш. Осы күш менеджерлердің қызметі мен қорытындылай келе қабылданған шешімге, ұйымның құрылымына ықпал етеді.

Ішкі айнымалылар - бұл кәсіпорынның ішіндегі жағдайлық факторлар.
Әдебиеттер


  1. Глущенко В.В. Менеджмент: основы системы / Учебное пособие 2 издание - М:ТОНПЦ «Крылья», 1998 г.

  2. Дунканд Д.У. Идей основанные на менеджменте / Пер. с анг. - М: Дело, 1996 г.

  3. Ховард К., Коротков Э. Принципы менеджмента / М.: ИНФРА, 1996 г.

  4. Уткин Э.А. Управление фирмой / М.: Акалис, 1996 г.


Тақырып 4. Ұйымдағы коммуникация және менеджмент
Мақсаты: Қазіргі кезде кәсіпорының іс-әрекеті шаруашылық қатынастар күрделінуімен сипатталады. Осы сипаттарға бірнеше фактор әсер етеді. Оның ішнде кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы. Тақырыптың мақсаты кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасының сипаттамасын беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет