Сапа менеджмент жүйесі


Бизнестегі сыртқы ортаның маңызы



бет3/44
Дата21.01.2022
өлшемі146,1 Kb.
#113102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
УМК менеджмент (1)

4.1 Бизнестегі сыртқы ортаның маңызы


4.2 Өнеркәсіптің ішкі ортасы
1. Сыртқы орта кәсіпорынға екі түрде әсер етеді: жанама және тікелей. Жанама әсер ететін факторларға келесілер жатады:

1. Экологиялық әсер, шешім қабылдау үрдісіне қашықтықтан әсер етеді. АҚШ-та 70 жылдары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шарасыздық ауа мен суды тазарту туралы маңызды заңдық актілерді қабылдауға әкеп соқты. 90 жылдары минералдық қорлар бастамаларын консервациялау және оларды байытуға бағытталған әрекеттер жатады. Қиындықтарды басқару (процесіне) мәселесіне көп көңіл бөлген сайын, қауіпті қалдықтардың кішкентай бастауларының өзі қате өңдеуден-ақ табиғаттық келешегіне қатерлі әсер тигізетіні анықталуда.

2. Экономикалық әсер ету – бұл өнеркәсіптің қызмет ететін аймақтарында тауарлар мен қызметтерді өндіру, тарату және тұтыну сияқты факторлар нәтижесінде өнеркәсіптің қызметіне әсер ету түрі.

3. Саяси - құқықтық әсер ету – шешім қабылдаудағы шектеулер, бұл кәсіпорын әрекет ететін құқықтық және басқару шеңберінің нәтижелері болып табылады. Бұл шеңберлер тұтынушылар мен қоршаған ортаны сауда келісімдері, заңдар, сынақтық бағдарламалар, жинақтың ең аз көлемін тағайындау, қоршаған ортаға қоқыстар тастау нормалары мен бағаларын реттеу, сонымен қатар әкімшілік әсер ету және басқа да акциялар арқылы қорғау міндеттерін фирмаларға жүктейді.

4. Әлеуметтік - мәдени әсер етулер: менеджердің шешім қабылдауына себепкер болады. Олар тұтынушылардың тауарды қалай қабылдайтынын және қандай тауарды қабылдағысы келетінін анықтайды.

5. Демографиялық болжау - іс белсенділігінің құрылуы мен оңтайлы жол, бұл - болашақта көп қолданатын басты тенденциялардың жобаларын жасау мақсатында демографиялық мәліметтерді саралау.

6. Технологиялық әсер ету. Бизнес өндірістің барлық сатысында технологиялық жаңашылықтармен қатар тұрулары керек: шикізат өңдеу, дизайн, жеке меншік өндіріс, қызмет көрсету, сатып алушыға өнімді жеткізу т.б. Өндірісте технологиялық инновациялар мен құрылымдық - технологиялық жылжулар өте маңызды. Технологиялық инновациялар: - жаңа әдістердің, үрдістердің, өнімдердің, технологиялардың ғылыми тұрғыда дамуы. Кейде оларды «зерттеулер мен жетістіктер» деп те атайды.

Тікелей әсер ететің факторларға келесілер жатады:

1. Бәсекелестер позициясы. Бәсекелес фирманың ісін білуге талпыныс жасау өте қиын және қымбат тұратын процесс. Басты бәсекелестер бойынша жинақталатын және бағаланатын мәліметтерге – нарықтағы үлес, өндірістік желісінің кеңдігі, сатудың тиімділігі, тауардың негізгі басымдықтары, бағалаудың бәсекелестік қабілеті, жарнамалау тиімділігі, орын алу мен жаңашылдықтар тиімділігі, күштілік пен өндірістегі тәжірибелілігі, материалдық бағалары, қоршаған позициялар, өнім сапасы, жаңа тауарды шығару мен дамытудағы басымдықтары, адамдар біліктілік деңгейі және жалпы имидж.

2. Тұтынушылар. Өнеркәсіп операцияларын жақсы жоспарлау үшін, нарық көлеміндегі өзгерістерді алдын – ала болжау үшін және қорларды дер кезінде болуы үшін тұтынушылар сұраныстың үлгілерін игеру қажет.

3. Үкіметтік әсер ету. Үкімет барлық кешендік кәсіпорындарға әр түрлі деңгейде әсерін тигізеді. Қай жерде болмасын, Жапонияда немесе Батыс еуропада өз бизнесіңізді жүргізіп жатсаңыз, сол елдің сауда жүйесіне сәйкес жұмыс істейсіз. Өз еліміздегі сияқты іскерлік белсенділігіңіз заң көлемінде тыйым салынып отырады. Сіз басқа біреулердің ережесі мен жүруіңізге тура келеді, және оларды сіз білуге тиіссіз.

4. Еңбек ресурстары. Кәсіпорынның қызметкерлерді тарту және сақтау қабілеті - табысқа жетудің көзі.

5. Мүдделі тұлғалар. Кәсіпорын әрекетіне мүдделі адамдар мен топтарды мүдделі тұлғалар деп аталады. Негізінен бұл топқа менеджерге әсер ететіндерді қосады, мысалы, бәсекелестер, жеткізушілер, тұтынушылар, қызметкерлер, үкімет.

6. Жеткізушілер мен несие берушілер. Кәсіпорын, жеткізуші мен несие беруші арасындағы мықты да сенімді қатынастар олардың өркендеуінің басты шарттары. Компания қаржылық қолдау бастамасынан, қызметтерден материалдар мен құрылғыларға тәуелді болады. Сондықтан, кәсіпорын кей уақытта өз несие беруші мен жеткізушілерінен тез жеткізу, несиенің либералды шарты немесе нормадан тыс тапсырыс сұрауға мәжбүр болады. Бұл жағдайда кәсіпорын өз жеткізушілерін дамыған мықты және өзара тиімді қатынаста болғаны дұрыс. Жеткізушілерден, (түсіне) несие берушілерден мықты қатынастың маңыздылығын түсіне отыра, менеджер жеткізулер мен несие берушілердің кәсіпорынмен қызметтес болудағы өз сұраныстарын бағалау қажет.


2. Ішкі ортаның әсер ететін факторларына келесілер жатады:

1. Мақсаттар. Ұйым бұл - бір ортақ мақсатты адамдардың тобы. Оны адамдардың жеке орындай алмайтын әрекеттерін ұжымдасып орындауға мүмкіндік беретін мақсаттың жетістігі ретінде қарауға болады. Жоспарлау үрдісі арасында басшылар мақсатты әзірлейді де, оларды ұйымның мүшелеріне хабарлайды.

2. Құрылым. Ұйымның құрылымы бұл ұйымның мақсаттарына жетуге мүмкіндік жасайтын нысанда құрылған басқару деңгейлерінің логикалық өзара қатынастары мен (физикалық) функционалдық облыстары. Қызметтік облыс түсінігі - ұйым үшін бүтіндей белгілі бір құрылым орындайтын жұмыстарға жатады. Мысалы: маркетингтік өндіріс, адамдарды оқыту, жоспарлау.

3. Тапсырмалар. Ұйымдағы еңбек бөлінісінің тағы бір түрі тапсырмаларды топтау болып табылады.

Тапсырма - бұл алдын ала тағайындалған әдіс-тәсіл мен алдын ала айтылған мерзімде орындауға тиісті жұмыстар тобы немесе жұмыс бөлігі. Техникалық тұрғыдан тапсырмалар қызметкерге емес, оның лауазымына бағытталады.

4. Технологиялар. Әдеттегі түсінікке қарағанда, технологиялар өте кең мағынаға ие. Көптеген адамдар технологияны ашылулармен және машиналармен байланысты құбылыс ретінде қарастырады.

5. Адамдар. Басшылар ұйымның мақсатына басқа бір адамдар арқылы жетеді. Бұдан шығатыны, адамдар қандай да болмасын басқару түрінде орталық фактор болып табылады. Басқаруға жағдай жасап келуде басты 3 негізгі адам өзгермелігінің аспектісі болады: жеке адамдар әрекеттері, топтағы адамдар әрекеттері, басшы мен менеджердің кошбасшы рөліндегі әрекетінің сипаты және олардың жекелеген адамдар мен топтарға әсер етуі.
Технология



Адамдар Мақсаттар Құрылым



Тапсырмалар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет