Сапалы эссе жазу ұсыныстары


«Келісу, келіспеу» эссесі



бет9/10
Дата17.11.2023
өлшемі38,94 Kb.
#191907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сапалы эссе жазу сыныстары
HO4 article analysis (group work), Құрмалас сөйлем тақырыбына ашық сабақ (колледж), Құрмалас сөйлем тақырыбына ашық сабақ (колледж), 4- сабақ Кенесары – Наурызбай поэмасы, 3 саб, Астана-әсем қалам диалект сөз
«Келісу, келіспеу» эссесі – ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой жүйелілігін сақтап, көтерілген мәселе бойынша өз ұстанымын анық көрсетіп, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазу.
Тақырып: Қазіргі таңда әлемнің мемлекеттері көп тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Бұл оймен келісесің бе, әлде келіспейсің бе?
Эссені жазу барысында жауаптың бірін таңдау керек: «келісемін» не болмаса «келіспеймін». Таңдаған жауабыңа сай ойыңды дәлелдеп шығасың. Егер келіссең, келіскендігіңді, ал егер келіспесең, онда келіпейтіндігіңді дәлелдеп шығасың.
Келісу, келіспеу эссесінің жазылу үлгісі
Кіріспе
Бүгінгі таңда дамыған мемлекеттер халықаралық тілдерді меңгерудің маңыздылығын түсініп, көп тілді білу міндет деп санап отыр. Біз де өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет, сондықтан халықаралық тілдерді меңгеру міндет деген оймен толықтай келісемін.
Негізгі бөлім
Келісудің, келіспеудің бірнеше себебі көрсетіледі, оны тақырыптық сөйлем деп атайды. Тақырыптық сөйлем деген идеяның қысқаша мазмұны. Берілген идеяға толығырақ тоқталып, не айтқың келетінін нақты түсіндіру керек, яғни көзқарасыңды білдіресің.
Көзқарасыңды растайтын аргументтер келтіріледі. Қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін өмірден, әдеби шығармалардан мысал келтіреді.
Біріншіден, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Бірнеше тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Осы ретте, Елбасы: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз» – деген болатын. Сонымен бірнеше тілді білу болашаққа жол ашып, бәсекеге қабілетті сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет