Сапалы оқулық- болашақТЫҢ кепілі түркістан облысыныңадами әлеуетті дамыту басқармасының, Түркістан облысының, Төлеби ауданы,«М. Х. Дулати»



бет6/9
Дата05.02.2022
өлшемі216,68 Kb.
#130811
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Шаблон мақала
16.05 6т, Психология РК, 9 сынып Мырзабекова Қ, 442623, Оқу сауаттылық тест №1
КБЖ 75.221.5
©Түркістан облысы, әдістемелік орталық, 2021


_______________________________________________________________________


МАЗМҰНЫ




Кіріспе

4

1.

Мақсаты мен міндеттері

5

2.

Жаңа технология арқылы – білім сапасын арттыру

9

3.
3.1
3.2

Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы деңгейлеп -саралап оқытудың тиімділігі, сапалы білім берудің кепілі




4.

Білім сапасын арттырудағы нәтижеге жету үшін өткізілген сабақтар мониторнгі




5.

Қорытынды




6.

Глоссарий/ терминдер




7.

Пайдаланылған әдебиеттер




КІРІСПЕ

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласында: «Әрбір қазақстандық, ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мұның сөзсіз алғышарттарының қатарында компьютерлік сауаттылық, шет тілін білу және мәдени ашықтық сияқты факторлар тұрады» деп атап өтті. Сондықтан «Цифрлы Қазақстан», үштілділік, мәдени және конфессионалдық келісім бағдарламалары – ұлтты ХХІ ғасырдағы өмірге дайындаудың бір бөлігі.


Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында тұрады десек, қазіргі кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты білім беру жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып. Елбасы өзінің Жолдауында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат». «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Ақпараттық-коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра аламыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды.
Қазақстан Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Осыған байланысты, жобаның аясында құрастырылып жазылған нұсқаулық мұғалімдерді сабақта сапалы дайындауда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұтымды әдіс-тәсілдері қолдану арқылы оқушыларға сабақты түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.Сондықтан мектеп қабырғасында кез келген пәнінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет